Дүниежүзінің жануарлар дүниеcінің қалыптасуы туралы қазақша реферат
Жануарлар географиясы, зоогеография — жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, түр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы.
Жануарлар географиясының ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін «палеозоогеография» деп атайды. Жануарлар географиясы — биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен- көлде, теңізде, құрлықта) байланысты реттелетінділіктен география ғылымымен байланысты. Жануарлардың жер жүзінде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді. Бұл ғылымның дамуына Ч. Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» еңбегінің және орыс ғалымдары К. Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жануарлар құрамы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі. Олар — палеарктика (Европа, Орталық және Солтүстік Азия, Африканың солтүстік бөлігі), Неарктика (Солтүстік Америка, Грендландия), Неотропика (Орталық және Оңтүстік Америка), Эфиопия (Орта және Оңтүстік Африка, Мадагаскар), Үнді – Малайя (Үнді, Үнді – Қытай және Малайя архипелаг аралдары), Австралия (Австралия, Тасмания, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея), биогеографиялық аймақтары. Мұнымен қатар мұхиттарда тіршілік ететін жануарлар судың тереңдігіне қарай жиектік (литораль), ашық деңгейлік, терендік деп үшке бөлінеді. Жиектік бөлігі Үнді – Полинезия, Тропикалық – Атлантика, Арктика, Бореал, Атибореал және Антарктика аймақтарына бөлінеді. Ашық деңгейлік бөлігі Арктика, Атлант, Үнді – Тынық мұхит және Антарктика аймағына, ал тереңдік бөлігі Үнді – Пацифи, Атлант және және Арктика аймақтарына бөлінеді.
Биогеография биология және география ғылымдарымен байланысты.
Әр түрлі аймақтың жануарлар және өсімдіктер әлемін салыстыру эфолюциялық процесті дәлелдейтін өте бай ғылыми материал болып табылады.
Полеарктикалық және неоарктикалық аймақтардың флорасы және фаунасында бір – біріне ортақ ұқсастықтар өте көп. Бұл ұқсастықтар екі аймақтық ортасында бұрын құрғақ көпір Беринг құрлық мойнағы болуынан деп түсіндіруге болады.
Басқа аймақтарда бір — бірінен ұқсастықтар өте аз. Сонымен жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіне таралуы және олардың биогеографиялық аймақтарға топталуы, жердің тарихын даму процесін және тіршіліктің эволюциясын көрсетеді.
Эволциялық процесті түсіну үшін ареалдардағы флора мен фаунаға назар аударған жөн. Фауна мен флора құрамы сол аралдың пайда болу тарихына байланысты. Биогеографиялық фактілердің санының көптігі, әсіресе тірі жәндіктердің жер бетінде көп таралуы жер қабатының өзгеруінің және түрлердің эволюциясына байланысты.
2.1 Еуразияның жануарлар дүниесі
Еуразияның үлкен, солтүстік бөлігі Голарктикалық зоогеографиялық облысқа, ал кіші, оңтүстік бөлігі Үнді – Малайя және Эфиопия облыстарына жатады. Олардың арасындағы шекара Үнді – Малайя облысына Үндістан мен Үндіқытай түбектерімен бірге материктің жанама бөлігі, Тайвань, Филиппин және Зонд аралдары кіретіндей болып өтеді. Аравияның оңтүстігі Африканың үлкен бөлігімен бірге Эфиопия облыстарына кіреді. Малайя архипелагының кейбір оңтүстік шығыс аралдарын зоологтер мен географтардың көпшілігі Автралия зоогеорграфиялық облысына жатқызады. Бұлай болу Еуразия фаунасының мезозойдың соңында және бүкіл кайназой бойы табиғат жағдайларының өзгеруі процесінде даму ерекшеліктерін және басқа материктермен байланысын көрсетеді. Қазігі табиғат жағдайларын сипаттау үшін қазба күйіде ғана белгілі болған ежелгі жойылып кеткен фаунаның, тарихи кезде адамзаттың іс – әрекет салдарынан жоғалып кеткен фаунаның және қазіргі фаунаның ғылыми маңызы зор.
Мезозойдың соңында бүкіл Еуразия бір тесікті және қалталы сүтқоректілерден, жыландардан, тасбақалардан т.с.с. тұратын сан алуан фаунаның қалыптасу ауданы болған. Плацентарлық жыртқыш сүтқоректілердің пайда болуынан төменгі сатыдағы сүтқоректілер оңтүстікке, Африка мен Австралияға ығысты. Кайназой кезінде Еуразияның үлкен бөлігінде опын тепкен құйрықтылар, түйелер, жылқылар, Мүйізтұмсықтар олардың орнын басты. Кайназойдың соңғы кезінде климаттың суынуы олардың көпшілігінің жойылуына немесе оңтүстікке шегінуіне әкеліп соқты. Құйрықтылар, мүйізтұмсықтар және басқалар Еуразияның солтүстігінде тек қазба күйінде мәлім, ал Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Азияда олар қазіргі кезгі фауна құрамында да бар. Түйелер мен жабайы жылқылар Еуразияның ішкі аридтік бөліктерінде соңғы уақытқа дейін кең таралған болатын.
Климаттың суынуы Еуразияда қатаң климаттық жағдайға бейімделген жануарлардың орын тебуіне әкеліп соқты. Мамонт, тур осындайлар еді. Қалыптасу орталығы Беринг теңізі аймағында және Солтүстік Америкамен тұрғындас болған осынау солтүстіктік фауна жылылықты сүйетін фаунаны бірте — бірте оңтүстікке ығыстырды. Оның көптеген өкілдері жойылып кетті, кейбіреулері тундраның және тайгалық ормандардың қазіргі фаунасы құрамында сақталған. Материктің ішкі аудандары климатының құрғауы, далалық және шөлді фауналардың таралуымен жалғасты, олар негізінен Азияның далалары мен шөлдерінде сақталған, ал Еуропада біршама жойылып кеткен.
Азияның кайназой барысында климаттық жағдайлар айтарлықтай өзгере қоймаған шығыс бөлігінде мұз дәуіріне дейінгі көптеген жануарлар өздеріне пана тапты. Сонымен бірге Шығыс Азия арқылы Голарктикалық және Үнді-Малайя облыстарының жануарлары алмасып отырды. Оның шегінде жолбарыс, жапон макакасы т.б. сияқты тропиктік жануарлардың түрлері солтүстікке неғұрлым сұғына еніп кетеді.
Еуразияның территориясында қазіргі жабайы фаунаның таралуын оның даму тарихымен бірге табиғат жағдайларының ерекшеліктері және адамзат іс – әрекетінің нәтижелері көрініс тапқан.
Солтүстегі аралдарда және материктің қиыр солтүстігінде фауна құрамы батыстан шығысқа қарай онша өзгермейді. Тундралар мен тайга ормандарының жануарлар дүниесінің аздаған ғана ішкі айырмашылықтары бар. Оңтүстікке қарай бойлаған сайын Голарктика шегінде айырмашылықтар елеуліоек бола түседі. Еуразияның қиыр оңтүстігі фаунасының өзіндік ерекшеліктерінің молдығы және Африканың, тіпті Аравияның тропиктік фаунасынан айырмашылығының күштілігі соншалық, оларды әр түрлі зоогеографиялық облстарға жатқызады.
Бүкіл Евразияда тундралардың фаунасы тіпті біркелкі. Тундраның ең көп тараған ірі сүт қоректісі – солтүстік бұғысы. Ол қазір Европада жабайы күйінде мүлде дерлік кесдеспейді, ол Европада жабайы күйінде мүлде дерлік кездеспейді, ол Евразияның солтүстігінде ең көп тараған және бағалы жануары. Тундраға песец лемминг және ақ қоян тән. Құрғақ жерді мекендейтін құстардың ең көп тараған – ақ құр және тундра құры, мүйізді бозторғай. Қысқа мерзімді жазғы кезеңде тундраға балапан үшін шағала, чистик, гагара, гага, қаз, үйрек, аққу сияқты суда жүзетін құстар көптеп келеді. Чистиктер мен шағалар әдетте биік жартасты жағаларды мекендейді, құздардың жақтаулары мен жартастардың қуысына жұмыртқа салады.Мұндай жерлерде олар жүздеп, мыңдап жиналады, «құс базары» пайда болады. Ұя салатын кездерінде құстарды ұстау оңай, тұрғындар құсыны пайдаланып, оларды қырып – жояды, жұмыртқаларын жинайды. Теңіз жағалауларындағы ең бағалы құс – гагалар. Олардың мамығы жеңіл әрі өте жылы, ұяларына осы мамықтарын төсейді.Кейбір елдерде гагалар бақылауға және қорғауға алынған, олардың дүниежүзілік рынокта жоғары бағаланатын мамықтарын жинау ісі мемлекет бақылауында. Көлдердің, өзендердің жағаларында және батпақтарда үйректер, қаздар және басқа да құстар көптеп ұя салады.
Жағалаудағы сулар, Евразияның солтүстігіндегі өзендер мен көлдер балыққа, негізінен аобырт тұқымдас балықтарға бай.
Мұз дәуірі кезіңінде қазіргі тундраларда мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар, қойбұқалар тіршілік еткен. Қазір олардың қалдықтары тек қазба күйінде ғана табылады. Кейбір жерлерде Арктикалық Америкадан әкелінген қойбұқаларды қолдан өсіреді.
Евразия ормандарының жануарлар дүниесі біршама көбірек жіктеумен ерекшеленеді. Әсірере дала мен шөлдермен өзара бөлініп жататын батыстың және шығыстың жалпақ жапырақты ормандары фаунасының айырмашылықтары айқын. Бүкіл материкті алып тайга ормандарына жануарлар дүниесінің біркелкілігі тән. Евразияның тайгалық фаунасының негізгі өкілдері ретінде қоңыр аюды, сілеусінді, құнуды, тиінді, ақборша тышқанды, сұр тоқал тісті, ал құстардан құрды, саңырау құрды, шілді т.б. атауға болады. Бұл жануар мен құстар жазық жердегі тайгада, сондай-ақ Европа мен Азияның таулы аудандарындағы қылқан жапырақты ормандарда көп тараған.
Бұған дейін айтылғандай бір жағынан Атлант жағалауындағы Европа мен Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандарының жануарлар дүниесі құрамында үлкен айырмашылық бар.
Европа ормандарын бір кездерде көптеген ірі сүтқоректілер мекендеген, оларды адамдар еті мен бағалы терілері үшін аулап отырған. Олардың кейбірі қазір мүлде жойылып кеткен немесе тек қорықтарда ған кездеседі. Орман фаунасының негізгі өкілдері қоңыр аю, зубр, елік, игі бұғы, орман сусарысы, орман күзені, ақ тышқан, жабайы мысық, түлкі, кірпі, әр түрлі қояндар. Эндемикалық тау жануарларынан сернаны, тау текесін, суырды атаған жөн. Ормандарды кесіп, көп жерлерді жырту нәтижесінде ауыл шаруашылығына көп зиян тигізетін әртүрлі ұсақ кемірушілер тоқал тіс, жертесер, саршұнақ кеңінен таралған.
Құстар фаунасы өте бай. Аралас және жалпақ жапырақты ормандарды құр, саңырау құр, шіл сияқты еті бағалы құстар мекендейді, сондай ақ көк серке, сары қас торғай т.с.с. әнші құстар бар. Жапалақ, үкі, көгершін және көкек жиі кездеседі. Сулы жерлерге су құстары ұя салады. Елді мекендердің жанында қарлығаштар, аққұтандар, ұзандар болады. Құстардың көпшілігі -жыл құстары. Күзде белгілі бір жолмен оңтүстңкке қарай қаздар, үйректер, тырналар, ұзақтар мен басқа да құстар тізбектеле ұшып көктемде ұя салатын жерлеріне қайта оралады.
Өзендер мен көлдерде негізінен тұқы балықтар өседі, бірақ арқан балық тұқымдастар да кездезеді.
Европа ормандарын мекендеген ірі жануарлардың кейбірі қазір жоқ, ал кейбірі арнайы қорғауға алынған территорияларда ғана сақталған. Жойылып кеткен алдымен тұрды — зор жабайы өгізді атау керек. Европада соңғы тур 17 ғасырда өлтірілген, Франция мен Бельгиядан Кавказға дейінгі орасан зор алқапты мекен еткен зубрлар толық жойылуға таяу тұрған. Рыцарьлардың, корольдар мен патшалардың аң аулаған кездерінде қырғынға ұшыраған, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардан үлкен зардап шеккен зубрлар СССР мен Поляк халық республикасы ғалымдары күшімен толық жойылудан сақтап қалынды. Қазір ондаған зубрлар Бловежскінің нулы қорығында бақылануда. Бұғылардың, тау текелерің, серналардың саны тым азайып кетті. Қасқырлар іс жүзінде барлық жерде жойылып кетті, ал аюлар таулы өлкелерге ығысты, онда да өте сирек.
Голарктикалық Маньчжур-Қытай кіші облысына бөлінетін Азия шығысы ормандары флорасының айқын байқалатын таулы – орманды сипаты бар және ол тур байлығымен ерекшеленеді. Бұл, бір жағынан, Азия шығысының мұз дәуірі кезінде климаттық елеулі өзгерістерге ұшарамай, жылу сүйгіш ежелгі фауна өкілдерінің кейбіріне пана болумен байланысты. Екінші жағынан, Азияның бұл бөлігінің климаттық жағдайы солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп өзгереді, бұл солтүстік тайгалық формалардың оңтүстікке, ал тропиктік формалардың солтүстікке енуіне жағдай жасайды. Бұл Шығыс Азия үшін тән фауналар араласуын туғызады және түр – тұқым молаюына әкеледі.
Қытай мен Гималайдың таулы ормандары фаунасының ең негізгі өкілдерінің бірі – Гималайдың қара аюы, ол биіктігі 400 метрге дейінгі тауларда тіршілік етеді, өсімдіктерді, насекомдарды және ұсақ жануарларды қорек етеді. Шығыс Тибет пен Оңтүстік – Шығыс Қытайдың бамбукты нуларында бамбук аюы мекендейді.
Өзен жағасындағы қалың бамбукты және құрғақты нуларында және таулы ормандарда Азияның ең қауіпті жыртқышы – жолбарыс болады, сондай-ақ қабылан мен харза сусарысы кездеседі.
Жалпақ жапырақты ормандар фаунасының негізгі өкілдері – эндемиялық жанат тектес ит пен қиыр шығыстық орман мысығы. Қытайдағы және Корей түбегіндегі өзен алқаптарында кішілеу мүйізсіз су бұғысы солтүстікте мүйізі дәрілік шикізат ретінде бағалы теңбіл бұғы мекендейді.
Оңтүстік Азиялық аңдар ретінде кейбір маймылдарды атауға болады. Олардың жер шарына тарауының солтүстік шегі Маньжур – Қытай кіші облысындағы 40 солтүстік ендік маңында жатыр.
Көрші Европа Сібір кіші облысының тайгалық фаунасының өкілдері –ұшар мен борша тышқан. Шығыс Азияның ормандарын әр түрлі құстар мекендейді. Қауырсындарының әдемілігімен қырғауыл, әуелі түсті үйрек-мандаринка эндемиялы жапон тырнасы ерекшеленеді. Торғайлардың да сан алуан түрлері бар – ақ көз, личинка жегіш.
Бауырымен жорғалаушылар арасында Үнді – Малайя облысындағылармен біртектес кесірткелер мен жыландар көп. Сонымен бірге аллигатордың бір түрі мен құрғақты мекендейтін тасбақа кездеседі. Қосмекенділерден бақалар мен Жапон аралдарын мекендейтін алып саламандра бар.
Шетелдік Евразия үшін далалық фауна онша тән емес, өйткені далалардың көпшілігі Советтер Одағының жерінде. Ертеректе Шығыс Европа далаларынан Дунай бассейнінің ормансыз аймақтарына құстар мен кемірушілер кең тараған, олардың көпшілігі орманды аймақта да кездеседі. Азияның ішкі бөліктерінің фаунасы шөл далалық сипатта.
Жерорта теңіз алқабының, Алғы Азия таулы қыраттары және Аравия фаунасының өзіндік ерекшеліктері мол, бұл Голарктиканың Жерорта теңізіндік ерекше кіші облысын бөліп қарауға негіз болды. Онда эндемикалық таулық және далалық, сондай — ақ Солтүстік Америкадағы тектес түрлері бар. Оңтүстік Европа фаунасына маймылдар, қарапайым жыртқыштар, құстар және Евразияның солтүстікке таман мүлде аз кездесетін қосмекенділері мен бауырымен жорғалаушылар енеді.
Бұрын Корсика және Сардиния аралдарында тіршілік ететін жабайы тау қойы – муфлон мүлде жойылып кеткен. Ол тау ормандарын немесе ашық тау шыңдарын мекендейтін әдемі әрі епті жануар. Эгей теңізі аралдарында және Балқан түбегінің оңтүстігіндегі өсімдігі өте жұтаң таулы аудандарда осы кезге дейін жабайы ешкілер кездеседі. Ешкілер жалпы Жерорта теңіз алқабында көп тараған, кейбір аудандарда олар бірден бір үй жануары болып табылады. Тек Оңтүстік Европада ғана кездесетін, ал шетелдік Европаның басқа бөліктерінде болмайтын жануарлардан пиреней су жұпар тышқанын, жайранды, қорқау қасқырды, жабайы қоянды атауға болады.
Құстардың ерекшелігі де сүтқоректілерден кем түспейді. Олардан әсіресе көгілдір сауысқанды, тау тауығын, сардения славкасын, испан торғайын, тасторғайды атауға болады. Жыртқыш құстардан ұсақ үй малдарына түсетін қара құзғын, күшіген, қозықұмай кездеседі.
Құрғақ климат жағдайларында өздерін жақсы сезінетін бауырымен жорғалаушылар көп. Олардың арасында Эндемик формалар: геккон кесірткелері, хемелиондар, Жерорта теңіздік сұр жылан мен жыландардың басқа түрлері, құрғықта мекендейтін тасбақалардан – грек тасбақасы бар. Сондай ақ бунақаяқтылар – сары шаяндар, тұщы су крастары, әртүрлі қоңыздар, цикадалар, түрлі түсті көбелектерде көп.
Алдыңғы Азия таулы қыраттары фаунасының құрамына нағыз Жерорта теңіздік элементтерден басқа Орталық Азия кіші обылысының сондай ақ Африканың Эфиопия обылысының кейбір өкілдері кіреді. Тұяқты жануарлардан қарақұйрықтар, бөкендер, жабайы есектер, Орталық Азияның тау қойлары мен ешкілері бар. Эфиопия обылысының өкілдері ерекше тұяқты жануарлар – едәуір биік тау тасты аудандарды мекендейтін дамандар. Жыртқыш аңдардан қабыландар, сілеусін, қаракал, шие бөрі, түлкінің кейбір түрлері жиі кездеседі. Кемірушілер – қояндар, қосаяқтар, құм тышқандары, жайранның бір түрі өте көп. Батыс Азия құстарының ішінде Орталық Азия шөлдерімен далаларының өкілдері көп, олар – дуадақтар, шілдер, бозторғайлар, шөлдің жорғаторғайы т.б. Су жағаларын құтандар, қоқиқаздар, бірқазандар мекендейді. Сондай ақ бауырымен жорғалаушылар да сан алуан, әсіресе кесірткелердің, жыландардың түрлері көп: дала айдаһары, гюрза улы жыланы, мүйізді улы жылан, сарыбас жылан. Адамдарға көп зиян тигізетін бунақ аяқтылар мол. Олардың арасында фаланга, сарышаян, бүйе бар. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері ауық – ауық шегірткелерден зардап шегеді.
Орталық Азияның шөлді тау үстірттері мен тау жоталарының өзіндік фаунасы бар және ерекше Орталық Азия зоогеографиялық кіші облысы болып бөлінеді. Оған түрлік құрамның жалпы жұтаңдығы және Азияның орталық аймақтарының ормансыз, сусыз кең далаларында тіршілік етуге бейімделген тұяқты жануарлар мен кеміргіштердің көп болуы тән.
Кейбір жануарлар Орталық Азияның белгілі бір облыстарыда ғана таралумен шектелсе, екіншілері оның барлық жерлерін мекендейді.Мәселен жабайы қодас Тибет пен Куньлуньде ғана кездеседі, бұл жерде де ол біртіндеп азайып барады.Бұл ірі жануар биік шөлді тау үстірттердің жұтан өсімдіктерін талғам етеді және қатал континентальды климат жағдайларында өзін өте жақсы сезінеді, бірақ жоғары температураға мүлде төзімсіз.Қодас-Орталық Азияның ең көп тараған үй жануарларының бірі.Қодастарды ауыр жүк тасуға және көлік ретінде пайдаланады.Жергілікті тұрғындар олардың сүті мен етін азық етеді, терісі мен жүнін киім дайындауға қолданады.
Тибет таулы қыраттары мен Орталық Азия тауларында оронго бөкендері мен ада ірі денелі аргалдар тау ешкілері кең таралған. Монғолия мен Солтүстік – Батыс Қытайдың далалары мен шөлейт жазықтарында дзерен бөкені, жабайы есек құлан және өте сирек кездесетін кианг, сондай ақ түйесінің арғы тегі қос өркешті жабайы түйе тіршілік етеді. Бұл шөлді және қуаң далалардың жануары таулаарда және климаты ылғалды аудандарда болмайды. Түйелер Орталық Азия жазықтарында көлік ретінде пайдаланылады. Жергілікті тұрғындар оның сүтін, май мен етін азық етіп жүнінен киім жасайды.
Орталық Азияда жыртқыш аңдар тұяқтылар секілді сан алуан емес. Тауларда тибеттік қоңыр аю мен қасқыр тектес қар барысы ілбісін бар. Барлық жерде дерлік түлкілер , кәдімгі қасқыр, ақ тышқан кездеседі.
Жазықтарда да, таулы аудандарда да тұр – тұқымдық әрі сан мөлшері жағынан кемірушілер өте көп. Олар – қосаяқтар, қояндар, суырлар, саршұнақтар, шақылдақтар, тоқал тістер т.с.с.
Құстар әсіресе таулы аудандарда сан алуан. Олар – ұларлар, тибет саджасы, тау ұзақ қарғасы сип, қозықұмай, жабайы тауық. Жазықтарда дуадақтар, шілдер, айдарлы бозторғай тіршілік етеді.
Бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер Орталық Азияда көп емес. Кейбір кесірткелер мен жыландар, құрлық тасбақасы бар.
Евразияның қалған оңтүстік бөлігі түгелдей Үнді – Малайя зоогеографиялық облысына кіреді және жануарлар дүниесінің байлығымен, сан алуандығымен және олардың ежелден келе жатқандығымен ерекшеленеді. Бұл аймақтаң фаунасы анық байқалатын тропиктік сипатқа және жер шарының басқа тропиктік аймақтарымен ортақ ерекшеліктеріне ие. Мәселен, Африканың Эфиопия аймағымен, Неотропикамен ортақ белгілері бар. Сонымен бірге фаунаға бұрынғы кездегі Австралиямен арадағы байланыстар едәуір әсерін тигізген. Малакка түбегі, Малайя кіші облысына бірігетін Зонд және Филиппин аралдары жануарлар дүниесінің байлығымен және әсемдігімен көп ерекшеленеді. Бір қалыпты ыстық және ылғалды климат, ылғалды тропиктік ормандардың көп болуы, сондай ақ территорияның аралдық сипаты және Азияның басқа бөліктерімен төрттік дәуірінің алғашқы кезеңінен бастап құрлық жер арқылы байланыстың болмауы бұл кіші облыстың фаунасының өзіндік ерекшеліктерінің мол және эндемизмді болуының шарты іспетті.
Малайя архипилагының тұяқты жануарларының ең көрнектілері – оңтүстік Америкада тектестері бар екі түсті тапир бір және қос мүйізді мүйізтұмсықтар, балилік үй жануарларының арғы тегі болған жабайы бантенг өгізі, үнді буйволы, гаур. Таулар мен қыраттарында адам аз баратын ормандарда кішкене бұғы – мунтжак көп тараған.
Жыртқыштардан қысқа жүнді малайя аюы мен жолбарысты атау керек. Жолбарыс Калимантаннан басқа барлық аралдарда тараған.
Суматра және Калиматан аралдарын қазір өте сирек кездесетін адам тәріздес маймыл – орангутан мекендейді. Барлық жерде гиббон тұқымдастардың, нәзік денелілер тұқым тармағының өкілдері макакалардың кейбір түрлері кең тараған. Приматтарға және насекомқоректілерге жақын тупайялар мен қарапайым приматтар ұзын табандықтар осы жерлерге тән.
Аралдар фаунасының ерекшелігі – «қалықтап» ұшатын жануарлар түрлерінің көп мөлшерде болуы, сүтқоректілерден олардың ішінде насекомқоректілер, жарқанаттар және жартылай маймылдар арасындағы бір форма тәріздес ұшар және саусақ қанаттылар, бауырымен жорғалаушылардан ұшатын айдаһар, аяқтарында ұшу жарғақтары бар кесірткелер кездеседі.
Құстар арасында түрлі түсті аргус қырғауылы, тауыс және Австралиядан шыққан жұмақ құстары мен ұзын аяқты тауықтар.
Бауырымен жорғалаушылар түрлерінің көптігімен және үлкенділіктерімен таңдандырады. Шағын ғана Комодо аралында қазіргі кесірткелердің ең үлкені ұзындығы ағын ғана Комодо аралында қазіргі кесірткелердің ең үлкені ұзындығы 3 – 4 метрге жететін алып ешкіемер Калимантан өзендерін ірі гавал крокодилі мекендейді. Улы жыландар көп, олардың ішінде адам үшін ең қауіптілері – көзілдірікті жыландар немесе кобралар. Сондай ақ үлкен жыландар кең тараған. Олардың ең ірісі – шұбар питон, оның ұзындығы 8 – 10 метрге, салмағы 100 кг жетеді. Бұл жылан ірі жануарлар үшін ғана емес, адам үшін де қауіпті.
Сулавеси және Кіші Зонд аралдары зоогеографиялық жағынан ерекше орында. Сулавесидің эндемиялық жануарларына бабирусса жабайы шошқасы, аноа өгізі және қара макак, ал Австралия фаунасының өкілдеріне қалталы кускустар, ұзын аяқты тауықтар жатады.
Индиялық айрықша кіші облысқа Индия, Шри Ланка және Үнді Қытай бөлектеніп кіреді. Бұл кіші облыстың фаунасына Үнді – Малайя аймағының көптеген кәдімгі өкілдерімен бірге Эфиопия аймағы және Голарктикадан шыққан жануарлар бар. Индия кіші облыстық аймағының жануарлар дүниесі тек түр – тұқым ғана емес сан жағынан да бай. Бұл әсіресе Индияға қатысты, мұнда қандай да болмасын тірі жәндікті өлтіруге дін тыйым салған, сондықтан бұл жерде тіпті зиянды жануарлардың өзі сирек өлтіріледі.
Индия мен Үндіқытай фаунасы құрамында үнді пілінің болуы тән. Жабайы пілдер осы кезге дейін Гималайдың ел аз қоныстанған тау алқабы аудандарында Шри Ланка ормандарында т.б. жерлерінде кездеседі.
Көптеген қиын да күрделі жұмыстарды істеуге үйретілген үй пілі – Индия мен Үндіқытай елдерінің ең үйреншікті жануарларының бірі.
Жергілікті тұрғындар, сондай ақ жабайы өгіздер – гаураларды қолға үйретеді. Үнді буйволы қолға үйретіліп жұмыс малы ретінде кеңінен тараған. Өзендер бойындағы қалың жыныс арасынан жабайы үнді қабаны жиі кездеседі. Айтарлықтай орман массивтері сақталған аудандарда ірі нильгау бөкені және төрт мүйізді бөкен мунтжаг және аксис бұғылары мекендейді. Сонғысы – осы тұқымдастардың ең әдемісі, орманды, суы мол жерлерде тіршілік етеді. Жыртқыштардан жолбарыс, қабылан және қабыланның ерекше түрі – мал шаруашылығына елеулі зиян келтіретін қара ілбісін. Тар шөлі алабында мұнда Эфиопия аймағынан келген арыстан сирек те болса кездесіп қалады.
Индия мен Үндіқытай үшін барлық жерде: ормандарда, саванналарда, бақтарда, елді мекендер маңайында, тіпті қалаларда тараған маймылдардың көптігі тән сипат. Олар жемістерді жойып, егістерді бүлдіреді, сөйтіп халыққа көп зиян келтіреді. Индияда ит тәріздес маймылдар, Үндіқытайды гиббондар, макакалар т.б. кездеседі. Кіші облыс алабында шала маймылдар немесе ормандарда, адам тұратын жерлердің маңында мекендейтін лемурлар бар. Үндіқытайда, сондай ақ аралдарда жүндес қанаттылар кездеседі.
Тағы рефераттар
- Туристік ұйымдардың түрлері
- Фонетикалық заңдар
- Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау ерекшеліктері
- Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
- Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері