Сайлау компаниясындағы мазасыздық және қарсыластарының үстінен жеңісіне қуанышы артта қалды. 1961 жылы 20 қаңтарында ант қабылдап, ресми түрде президент қызметіне кіріскеннен кейін Джон Кеннеди жаңа үкімет құруды көздеді. Бірақ оған жаңа үкімет құру оңай жұмыс болған жоқ.
Бәрінен бұрын Кеннеди сенімді монополистік шенеуніктерді үкімет аппаратына тартуды қалады және олардың президентті тындайтындарына орындарды иемденуін қамтамасыз етті.
Бірақ, Кеннеди Эйзенхауэр үкіметінің қызметі туралы пікірінен асып түсе алмады. Эйзенхауэр кемшіліктерін Кеннеди үкіметтің әлсіздігінен деп түсіндірді. Кеннедидің пікірінше, АҚШ үкіметіне жаңа ойлар мен күштер қажет еді. Ол бұны үкіметке жаңа, өз ісінің «білгірлерін» тарту арқылы жоюға болады деп есептеді.
Кеннеди өз үкіметін құра отырып, демократиялық партияның көрнекті қайраткерлерін маңызды орындарға тағайындады.
Кеннеди Уолл-Стриттің ықпалды өкілдерінің бірі – Роберт Ловетт және Джон Макклоймен тығыз байланыс орнатуға әрекеттенді.
Ловетт біраз уақыт бойы АҚШ қорғаныс министрі қызметін атқарған Нью-Иорк банкирі еді. Ұзақ уақыттан бері Джон Макклой да Уолл-Стритке жақсы таныс еді. Ұзақ уақыт бойы, 1940 жылға дейін ол халықаралық қаржы келісімдерді рәсімдейтін ірі Нью-Иорк корпорациясында заңгер қызметін атқарды. Әсіресе, Батыс Европалық іскер топтармен тығыз байланысы болды. 1941 жылғы сәуірден бастап 1945 жылғы қарашаға дейін Макклой АҚШ қорғаныс министрі көмекшісі болды. 1947-1949 жылдары Макклой Халықаралық қайта құру және даму банкінің директоры қызметін атқарды, содан соң төрт жыл көлемінде АҚШ-тың Германиядағы жоғарғы комиссар қызметін атқарды. Осы уақытқа дейін Макклойды Нью-Иорк іскер топтары жоғары бағалады./18/
1952 жылы ол отставкаға кетеді және Рокфеллер әулетінің ең ірі банктерінің бірі – «Чейз Манхэттен банктің» директорлар кеңесінің төрағасы болады. Сонымен бірге, ол бірнеше ірі өндірістік корпорациясының директоры креслосына отырады.
Кеннеди Уолл-Стриттің қаржы топтарымен негізгі байланысты Ловетт арқылы жүргізіп отырды. Ловетт Кеннедиге сайлауда Никсонды қолдағанын ашық білдіргенімен Кеннеди оған құлақ ілмеді. Өйткені, Ловеттке Кеннеди, ал Кеннедиге Ловетт керек еді. Өткен шақтың маңызы болмады. Уақыт өте Кеннеди Уолл-Стрит іскер топтарының мүддесін қорғаған Ловеттпен бірнеше кездесу өтті және Ловетт президентке үкімет құрамын жасақтауға бірнеше нақты ұсыныстар жасады.
Кеннеди өзіне Уолл-Стрит және Нью-Иорктың ірі өндірісі мен банкирлері тарапынан сенімсіздік тумас үшін Ловеттке мемлекеттік хатшы, қорғаныс министрі немесе қаржы министрі сияқты үш қызмет орнын ұсынды. Бірақ, денсаулық жағдайына байланысты Ловетт бұл ұсыныстардан бас тартты. Кеннеди қорғаныс министрі қызметіне Уолл-Стритпен жақсы байланысы бар бұрынғы қорғаныс министрі Томас Гейтсті қалдыруды ойлады. Бірақ Кеннеди кеңесшілері бұлай істемеуге көндірді.Өйткені, Кеннедидің өзі Эйзенхауэр үкіметінің қорғаныс министрі қызметін сынға алған еді.
Кеннеди қаржы министрін тағайындауда да бірнеше үміткерлерді салыстырады. Сонымен, ол қаржы министрі етіп Эйзенхауэр кезінде мемлекеттік хатшының орынбасары қызметін атқарған Дуглас Дилланды тағайындайды.
Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы қызметіне лайықты адам іздеу керек болды. Ловетт мемлекеттік хатшы қызметінен бас тартқаннан кейін бірнеше үміткерге мүмкіндік береді. Олардың ішінде Честер Боулс, сенатор Фулбрайт, Париж бен Бонндағы бұрынғы елші Дэвид Брюс болды. Бірақ, Ловетт Дина Расктің кандидатурасын ұсынды. Кеннеди Раск туралы өте аз естіген еді. Енді оған маңызды қызметке Раскты тағайындауды ұсынды.
Раск баяу дамушы елдерге көмек беру жұмысымен айналысатын Рокфеллер қорының басқарушылар мүшесі еді.
Қалған мемлекеттік қызметтерді сайлау науқаны кезінде Кеннедиге көмек берген және демократтардың съезінде Кеннедидің кандидатурасын қолдаған жақын көмекшілері арасында бөлінді.
Коннитикут штатының губернаторы А. Рибикофф денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру министрі болып тағайындалды. Солтүстік Каролина штатының губернаторы Л. Лоджес сауда министрі болды. Аризона штатының губернаторы С. Юдэл ішкі істер министрі болып тағайындалды. Кәсіподақтармен тығыз байланыс орнатып, сайлаушылардың сенімін алған заңгер А. Голдберг еңбек министрі қызметіне отырды. Өзінің досы әрі жақтасы, Мичиган штатының бұрынғы губернаторы М. Уильямсты Кеннеди — өте маңызды қызметке – мемлекеттік хатшының Африка ісі жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындады.
Джон Кеннеди әкесімен кеңесе келе Роберт Кеннедиге әділет министрі қызметін ұсынады. Роберт бұл ұсыныстан бас тартқанымен, кейіннен келісуге мәжбүр болды.
Кеннеди Орталық барлау басқармасы (ОББ) мен федералды тергеу бюросы (ФТБ) басшылары Аллен Даллес пен Эдгар Руверді өз орындарында қалдыруды дұрыс көрді.
1960 жылы 17 желтоқсанда Кеннеди сақтандыру саласындағы ірі кәсіпкер Эдвард Дэйді почта министрі тағайындаумен өз кабинетін жасақтауды ақтады.
Тағы рефераттар
- Қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады?
- Түстану заңдылықтарын көркемдік білім жүйесінде оқыту әдістері
- Ұлттық құндылық -әдеп сабағында
- Қаржының мәні, рөлі және қызметтері
- Оғыз қаған дастанының біздің заманымызға жету жолы, зертелуі