Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру туралы қазақша реферат
Қылмыстық кодекстің 104 – бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік белгілермен: 1) адамның өміріне қауіптіліктің болмауынын; 2) Кодекстің 103 – бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынын; 3) денсаулықтын ұзақ уақытқа бұзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21 күнен әрі) артық уақытқа уақытша еңбек қабілетін жоғалату денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30%-ке дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп таңылады.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің ауырлататын түрлері Қылмыстық кодекстің 103 – бабында көзделген осындай белгілермен бірдей, сондықтан да оларды қайталап талдап жатудың қажеті жоқ.
Субьективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақа-налықпен істеледі. Қылмыстың субьектісі 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ао осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам.
Тағы рефераттар
- Актиномицеттер – антибиотиктер продуценттері
- Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және формалары
- Қонақ үй қызметінің құрылымы және оларға сипаттама
- Пластикалық карточкалар
- Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі