Цифрлық (логикалық) элементтерден құралған триггерлер туралы қазақша реферат
Цифрлы схемалардағы триггер өзінің құрамында триггердің жеке өзінен /Т/ және триггердің функциялық мүмкіндіктерін анықтайтын логикалық басқару құрылғысынан /Б/ тұрады. Электрондық есептеуіш машинасының элементі ретінде триггер екілік информациясының жазылуын, сақталуын, қайта оқылуын, өшірілуін және индикация жасалуын қамтамасыз етеді.
Триггерді жалпылама структуралық схемасы 82-суретте көрсетілген.
Басқару құрылғысы Аі кірістеріне келетін информацияны түрлендіріп, өзін басқаратын сигналдарға айналдырады. Осы схемада триггерді, сақтағыш элемент деп есептеуге болады, ал ол алынған информацияны жазып алып, сақтап тұрады. Жазудың жүруінің өзі әртүрлі болуы мүмкін. Информацияны жазу әдістеріне байланысты триггерлердің асинхрондық /синхронданбайтын/ және синхрондық /синхронданатын/ деп екіге бөлінеді. Асинхрондық триггерлерде информацияны жазу тікелей, олардың Аі кірістеріне келу, сәтінен басталады, ал синхрондық триггерлерде тек қана синхрондайтын /тактылайтын/ сигнал, әдейі алдын-ала келісілген тактылық кірістерге Сі берілгенде ғана басталады. Кірістердегі күйлердің /жағдайлардың/ комбинациясына байланысты /Аі=0 немесе Аі=1/ триггердің тікелей шығысында әртүрлі күйлер болуы мүмкін.
Q – триггердің тікелей шығысы, яғни триггердің күйі, Аі – кірісінде информация өзгергенде, қалпынан таймайды. Q – триггердің инверстік шығысы, яғни триггердің күйі, триггердің кірісіндегі информация өзгергенде кері шамаға өзгереді.
Кірі, Кіро триггердің жеке өзінің /сақтағыш бөлігінің/ кірістері, триггерді «І» күйге /Кір І/, не «О» күйге келтіреді.
Qт мен Qн триггердің сақтағыш бөлігінің тікелей және инверстік шығыстарынан басқару бөлігіне берілетін кері байланыстар.
Логикалық байланыстарды ұйымдастыру әдістеріне байланысты триггерлер «0» мен «І» күйіне бөлек келтіру /RS – триггерлер/ санақты кірісті /Т– триггерлер/. «0» мен «І» күйін бөлек кеотіретін әмбебап /IK – триггерлер/; информацияны бір кіріспен қабылдау /Д – триггерлер/ және т.б. триггерлері болып бөлінеді.
RS- триггерлер. Асинхрондық RS –триггердің шартты белгісі. RS – триггер деген атау reset – қайта орнықтыру және set – қалпына келтіру деген ағылшын сөздерінен алынған. Осындай триггерлік құрылғының екі информациялық кірісі бар:
бірлік S және нольдік R№ кірістердегі S=0, R=I күйлерінде шығыстағы күй І-ге сәйкес /Q=1/, ал S=0, R=I болғанда – нольге тең /Q=0/7 триггердің жұмысын оның шындық кестесі арқылы түсіндіруге болады., мұнда Ті триггердің іске қосылғанға дейінгі, ал Ті+1 іске қосылғанан кейінгі уақыт сәттері, Qі және Qі+1 – шығысындағы осы сәттерге сәйкес жағдайлар. Кестеден көрініп тұр, кірістердегі бірінші күй комбинациясы /S=0, R=0/ шығыстағы күйді, ол қандай болмасын, өзгеріссіз қалдырады. Екінші комбинация /S=0, R=0/ тікелей шығыста Q=I, инверстік шығыста Q=0 береді, үшінші комбинация /S=0, R=0/ — Q=0, Q=1 береді. Ал, төртінші комбинация /S=0, R=1/ триггерді анықталмаған күйге келтіреді, ол Х- күйі деп белгіленеді, Сондықтан кірісте мұндай комбинация болмауы тиіс. Кіріс сигналдың 0 ден І ге өзгергенде іске қосылатын жоғарыда қарастырылған RS – триггер, триггерді келтіру «І» күйіне сәйкес келетін сигналдармен жүретін, тікелей кірістері бар триггер деп аталады.
Егерде триггердің іске қосылуы кіріс сигналдардың іске қосылуы 1 ден 0 ге өзгергенінде болса, яғни триггерді орнықты қалыпқа келтіру «0» күйіне сәйкес келетін сигналдар мен жүргізілсе, онда триггер инверстік кірістері бар триггер деп аталады. Оның шартты белгісі 83 б суретте көрсетілген.
Асинхрондық RS-триггерлерді ИЛИ – НЕ логикалық элементтері арқылы (84, а суретте) немесе И – НЕ логикалық элементтері (84, б суретте) арқылы жеңіл қарауға болады.
Синхронды RS-триггерде (85, а сурет) әрбір логикалық элементке, немесе триггердің әрбір иінінен қосымша сәйкестік схемалары қосылады, оның екі кірісі синхрондайтын С бір кіріспен біріктіріледі. Сәйкестік схемасының бос қалған екі кірісі «1» (S) және «0» (R) күйлерін жазу кірістері болып табылады. Осы кірістерге берілген информация тек синхрондық импульс келгенде ғана триггермен жазылады.
И – НЕ логикалық элементіндегі схема S, R, C кірістеріндегі логикалық «1» сигналдары мен басқарылады. S=0 және R=1 комбинациясында синхрондық импульс С=1, триггерді «0» күйіне аударады, ал S=1 және R=0 комбинациясында «1» күйіне ауысады. Синхронды RS-триггердің шартты белгісі 85, б суретте көрсетілген.
Тағы рефераттар
- Станса және кірме телімдердің техникалық пайдалану мінездемесі
- Азияның өзендеріне жалпы сипаттама курстық жұмыс
- Калькуляция баптары бойынша шығындарды есептеу курстық жұмыс
- Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері
- АҚШ-тың бірінші Конституциясының халықаралық құқықтық жағдайы