Қонақ үй дегеніміз қызмет ету саласы. Яғни сапалы қызмет көрсету. Егер қонаққа сапасыз қызмет көрсетілсе тек қонақ үйді ғана емес, тіпті қаланы да жек көріп кетеді және екінші рет бұл жерге қайтып келуден бас тартады. Отелдік бизнес — ол сервис. Егер сервистік қызмет жоғары сапалы және әр түрлі қызметтерді ұсынатын болса, туристер бұл отелге жиі келіп тұруды армандайды. Сондықтан қонақ үй персоналы жоғары квалификациялы мамандар, жақсы психологтар болуы, отель персоналы халықаралық этикет негіздерінің, кем дегенде 2 шет тілін меңгеруі керек. Қонақтармен қарым-қатынас барысында сыпайы, аса мәдениетті, тәртіпті, нақты және тартымды болуы қажет. Өйткені кез келген адам қонақ үйге демалу мақсатында келеді. Қызметкерлердің жұмысы қонақтардың жақсы демалуына және демалысын көңілді өткізуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан көптеген қонақ үйлердің қызметтік бөлімдерінде «Жүзіңіз күліп тұрсын» (Keep smiling) деген ескертулер тұрады.
Кез келген қонақ үй қанша қабаттан, комплекстен құралса да оны жалғыз бас меңгеруші басқарылатыны туралы айтылған. Ол тікелей директорға бағынады. Оның қызметтік міндеттерін қарастырдық, қонақ үйдегі барлық қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру, материалды жауапты адам, қонақ үйдегі барлық заттардың сақтығына, дұрыс қолданылуына жауап береді. Сонымен қатар номерлердің бос қалмауын қадағалайды, және мына жұмыстардың орындалуына жауапты номерлердің деңгейіне байланысты жабдықтауына, санитарлық тазалығына, жөндеу дұмыстарының жүргізілуіне, жиһаздардың дер кезінде ауыстырылып жаңартылып тұруына, кезекшілердің, қызметкерлердің мүлтіксіз атқаруына жауапты.
Меңгеруші сонымен қатар ұйымдастыру және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс уақытын, жерін бекіту, еңбек демалысын, жалақы табелін және т.б. құрылуын қамтамассыз етеді.
«Достық» қонақүйінің административтік құрылымы. Өзімнің іс-тәжірибе барысында сол қонақүйде көргенімді салыстырмалы түрде келтіретін болсақ, «Достық» қонақүйінің административтік құрылымы келесідей болды, бас менеджер, бас менеджердің меңгерушісі, департаменттің менеджерлері (ресепшн, ресторан, асхана, хаускипинг), департамент бөлімінің бастығы.
Жұмыс уақыт ұзақтығы тәулігіне 8-12 сағат, аптасына 6 күн жұмыс мәне бір күн демалыс. Аптасына бір рет департамент менеджерлері ( ресепшн, ресторан, асхана, хаускипинг, техникалық және т.б.) апталық жұмыс графигін құрады. Персонал жоспарға байланысты жұмысқа кіріседі (азаңғы 8.00-16.00, кешкі 16.00-24.00, түнгі 24.00-8.00). Бір ескеретін жайт тәртіп өте қатаң.
Мекеменің сервисін көтеру және қызметін жақсарту, кемшіліктерді есептеу мақсатында аптасына бір рет департамент бөлімінің бастығы жиналыс өткізіп тұрады.
Тағы рефераттар
- Биполярлы транзисторлар
- Дүние жүзінің экономикалық саяси-әлеуметтік географиясы
- Қазақстан Республикасы салық салу принциптері
- Ілияс Жансүгіровтің күйші поэмасы
- Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар