Адам  басқа   тіршіліктерге  қарағанда ерекше  пенде: ол өзін бүкіл  Дүниеден  бөліп  алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Менің бұл өмірге неістеу үшін келдім? Адамды  Құдай, я  болмаса « Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған  табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең- ақ,  бұл  әсем  Дүниені өлер шағымда  қалайша  қиып  кетемін? Егер мен бұл  Дүниеге  уақытша  ғана келсем, онда  бұл  өмірдің  мәні  неде? деген  осындай  және  мыңдаған  басқа  сұрақтар  адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой- өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы  мәдениетінің   деңгейіне  қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.

Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой- өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio- латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жақтарын бір- бірінен бөліп алып қарау) Олай болса, философия- Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық   қоғамның  шеңберінде   Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos – грек сөзі,  баян,  аңыз,   logos- грек сөзі, ілім деген мағына береді ).

Миф- Табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық    түсініктер  (phantasia-  грек сөзі,  қиял,  елес).  Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның  табиғаттың  әртүрлі  күштеріне   қарсы  тұра  алмауы, сонымен  қатар  өзінің  өмірге  деген   қажеттерін  өтеу   жолындағы   сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі- мифтердің  Дүниеге келунің қайнар көзі болып табылады.

Әрбір  халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық,  көркемдік  пен  түрсіздік,  адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаған табиғаттың ерекшелігіне  және  соған  сәйкес   қалыптасқан   халық   тіліне   байла-

нысты болса керек.

 

Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары,  ізденістерінің  бір- біріне  ұқсас  жақтарын да көруге болады. Олар:  Дүние  қалай  пайда  болды?  Кім адамды тудырды? Адам  неге  өледі?  Адамдардың  сөйлейтін  тілдері  неге  әртүрлі? Аспан мен жер неге бір- бірінен бөлінген? т.с.с.

Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауптар  бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде табиғаттың құбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсін-діріледі. Мифтер —  адамзаттың  « балалық тарихындағы»  туынды- лары. Сол  кездегі  адамдар  мифтердегі  айтылатын  сиқырлы күштер- ге өзінің  ықпалын  тигізе алатынына кәміл сенді. Сонымен олар жағалай  қоршаған  ортаны,  табиғаттың   зор  күштерін қиялдық жолмен түсінуге және игеруге тырысты.

Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілібір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космо-гониялық (cosmos- грек сөзі, әлем, genesis- грек сөзі, дүниеге келу, пайда  болу)   аңыздар.  Оларда   көбінесе   Дүниенің  алғашқы   жағдайы  хаос (chaos-  грек  сөзі,   шексіз  шашылған   бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс- әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.

Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?

Біріншіден, миф  алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль  сияқты  құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалдымдар қоғңамдық сананың синкре- тикалық түрі деп есептейді (synkretismos- герк сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).

Екінші  ерекшелігі- мифтегі  адам  мен табиғаттың бірлігі, жағалай   қоршаған   ортаны    антроморфизациялау,  адамның өзін- дік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбы-лыстары  мен  заттарын  олардың  адам  сияқты  жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі, Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.

Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар  көркем сөз арқылы  бейнеленеді.

Әлемнің пайда болуы жөнінде  кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos-грек сөзі, адам, centrum- латын сөзі,  орта,  әртүрлі  қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). бұл мифтер: «Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен Дүние жаратылады»,- деген пікір айтады.

Көне заманда  күн мен ай, аспан мен жұлдыздар жөніндегі аңыздар  адамдардың  өмірінде  кең  орын  алған.  Күннің сәулесінің жер  бетіндегі  тіршіліктің   өміріне  тигізетін   шешуші рөлі сол заманда- ақ анықталып, Күн Құдайы негізі табынатын құдайлардың біріне айналған. Сонау көне заманда пайда болған дөңгелек күнге ұқсатып  жасалған. Мысалы,  біздің  ертедегі  бабаларымыз  аспанға (тәңір, қытайша- тян) табынып: «Жер мен тіршілікті, адамды жаратан- сол аспан Құдайы»,- деп есептеген.

Жағалай  қошаған  ортадағы  өзгерістер,  қайталау  үрдістері,  жыл маусымдарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкінуі, дауыл, топан су,т.с.с құбылыстар көне мифтерде жұлдыздар мен планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандағы жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ахуалды, болашақта болатын оқиғаларды анықтайды,- деп есептелді. Бүгінгі астрологиялық болжамдар (astron- грек сөзі, жұлдыз) сол көне замандағы пайда болған мифтерге сүйенеді.

Көп  халықтардың  мифтерінде  ерекше  орынды әйел Құдай алады (қазақтың Ұмайы, гректің Деметрасы,т.с.с.). Әйел Құдай –құнарлықтың, жер бетіндегі тіршіліктің әміршісі. Ол – аңшыларға сәттілік әкелетін, жер мен мал шаруашылығында мол  өнім  тудыр-татын Құдай.

Әлемдегі Құдайлар мен адмдардың қарым- қатынастарына арналған мифтердің де орны  бөлек.  Ертедегі халықтардың мифте- рінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. Мысалы, үнді халқы өз мифологиясында 3000- нан аса Құдайлардың бейнесін жасады. Құдайлар грек мифологиясында да өте көп.

Біріншіден,  Құдайлар —   мәңгілік  жандар, ал адам болса уақытша Дүниеге келеді. Өйткені  себебі-  Құдайлар  алғашқы  мәңгі- лік  табиғат  заттарынан  жаратылған,  ал  адам  болса ол – бір миф- терде  Құдайлардың  саздан  жаратқан  пендесі,  екіншілерде-  Құдайдың   сөзінен  пайда  болған. Бірақ,  дегенмен қайсыбір миф адамға егер  сол  адам  өзінің  ізгі  өмірімен,  тазалығымен құдай- лардың мейірімін туғызса кішкентай да болса мәңгілік өмір сүру мүмкіншілігін қалдырады.

Екіншіден,  аспандағы   Құдайлардың   өмірі жердегі адамдар- дың өміріне өте ұқсас. Құдайлар да адамдар сияқты күледі, жылайды, қуанады, өкінеді, ғашық болады,т.с.с. Оны біз мифтегі социо-морфизациялаудың нәтижесі деп түсінуіміз керек (societas-лат. сөзі,қоғам, morphe-грек сөзі, форма, түр).

Әрине, мифтердің пілдей бөлігі- батырлар хикаялары (Қобы- ланды,  Шора,  Алпамыс,т.с.с.).  Батырлар- бұрынғы заманда өмір сүрген  бабалар,  олар  өздерінің  өжеттігімен, зор күш- қуатымен ерекше бейнеленеді. Олар өздерінің  ғажап  істерімен  халыққа жаса- ған  ізгі жақсылықтары  арқылы  адамдарды неше түрлі қиындық- тардан аман- есен алып шығып, бақытты өмірге жетелейді.

Мифологиядағы  тағы  бір ерекшелік-  ол  адамның  жан дүние- сін,  сезімдерін  ерекше  Құдайдың  іс- әрекетінен  шығаруы.  Бұл сонау көне заманда пайда  бола  бастаған діннің, адамның өз ішкі рухани  өміріне  үңіліп,  таным  жолына  қоя  бастағанының кепілі болып   табылады.   Мысалы ,   грек    мифологиясындағы     кейіпкерлер ғашық  сезіміне  шомылса,  ал  Афродита:  «Ғашықтық-  Құдайдың  ісі»,- деп  түсінеді.  Егер  еске  түсіру  Құдайы – Мнемосина көмек берсе, адам есіне өткен оқиғаларды түсіреді, егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамға шабыт бітіп, ол өнерде шығармашылық туындыларын жасайды.

Сонымен   мифология,   қай  халық   болмасын,   оның мәдение-

тінің түп нұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің  шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Және әр заманның өкілдері мифтьегі мазмұнға өз уақытына сәйкес баға беріп, осы уақыиқа шейін ашылмаған сыр іздейді. Мысалы, Прометей жөніндегі мифті алсақ, ол Зевсті  алдап,  адамдарға от әкеліп, онын қалай  пайдалану  керектігін  түсіндіріп,  әртүрлі  қол- өнерге үйретті. Өз  еркіне  көнбегені  үшін  Зевс  оны  Колхидадағы  биік  таудың тасына  шынжырлап  тастады.  Күндіз үлкен бүркіт келіп, оның бауырын  шұқып  жейді,  ал  түнде оның бауыры бұрынғы қалпына келіп үлгіреді, келесі күні бүркіт тағы да ұшып келеді…Тарихтағы Ренессанс дәуірінен бастап осы уақытқа шейін Прометей кейпі  өнер адамдарының,  философия,  әдебиет қайраткерлерінің шығарма- ларында әртүрлі ойларды туғызып отыр( renaissance- француз сөзі, қайта туу). Солардың басымы- Прометейді адамды сүюдің, риясыздықтың,  ізгіліктің,  ержүректіктің  нышаны  десе,  соңғы  кездегі адамзаттың    экологиялық   дағдарысқа  келіп  тірелуі,  рухани азғындауы Прометейдің  кейпіне   кейбіреулердің  керісінше  қарап,  оны Құдайдың көрсеткен алғашқы жолынан тайдырушы, тәкаппарлықтың белгісі деп түсінуде.

Келесі  гректің  Сизиф  жөніндегі  мифін   алсақ,   ( Sisyphus- латын  сөзі,  адамның аты),  онда  оған берілген Құдайдың жазасы: үлкен  тасты  домалатып,  таудың  басына  шығарып  орнату керек. Бірақ  ол тас  таудың  басында  орнықпай  төменге қарай домалап кетеді. Ал  Сизиф   болса  тағыды  төменге түсіп, оны жоғарыға итеру- ге тиіс… Бірақ  XX ғасырда өмір  сүрген  француз  ойшысы  А.Камю, бұл  гректің  мифінен  адамның Құдайдың өзіне парапарлығын байқаған. Күнбе- күн үлкен тасты таудың басына шығарып, қайта-  қайта төменге домалаған тасқа бара жатқан шағында ол көкке көз жіберіп, Құдайдың  әділетсіз жазасына қанша қиналса да, өзінің көнбегенін көрсетеді…

Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық пәндер- дің дамуына   қарамастан  ( humanitas – латын  сөзі,  адамгершілік,  адамзат),  мифтерге сену,  олардың  жаңа  түрлерін  тудыру  осы уақытқа  шейін  жалғасып  келе жатыр. Мысалы, адамдардың ғарыштағы  басқа  саналы  пенделерге кездесуге деген бітпес іңкәрі неше түрлі аспаннан ұшып келген тарелкалар жөнінде, ондағы жандардың   адамға  ұқсас  екені,  жер қызының ғарыштан келген жігітке ғашық  болғаны жөніндегі мифтерді атап өтуге болады. Сонымен бүгінгі таңда, сонау мыңдаған жылдар өткен замандағы сияқты, қазіргі мифтің мазмұнынан біз жоғарыда көрсетілген антропоморзациялауды байаймыз.

Әсіресе қазіргі замандағы әлеуметтік- экономикалық қиын- дықтар, адамның рухани өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі  қоғам  өмірі  жөнінде,  билік  басында  отырған  адамдар, олардың отбасылары, өмір салты жөнінде неше  түрлі мифтерді тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын- халық, бұл мифтерде адамдардың жақсыв өмірге деген іңкәрі, өмірдегі болып жатқан көп әділетсіздіктерді қабылдамауы байқалады.

Уақыт  өте  келе  мифологияның  шеңберінен  дін  бөлініп  шықты, сонымен  қоғамға  дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрі келді.  Дін де мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеленеді.

Сонымен  қатар  бұл  құбылыстардың  негізгі  айырмашылық- тары:  мифте  шынайы  өмір мен қиял бір- бірімен  араласып жатса, дінде «бұл Дүние»  мен « о Дүние»  бір- бірінен  анағұрлым  алшақ  жатыр.  Өйткені егер бұл Дүниедегінің бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз- өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние- мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с.

Дінде  ең  құдіретті  жасампаз-  Құдай-  табиғаттан  жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып- білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.

          Сенім  дегеніміз- белгілі  бір қоғамдағы уағыздалатын пікір- лерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса  дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұрғыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі- ғылыми сенімдік. Оған қазіргі адамдардың ғылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сцентизм ия болмаса  технократизм   дейді (scientia-латын сөзі, білім, ғылым, techne-  грек  сөзі,  өнер,   жасай  білу, шеберлік, cratos-  грек сөзі, билік).

Сенімнің  екінші  түріне  адамзаттың  күнделікті  тәжірибесінен, я болмаса  ғылыми  деректерден  шықпайтын,  тіпті  оған  қайшы келетін  қиялдарға  нандыру  және  соларды  адамның өз- өзіне нандыру жатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі қайсыбір діннің негізін құрайды.

Діннің  негізінде  Құдайдың  өз  еркімен адамдарға пайғам- барлар арқылы берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс- әрекетін, жүріс- тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті  қағидалар (absolutus- латын  сөзі, шектелмеген, сөзсіз).

Мұндай  қағидалардың жиынтығы діни көне құжаттарды құрайды.  Оларға  Құран, Тәурат, Талмуд,  Інжіл  т.с.с.  киелі  кітаптарды жатқызуға болады. Бұл кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін  көрсететін  неше  түрлі  табиғат  заңдылықтарына бағынбай- тын, оларды бұза алатын ғажайып оқиғалар жазылған. Солардың ішіндегі  ең  ғажабы- адамның  рухының,  жан  дүниесінің өлместігі.

Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін берген  өмір  сүру  нормаларын әрқашанда қоғамдағы адамдардың толық орындамай, бұзып отыратынын көрсетеді. Діннің заңдарын бұзған адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен болашақта Құдайдың кешіріміне жете алады.

Діни  сенімнің  қайнар  көзі-  адамның  дүниені сезімдік- құндылық тұрғыдан игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл- ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келді.

Ғасырлар  бойы  жиналып  келе  жатқан  ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен  ақыл – ойдың негізіндегі жасалған күр- делі  өзгерістер  діннің  өрісін  тарылтып,  оның ғылымға жақын түр- лерін тудырады.  Негізінен,  біз оларды пантеизм және деизм  дейміз (pan- грек сөзі, бәрі,theos- құдай, dues- латын сөзі, құдай).

Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай ретінде түсіну. Мұндай Құдайға деген көзқарастың  шеңберінде  «табиғатты  жарату» мәселесі құр босқа қалып қояды.

Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалмағанмен, оның рөлі тек  Дүниені өзінің құдіретті  күші  арқылы  жаратумен  таны- лады. Жаратылған  Дүние әрі қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре  береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.

Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданған   атеистік  көзқарастар да  туды (atheos — құдайсыз, құдайға қарсы,  грек  сөзі). Бүгінгі   заманда   Дүниеге   деген  атеистік  көзқарас ұстаған адамдардың саны да аз емес.

Діннің  бүгінгі  адамзатқа  аса  тартымды жағы ол тек қана жағалай ортаны түсіну емес )ғылымның жетістіктері бұл қажеттікті анағұрлым жақсы орындайды), ол-  оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, қарым- қатынастырын ретке келтіруші қызметі. Яғни дін қоғамдағы  мораль саласын өзіне тартып, бойына сіңіріп , өзінің жүйесінің  ажырамас бірбөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өз мүддесіне жаратады (mores- латын сөзі, әдет- ғұрып ). Сонымен қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды  (norma- латын  сөзі,  басшылықтың  бастамы, тәртіп, нұсқа) діни моральдық  қағидаларға  айналдырады. Моральдық борыш, жауапкершілік,    тиістілік   дінде   Құдай    алдындағы   адам-  ның борышы, парызына айналады. Адамның жүрегіндегі сүйіс-пеншілік сезімі нақтылы қоршаған адамдардан гөрі, Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында моральдық құнды-лықтар   Құдайға  сенудің  негізінде  адамның  жүрегіне,  жан дүние- сіне тезірек кіріп, оның  жүріс- тұрысына  зор  әсерін  тигізеді. Атеис- тік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани   өміріне  кіргізу  үшін  олардың мазмұнын талдап, оған керек пе, жоқ  па, соны  өзінің  білімі,  парасаты  арқылы саналы, дәлелден- ген сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жолы- өте қиын жол.

Сонымен қатар діннің ішінде жалпы адамзаттық құндылық- тардан басқа, соларға қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, Иса пайғамбардың: «Мен сендерге бейбіт емес, қылыш әкелдім»,-  деген  қағидасы  бар. Ал  ислам   дінідегі  «жихад»,  «газауат» деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске  шақырады.  Адамзат  тарихында  талай  діни соғыстар болып өтті Қазіргі Балқан Елдеріндегі, Израиль мен Ирактағы Қақтығыстардың негізінде де діни, Этникалық қайшылықтар жатыр.

 

Құдайдың  құдіретті  күшіне  сенушілік ертелі- кеш соған табынуға  әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әртүрлі діни   мекемелер  мен  ұйымдар  пайда   болады (шіркеу, мешіт, синагога және т.б.).

Діннің пайда пайда болып даму жолында біршама себептері бар.

Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда, адамның абстрактылық  ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік және т.б. ұғымдардың пайда болуы).

Екіншіден,  адамның  реалдық  Дүниедегі,  әсіресе қоғам өміріндегі себептілік- салдарлы, қажеттік және кездейсоқтық т.с.с. байланыстар  мен  қатынастарды  сезініп,  соларды  түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ олардың мәнін дұрыс  түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтырды неше түрлі құдіретті күштерге теңеп,  соларға  табыну  арқылы  оларды  адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.

Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық- зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымды- лығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым  шынайы  құндылықтарды  армандап,  оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.

Төртіншіден,  адамның  өз  өмірінің  уақытшылығы, әрдайым оның  өлместікке  деген  қиялын  оятып,   оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ой туғызды.

Басқа қоғамдағы сан алуан құбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге  түсіп,  өзінің  әртүрлі  бағыттарын  тудырды.  Бугінгі  таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер діндер бар. Христиан дініндегі  негізгі  идея- эсхатологиялық (eschatos- соңғы, грек сөзі, logos- ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның ( құтқарушы) екінші  келуі, тірі  және  өлген  адамдарды  таразыға  салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жұмаққа аттандыру. Христиан дінінің негізгі қағидасы  –   сүйіспеншілік   және   оны  уағыздауда  осы   дін   өте  биік яғни, жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дйін көтеріледі ( өздерінің жауларыңды да сүйіңдер!)

Ислам  діні  де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды- Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің  негізгі ерекшелігі- Құрандағы  жазылған  қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйле- сімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан Ислам   діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады  (Ауғанстан,   Пәкістан,   Иран).   Ислам  діні  басым  елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін исламдық құқықтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.

Ислам  дінінің  негізгі қағидасы —мейірімділік, қайыршыға, кемтар адамдарға қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу  (адамның өз еркімен  әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам дінінің әлеуметтік- демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.

Үшінші   дүниежүзілік дін- Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – оның этикалық-практикалық бағыттануы (ethos-грек сөзі,әдет- ғұрып,  prakticos-  грек сөзі,  белсенділік,  іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі- адамның  өмірге  деген  құштарлығында,  оның  қызығына тоймауын- да. Ал зардаптан құтылуы үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тартуы  керек. Ол  үшін  адам  нирвана (сөну, өшу) дәрежесіе көтері- ліп, бейнесіз  болмысқа  өтуі  керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардап- тан  құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірден- бір философия жоқ сияқты.

Буддизм  дінінің  тартымды  жақтарының  бірі—  ахимса (зиян- дық жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл  тіршілікке тиіспеу,  зорлық-  зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар  мен  халықтардың  арасында  жеңген  де,  жеңілген де болмауға тиіс.

Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден ләззат іздеген,  гедонизм ( gedone- грек  сөзі,  рахат,  ләззат)  жолына  түсіп, жер бетінде экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі Батыс цивили-зациясына наразылық көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы ұялайды.

XX  ғасырда  бұрынғы  Кеңес  Одағының  шеңберінде социалис- тік қоғам құру барысында жаңа ағарған дінді адамдародың жан дуниесіне кіргізу (марксизм- ленинизм) амалы, бұрынғы діндермен күресу, оларды қоғамның рухани өмірінен сырттату саясаты жүр- гізілді. Жалпы алғанда, марксизмді Батыс Европа ой жүйесінің логикалық соңы ретінде қарауға болады. Бұл ілім бойынша адамзат болашақта  жер-  бетін,  қоғам  өмірін  қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау барысында жаңа адам дүниеге келеді оған мемлекеттік басшылық,  заңдар   керек емес.  Ол тек  қана адамгершілік нормалардың   шеңберінен   шықпай өмір сүреді. Жаңа адам  жан- жақты  және үйлесімді түрде  өзінің дарындары мен қабілеттерін дамытып, өзіне керек барлық қажеттіктерін кедергісіз өтей алады.

Алайда   мұндай  «жердегі  жұмақ»  орнатуға  бағышталған  орасан  зор  ерлік   және   сонымен   қатар   қайғылы  да  аянышты  әлеуметтік   тәжірибе  70  жылдан  кейін   қоғамды тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Коммунизмнен күдер үзген миллиондаған адамдар өздерінің өмірлерінің мән- мағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда бұрынғы дүниежүзілік діндердің шеңберіне қайта оралды.

Алайда  қазіргі  адамзатты  бірде- бір  дүниежүзілк дін толығы-нан қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда, қайшы-лықтарға  толы  цивилизацияға  бүкіл  адамзаттың  басын  біріктіретін бір ғана дін болуы  қажет  сияқты. XIX ғасырдың ортасында Иран топырағында пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз мойнына алып орындауға тырысуда.

Екінші жағынан, XX ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаған адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетіс-тіктерін  пайдалану  жолындағы теріс салдарлар, тірі табиғаттың әлсіреуі  көп  адамдардың  қайтадан  көне  табиғатқа  табынатын діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді.
Тағы рефераттар