Жаңартпа – инновациялық процестер теориясы туралы ғылым. Жаңартпа практикалық қызметте ғылыми білімдер белсене пайдалану басталғанда шықты. Жаңартпаның негізін салушылары Ж.Кондорсэ, Н.Кондратьев, Й. Шумпетер болған.
Й.Шумпетер 1939 жылғы өзінің «Экономикалық циклдер» кітабында инновациялық процестер теориясының негізгі ұғымдарын зерттеген. Ол инновациялық процесті – бұл даму деп санаған, ал даму – бұл келесі жағдайларда «жаңа комбинацияларын жүзеге асыру»: жаңа тауар өндіру, шикізат пен материалдардың жаңа көзін пайдалану, жаңа нарыққа шығу, жаңа ұйым. Шумпетер инновациялық процесте кәсіпкер рөліне маңызды орын бөлген. Ол кәсіпкер — өнер табысы мен жаңалық арасында байланыстырып тұратын бөлімі деп санаған. Австриялық ғалым ұзын толқындарды дәуірге бөлген.
Й.Шумпетер экономикалық өсудің қозғаушы күштерін айқындауға әрекет жасаған. Оның зерттеулерінің мақсаты іскерлік белсенділіктің циклдердің теориясын (business cycles) – алғашқы рет Н.Кондратьевпен табылған өркендеу мен депрессия жөнінде кезеңдердің толқын тәрізді алмауының теориясын құрастыруы болған. Й.Шумпетер экономика ішінде туатын құрылымдық өзгерістердің циклдік процесі ретінде санаған. Экономикалық дамудың қозғаушысы — кәсіпкердің инновациялық қызметі деп ойлаған. Ғылыми-техникалық үдеу саласындағы практикалық зерттеулер кәсіпкердің қызметтерінің осындай көрінуін дәлелдеді.
Й.Шумпетер инновациялық қызмет туралы түсініктерді дәлелдеген. Оның көзқарастарына қарағанда, кәсіпкер – көбіне «жеке шаруашылық мақсатқа сәйкестілігінің негізінде экономикалық өмірін қайта ұйымдастыруын» жүзеге асыратын өндірістік күштер үдеудің маңызды қайраткері ретінде қаралған.
Кәсіпкерлікке өздерінің көзқарастарын нарық тепе-теңдік концепциясына негіздеген ізашарларға қарағанда, Й.Шумпетер өндіріс факторының қазіргі комбинациясын жаңа, өндірістік күш дамуының жоғары деңгейіне сай комбинациясымен ауыстырудың нәтижесінде пайда болатын динамикалық тепе-теңдік тәсілін дәлелдеді. Й.Шумпетер дәлелденген кәсіпкерлік қызметтің теориялық негіздері өндіріс факторларын қосатын және қиыстыратын адам ретінде кәсіпкерді анықтаған Ж.Б.Сэйдің көзқарасына сүйенеді.
Й.Шумпетердің пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызметінің мәні өндіріс түрін өзгертуде, жаңа өнім жасауға, жаңа технологиялар, шикізаттың жаңа көздерін қолдануға және жаңа сату нарығын табуға, жаңа мүмкіндіктерін ашу және практикалық пайдаланудың, өндірісті қайта ұйымдастырудың арқасында өндіріс пен айналым жаңа түрлерін жүзеге асыруы кәсіпкершілік қызметтің мазмұны болып табылады. Кәсіпкер үшін меншік иесінің деңгейінің міндетін мойындамай, ол кәсіпкерлік қызмет әртүрлі жүмыскер қатарына тиісті және оны жалпы экономикалық қызметі ретінде санауға заңды деп сендірген.
Й.Шумпетердің ізбасарлары ресей ғалымдары Д.С.Львов, С.Ю.Глазьев, В.Е. Маевский технологиялық құрылым эволюциясының теориясын ұсынған. С.Ю.Глазьев технологиялық жүйе ұғымымен бірдей технологиялық құрылым концепциясын еңгізді. Технологиялық құрылым –ұқсас ғылыми-техникалық принциптер негізінде істейтін, реттеу ұйымдастыру-экономикалық механизымнің маңызды факторымен мінезделетін техникалық жиынтығы тобы. 5 технологиялық құрылым бөлінеді.
Тағы рефераттар
- «Менің отбасым» фотографиялары бойынша суреттеу әңгімелерін құрау балабақшадағы ойындар
- Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
- Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
- Атмосфераны ластаушы көздер
- Еңбек шығыны мен жалақының калькуляциясы