Дене тәрбиесіне дәрігерлік бақылау туралы қазақша реферат
Дене тәрбиесін дәрігерлік бақылауға алу, біздің елімізде дәрігерлік көмек көрсетудің біріккен жүйесінің құрамды бөлігі. Дәрігерлік бақылау – физкультура, спортпен шұғылданатын әрі түрлі жастағы адамдардың денсаулық жағдайын, дамуын тексеретін дәрігерлік білімнің арнаулы саласы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүргізу барысында дәрігерлік бақылаудың негізгі міндетін, олардың денсаулығын, дене және жүйке психикасының дамуын нығайтуға көмектеседі.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дәрігерлік бақылауға мыналар кіреді:
1) балалардың денсаулық жағдаын, дамуын олардың организімінің функционалды мүмкіншіліктерін анықтау үшін дәрігерлік тексеруден өткізу;
2) дене тәрбиесінің жүргізілуін дәрігерлі-педагогикалық бақылауға алу, дене жаттығуларының мазмұны мен жүргізу әдісін және балалардың организімінің жасына байланысты функциялық мүмкіншіліктерінің үйлесуін тексеру;
3) дене жаттығулары сабақтарын ертеңгілік гимнастиканы, қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық жаттығуларды, шынықтыру шараларын өткізетін жерлерге, физкультура жабдықтарының, құрал-саймандарының, сондай-ақ дене тәрбиесімен айналысушылардың гигиеналық жағдайларына санитарлық бақылау;
4) ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің арасында санитарлық – ағарту жұмысын жүргізу.
Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру дәрігерлің, аяжанның, педагогтың бірлескен жұмысы бойынша қарастырылады.
Дәрігерлік тексеру және балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық мүмкіндіктеріне баға беру – мектепке дейінгі мекемелер дәрігерінің әр жылдағы тыңғылықты дәрігерлік тексеруімен жүзеге асады. Керекті жағдайларда балалар емхананың дәрігер-мамандарымен қосымша тексеріледі.
Денсаулық жағдайына баға беру кешенді түрде: дәрігерлік тесеріс деректері, ауру-сырқаулықтың, нервтік-психикалық және дене дамуының ерекшеліктері негізінде жүргізіледі.
Дәрігерлік-педагогикалық бақлау – бұл балалардың жас ерекшеліктері мен функционалды мүмкіндіктеріне қарай дене тәрбиесінің әр түрлі формаларын өткізудің мазмұнына әрі әдістеріне тән бағаны қамтиды.
Дәрігер, аяжан, меңгеруші дене тәрбиесі сабағына, таңертеңгілік гимнастикаға, қимыл-қозғалысы ойындары мен жұмыстың басқа түрлерінің өткізілуіне дәрігерлік-педагогикалық бақылау жасай отырып, топ тәрбиешісінің оны өткізу жөніндегі жоспар-конспектісімен танысуы керек. Сабаққа бақылау жасалып болғаннан кейін сабақтың жоспары мен мазмұны сол топтағы балаларға арналған бағдарламаның талап-тілектеріне сай жауап бере ме, жоқ па, сондай-ақ қолданылған жаттығу балалардың жасына және дайындық деңгейіне сәйкес келетін-келмейтініндігін атап өткен жөн.
Дәрігер, меңгеруші және аяжан дене жаттығулары сабағы жүргізілетін бөлмелердің санитарлық жағдайын, сондай-ақ дене тәрбиесі алаңдарындағы физкультура құралдарды мен жабдықтарының гигиеналық жайын бақылауды жүзеге асырады.
Дәрігер, аяжан тәрбиешілер мен ата-аналардың гигиена, дене тәрбиесі мәселелері бойынша және оның балаларды дамытудағы ролі жөніндегі білімдерін көтеруді жүзеге асырады.
Тағы рефераттар
- Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
- Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
- Газды көмірлердегі жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережесі
- Қазақстан Республикасы банктерінің қызметтері және дамуы
- «ФудМастер» ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау