Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттердің шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
— талап етуіне дейінгі депозиттер;
— мерзімді депозиттер;
— жинақ салымдары;
— бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, олардың төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
— мерзімдеріне қарай;
— салым иелерінің категориясына қарай;
— қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
— пайыз төлеу тәсіліне қарай;
— банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
— басқа.
Салым иелерінің катигорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
— жеке тұлғалардың шоттарына;
— кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
— жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
— қаржылық мекемелердің шоттарына;
— шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер — бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
— мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
— әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
— есеп айрысудағы қаражаттар;
— жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар , шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал, кемшілігі — бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідіей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
— ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
— Бұл депозиттер есебінен қолма-қол ақша мен чекпен аударымдар жүргізуге болады;
— Шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
— Банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды үшін өте төменгі деңгейгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
— талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
— Бұл депозиттің үлес салмағының көбеюі, банктің өтімділігіне деген талаптарды күшейте түсіреді және банктің өтімділігін басқару кезіндегі де күшейе түседі;
— Бұл депозиттердің тарту шығындары аз болып келеді, яғни пайызы төмен болып келеді.
Мерзімді депозит — бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі — талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
Меншікті мерзімді депозиттер;
Алдын алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
30 күнге дейінгі:
30-90 күнге дейінгі;
90-180 күнге дейінгі;
180 күннен 360 күнге дейінгі;
360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
— есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
— шоттағы қаражат баяу айналады;
— тұрақты пайыз төленеді;
— пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
— ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
— бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді;
— бұл депозиттерді мерзімі өткенше трансакциялық мақсатқа жұмсауға болмайды;
— Мұндай депозиттер шотынан қажетті уақытта, қажетті мөлшерде ақша алуға болмайды.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдары мен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілік бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозитті ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
— ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзім болмайды;
— шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
— ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттар тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
— мерзімді жинақ салымдары;
— қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
— ұтыс салымдары;
— ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
— мақсатты және ағымдық салымдар;
— алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
— валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар — бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т. с . с.) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты — бұл салым иесіне белгілі мерзім өтен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
Атаулы сертификаттар;
Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
— Аударылатын;
— Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу — сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты да жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Тағы рефераттар
- Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы
- Дюркгейм Эмиль
- ЖЕКЕ КҮЙШІЛЕРДІҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ
- Аспаптық көміртекті болаттар
- Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың маңызы