Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе, т.б. жатады. Осылардың, кейбіреуіне қысқаша тоқталайық.
Бақылау таным әдісі ретінде эмпириялық деңгейде табиғи жағдай немесе арнайы ұйымдастырылған жағдайда өткізіледі. Бұл зерттеуші қайшылық процесінде нақты деректер алатын кей педагогикалық құбылысты мақсатты түрге бағытталғанын қабылдау. Бақылау алдын ала Әңгіме — қажетті ақпарат алу немесе анық болмағанды түсіндіру мақсатында қолданылатын зерттеудің өздік немесе қосымша әдісі. Әңгіме түсінікті қажет ететін мәселелері жекеленген, алдын ала белгіленген жосспармен жүргізіледі. Педагогикалық тәжірибені оқу білікті мұғалімдер тәжірибесі мен қатардағы мұғалімдер тәжірибесінен шығатын озық тәжірибені оқуға көзделген. Олардың қиыншылықтары педагогикалық үрдістің нақты қарама-қайшылықтарын жетілген немесе тақалған мәселелерді бейнелейді.
Сауалнама — сауал арқылы бұқаралық материал жинақтау әдісі. Сауал, кімге арналған болса, сол жазбаша сұрақтарға жауап береді.
Педагогикалық зерттеуде тәжірибе ерекше орын атқарады педагогикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі әдісті тексеру қолданылады. Педагогикалық тәжірибе – педагогикалық құбылыстардағы себеп-салдарын оқу мақсатындағы зерттеу қызметі, ол педагогикалық құбылыс пен оның жағдайларының қозғалуының тәжірибелік моделін ұсынады; зерттеушінің педагогикалық құбылысқа а деген белсенді әсері; педагогикалық ықпал мен әрекеттестігі нәтижелерінің өлшемі.
Тәжірибені табиғи (қарапайым оқыту процесі жағдайы) және зертханалық тексеруге жасанды жағдай жасау. Көбінесе табиғи тәжірибе қолданылады. Ол ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Педагогикалық тәжірибе жинақталған дәрежеде болуы мүмкін, яғни үрдістегі істің нақты жағдайын ғана белгілейтін немесе түрлендіруші, мұнда жағдайы анықтауға мақсатты түрде бағытталған ұйымдастыру жүргізіледі.
Тест жүргізу — қалыптасқан сұрақтар мен тапсырмаларда тұратын белгілі маңыздылық көрсеткііші бар психологиялық-диагностикалық әдіс. Жеке ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады. Педагогикада оқытудың ұзақтылығын көбейтумен және оқу бағдарламасын күрделендірумен байланысты қолданылатын диагностикалық әдіс. Ол жеке түлғаның даму деңгейін, дағдысын, білімін, ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды. Тестердің көптеген түрлері бар. Бұлар-жетістік, зерделеу, креативтік, проектілік, т.б. тесттер.
Тұлғалар арасындағы тесттер түрлі топтардағы адамдар қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің кейбіреуі қалыптасқан топ іші қатынастары жүйесіндегі дербес қатынастарды ерекшелесе, кейбіреуі — қалыптасқан қатынастар жүйесіндегі адам орнын, үшіншісі берілген тұлға енетін әлеуметтік топ психологиясын айқындайды. Мысалға, социометриялық әдіс тәжірибеге түсетін тұлғааралық қатынас жүйесінің өзі еніп отырған топтарға орнын анықтауға мүмкіндік тудырады. Осы әдіс көмегі арқылы жүргізілетін зерттеуге кемінде 10 адам қатысады және кем дегенде 1 жыл жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелерін статистикалың өңдеу математикалық тәсіл, формула, мөлшерлік есеп әдісі деп аталады, олардың көмегі арқылы тәжірибе барысында алынған мөлшерлік көрсеткіштерді жинақтауға, жүйелеуге болады.
Математикалық статистика әдісі (орта арифметикалық, дисперсия, мода, медиана, т.б.) ауыспалы көрсеткіштер арасында кездесетін саралауға берілген тәжірибеде зерттелетін статистикалық байланысқа мүмкіндік береді.
Рейтинг — білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау өдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг — қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адамының кейбір ңасиеттерін бағалау үшін «сотқа» жүгінуі.
Көрсеткіштік — сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын (қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерешнеліктері, т.б.) анықтауда, оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады.
Тағы рефераттар
- Балқыған болатты құйып алу тәсілдері
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер есебінің аудиті курстық жұмыс
- Нұра, Есіл, Тобыл су көздерінің қазіргі жай күйі
- Құстар туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Нарықтық экономика