Мазмұны
Кіріспе…….3
I — тарау Дүниежүзінің жануарлар дүниесінің қалыптасуы…..4
II — тарау Дүниежүзінің жануарлар дүниенің таралуы
2.1 Еуразияның жануарлар дүниесі ……6
2.2 Африканың жануарлар дүниесі…….18
2.3 Солтүстік Американың жануарлар дүниесі…22
2.4 Оңтүстік Американың жануалар дүниесі……27
2.5 Австралияның жануалар дүниесі………32
2.6 Антарктиданың жануарлар дүниесі….35
Қорытынды…….37
Қолданылған әдебиеттер…..39
Кіріспе
Курстық жұмысымның тақырыбы «Материктердің жануарлар дүниесінің қалыптасуы мен таралуы». Оның мақсаты – дүниежүзіндегі жануарлардың таралуы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат беріп, табиғатты құрметтеу, оның әрбір жерін, ондағы табиғат байлығын қорғау әрбір адам үшін басты борыш пен міндетке айналуы тиіс екенін түсіндіру. Бұл курстық жұмыста жер табиғатының ерекшеліктері мен алуан түрлілігіне байланысты жануарлар дүниесінің қалыптасуы кезеңдері, олардың таралуы заңдылықтары туралы жазылады. Әр материктің қайталанбас ерекше өзіне тән, эндемик жануарлары туралы және оларды жойылу қаупінен сақтау жолдары көрсетілген.
Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануалардың ерекшелігі – олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан – жануарлардың 1,5 млн.түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.
Жануарлардың таралуы жер бедері мен климаттық жағдайларына, геологиялық даму тарихына байланысты. Мысалы Арктикалық белдеудің солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Мұнда жазы өте суық және қыста температура – 400тан төмен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болатындықтан жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кезеседі. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жел бәсеңдеп жылылықтың артуына байланысты тундра зонасында бұлан, қоянды кездестіруге болады. Ал саваннада шөптесін өсімдіктер басым болғандықтан ірі тұяқты жануарлар кең таралған. Мұнда зебра, керіктер бар. Сахарадағы бір өркешті жабайы түйе ( дромедар) шөл климатына бейімделген.
Курстық жұмысымда осы сияқты әр материктің өзіне тән эндемик жануарлары туралы қарастырамын.
Курстық жұмыс / 39 бет
Тағы рефераттар
- Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру
- Джон Фитцджеральд Кеннедидің өмірі
- Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан қалай үй алуға болады?
- Тұтыну ссудасы
- Қазақстанда психология ғылымының даму мәселесі