Демографиялық дүмпу кезеңі туралы қазақша реферат
Демографиялық дүмпу бүкіл ғаламдық (глобальді) үрдіс (компенсациялық эффект немесе олқылық толтыру мұқтажы) ретінде біздің қазақ жұртына Ұлы Отан соғысы аяқтала салысымен біршама ерте келіп, ұзақ құрғақшылықтан кейін насерлеп жауған жаңбыр іспеттес, тұл болып қалған халқымызға қайтадан құт- береке алып келді. Алайда оның күш-қуаты 25 жыл бойы өткен олқылықтарды толтыруға бағытталды(осы кезеңде апатқа ұшырамаған көрені Орта Азия халықтары өз санын екі еседен астам өсіріп үлгірді)жоғарыдаайтқанымыздай, қазақтың бұрыңғы ең көп саны қайта жаңғырудың қаншалықты қуатты болғанына қарамастан 21 жылда, ал Қазақстанның өз ішінде 31 жылда ғана әрең толды. Демографиялық дүшпудің біртіндеп күшейе келе шарықтау шағы 1960 жылға сәйкес келсе, ал 1970 жылдан бастап біршама саябырлай бастады. Осы кезеңнен демографиялық дүмпудің алғашқы қарқыны біртіндеп саябырлай, екінші кезең-оның қайта жаңғыруы басталды. Олай дейтініміз, 1946-60жылдар аралығында халқымыздың өсу қарқыны 1,5-2,0 – тен 4 пайызға дейін үдей түссе, 1960жылдан 1988 жылға дейін 28 жыл бойы бір деңгейде сақталып қалған (1) Ол екінші жаңғыру әсерімен қалыптасқан жағдай. Алғашқыда туу деңгейінің күрт төмендеулерін 70 жылдары туған балалардың абсолюттік жалпы саны біршама азайғанымен, кейінгі 80-90 жылдары 20 жыл бойы бір деңгейде сақталып қалмақшы. 90 жылдардың екінші жартысынан бұл өсім қайтадан көтерле алады (2)
«Демографиялық қайта жаңғыру» деген 1970-2000 жылдардағы отыз жылдық кезең бізге құнды.
Бұл кезең тек ғасырлар ғана ауысып қоймай, жаңа мың жылдық басталатын ұлы күнтізбелік меже. Осы кезеңде, яғни 1990 жылдың ортасында әлемдегі барша қазақтың саны қасиетті жеті нөлі бар 10 000 000 адамға жетті. Бұл цифрлар қазақ халқы санының айторлықтай өсіп қалғанын білдіріп қана қоймай, санамызды да біршама көтеріп тастады, ұлттық ынтымақтығымызды торыдай болып шашырап кеткен халқымызға жаңаша сездірді. Санның санаға тікелей әсер ететінін бәріміз куәгер болғандаймыз.
1970ж. қарай Қазақстан халқының саны 13 млн. адамнан астам болып, 40 пайыз жуық өсті (1), олардың ішінде қазақ 4234 мың (32,6 пайыз) орыс 5522 мың (42,5 пайыз), украин 333 мың (7,2 пайыз), неміс 858 мың (6,6), татар 288 мың (2,2), өзбек 216 мың (1,7), беларус 198 мың (1,5),ұйғыр 121 мың (0,9), корей 81 мың (0,6), әзірбайжан 58 мың (0,4), басқа ұлттар 498 мың болды.
Бұдан Қазақстандағы ең саны көп этнос 1939, 1959, 1970 жж. Халық санаға арасында орыстар болып келді (2) 1939-1970 ж.ж арасында орыстар украиндар, белорустар (қосып санағанда) халықтың басым көпшілігі болып келді.
Осыған қарамай 1969-1970 ж.ж. қазақ халқының демографиялық дамуында бетбұрыс болды. Бұған бірсыпыра факторлар: салыстырмалы түрде табиғи өсімінің жоғарылығы, көші-қоныс экспансиясы қарқынының төмендеуі, келушілерден кетушілер санының артуы көмектесті.
Осының нәтижесінде қазақтардың жалпы санынның өсуімен бірге, республика халқының құрамында олардың үлес санының да үнемі өсу тенденциясы басталды. Оның үлес саны қазан төңкерісіне дейін-ақ үнемі кеміп келе жатқаны мәлім, ал 1897-1959 ж.ж 81,1 пайыз – 30 пайызға дейін төмендеді. Республикада қазақтардың жалпы саны 1959-1970 ж.ж 1446,9 мың адамға, яғни 51,9 пайызға көбейді. Сөйтіп ХХ ғ. 60 ж. қазақтардың біршама шапшақ табиғи өсіп, болашақта өзінің этностық территориясында неғурлым саны көп халық болуының негізгі қаланды
1970 ж. қарай негізгі этностардың урбанизациялану дәрежесіндегі алшақтықтар елеулі түрде азайды. Қазақтар мен орыстардың урбанизациялау дәрежесінде 1970 ж. екі еседен астам айырма болды, ал бұл айырмашылық 1926 ж. 10 есе болатын. Мұндай айырмашылықтың шұғыл азаюына республиканы индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, КСРО-дағы мәдени революция көмектесті. Орыстар, татарлар, корейлер, негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, кемістер, өзбектер, әзірбайжандар ауыл-селолық этностар болды.
Егер республиканы тұтас алғанда қала тұрғындарының үлес саны 1959-дан 1970 ж. дейін 6,5 дәрежеге өссе, орыстар (10,1 дәр), украиндар (13,4), корейлер (17,9), әзірбайжандар (13,1 дәрежеге) неғурлым шапшақ урбанизацияланды (2) Белорустар ғана бүрынғы урбанизациялану дәрежесін сақтап қалды, қалған этностар қала халқын қалыптастыруда соңында қалды.
1989 ж. қазақтардың урбанизациялану 38,4 пайыз кемістер 49,1, өзбектер 37,3 ұйғырлар 34,2 процентке жетті неғурлым урбанизацияланған ұлт орыстар (77,8) украиндар (65,3), татарлар (77,2), белорустар (61,6), корейлер (84,2) болды.
1979-1989 ж.ж бұрын аграрлық этностар болып келген қазақтардың (53,3), ұйғырлардың (52,8) өзбектердің (30) урбанизациялану дәрежесі неғурлым шапшақ өсті (1). Сөйтіп Қазақстан этностарының екі тобының әлеуметтік – экономикалық даму жөнінен шапшақ теңесу тенденциясы бар, дегенмен бұлардың арасындағы зор айырмашылық сақталып отыр. 1970-1989 ж.ж ауылдық жердегі қазақ халқының этностық топтасқандығы сақталып қана қоймай, ол күшейе түсті. Бұған ауылдық жердегі халықтың табиғи өсу дәрежесінің жоғарылығы, Қазақстанның Оңтүстік – батыс, Оңтүстік – шығыс шөл және шөлент аймақтарының ауа райы жағдайының КСРО – ның Еуропалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыздығы көмектесті.
Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталық ведомстволарының күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстанушылар біберіліп жатты.
1951-1970 ж.ж жалпы алғанда КСРО – ның басқа аудандарынан Қазақстанға көші-қоныс процесінің бәсендеуі байқалды. 1951 –1970 ж.ж ол 100 мың адамнан астам дәрежеден кетушілердің басымдылығына дейін өзгерді осымен бірге қазақтар басқа республикалардан, сол сияқты 1955-1959 ж.ж және 1962 ж. қитайдан кері көшіп келіп жатты.
1970-1990. ж.ж республикааралық көші – қон процесінде келушілерден артық болды. 1970 ж. Көшіп кетушілер 35 мыңнан 1988 ж. 95 мың адамға жетті. 1985-1988 ж.ж республика аралық айырмашылық Қазақстандағы саяси процестерді кейбір орыстардың өздері үшін қолайсыз деп санауы нәтижесінде олардың көшіп кетуінің кобеюінен болды. Қазақстанда 1983-1987 ж.ж халықаралық эмиграция санаулы ғана еді 1988 ж. Бастап КСРО – да эмиграцияға шек қою тоқтатыла бастады. 1988 ж. Бұл процесс өсе түсіп, ол 92,3 мың адамға жетті. Еврейлер, гректер болды (1)
1989 – 1990 ж.ж республикаралық теріс көші-қоныс 1989 ж. 46,8 мыңнан 1990 ж. 36,6 мыңға дейін азайды.
Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж.ж орыстар 53-55 пайыз, украиндар 9-12, немістер 6-8, қазақтар 6-9 пайыз, республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 пайыз украиндер 8, немістер 5, қазақтар 20 пайыз болды (2)
Сөйтіп 1990 ж. Республикааралық көші-қоныста орыстардың саны 17,7 мың, украиндер 4,1 мың адамға азайды, қазақтар 16,6 мың адамға көбейді: Қазақ этносының тарихи отанына жиналу процесі күшейді. 1989 ж. Бастап қазақтардың Өзбекистаннан (әсіресе Қарақалпақстаннан), Ресейден, Туркменистаннан көшіп келу процесі күшейді.
1991 жылдан бастап халықтың көші-қон процесінде жаңа құбылыс басталды.
Ол Қазақстаннан қазақ емес халықтардың көшіп кетуінің азаюымен және Өзбекстаннан (оның ішінде Қарақалпақстан бар), Туркменистан мен Ресейден қазақтардың көшіп келуінің өсуімен сипатталады. 1991 ж. ТМД елдерінің Қазақстанға келушілер кетушілерден 10 мың адам артық болды, Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысына бүкіл ТМД – дан орыстар жиналуда. 1991 ж. Монғолиядан қазақтар келе бастады – 12,5 мың адам келді, олар тұрақты орналаспақ. 1991-1992 ж.ж Монғолиядан 41 мың қазақ көшіп келді. Шығыс Еуропа елдерінің келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚКР – дан табыс табу үшін қытайлар келіп жатыр (1)
1991 ж. Біздің есебіміз бойынша этностық көші-қон алмасының нәтижесінде қазақтар 41,0 мың адамға көбейді, орыстар 24,0 мың адамға азайды. Қазақстанға орыстар тек Солтұстік облыстарға келуі мүмкін, оңтүстік, батыс облыстардан, сол сияқты Семей, Торғай, Жезқазған облыстарынан орыс тілді халықтың көшіп кетуі байқалады (2)
1926-1979 ж.ж аралығындағы демографиялық процестер ағыны жалпы тенденциясы алдымен демографиялық процестер сипатының теңесі бастағанын және бір кездегі әр бағыттағы тенденциялардың бір сипаттығы айнала бастағанын көрсетеді. Орыс, Украин, Белорус халықтары 20 жылдардың ортасынан бастап, бала тууды азайту практикасын қалада ғанаемес, селода да тарата бастады. Бұларда ол процесс бірінші және екінші бесжылдық кезінде, әсіресе басқа республикадан келгендер арасында күшті болды.
Нақ осы жылдары халықтың көшіп-қонды шұғыл көбейді селодан қалаға, қаладан қалаға, орталық облыстардан Сібірге Азияға, Қиыр Шығысқа ауысып жатты.
Халықтың көші-қонысының көбеюі, әйелдердің қоғамдық еңбекке көбірек тартылуы, халықтың урбанизациялануы, әлеуметтік – экономикалық тұрмыстың шапшаң өзгеруі-міне осының бәрі бала тууды азайтуға әсер етті. 1939 жылдан 1955 ж.
Дейін баланы алдырып тастауға тиым салынғанына қарамай, бұл процесс жүре берді. Бұл шара уақытша бала тууды өсіргенімен күткендей нәтиже бермеді. Мұнан кейінгі жылдары 1959 ж. Қазақстанда халықтың негізгі көпшілігі болып табылатын орыс, украин, белорусс халықтарының арасында бала туудың азаюы күшейе түсті. Бала туудың төмендеуі этнос дамуының әлеуметтік – экономикалық, сотылық, демографиялық заңдылықтарын белгілейтін факторларға байланысты болды.
1979-1989 ж.ж этнографиялық құрамның ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж.ж халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 пайыз болды. Оның бер жағында Қазақстанда қазақтардың өсуі 23,5 пайыз, орыстар 3,9 пайыз, немістер 6,4, татарлар 4,6 өзбектер 26,1, белорустар 0,6, ұйғырлар 25,3, корейлер 12,3 – ке өсті. Жанұядағы бала саны қазақтарда үнемі төмендеп келеді (1) 1972 ж. 501 болса 1978 ж. 4,85, 1985ж. 4,27 қазақ әйелінің бала тууы 1979 ж. 5,787 болса, 1989 ж. 3,584, бұл 1979 ж. Дәреженің 61,9 Қазақстанда қазақтардың табиғи өсуі 1962 ж. 110 мың адам.
1964 ж. 111 мың болған (43), 1970 ж. 107,7 мың (48,1), 1972 ж. 114 мың (49,0), 1979 ж. 125 мың (52,1), 1989 ж. 162 мың адам (63,5) болған (1).
Қазақтардың арасында бала өнімі едәуір жоғары, адам өмірінің орташа ұзақтығы орыстарға қарағанда төмен. Осымен бірге Қазақстандағы орыстардың, Украиндардың , немістердің жас құрамы салыстыра қарағанда кәрі, қазақтарға қарағанда туу көрсеткіші төмен, өнімнің жалпы коэффициенті жоғары, табиғи өсімі төмен. Бұл процесс он тоғыз облыстың он бірінде этнодемографиялық басым көрініс. 1980 ж. Бастап қазақтардың Қазақстанның Оңтүстігінен солтүстігіне, сол сияқты батысынан солтүстігіне аусуы байқама бастады. Осымен бірге қазақтардың бір бөлігінің Ресейден, орта Азиядан, Монголиядан және басқа елдерден Қазақстанға қайтып келе беретіні ақиқат.
Тағы рефераттар
- Каспий банк қызметінің экономикалық негізі
- Бразилия және гвиана тау қыраттары
- Сөздіктерге сүйеніп ұғым бәйтерегін құрастыру
- Инновация стратегиясының өңдеу процесі
- Астрономия