Бұл тарихи туристік — экскурциялық сапарлардағы орны ерекше. Архиологиялық ескерткіштердің кез келген нысандары туристік экскурция жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайран, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Архилогиялық – тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор.
Қола дәуірі ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай – ақ, Шолақ, Кіндіктас, Баян жүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы Катынқарағай ауданының Бердіел (Берікел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға жатады.
Орта ғасырлық Түркістан, Отырар, Жаркент, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз қалалары, т.б. елді – мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайран т.б. орта ғасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар. Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлемендегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Амет Яссауи кесенесі, Абаб – Араб мешіті, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, т.б. жатады.
Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа қоғам адамдар маңында (Отырар ауданы) Арыстанбаб кесенесі, Ибрахим ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданында Исмаил ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында Артық, Айман кесенелері, Балхаш қаласы маңында Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындары бар.
Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыры ескерткіштер. (Алматы облысы), Қордайдағы (Жамбыл облысында) Өтеген батыр, Ақтөбеде Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қара Керей Қабанбай ескерткіштері жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументы, Астанадағы үш ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік – Кебек кесенелері, Шохан Уалиханов, Қажымұқан Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Дина Нұрпейісова, Абай Құнанбаев, Абылай хан, Әлия мен Мәншүк, Амангелді Иманов, Ілияс Жансүгіров, Сакен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады.
Солардың ішіндегі туристерді аса қызықтыратын ерте орта ғасырлық сәулет құрылыс нысандарының бірі — ежелгі Қойлық қаласының шығыс шетіндегі мұсылман моншасы – Хамам.
Ежелгі Қойлық қаласының ірі сауда орталығы болғанын айғақтайтын жақсы сақталған, туристік тұрғыдан алғанда ең тартымды әрі маңызды екінші нысан – ежелгі қаланың Солтүстік Батыс шетіндегі ауданы 400 шаршы метрден асатын – будда храмы. Храм табынатын кең орталық және оған жапсарлас жатқан бірнеше қосалқы бөлмелерден тұрады.
Ауданның 48 — 50 шаршы метрге жететін орталық бөлме өтетін ғибадат ету қызметін атқарған.
Табынатын орталық бөлменің жан – жағынан ені үш метр болатын қосалқы бөлмелер ұзыннан ұзаққа созылып қоршап жатыр. Кіре беріс бөлме дәліз қызметін атқарған. Ғимараттың биіктігі – 3 метр, керегелерінің қалыңдығы – 80 сантиметр. Ең астында іргетас қызметін атқаратын екі қатар күйдірілген қыш кірпіштің үстіне 5 – 6 қатар шикі саз кірпіштер қаланып, тағы да екі қатар күйдірілген кірпіштер қаланған. Орталық бөлменің табанынан 1 – 2 метр биіктікте бүкіл керегені бойлай көлбей қаланған арасы қуыс екі қатар кірпіш бар. Қуыс дәлізбен орталық бөлмені бір – бірімен байланыстыратын есіктің жақтауыда айқын байқалады. Ол бөлмелердің ішін желдетіп, керегені ылғалдан сақтау немесе бүкіл керегені бойлай салынған түтін шығатын жылу жүйесі қызметін атқаруы мүмкін.
Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкес, ежелгі Қойлық қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін архиологиялық қазба жұмыстары жүргізілген шығыс моншасы, бай саудагердің үйі, мұсылман мешіті, будда храмы сияқты маңызды — әлеуметтік — тұрмыстық нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына келтіріп, реставрациялау жұмыстарына мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуі қажет.
Қаржы тапшылығына байланысты археологиялық жазба жұмыстары жүргізілген сәулет — құрылыс нысандары сыртқы күштердің әсерінен бұзылып тартымдылығын жоғалтуда. Ендеше, қойлық Қойлық (Қиялық) қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін шығыс моншасымен басқа да әлеуметтік –экономикалық мағынасы бар нысандарды толығымен қайта қалпына келтіріп, ашық аспан астындағы тарихи — археологиялық қорық- бақ ашу болашақтағы кезек күттірмес мәселелердің бірі.
Жинақталған қолда бар деректерді талдай отырып, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орын алатын туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Олар:
еліміздің оңтүстік шығысындағы – дәліз қызметін атқаратын Алматы облысының аумағының қолайлы көліктік жағдайы;
Қытаймен тікелей мәдени, сауда — экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы геосаяси жағдайы;
Отандық және шетелдік туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін табиғи және тарихи — мәдени ескерткіштердің халықаралық маңызы бар Алматы — Өскемен, Алматы — Жаркент – Қорғас тас жолдары мен темір жолдарға жақын
Тағы рефераттар
- Экономикалық дамудың қалыптасуы
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы
- Саяси лидерлік және оның типтері
- Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- Жеке адамның психологиялық құрылымы