Дизель моторлары туралы қазақша реферат
Дизель моторларының жіктелуі:
- Орталық жоғарғы қысымды механикалық реттегіші бар насосты, әр цилиндрге орналасқан форсункалы;
- Электронды басқару жүйелі орталық жоғарғы қысымды насосты және әр цилиндрге орналаскан форсункалы;
- Механикалық беріліспен реттелетін насос-форсункалы;
Электронды басқару жүйелі дизель моторларының жұмысы оқулықтың III бөлімі § 5-да қарастырылған.
Дизельді моторлар төрт тактілі болады.
I такт — енгізу (1.2.1, а-сурет). Иінді біліктегі шатунның көмегімен поршень төмен қарай ығысады, енгізу клапаны (4) арқылы цилиндрге таза ауа толады. Бұл кезде шығару клапаны (6) жабық тұрады. Тактінің ақрында енгізу клапаны (4) жабылады. Енгізу тактісінің соңында цилиндрдегі кысымы орта есеппен 0,08-0,095 МПа, температурасы 30-50°С болады.
II такт — сығылу (1.2.1, б-сурет). Иінді біліктің көмегімен поршень (2) жылжи отырып, жоғары қарай ығысады. Екі клапан (4-6) жабық тұрғандыктан поршень ауаны сығады. Сығылған кезде ауа температурасы көтеріледі. Сығылу дәрежесі өте жоғары болғандықтан дизельді мотордың цилиндрдегі қысымы 4 МПа-ға дейін көтеріледі. Сығылу тактісінің соңында форсунка арқылы цилиндрге дизель отынының белгілі бір мөлшері майда тозаңдатылған күйінде бүркіледі.
III такт — жұмыстық жүріс немесе ұлғаю (1.2.1, в-сурет). Отынның майда түйіршіктері қызып сығылған ауаға жанасқанда өздігінен тұтанады. Жұ-мыстық жүрісте қысым 8 МПа-ға дейін көтеріледі. Ұлғайған газдық аса жоғары қысымы нәтижесінде поршень төмен қарай ығысады және қабылдаған күшті шатун арқылы иінді білікке береді, сөйтіп оны механикалық жұмыс өндіруге мәжбүр етеді.
Сырткы ауа copy тактінде цилиндрге кіреді және осы тактіде ол 3,5-4,0 МПа дейін сығылады. Сығудың ақырында, шамамен алғанда, 12-40 МПа үлкен қысыммен отын форсункадан (3) мотор цилиндріне бүркіледі, отынның то-заңдалуы, сығылған ауаның көмегінсіз, тікелей жану камерасының (4) өзінде жүзеге асырылады. Форсункаға (3) отын өткізгіш (2) арқылы насоспен (1) беріледі. Кейбір моторларда отын бірден насос-форсунка арқылы цилиндрге беріледі.
IV такт —шығару (1.2.1, г-сурет). Поршень жоғары қарай ығысқан кезде шығару клапаны ашылады. Пайдаланылған газ әуелі артық қысымның, содан соң поршеньнің өсерінен цилиндрден шығады. Поршень жоғарғы шектік нүктеге жеткен кезде шығару клапаны жабылып, енгізу клапаны ашылады да, жұмыс циклі қайталанады
600 градусқа дейін қызған ауада тозаңдалған және онымен араласқан отын өздігінен тұтанып, біразы поршень ЖШН-ге жеткенше жанып бітеді (1.5.2-сурет), біразы одан кейін жанады. Бұл кезде цилиндрдегі қысым 3,5-5,0 МПа дейін артады. Содан кейін газ ұлғайып, механикалық жұмыс жасайды.
Поршень ТШН-ге жақындап келген кезде шығару клапаны ашылады және пайдаланылған газ атмосфераға шығады. Пайдаланылған газды шығару тоқталмастан бұрын төртінші такті аяқталады.
Тағы рефераттар
- Бюджеттік құқық – Қаржылық құқықтың құрамды бөлігі
- Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі
- Сенің атың кім?
- ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
- Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі