Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі туралы қазақша реферат
Дивиденттер дегеніміз – акционерлердің иелігінде болатын акциялардың саны (сомасы) мен түрлеріне карап, жыл сайын олардың акционерлерінің арасында табыс түрінде бөлінетін акционерлік коғамының табысының бір бөлігі.
Дивиденттер бойынша есеп айырысулар есебі үшін 3031 «Жай акциялар бойынша есеп айырысу», 3032 «Артыкшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» шоттары пайдаланылады.
3031 «Жай акциялар бойынша есеп айырысу» шотында жай акциялар бойынша акционерлік коғамның (АҚ) есеп айырысуы есептелінеді, ол бүкіл акционерлік коғамның шығарған акциясынын, басым бөлігін кұрайды (75% және оданда жоғары). Жай акцияның иелері жалпы жиналысына катысуға, дивиденд алуға құқығы бар. АҚ жойылған кезде жай акциялардың иелері, осы акциялары үшін салынған каражаттарын олардың номиналдык бағасы бойынша кайтарып алуға құкылы, бірақ артыкшылығы бар акциялардын иелерін қанағаттандырғаннан кейін.
3032 «Артыкшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» шотында артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлік коғамның есеп айырысуы есептелінеді. Оның үлесі жалпы жарғы капиталының 25%-нен аспауы керек. Артықшылығы бар акицялардың иелері бірінші кезекте дивиденд алуға құқылы, сондай-ак акцияға салған қаражаттарын, егер АҚ жойылса, номиналдық бағада кайтарып алады. Артықшылығы бар акциялардың иелері 10% деңгейінде, дивидендті алдын ала алуға кұкығы бар. Артықшылығы бар акциялар бойынша бұндай кепілденген дивиденд төлемдері акицяны шығармастан бұрын олардың жобасында карастырылады және дивидентті телеудің осындай тәртібі де онда тіркеледі. Артыкшылығы бар акцияларға төленетін дивиденттердің мөлшері жай акцияларға төленетін дивиденттерден кем болмауы тиіс, егер де ондай каражаттар болмай қалса, онда ол резервтік капиталдың есебінен төленеді.
Занды және жеке тұлғаларға төленетін дивиденттердін төлем көзінен 15% мөлшерлеме бойынша табыс салығы ұсталынады. Қазақстан Республикасында бұрын төлем көздерінен дивидент салықтары ұсталынған болса, онда оны ескеруіне құкығы бар, бірақ оны растайтын құжаттары болуы керек.
Жай және артыкшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерді төлеген кезде, әрбір акционер (жеке немесе занды тұлға) бойынша есеп айырысу жекетізімдемеде жүргізіледі.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
- Коммерциялық банктердің пассив және актив операциялары
- Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
- Ежелгі Кореядағы ғылыми — техникалық жетістіктері
- Айқын таным және Иасауиді тану мәселесі