Денсаулық сақтау туралы қазақша реферат
Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай жетілдіруді анықтайтын, мемлекеттің басымдылықтыларының бірі азаматтар денсаулығын қорғау мен нығайту табылады.
Қарағанды облысының 2006 жылғы денсаулық сақтау жүйесінің қызметін реттейтін негізгі құжат болып ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілген, 2005-2010 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасы, Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту Аймақтық бағдарламасы және Қарағанды облысының 2008-2010 денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі Аймақтық бағдарлама болып табылады.
Халықтың денсаулық деңгейі мен облыстың денсаулық сақтау жағдайын сипаттайтын көрсеткіштері жақсарған:
— 4,7% туу саны артқан (2005 жылы 14,9 дан 2006 жылы 15,6 дейін);
— 2006 жылы табиғи өсім 2005 жылғы 1,72 қарағанда 2,41 құраған;
— Туберкулезбен ауыру 12,9 пайызға халықтың 100 мыңына 167,2 ден 145,5 дейін азайған (өлім 5,5 пайызға төмендеген);
— Онкологиялық сырқат 100 мың тұрғынға 244,0 қарағанда 242,3 құраған (0,7 пайызға азайған);
— Психикалық ауытқулармен сырқаттану 2,6 пайызға 229,3 тен 223,5 дейін азайған;
— Наркология бойынша сырқаттану екі есе 100 халыққа 546,0 ден 273,3 дейін азайған.
2005-2007 жылдары Қарқаралы, Осакаров, Жаңаарқа аудандарында орталық аудандық ауруханалар, Приозерск қаласында туберкулездік және көп профилді аурухана, облыстық бөлімшеге перинаталды бөлімше құрылысы, Октябрь ауданында көп профилді аурухана ашылған, 2647 бірлік медициналық жабдықтар мен медицинаға арналған бұйымдар алынған, 8 ауылдық жерлерде мобилдік телемедицина енгізілген, ақпараттық-сараптау орталығы құрылған, 205 денсаулық сақтау объектілерінде күрделі жөндеу жүргізілді, облыстың селолық жерлерінде денсаулық сақтау объектілері толық медицина көліктерімен қамтамасыз етілді. 2007 жылы мықын жамбас сүйектерін протездеу мен тізе буындарына артоскоптік ауыстырулар енгізілді, миокарда реваскулиризациялауды операция жасаулар басталды (коронар сосудаларын тігу мен аортокоронарлы шунтирлау).
Тағы рефераттар
- Кітап (оқулық) туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Иоган Себастьян Бах (1685 — 1750)
- Күкірт қышқылы өндірісінің шикізаты
- ТУРБО ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ ТҮСІНІКТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ курстық жұмыс
- Ғаламдық экологиялық проблемалар