Экспортты ынталандыру және дамыту жолдары туралы қазақша реферат
Дамыған нарықтық экономикалы елдердің сыртқы сауданы реттеу жүйесіндегі негізгі орынды ұлттық экспорттаушыларды ынталандыру тәсілдері алады. Бұл тәсілдер әр түрлі болып келеді.
Экспортты көтермелеудің негізгі құралы болып: субсидиялау, экспорттық-импорттық операцияларды сақтандыру мен несиелеу; салық жеңілдіктері, сонымен қатар капиталдарды әкету мен әкелуді ынталандыру, тауарларды өндіру мен өткізуге мемлекеттің белсенді қатысуы, экспорттық өндіріске ұзақ мерзімді капиталдар салу.
Экспорттаушыларға қаржылық көмек беру кеңінен таралуда. Бұл экспорттаушы фирмаларға әртүрлі қаржы қызметтерін көрсету, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу арқылы қамтамасыз етіледі. Халықаралық ұйымдардың тиым салуына қарамастан, кейбір елдер экспорттаушыларға мемлекеттік бюджеттен ішкі рыноктағы жоғары бағамен әлемдік рыноктағы сол тектес тауарларға деген төменгі бағаның арасындағы айырмашылықты жабу үшін субсидия беруге ұмтылады. Субсидия экспорттаушыларға шығарылатын тауарлардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді және осындай жолмен өз экспорттарын кеңейтуге, ал жеке фирмаларға қиындық туғызатын рыноктарға енуіне мүмкіндік береді. Осы тәжірибені антидемпингтік конвенциялар да ұстанады. Сондықтан да оған қол қойған елдер басқа тәсілдерді іздейді.
Ұлттық тауарлардың экспортын субсидиялаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып ұлттық валютаның бағамын төмендету болып табылады. Бұндай тәсіл Жапонияда шетел рыноктарын жаулап алу үшін әрқашанда қолданылып келген. Осылайша көптеген елдер экспорттық жеткізілімдерді тікелей субсидиялаудан ауытқып, ғылыми зерттеулерді дамытып және оларды өнеркәсіпте пайдалануды қамтамасыз ете отырып, ынталандыруды жоғарғы экспорттық бағытталуы бар өндіріс саласына ауыстырады.
Мемлекеттік несиелеудің нысандары.
Экспортты ынталандырудың ішіндегі маңызды орынды мемлекеттік несиелеудің әр түрлі, соның ішінде жеңілдетілген нысандары алады. Бұл экспорттаушыларға мемлекеттік банктер мен мемлекеттің қатысуымен құрылған арнайы қаржы мекемелері арқылы орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бұл экспорттық несиелерге сәйкес заңдарға сай мемлекеттік кепілдікті табыстау жолымен де жүргізіледі. Бұл дегеніміз экспорттық несиенің құнын 80-90% жабатын ірі келісім-шарттар бойынша барлық тәуекелді (яғни экономикалық, саяси) өз мойнына алады.
Мемлекеттік несиелеуді ұлттық мемлекеттік банктердің жүргізуі міндетті емес. Мысалға, Жапонияда белгілі бір шарттар орындалса ұлттық банк коммерциялық банктерді қаржыландырады, ал олар өз кезегінде экспорттық компаниялар мен фирмаларға несие береді. Жапонияның экспорттық-импорттық банкінің орта және ұзақ мерзімді несиелендіруінің негізгі объектісі болып, құрал-жабдықтар мен машиналар және олардың бөлшектері, жаңа индустриалды елдердегі өнеркәсіп объектілерін салудың техникалық көмегі шегіндегі келісімі табылады. Сонымен қатар бұл банктің қызмет аясына шикізат тауарлары (мұнай, газ, көмір) және металл сынықтарының импорты мен айналысатын фирмаларды несиелеуде кіреді.
Америка Құрама Штаттарының экспорттық-импорттық банкі шетелдік борышкерлердің құрал-жабдықтар сатып алуына, қызмет немесе техникалық сипаттағы ірі жобаларды жүзеге асыруың қаржыландыру үшін ұзақ мерзімдік, яғни 5-10 жылға дейін ссудалар береді. Сонымен бірге Америкалық бағдарламалар бойынша несиелер, мысалға “Тікелей ссуда” бағдарламасы бойынша шетелдік сатып алушыларға немесе сауда делдалдарына 5млн. доллардан кем емес көлемде беріледі және бұл келісім-шарттың 85% -ға дейінгі құнын жабады.[23]
Америка Құрама Штаттарының экспорттық-импорттық банкісінің “Орта мерзімдік несие” бағдарламасы шегінде экспорттаушының банкісіне 5жылға келсім-шарттың 100% құнына дейінгі сомада несие береді немесе мәміледен пайда болатын борышкерлік міндеттемесін өзіне жүктейді. Сыртқы сауда мәмілелерінің кепілдендірілген сомасының орташа пайызы батыс елдерінде 90%, экспорттық тауарларды шетелдік сатып алушыларға несие беру бойынша 95-100% жетеді. Орташа жылдық өсім 10% болған кездегі жоғарғы кепілдік мерзімі 15жылды құрайды.
Экспортты сақтандыру.
Экспортты ынталандырудың маңызды ерекшелігі болып, халықаралық іс-тәжірибе де күшейіп отырған коммерциялық және саяси тәуекелдіктерге, сонымен қатар жеткізілімнің ұзақ мерзіміне байланысты экспортты сақтандыру болып табылады. Соңғы жылдары сақтандырудың рөлі өсіп отыр. Әсіресе бұл көптеген елдердің валюта-қаржылық жағдайына, несиелерді қайтармауына, әлемнің жекелеген аймақтарындағы әскери қимылдар мен елдегі саяси тұрақсыздыққа байланысты болып келеді.
Көптеген елдерде сақтандырумен жартылай мемлекеттік (сақтандыру қоғамдары) айналысады. Сақтандыру тәуекелдігінің артуына және онымен байланысты шығындардың көбеюіне қарамастан көптеген дамыған елдердің сақтандыру қоғамдары, сақтандыру жарнасын көтеруге бармай отыр. Сондықтан да Америка Құрама Штаттары, Жапония, Батыс Еуропаның сақтандыру ұйымдарының жүріп келе жатқан негізгі жолы – сақтандыру түрлері мен көлемін кеңейту, сатып алушының төлем қабілеттілігін анықтайтын жүйені жетілдіру болып табылады.
Сақтандыру тәуекелдігін жабу деңгейі олардың сипатына мәміленің көлеміне байланысты, әрі ол әр елде әр түрлі. Мысалға Францияда комерциялық тәуекел кезінде шығын 80-85%, саяси және экономикалық 100%; шет ел рыногын зерттеуге байланысты 50-60% көлемінде қайтарылады.
Сыртқы сауданы сақтандыратын Францияның компаниясына түсетін пайда ретіндегі салықтық түсімдер жеке тұлғалар, фирмалар мен компанияларға саяси тәуекел бойынша 0,25%, коммерциялық бойынша 0,85%, валюталық бойынша 0,648 — 0,36% құрайды. Ал мемлекеттік ұйымдар үшін өсімдер 0,5% көбейтілген.
Америка Құрама Штаттарында экспорттық-импорттық банк пен экспорттық несиелерді сақтандыру Ассоциациясы саяси және коммерциялық себептер бойынша 90-100%, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша 98% шығындарды жабады.
Жапонияда сыртқы сауда операцияларын мемлекеттік сақтандырудың тоғыз түрі бар, олардың алтауы экспорт бойынша. Мемлекеттік экспорттық сақтандырудың мәні бұл жерде сатып алушы қабылдаған шарттарды орындай алмаса келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін шығындарды үкіметтің өзіне алу ретінде көрініс табады.
Салықтық және өзге жеңілдіктер.
Экспортты ынталандырудың тәсілдері болып әр түрлі салықтық жеңілдіктер де табылады. Оның мәні экспорттық тауарларды жеткізушілердің экспорттық операциялардан түскен ағымдағы пайдаға салық салмау, амортизацияға женілдік шарттар беру, экспорттан түскен қаржыны арнайы салық салынбайтын есеп-шотқа аудару, шағын және орта кәсіпорындардың экспорттық өнімдері үшін шетелдік рынокты дамытудың резервін құру және шетелде инвестициялаудың келген шығынды жабу үшін қор құру болып табылады.
Экспортты ынталандырудың халықаралық тәжірибесінде қаржы жеңілдігі тәсілі кеңінен қолданылады. Бұл дегеніміз экспорттық өндіріске қажетті шикізатты импорттау кезінде төленген кеден баждары мен салықтарды қайтару және елдегі жетіспейтін материалдарды жанама салықтардан босату.
Көптеген батыс мемлекеттері ұлттық экспортты ынталандыру мақсатында негізі әр түрлі Үкіметтің дамушы елдерге көмек бағдарламасының негізінде мемлекеттік қаржыландыруды жүзеге асырады.
Соңғы он жылда дамыған мемлекеттердің де өндіріс қуатының шетелден ағылуына ден қойып отыр. Дамыған елдер капиталды белсенді экспорттаушылар бола тұра, шетел инвестицияларының келуіне ынталандыру шараларын қабылдайды.
Бұл көбінесе ішкі сұраныстың қажеттілігін өтеумен қатар, өнімдерінің біразын экспорттайтын өндіріске қатысты болып келеді. Мысалға Ұлыбританияда айтарлықтай қолдауға электрондық есептеу машинасын бағдарламалық қамтамасыз ету, микроэлектроника, оптика, биотехнология, робот техникасы салаларындағы шетелдік фирмалар ие болады.
Осы мемлекеттерде экспорттық потенциалды арттыру мақсатында технология мен шетел инвестицияларын одан ары тарту үшін қазіргі таңда әлемде бес жүзден асатын бажсыз кеден территориялары құрылған.
Сыртқы сауда саясаты 1980 жылға дейін шетел инвестицияларына қатысты қорғанушылық сипатта болып келген Жапонияның өзінде сыртқы сауда және валюталық айырбастаудың бақылауы туралы Заң қабылданғаннан кейін шетел инвестицияларына деген көзқарас күрт өзгерген.[14]
Ұйымдастырушылық-техникалық көмек.
Әлемдік рыноктағы қатаң бәсекелестік жағдайында ұлттық фирмаларға жаңа рыноктарды иемдену мен экспорттық операцияларының көлемін кеңейту үшін мемлекеттердің ұйымдастырушылық-техникалық көмек беру рөлі артып жатыр. Ұйымдастырушылық көмек беру механизіміне мынандай тәсілдер жатады. Атап айтсақ мемлекеттік органдар арқылы әр түрлі коммерциялық ақпараттарды беру, үкімет ұйымдарында жеке экспорттаушылардың мүдделерін білдіру, сыртқы сауда үшін кадрларды дайындау. Шет мемлекеттердің үкімет министрліктерінде экспорттаушыларға ірі тапсырыстарды алуына, оларды халықаралық сауда және оның шарттары туралы ақпараттармен қамтамасыз ететін және шетел рыногында контрагенттерді табуына көмектесетін арнайы бөлімшелері бар.
Экспортты ынталандырудың және қолдаудың мәселелерін шешуде шет елдер осы процеске мемлекеттік органдармен басқарудың барлық деңгейіндегі мемлекеттік аппаратты белсенді тартуда. Сыртқы сауда қызметі саласындағы жаңа приоритеттерді табу процесінде экспорттаушы өндірушілерді несиелеу, сақтандыру, қаржыландыру бойынша шараларды жүзеге асыратын арнайы органдар құрылады.
Қазіргі таңда отандық экспорт еліміздің көп жақты экономикалық достастықты ұйымдастыруға қатысуының кеңеюімен, сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануымен, іскерлік соның ішінде инвестициялық белсенділіктің сипаттарының белгілерінің пайда болуымен Қазақстан экономикасының тұрақтануы үрдісінде дамып жатыр.
Экономиканы модернизациялаудың және оның экспорттық потенциалын нығайтудың маңызды тетігі болып капиталдар салымы көлемінің үздіксіз артуы болып табылады. Экспортқа бағытталған өндірісті және экспортты ынталандырудың қосымша көзі ретінде халықаралық лизингті пайдалану арқылы инвестициялық жобаларды аралас мемлекеттік коммерциялық қаржыландыру болып табылады.
Сыртқы жағдаятты жақсартудың және Қазақстан экспортының кірістілігінің көтерудің қосымша факторы ретінде отандық өнімдерді шет елдерге жеткізудің географиясын кеңейту, экспорт кезіндегі тауарлардың кедеңдік құнын анықтаудың, оны негізсіз төмендетуін болдырмау мақсатында жүйені жасау, өндірушілер мен экспорттаушылардың салалық одағының ұсынған төменгі экспорттық бағаны бекітудің тәжірибесін кеңейту болып табылады.
Бүгінге шейін Қазақстан экспортына тежегіш әсерін тигізетін факторлар мыналар:
─ отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсеке қабілеттілігінің төмендігі;
─ өндіруші өнеркәсіптің көптеген кәсіпорындарының қаржылық жағдайының ауырлығы, бұл ішкі ресурстар және бәсекеге қабілеті бар өндірістің коммерциялануы есебінен келешегі зор экспортқа бағытталған жобаларды инвестициялауға мүмкіндік бермейді;
─ экспорттық өнімдердің саласын бақылау мен сертификациялаудың отандық жүйелерінің жеткіліксіз дамуы;
─ Қазақстан экспортының қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының жетілдірілмегендігі;
─ Қазақстанның көптеген кәсіпорындарының экспорт саласындағы жұмыс тәжірибесінің және арнайы білімінің жетіспеуі және олардың сыртқы рынокқа шығуының координациялануы;
─ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі дәстүрлі өндірістік байланыстардың үзілуі;
─ табиғи монополиялардың қызметтері мен өнімдеріне деген бағаның өңдеуші өнеркәсіптің өнімдеріне деген бағаның өсуімен салыстырғанда асып түсуі;
─ несие мен инвестициялар үшін Қазақстанның халықаралық рейтингінің төмен болуы. Бұл Қазақстан экспортын дамытуда шетел қаржысын пайдалануды қиындатады.
Қазақстан экспортының келешегі мен жағдайын анықтайтын факторлардың жиынтығын есепке алып, бір жағына экспортық қызметтегі бар кедергілер мен қиындықтарды тиімді жеңе білуге, екінші жағынан экспортты дамыту үшін Қазақстанның сыртқыэкономикалық саясаты мен экономикасындағы болып жатқан жағымды өзгерістерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін экспортты ынталандырудың мемлекеттік шаралардың біртұтас жүйесін құру қажет.
Осыған байланысты экспорттаушыларға мемлекеттік қолдаудың тиімді механиздерін құру келесі арнайы бірқатар мәселелерді шешуді көздейді.
Сыртқы сауда ақпараттардың жүйесін және аймақтық және шетелдік өкілдерді қоса алғандағы ақпараттық-консультациялық қызметтерді құру;
Мемлекеттің қатысуымен экспортты сақтандырумен несиелердің механизмдерінің қызмет етуін қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық несиелер бойынша мемлекеттік кепілдік міндеттемелерді табыстау;
Қазақстанның экспорттық өнімдерін белсенді жылжыту мен отандық кәсіпорындардың мүддесін шетелде қорғау бойынша мемлекеттік органдардың жедел жұмысын ұйымдастыру;
Экспортты ынталандыруға байланысты біріккен шараларды өткізуге қазақстандық іскер ортаны кеңінен тарту ;
90-шы жылдың ортасында Қазақстанның алдында барабар экспорттық стратегия мен еліміздің әлемдік рыноктағы орнын нығайтатын және валюталардың тұрақты жоғарғы дәрежеде келуін қамтамасыз ететін халықаралық экономикалық достастықтың қолайлы нысаны таңдауда тұрды. Экспорттық стратегияны таңдаудан оның жүзеге асыру құралдарына байланысты, экспортты ынталандыру бойынша шаралар жүргізу мен жобалау кезіндегі акценттер өзгереді.
Қазақстанның қазіргі таңдағы мамандануы негізінен 70-шы жылы қалыптасқан және алдымен оның шикізат ресурстарымен анықталады. Осы 90-шы жылдың басында осы кешендегі жағдай геологиялық барлау жұмыстарының көлемінің қысқаруы, бар ресурстарды үйлесімсіз пайдаланғандықтан және қуаттылықтың тозуы салдарынан төмендеген. Осылардың барлығы шикізатқа негізделген еліміздің экспортының дамуына тұрақсыздық элементтерін ендіреді.
Сонымен таяу және орта мерзімдік перспективада Қазақстан экспортында шикізаттық бағыт сақталынады, ал мәселе сәйкес салалардың материалдық-техникалық базаларын бекіту болып табылады.[41]
Осы бағыттағы маңызды қадам болып отын-шикізат салаларындағы инвестициялық қызметті жандандыру болып табылады. Отын-шикізат экспортының тиімділігін арттыру ерекше мағынаға ие болады. Атап айтсақ өңдеудің тереңдігін ұлғайту және шетелге шығарылатын шикізат тауарларымен жартылай фабрикаттардың сапасын жақсарту, келісімнің бағалық және өзге де шарттарын үйлестіру, сыртқы рыноктағы жағдаятқа байланысты шикізат салаларының біртұтас экспорттық потенциалын икемді шебер пайдалану, сонымен қатар мемлекеттің қаржысынан әлемдік бағаның өзгеруіне қарсы, экспорттық резервтерді тұрақтандыратын қор құру; экспорт бойынша шығындарды азайту мақсатында көлік инфрақұрылымын жетілдіру.
Қазақстан экспортындағы отын-шикізат тауарларының басымдығы халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның нақты және аса маңызды бәсекелік артықшылықтардың объективті бейнесі болып табылады. Қазақстанның әлемдік экономикаға тең құқықты әріптес ретінде ықпалдасуы, дайын өнімнің үлес салмағын арттыру пайдасына сыртқы экономикалық айырбастың пропорциясының құрылымын жақсартуынсыз, өндірістік ғылыми-техникалық кооперация, инвестициялық достастық, инновациялық жобаларды бірігіп жүзеге асыру сияқты достастықтың тиімді нысандарын меңгерусіз мүмкін емес. Осындай себеппен Қазақстанның ұзақ мерзімді негізгі экспорттық стратегиясы болып жоғары дәрежеде өңделген тауарлардың экспорты болып табылады.
Ұлттық экспорттық стратегияның маңызды элементі ретінде еліміздің экспорттық потенциалын дамыту үшін халықаралық экономикалық достастықтың әртүрлі нысандарын қолайлы пайдалану болып табылады. Соңғы жылдары мынандай нысандар, шетел инвестицияларын тарту және біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар құру, компенсациялық негіздегі достастық, несиелік келісімдер, лицензиялық сауда, халықаралық лизинг, инжиниринг, еркін экономикалық аймақтарды құру кеңінен таралып отыр.
Экспортты дамытудың шешуші факторы ретінде тауарлардың құрылымын жетілдіру мен ассортименттерді кеңейтуге мүмкіндік туғызатын ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сондықтан да өзекті мәселе ретінде отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыратын, кешенді мемлекеттік бағдарлмалар мен алдынғы қатарлы технологиялар мен өнімдерді меңгеруге жеке, соның ішінде шетел капиталдарының құйылуының ұйымдастыру-құқықтық және өзге де шарттарын белгілейтін мемлекеттік коммерциялық жобаларды дайындап шығару болып табылады.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы мен оның сыртқы-экономикалық қызметінің дамуының өзекті қиындықтарын есепке алып, экспортқа қаржылық көмек беру саласындағы бірінші кезектегі мәселелерге мыналар жатады:
Экспортқа бағытталған ұйымдар мен өндірістің айналым қаражаттарын қамтамасыз ету үшін тартылған өкілетті банктердің несие ресурстары бойынша кепілдік міндеттемелерді беру;
Экспорттаушыларды қорғауды қамтамасыз ету үшін коммерциялық және саяси тәуекелдерден экспорттық несиелерді сақтандыру мен мемлекеттік кепілдік міндеттемелерді табыстау;
Қазақстан экспортын ынталандыратын қаржылық көмек берудің басқа да бағыттарының арасынан мынадай шараларды қарастыруға болады;
Экспорттық жеткілізімдерді қаржыландыратын банктерге мемлекеттік кепілдіктерді табыстау;
Халықаралық саудаға қатысу үшін берілген несиелер бойынша мемлекеттік кепілдік беру;
Сыртқы рынокты игеруге байланысты операцияларды сақтандыру;
Өнеркәсіппен, одан әрі тауарлар мен қызметтердің экспортына байланысты шағымдарды арбитраждық сотта қарау кезіндегі мемлекеттік баждардың көлемін төмендету;
Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қазіргі кезеңінде, ашық нарықтық шаруашылықтың түпкілікті жаңа құқықтық және институциональдық негізін қалыптастырудың белсенді процессі жүріп жатқанда, мемлекеттің экспорттық қызметті ұйымдастыру және өзге де қамтамасыз ету шаралары, нормативті базаны жетілдіру бойынша мақсатты күш салуы ерекше мағынаға ие болады. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке, сонымен бірге сыртқы саудаға араласудың азаюына байланысты, оның осы саладағы жалпы ұлттық мақсаттар мен мәселелерді жүзеге асыруға жанама түрде қатысу рөлі артып отырады.
Отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін экспортталатын өнімдерді сертификациялаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру қажет. Ал бұл олардың сыртқы рынокқа шығуын жеңілдетеді. Экспортты мемлекеттік қолдаудың бағыттарының бірі ретінде қазақстандық өнімдерді сыртқы рынокқа жылжытуға көмек беру болып табылады. Экспорттық жарнаманың бір нысанына сауда көрмелері мен жәрменкелер жатады.
Экспорттық дамытудың кезеңдері экономикалық өзгерістердің серпіндері мен логикасына байланысты және Қазақстан экспортты мен экспорттық потенциалын дамытуда инерция факторларын есепке алуды көздейді.
Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, сонымен қатар экспортты ұлғайтатын валюталық, салықтық және тарифтік саясатты, сауда экономикалық достастықтың тиімді нысандарын жетілдіру қажет:
Экспорттаушыларға жедел және сапалы көмек беретін, экспортқа жағдай жасайтын мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық және институциональдық негізін қалыптастыруды аяқтау;
Ақпараттық-консультациялық қызметтің жүйесіне сүйенетін сыртқы сауда ақпараттар жүйесін құру;
Экспорттаушы кәсіпорындардың айналым қаржыларын несиелеудің мемлекеттік қолдаудың механизмдерін қалыптастыру, экспортты сақтандыру мен кепілдік беру, экспортқа бағытталған тиімді жобаларды несиелеу;
Экспортқа кепілдік беру мен несиелеуді жүзеге асыратын арнайы өкілетті банктің қаржылық базасын көбейту;
Экспорттық жеткізілімдерді тасымалдаудың мәселелерін шешу;
Экспорттық қызметті ретке келтіретін, билік органдарының барлық деңгейінде өзара бірлескен қызметтерін кеңейту, атқарушы билік органдары мен жергілікті басқару органдарына экспортты дамытудың арнайы бөлімшелерін құру, экспорттық саясатты жасау мен экспорттаушыларға көмек берудің мәселелерінде ведомство аралық үйлестірудің жөнге келтіру бойынша ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар шараларды жүзеге асыру;
Қазақстанның экспорттық потенциалын кешенді зерттеу, ішкі мүмкіндіктермен әлемдік жағдаятты есепке ала отырып келешегі зор салалар мен жобаларды табуға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды арттыру.[34]
Екінші кезеңде құрылған институционалдық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымының базасында жедел түрде отандық тауарларды сыртқы рынокқа жылжытуда мемлекеттің қаржылық жағынан көбірек қатысуын қарастыратын белсенді экспорттық саясатты жүзеге асыруға кірісу қажет.
Тағы рефераттар
- Қазақ мәдениетінің дүниетанымы
- Эйнтховен үшбұрышы
- Меридиан бойынша жарық көзінің биіктігі әр белдеудегі аспан сферасының айналуы
- Есеп саясаты және бухгалтерлік есеп курстық жұмыс
- Өтеген батыр (1699-1773)