Оқушылардың тәртібін, олардың қылықтарын, ұстаздардың жұмысын, олардың тәрбиеленушілермен өзара қатынастарының ерекшеліктерін бақылау, зерттеуші құндылығы көзбен көрген адамның әңгімесімен, құжатты жай хабар алумен салыстыруға келмейтін материалдар жинастырады. Әсіресе, күрделілігі мен өр түрлілігі басқа тәсілдермен тепе-теңдігін қиындататын тәрбие құбылыстарын зерттеу кезінде бақылау әдісінің қасиеті ерекше дәлелді көрінеді. Дидактика мәселелерін зерттеуші оқу үрдісі мен ондағы болып жатқан құбылыстарымен ісі болады. Алайда, педагогикалық үрдістің тұтастығын құрайтын оқыту мен тәрбиенің, синтезін есте ұстау қажет.
Оқыту үрдісін зерттеу дидактикалық құжаттардың қатар көзін оқу әдісі, сұрау әдісі сияқты басқа да әдістермен бақылау әдісінің өзара байланысын қолданады. Мысалы, бақылау педагогикалық тәжірибеге жол ашады, егер бақылау деректері оның ойынша қайшылықтарды көрсетеді, ол тез арада тоқтатылуы тиіс.
Дидактикадағы бақылау бірқатар ерекшеліктерге ие болады. Дидактикадағы бақылаудың ерекшелігі зерттеу нысанының өзіндік қасиеттерімен өзгешеленеді. Ең алдымен бақылаушы тірі нысанмен іс жүргізеді. Сондықтан оқушылар әрқашан мұғалім жоспарына сәйкес өздерін ұстамайды. Бақылаушы көз алдындағы педагогикалық үрдіске қатысушылар «қадағалауда екенін» үдісінгендіктен, немқұрайлы қарамайды.
Сонымен қатар бұл әдістің кейбір шектеулігін атап өткен жөн. Оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстары үрдісін бейнелеу қандай толық болса да, оның көптеген жақтары бақылаудан тыс қалады.
Тағы рефераттар
- ҚР – да шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін факторлар
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік саясаттың негізгі бағдары
- Информатика кабинетінің жабдықталуы курстық жұмыс
- Оңтүстік Американың жануалар дүниесі
- Шарт ұғымы және оның ережелері