Жалпы айтқанда, экономикалық цикл деп бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейінің бірінен кейін бірі келіп тұратын, өсулер мен құлдыраының өзгеруін айтамыз.
Нарық жағдайында өндіріс козғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда калыптасқан бірнеше теориялық көзқарастар бар.
Мәселен, К.Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұракты капиталдын оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен карастырған.
Ағылшын экономисі Дж.Кейнстің ойынша, цикл фазасынын алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара-қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері («шекті тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға каржы салу ниеті жойылады.
Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары — «неокейнстіктер» — мәселен американ экономисі — Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдык сипаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі каржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуінен оның кысқаруына бет бүрыс жасайды.
Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін факторынан іздейді. Ақша сұранысы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарыктық экономика тұрақсыздығынын себебі болып табылады.
Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің акша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрактаңдыруға бағытталуы кажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ның монетарлык саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұл жүмыс 1963-ші жылы шыққан болатын.
Нарықтық экономиканың, циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемелекет антидиклдық бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қажет.
Мәселен, Ф.Энгельстін пайымдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж. Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірістің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.
Экономика ғылымында циклдік ауытқулардың ықпалын еңсеру мақсатымен мемлекеттің араласуы екі көзқарасты көздейді. Олар: классикалық және кейнстік. Алғашқысында нарықтық экономика өздігінен реттеле алады, ал бәсеке сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, бұл орайда баға, жалақы, пайыздық мөлшерлеме кез келген нарықтық жағдайға және оның жағдаятына бейімделеді деп есептеді. Екіншісі экономикалық үдерістердің стихиялылығын шектеу және халықтың жұмыспен толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік реттеу қажет дегенге саяды.
1929 — 1933 ж. жалпы әлемдік экономикалық дағдарыстың пайда болуы мен өтуінің себептерін талдау негізінде ағылшын экономисі Кейнс “Жұмыспен қамтылудың, пайыздың және ақшаның ортақ теориясы” (1936) атты еңбегін жариялады. Оның пайымдауынша, экономикалық дағдарыстар болмай қоймайды және олар нарықтың табиғатынан туындайды. Сонымен қатар нарықта монополизмнің түрлі көріністері қамтылады және ол мемлекеттік реттеумен ұштастырылады. Кейнстің циклдікке қосқан еңбегі — оның мультикликаторлар теориясын әзірлеуі. Оның пікірінше, сұранымды жалпы мемлекеттің бюджет саясаты және мемлекеттік кіріс басқарады. Бұл инвестициялар тұтынуды ынталандырудың басты құралдары. Несие-ақша саясаты бюджет саясатына бейімделе отырып, көмекші рөл атқарады. Кейнстің идеялары мемлекеттің қоғамдағы орнын айқындауда маңызды рөл атқарды және экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі көптеген талдамаларға негіз қалады. Қазіргі заманғы экономикалық жағынан дамыған мемлекет көптеген өндірістік бағдарламаларды жүзеге асырады, экономиканың жеке секторында алынатын табыстың қоғамда қайта бөлінуін бақылайды, қаржы, салық жалақы экономикалық қызметті реттейді, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру бағдарламаларын жүзеге асырады. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық және технологиялық революция жағдайында бірінші орынға адамның зияткерлік, кәсіпқойлық, ұйымдастырушылық, шығармашылық дарыны мен қабілеті қойылады. Бұл заңдылық жұмыс күшін ұдайы қалпына келтіру үшін қымбат экон. жағдай жасалуын көздейді. Қазіргі заманғы мемлекет іс жүзінде қоғамның экономикалық қызметінің барлық аясына дендеп енді: заңнамалық жүйені әзірлеу; табыстың бәсекелік ортасын қорғау; қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді қоғамда қайта бөлу; экономиканы тұрақтандыру және экономикалық өрлеуді ынталандыру міндеттерін атқарады. Инфляция қарқынының күрт күшеюінің ықпалымен кейнстік теория сынға ұшырады. Жалпылама түрде неоконсерватизм (неоклассицизм) деп аталған, жалпы экономикалық тепе-теңдік және экономиканың сұраныс пен ұсыныстың кез келген бұзылуына өздігінен бейімделуі жөніндегі классикалық теорияның қағидаларына сәйкес теорияны дамытушы көптеген мектептер пайда болды. Неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарады. Неоконсерватизмнің (неоклассицизмнің) жалпы бағытында монетаризм (мәнетшілдік) елеулі орын алды. Монетаристердің пікірінше, ақша экономиканың дамуын айқындайтын басты құрал болып табылады. Мемлекет ақша аясын бақылаумен шектелуге тиіс. Монетарлық теория бойынша тұрақтандыру саясатының басты өлшемі — ақшалай ұсыныстың көлемі. Қазіргі кезеңде мемлекеттің рөлін зерттеу және дағдарыстар мен циклдердің себептерін анықтау ең алдымен екі бағытты әзірлеумен байланысты. Олар тепе-тең іскерлік цикл мен саяси іскерлік цикл. Тепе-тең іскерлік цикл теориясы монетаризм идеясының дамуын көрсетеді. Бұл теорияға сәйкес мемлекет Батыстың көптеген елдерінде өзіне тән атқарымдармен қатар ақша “талықсытпасының” өзінше бір қозғаушысы рөлін атқарады. Ол шаруашылық жүйесін тепе-теңдік жағдайынан шығарады, сөйтіп, қоғамдық ұдайы өндірісте циклдік ауытқуды қолдап отырады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы он жылда экономикалық циклдердің сипаты өзгерді. Циклдің басты кезеңі — дағдарыстың өзінің құрылымы мен сипаты өзгерді. Дағдарыстар өндіріс көлемінің күрт құлдырауы нысанында емес, баяу өсу кезеңдері нысанында болды. Мұның өзі классикалық өнеркәсіптік цикл ұғымын күңгірттендіріп, өнеркәсіптік циклді инфляцияның үдерістермен ұластырды. Қазіргі заманғы ұдайы өндірістің циклдік сипаты өнеркәсіптік (экономикалық іскерлік) циклдердің болуы факторымен шектелмейді. Осы классикалық циклдермен қатар қазіргі кезде басқа да көптеген циклдердің болатыны мойындалып отыр.
Неокенсиандық бағыт жиынтық сұраныс бағдарлану болып саналады, мақсаты тұтастай түрде шаруашылық реттеу (макроэкономика), реттеуде басымдылықтар салық бюджет және несие ақша саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды ынталандыру.
Неоконсерватизмнің белгілері ұсынысқа бағдарлау,мақсаты жекелеген фирмалардың қызметі үшін ынта туғызушы (микроэкономика) реттеуде басымдылықтар несие ақша және салық бюджет саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды шектеу.
Тағы рефераттар
- Ақшаның пайда болуы
- Жүрек-қан тамырлары ауруларының қалай алдын алуға болады?
- Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік саясаттың негізгі бағдары
- Философия мәдениет феномені хақысында