Еңбек құқығының қайнар көздері мен қағидалары туралы қазақша реферат
Енбек құқығының қайнар көздері деп енбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.
Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді:
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР-ның Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сәйкес келуге тиіс.
Еңбек кодексі және соған сәйкес қабылданған заңдар және ҚР Президентінің жарлыктары;
ҚР Президентінің жарлыктары;
ҚР Үкіметінің қаулылары;
ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;
ҚР Жоғаргы Сотының нормативтік қаулылары;
Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері;
Жергілікті мәслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері;
9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер;
10. Жұмыс берушінің актілері.
Еңбек қуқығының қайнар көздерінің уақытқа, кеңістікте және
ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары — егер сол актілердің өзінде күшіне ену уақыты көрсетілмесе, онда ресми түрде жарияланган сәттен бастап он күннен кейін занды күшіне енеді.
ҚР Парламентіның қаулылары — егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, ресми түрде жарияланған алғашқы күннен бастап занды күшіне енеді.
3) ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары — оларды
қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді.
4) Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін органдардың, атап айтсақ, ҚР Жоғаргы сотының, Ұлттық банктің, жергілікті
өкілді және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілері — егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, оларды ресми түрде жариялағаннан кейін 10 күннен соң занды күшіне енеді.
ҚР-ның нормативтік-құкыктық актілерінің күші бүкіл республика аумағына таралады. Республика аумағы деп мемлекет егемендігіндегі құргақ жер, аумақтық сулар, ішкі сулар және әуе кеңістігін айтамыз. Сондай-ақ Қазақстан аумағына дипломатиялык елшіліктердің, өкілдіктердің аумағы, Қазақстанның әуе, су кемелері жатқызылады.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің занды күші тиісті территорияға гана таралады. Еңбек құкығының локальды қайнар көздерінің күші ұйым, мекеме, ұжымның аумағына, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің аумағына ғана таралады. Әлеуметтік әріптестік туралы бас келісім бүкіл республика аумағында крлданылады
Тағы рефераттар
- Шартты рефлекстерді зерттеу әдістемесі және жасалу механизмі
- Нарық экономика жағдайында аудиттің рөлі курстық жұмыс
- Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп
- Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару
- Менеджер этикеті