Chevrolet тарихы мен сипаттамасы туралы қазақша реферат

Бұдан бірнеше жыл бұрын біз ең ірі әлемдік автокөлік өндірушілердің бірімен жұмыс істей бастадық. Соған борттық құжаттама, автокөлік сату туралы нұсқамалар, жарнама кітапшалары, аксессуар тізімдемелері, пресс-релиз деген әртүрлі тақырыптардағы құжаттардың аудармасы керек болды.  Бір жағынан, бәрі өте кәдімгі және ап-айқын көрініп тұр. Сондықтан, автокөлік шыққан кезде, біріншіден, жарнамалық-ақпараттық материалдарда сол автокөлік туралы, оның жасалуының тарихы және оның артықшылықтары туралы ақпаратты беру керек. Содан кейін, дилер орталықтарының сатушыларын автокөлік оның бәсекелестерден артықшылықтарын көріп, сол автокөліктің өзгешеліктерін біліп оны сатуға үйрету керек. Әрине, заңнаманың талаптарын сақтау керек: автокөлік қазақ тіліндегі нұсқамасыз сатыла алмайды. Ал сатып алушы өзіне ұнаған автокөлікті таңдап алған соң оған ерекшелік беруге, оның иесінің кім екенін қалай көрсетуге болады деп ойланады. Дәл сол кезде тұтынушыға қосымша аксессуар бар екендігі туралы мәлімет қол жетімді болуы керек.

Жас инженер

Луи Шевроле 1878 жылы Швейцариядағы Ла Шо-де-Фо қалашығында туылды. Күрделі механизмдерге құмарлық оған сағат жөндеуші болған әкесінен дарыды. Луи бала жасынан түрлі тетіктерді бұзып, олардың қалай жұмыс істейтіндігін білуге тырысатын. Ол 11 жасынан бастап велосипед жөндейтін шеберханада жұмыс істеген кезінен жылдам жүретін көліктерге әуестене бастады. Көптеген балалар сияқты Луи да алғаш рет велосипедпен биік төбеден төмен зулаған сәтте бөленген сезімін еш ұмытпады. Бірақ оның басқа балалардан айырмашылығы ол сол сәттен бастап велосипедті қалай жылдамырақ жүргізуді ойлана бастады. Луи велосипедтерді өзі құрастырып, жарыстарға қатыса бастады, ал жарыста ұтып алған ақшасын алты бауырын бағып-қағуға жұмсады. 1886 жылдың бір күнінде оның шеберханасына америкалық алпауыт Вандербильт мотоарбасын жөндетуге келе қалды. Луи оның көлікті лезде жөндеп берді, ал оның шеберлігіне тәнті болған Вандербильт Луи Шевролеге Америкада бағын сынап көруді ұсынды.

Әйгілі жарысшы

1901 Луи Нью-Йоркке көшіп келіп, сол кездегі автомобиль шығаратын ең ірі Дион-Бутон компаниясына инженер-механик болып жұмысқа орналасты. Көп ұзамай Луидің автомобильдерге деген құштарлығы оларды құрастыруға да, жарыстарға қатысуға да ұласты. 1905 жылы ол алғаш рет аса маңызды жарыста жеңіске жетті және бір мильді 52,8 секундта жүріп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. Осы жылдан бастап Луи америкалық жарыстарда 15 жыл бойы жеңістен жеңіске жетіп, автожарыстың әлемдік жұлдызына айналды. Луи 1911 жылы өзінің атақ даңқын өз автомобиль компаниясын құру үшін пайдалануға бел буып, Нью-Джерсидегі Дженерал Компаниясының (кейін Дженерал Моторз компаниясы болған) иесі Билли Дюрантпен бірге Шевроле Мотор Кар Компаниясын құрды. 1911 жылдың 3 қарашасы Шевроле Мотор Кар Компаниясының туылған күні болды.

Компанияның дамуы

Луи Шевроле енді өзі көптен армандаған автомобильдерді жасауға мүмкіндік алды. Ол сол кездегі машиналардан технологиялық жағынан жоғары жетілген және сенімдірек машиналар жасағысы келді. Ол сонымен бірге бағасын адамдардың көпшілігінің қалтасы көтеретін автомобильдер жасағысы келді. Chevrolet бренді орасан зор табысқа жетті, ол тіпті Форд компаниясынан да алға шықты. Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі Луи Шевроленің даңқты спортшы болғанын біле бермейді, бірақ оның компаниясы әлемге әйгілі. Біз, Chevrolet командасының мүшелері компанияның шыққан тегін мақтан тұтамыз және әрқашанда Луи Шевроленің арзан бағаға ең жақсы автомобильдер жасау қағидасын үнемі ұстанатын боламыз.

Автомобильдердің сәнді дизайны және тартымды бағасы көз тартарлық. Сонымен бірге, Chevrolet автомобильдері өз иелеріне көптеген басқа артықшылықтар ұсынады.

Ол артықшылқтардың кейбіреулері:

— кепілдікпен қызмет көрсету

— қаржыландыру

— отынды үнемдеп жұмсау

— және тағы басқалар…

Кепілдікпен қызмет көрсету

Chevrolet автомобильдерінің барлығына олардың иелеріне қолайлы толық кепілдік беріледі. Біз өз машиналарымыздың сапасына, сенімділігіне және техникалық мінсіздігіне толық сенімдіміз. Міне сондықтан кез-келген Chevrolet автомобиліне жүрген жолы шектелмей екі жылға және жүрген жолы 100 000 километрмен шектеліп үш жылға кепілдік беріледі. Оған қоса, сатып алушыларға алты жылға коррозиядан кепілдік беріледі.

Отынды үнемдеп жұмсау

Шевроле автомобильдері ең үнемді автомобильдердің бірі, соның арқасында Chevrolet автомобилінің иелері басқа автомобильдердің иелеріне қарағанда отынға аз шығындалады. Мысалы, Chevrolet Aveo автомобилі жақында өзіне ұқсас автомобильдердің арасында ең үнемді автомобиль деп танылды.
Тағы рефераттар