Экватор Анды туралы қазақша реферат
Экватор АндысыКолумбия анды тауларына ұқсас. Амазонияға қараған беткейлерінде, батыс Колумбияға ұқсас, ылғалды таулы гилеямен жамылған: тынық мұхиттық беткейi шығыс колумбиялық беткейді еске түсiредi, тек соңғысына қарағанда құрғақшылық солтүстiкке емес, оңтүстiкке қарай артады. Сь е р р а атты тау алды үстiртiнің морфологиясында Колумбияның Орталық Кордильерлердiң оңтүстiк бөлiгiне тән жанартаулық пiшiндер анық байқалады.
Кристалдық және метаморфтық палеозой шөгiндiлерден тұратын Шығыс Кордильердiң, бор кезеңiнiң порфириттi фармациясынан түзiлген Батыс Кордильерде ірі жарық сызықтары арқылы аса ірі жанартаулық конустар бой көтереді. Тау аралық ойпатты отызға жуық конус қоршап тұр. Олардың арасында Чимборасо (6272м), әлемнiң әрекеттегі жанартауының бірі — Котопахи (5896м) мен ең белсенді — Сангай (5410м) да бар. Тау аралық ойыс жанартаулық материалдармен қатар аллювийлі және флювиогляциалды, және эолды лессті шөгiндiлерден түзiлген. Ойыс — таулы бассейндер (хойас) тiзбегiне айналған, биiктiгi 2500-2800 м, енi 65 км-ге дейiн, олар жанартаулық тораптар арқылы (нудос) бөлiнген. Бiрде — бiр жүйе құрмайтын, ағысы ақырын өзендерi мен, тегiс бассейндер құнарлы таулы-шалғынды топырақтармен жамылған, қара шірінді горизонтының қалыңдығы 1 м-ге жетедi. Колумбиядағы сияқты, бұл жердiң климаты да қоңыржай жылы (орташа айлық температура 12-130С) және ылғалды (жылына 1200 мм жауын-шашын түседі), ол “мәңгi көктем” климаты деп аталады; Эквадордың негiзгi халқы және астанасы (Кито-2850 м биiктiкте) да тау алды жазығында орналасқан.
Жанартаулық конустарда парамос шалғындары созылған. Орташа айлық температураның амплитудасы 1-20С болғанда, тәулiктiк ауытқу 11-130С — қа тең, ең жоғарғы ауытқу 18-190 С — қа дейiн жетеді. Күндiз жылы (130С), күн шығып тұрады, артынша аяқ асты күштi жел соғып, нөсерлі жауын мен бұршақ араласа жауады, найзағай болуы мүмкiн. Ал түнде үсiк жүруi ықтимал. Осыған байланысты тәулiктiк ылғалдылықтың өзгеруі де ауытқымалы болады. Жылына түсетiн жауын-шашын мөлшерi 2000-2500 мм, топырақ температурасы төмен, ылғал жеткілікті. Осыған сәйкес өсiмдiктерi ксероморфты, олардың жапырақтары мен сабақтары салбырап тұрады, жапырақтары ұсақ және етті болып келедi. Әсiресе, ағаш тәрiзді гүлі күрделi — фрайлехон (испан тiлiнен аударғанда – сопы (монах), 3-5 м биiктiктегi Seneс io және Espeletia түрлерi тән. Олардың сабақтары қалың, сұр түсті, жапырақтары өлі, жоғарғы жағында сарғыш-ақ түсті гүлдері өседі. Парамоста кемiргiштер көп, марал, жанартаудың және мұздықтардың әсерінен пайда болған көл жағалауында мекендейтiн құстардың бiрталай турi кездеседi.
К о с т а деп аталатын Эквадордың Тынық мұхиттық жазықтарын Кариб алды ойпаттарымен салыстыруға болады. Т ау алды жазықтарында, Гуаяс өзенiнiң батпақты төменгі ағысында ысырынды конус дамыған. Ендік бойынша климаттың континенттігі артады, жыл мезгілдері бойынша жауын – шашын мөлшерінде айырмашылықтар, гигрофильдi өсімдіктің мезофиттi және ксерофиттi өсiмдiктермен ауысуы сияқты құбылыстар байқалады. Эквадорда 20с.е. пен 40о.е. ендiк арасында субэкваторлық белдеудiң бүкiл зоналық спектрi орналасқан. Орман ағаштарын тазартып күрiш егеді, жағалауды какао плантацияларына қолданады. Оңтүстiк — шығыс пассаттың әсері 9-10 ай бойы байқалатын оңтүстiкте шөлденген бұталы саванна, ал қиыр оңтүстiк — батыста-шөлейттер дамиды. Осы өңірде Орталық Андының батыс шөлейттi белдеуi басталады.
Тағы рефераттар
- Ақ үйдің Африка және Латын Америкасында жүргізген саясаты
- Көркем диалог қызметі мен типологиясы: әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанында
- Шымкент қаласы және оның маңындағы территорияның табиғат жағдайы
- Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі сыртқы сауда саясаты
- Материя ұғымының философиялық мәні