Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың   ерекшеліктерін өткен ғасырдың  бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистердің байқағаны белгілі. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы беймәлім болып келді.Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып,мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын  жаулап алуға тырысты.

Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын  құбылысқа алып келді.Артық өндірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болуынан көрінеді.Нәтижесінде тауар бағасы төмендеп кетеді де, көптеген тауар өндірушілер ешқандай да пайда таппай қалады.

Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы  ерекше болғаны соншалық, XIX  және  XX ғасырларда жетекші экономисттердің  бірде бірі бұл  мәселеге  тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың  байланыстылығы мен объективтілігін, экономикалық процесттерге әсерін мойындаған , циклдық дамудың себептерін анықтауға тырысқан әр түрлі пайымдауларды,түсінімдер мен болжамдарды кездестіреміз.

Экономикалық циклдарды зерттеушілердің бірі — А.Шпитгоф. Ол 1905  жылы экономикалық циклдар және дағдарыстар  тақырыбына диссертация қорғап осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А.Шпитгоф  эмпирикалық, яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп, циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін,өйткені мұндай зерттеулер кездейсоқ абстрактылы  қорытындыларға емес,нақты тұрақты түрде қайталанып отыратын  белгілерге назар аударуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Ол әрбір жаңа экономикалық циклдың  пайда болуының ерекше тарихи және әлеуметтік тарихын түсіндірді.Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді  А.Шпитгоф .

Ол экономикалық цикл проблемасын артық өндіру проблемасымен байланыстырған жоқ, бұл мәселе тек еркін сауда дәуіріндегі  рыноктық экономикаға тән қасиет деп түсіндіреді. А.Шпитгоф  творчествасын зерттегендер, соның  ішінде Б.Селигмен,оның циклді даму тұжырымдамасының  белгілі орыс экономисігің Туган Барановскийге күшті әсер еткенін көрсетеді. Циклдық даму туралы  А.Шпитгоф  идеясының ең басты ерекшеліктері бірін бірі ауыстырып отыратын цикл фазаларын  экономикалық, әлеуметтік тіпті психологиялық факторлармен түсіндіруге талпынып жатыр. А.Шпитгоф  идеяларын қолдаушылары  өз еңбектерінде әрі қарай дамытты.

Мысалы швед ғалымы Г.Кассель  экономикалық циклды саясаттағы өзгерістерден,ақша айналымындағы берекесіздіктерден,тарифтердегі тәртіпсіздіктерден   және экономикалық процесстерге мемлекеттің  араласуы қажеттігінен  тыс қарастыруға болмайтындығын көрсетті. Т.Вебленнің еңбектерінде экономикалық цикл  ақша айналымы мен несиеге байланысты ерекше құбылыс деп байқады.Ол экономикалық циклды  өндірістен тыс пайда мен баға арқылы түсіндіріп, циклды несие алушыға ұтыс әкелетін рыноктық экономиканың қалыпты  жағдайы деп санады.

Экономикалық циклды зерделеуде өзінің ерекше пікірі бар оқымысты, Вебленнің шәкірті, американдық У.Митчелл болды. Ол экономикалық циклды жасанды констукция, жеке дара деректерді  бір кестеге біріктіру деп қарастырды. Экономикалық құбылыстардың деректерін нақты зерттей келе оларға тек қысқа мерзімді (40 ай ) циклдар тән, ал қалған циклдар ретсіз, ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын, сондықтан қатал талап тұрғысынан оларды экономикалық циклға жатпайды деген  қорытындыға келді.

Дж.М.Кларк экономикалық циклды күнделікті зерттеп қана қоймай, оны таза теориялық жағынан да қарастыруға тырысты. У.Митчелдің нақты деректерін пайдалана отырып, Дж.М.Кларк  « Экономикалық  циклдағы факторлар» деген кітабында бұл процестің  ішкі заңдылықтарын анықтап  жіне түсіндіруге талпынды. Кларк соғыстардың, ғылыми техникалық прогресстердің  толқындарының  бастапқы сыртқы факторларын  анықтап, олардың экономикалық жүйе қозғалысына қарқын беретінін көрсетті. Дж.М.Кларктың  ойынша екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ, өйткені олар экономикалық жүйенің ішкі  факторына қатысын білдіреді. Бұл жаңалық цикл фазасын ғылыми  болжауға мүмкіндік берді.Белгілі ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс 1936 жылы жарық көрген «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабында экономикалық циклдың басты белгілерін анықтады. Ол ауытқудың уақыты мен ұзақтығы  жағынан қайталанып отырады және олар капиталдың шекті тиімділігінің ауытқу механизмімен байланысты деген қорытындыға келді. Дж.М.Кейнстің пікірінше  циклдық даму эконмикалық жүйені дамытатын күштердің қорланып, олардың бірін бірі күшейтуі. Бірақ олар бірте бірте әлсірейді де, басқа күштер жанданып, қарама қарсы бағытта әрекет етеді.Өз кезегінде қарсы әрекет ететін күштер белгілі уақыт ішінде нығайып,  олардың әсері күшейді,бірақ олар да өз тегіне жеткеннен кейін жаңа қарама қарсылықтарға орын береді.Экономикалық дамуды жоғарылатып немесе төмендететін  тенденциялардың  ұзақтығы мен ауысуының реттілігін көрсеткен, Кейнс циклдың объективтігін жоққа шығаруға тырысты, сөйте тұра оны субъективтің жемісі деп те есептеген жоқ.

Оксфорд университетінің профессоры Дж.Хикс  « Экономикалық  цикл теориясына кіріспе» деген еңбегінде Кейнстің теориясын едәуір      толықтырды.Кейнс тұтыну мен инвестиция байланысын мультипликатор арқылы ашып, экономиканың циклдық қозғалысына толқынды импульстардың физикалық теориясы мен акселерация принципі  тұрғысынан  талдау жасады. Дж.Хикстың экономикалық       циклдар теориясы мультипликация мен акселерация құбылыстарын талдай негізінде жүргізілген күрделі  зерттеу. Бұл құбылыстарды Хикс циклдың ауытқулары мен дүмпуінің  алғышарттары деп көрсетті.

Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілердің ішінен И.Шумпетер мен

 

П.Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарын атап өтпеу мүмкін емес. Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі оны экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И.Шумпетердің ойынша экономикалық циклдың терең тамыры  циклдық қозғалыстың ретсіздігінде жатыр.Сөйтіп ол ғылыми айналысқа  үш цикла кесте енгізді, бұл рыноктық экономикадағы  барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін көзқарас деп есептеледі. И.Шумпетер бұл циклдарды Н.Д.Кондратьев, К.Жугляр мен Дж.Китчена сияқты ғалымдардың есімдерімен аталды.

Циклдікке Қарсы Реттеу — мемлекеттің экономикалық циклдерді жұмсартуға бағытталған саяси-экономикалық бағыттарының бірі. Тұрақтандырғыштарды (жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, корпорация пайдасына салынатын салық, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, өнімінің бағасын қолдау бойынша жәрдем қаражат, т.б.) қолдануға негізделген. Үкіметтің нысаналы саясатын іске асыру жағдайында жиынтық сұраным жеткіліксіз болғанда экспансия (ақша және қаржы экспансиясы) жүргізіледі, сұраным тым көбейіп кеткенде немесе инфляция “асқынғанда” шектеу және дефляцияның саясат жүзеге асырылады.

Тарихи тұрғыда ұдайы өндіріс үдерісі циклділігінің алғашқы теориясына Маркстің ұзақтығы шамамен 10 — 12 жылға созылатын экон. циклдің болмай қоймайтыны туралы теориясы жатады. Ол дағдарысты құбылыстарды талдағанға дейін ғылымда экон. дағдарыстардың болуы не мүлде мүмкін емес (Дж. С.Милль, Ж.-Б. Сэй, Д.Рикардо), не тек кездейсоқтық сипатта болады және экон. тепе-теңдікке құнның, сұранымның және ұсынымның экон. заңдарының еркін әрекеті негізінде қол жеткізуге болады (Ж.Сисмонди, Р.Робертус, К.Каутский) деген пікірлер үстем болды. Маркс циклдің пайда болу себептерін негіздеді, оның кезеңдерін анықтады және экон. дағдарыстың күйретушілік сипатына, сондай-ақ оның өндіріс құрал-жабдығына жеке меншікпен байланысты екеніне баса назар аударды. 20 ғ-да әлемдік экономиканың жедел дамуы Батыс ғалымдарына циклділікті мойындатты. Енді олар циклдіктің нысандары, құрылымы мен себептерін тереңдете зерттеді.

Циклдық теорияны жасауда айырыкша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892-1938 жж.) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінін мәжілісінде 1926-шы жылы 6-шы акпанда жасаған «Коньюктураның үлкен циклдары» баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-ші жылы шыққан кітапта баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса. бұдан басқада 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардын бар екендігі белгілі бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынандай үлкен циклдарды қарастырды. Ол (цикл) қоғамдык өндірістің технологиялық базасының радикадды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндірілді.

Кесте 1

Өрлеу Құлдырау
1789-1814 жж.     1814

1849жж.

1849-1873 жж. 1873-1896 жж.
1896-1920  

Әдетте циклдарды классификациялағанда екі критериі қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар, бүл соңғысы оны жүзеге асырудың генезисі мен механизмін аддын-ала анықтайды. Осы критерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары кабылданған:

1.Н.Д. Кондратьевтін циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға
созылған ұзын толқынды циклдар. Оның басты қозғаушы күші —
технологиялық өңдірістегі технологиялық базаның радикальды
өзгеруі және оның құрылымдық қайта құрылуы.

2.Белгілі американ экономисі С.Кузнецтің (1901-1983жж.)
циклдары және олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Ал
қозғаушы күштері — өндірістегі ұдайы өндіріс құрылымының
жылжуы боп табылады (бұл циклдер кәбінесе ұдайы өндірістік
немесе құрылыс болып та аталады).

3.Жеке шаруашылық циклдары. Бұл 1 жылдан бастап 12-і
жылға дейінгі кезеңді қамтиды және инвестициялык
белсенділіктін тербелісіне байланысты өмір сүреді.
Тағы рефераттар