Денсаулық ұғымы туралы қазақша реферат
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі»/ 2.5., 33 бет./ яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі – бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады.Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.
Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі – оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау – тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни , жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан оның жақын туысқандарына да беолгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбіненсе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады. /2.5., 33 бет./
1.2 Адам мен адамзаттың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы
Қазақстан Республикасы Конституциясы әр адамның денс аулығын қорғауға кепілдік береді. Осы Конституциялық ережені жүзеге асырудың бір нысаны – денсаулыққа қарсы қылмыс үшін жауаптылық белгілеу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа қарсы зиян келтірудің әр түрлі тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық ҚК 103-111 баптарында көрсетілген.
Адамның денсаулық сақтау құқығы – бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілетін тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады./ 1.1., 10 бет./
Бұрын барлық медициналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық ісі мемлекеттің қолында болды. Енді мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен (ауруханалар, емханалар, дәріханалар, т.б.) бірге жеке медицина-лық мекемелер құрылуда. Әрине,емханаларды, дәріханаларды және басқаларын дүмшелер емес, арнаулы медициналық білімі барлар құруы және заңда белгілен-ген тәртіппен құрылуы тиіс.Әрине, жеке медициналық көмекке белгілі мөлшерде ақы төленеді. / 2.6., 107-108 бб./
Барлық саладағы дағдарыс жағдайында денсаулық саласының жаңа жүйеге көшуі медициналық қызметті бірден жақсарта алмайды. Мұны медициналық
көмекке мұқтаж әр адам қатты сезінеді. Алайда, біздің мемлекетіміз, оның жергілікті жерлердегі органдары халықтың денсаулығы туралы тұрақты қамқор-лық жасауы тиіс. Бұл — олардың конституциялық міндеті. Әйтпесе, тек адамдардың, әсіресе жеткіншек ұрпақтың денсаулығы төмендеп қана қоймайды, жұқпалы аурулардың да таралуы мүмкін. Ал олармен күрес бұл жұмысты жоспарлы және жүйелі түрде жүргізгеннен әлдеқайда көп қаржы мен күш жұмсауды қажет етеді. Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту көп жағдайда жергілікті мәслихат депутатарының, жергілікті әкімшіліктердің белсенді қызметіне байланысты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау туралы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы заңдары мынадай міндеттер:
1) балалар өлімін қысқарту, олардың денсаулығын жақсарту;
2) өндірісте еңбек ету жағдайын жақсарту;
3) жұқпалы, кәсіби аурулардың алдын алу және оларды жою жұмыстарын жүргізу;
4) барлық адамдарды денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау, сырқаттанған кезде медициналық көмек көрсету міндетін жүктейді.
Денсаулықты сақтау құқы,сондай-ақ азаматтардың әр түрлі жолдарды (бұқаралық ақпарат құралдары,өтініш хат және тағы басқа) пайдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізгі –қоршаған табиғи орта.Оның жағдайы қандай болса,адамдардың денсаулығы да сондай./ 2.6., 108 бет./
Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау Комитеті 1998 жылғы 4 мамырда бекіткен «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі» маңызды рөл атқарады.
Бұл ережеге сәйкес денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге – ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.
Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий — өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында.
Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп қаралмайды. Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына зиян келтіру арқылы басқа обьектіге қол сұқса, онда бұл іс-әрекет қылмыс құрамының нышаны болып табылады.
Денсаулығына зиян келтіруге жәбірленушінің келісуі, жалпы ереже бойынша іс-әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жай болырп табылмайды.
Денсаулыққа зиян келтіру түсінігі – бұл ең алдымен, заңға қайшы әрекет деген сөз.
Тағы рефераттар
- Мүліктік құқық және мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру
- Қазақ халқының әншілік-өнері. ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары
- Араб және түркітілдес философия
- Айтыс күйлері
- Биполярлы транзисторлар