Суреттерді дәлелдеме ретінде алып, Джон Кеннеди Ақ Ордада арнайы құпия кеңесшілер ұйымын құрды. Бұл ұйымға 14 адам кірді, кейін Атқарушы Комитет ретінде танымал болды. Оның құрамына: АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері және арнайы шақырылған кеңесшілер кірді. Кейін, комитет президентке бұл дағдарыстан шығудың үш түрлі жолын ұсынды.
1) Кеңес зымырандарын нүктелік бомбылаумен қирату;
2) Толыққанды Кубада әскери операция;
3) Аралды теңіздік тұтқынға алу.
1 жолдан тез арада бас тартты. Бірақ қалған екеуін қарастырып өткен болатын. 1 күні қарастырған дипломатиялық жұмыстардан бас тартылды. Өзінің таңдауы ретінде, аралды теңіздік тұтқынға алу болды.
Біріккен Бас Штаб Комитетінің төрағасы Максвелл Тэйлор және Стратегиялық ВВС басқармасының генералы Кёртис Лемей басып алуда бастауға ұсыныс жасады. Олардың ойынша кеңес үкіметі контршабуылға дайын емес болды. Кіріс шабуылына дайындық ретінде, Флоридаға әскерлерді кіргізу болды. Әскерилер КСРО зымырандарын орнатып қойса, кеш болады деген үрейден қорқып, президентті бұйрық беруге асықтырды. Барлау орталық басқармасында Кубадағы КСРО-ның орнатқан зымырандарының саны туралы мәліметтер шындықтан дұрыс болмады. Американдықтар да аралда орнатылған тактикалық ядролық зымыран орталығы «Луна» туралы хабарсыз болды, олар аралда кеңес үкіметінің әскери күшін басқарып тұрған генерал Плиевтің бұйрығы бойынша іске қосылуы мүмкін еді. Кіріс американдық десантқа үлкен қауіп – қатер тудырды. Бірақ, бүл кіріс президенттің сынағына тап болды. Джон Кеннединің қорыққан себебі: «Егер де, Кеңес үкіметі Кубада өз іс – әрекеттерін жасамасады, бұл жауап Берлинде өршеу еді», ол шиеленіске әкеледі. Сондықтан, қорғаныс министрі Роберт Макнамардың ұсынысы бойынша, Кубаны әскери – теңіздік қоршауға алуды қарастырды.
18 қазан күні АҚШ президентіне қонақ болып, КСРО-ның сыртқы істер министрі Андрей Громыко және АҚШ-тағы КСРО елшісі Анатолий Добрынин келді, ол Хрущёвтің жоспары туралы бейхабар болды. Мәліметтер бойынша, Громыко Кубаға әскери кірісті толықтай мойындамады.Андрей Громыко өзінің жазбаларында «Бұл кездесуде әңгіменің бәрі тек Берлин және халықаралық қатынастар туралы болды, ал Куба туралы әңгімені өзім бастадым» деп жазып кетті. Және, оның жазулары бойынша, АҚШ президенті, Кубадағы кеңес зымырандары туралы ештеңе сұраған жоқ. Дегенмен келесі күні U-2 ұшағы барлау кезінде, тағы Флоридаға бағытталған кеңес зымырандарын байқады.
20 қазан күні кешке жақын, қоршау туралы шешім жалпыға ортақ сайлауда қабылданды, қоршай туралы өздерінің дауыстарын президент Джон Кеннеди, бас хатшы Дин Раск, қорғаныс министрі Роберт Макнамара, және Нью – Йорктан арнайы шақырылған Біріккен Ұлттар Ұйымында АҚШ елшісі Эдлай Стивенсон берді.
Халықаралық қатынастар заңы бойынша, қоршауға алу соғыстың басталуын білдіреді. Бірақ, Түркиядағы орнатылған зымырандар, жауап ретінде Кубада орнатылған зымырандар ешқандай келісім шарттарды бұзбады. Соның барысында, АҚШ соғысты бастаушы болып саналды. Және ол, Кеңес үкіметінің, әлем ынтымақтастығының реакциясынан қорықты. Сондықтан, қоршауға алу мәселесі Американдық Мемлекеттер Ұйымында талқыланды. Рио пактіне сүйене отырып, АМҰ толықтай қоршауға алу идеяны қолдады. Қоршауға алу күні 24 қазан сағат 10.00-ге белгіленді.
19 қазан күні U-2 ұшқышы 4 аяқталған база суреттерін көрсетті. Сол себептен, АҚШ тек қана қоршауға алуды ғана қарастырмай, соған қоса шабуыл жасаужы көздеді. Мемлекеттің оңтүстігіне, Джорджия штатына, 1 танк дивизиясы кіргізілді, жоғарғы дәрежеде әскери дайындықты қамтамасыз ету үшін.
ВВС стратегиялық басқармасы бомбылаушыларды азаматтық әуежайларға көшірді
Тағы рефераттар
- Екінші деңгейлі банктердегі депозиттік саясаттың қалыптастырылуы және даму мәселелері
- Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
- Халықтың жастық-жыныстық құрамы
- Заңи және басқа да нормативтік-құқықтық актілер
- Банктердің есеп айырысу шотындағы есептің жүргізілуі курстық жұмыс