Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгерту өте күрделі мәселелер пайда болумен сипатталады.
Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін жетілдіру талап етеді. Басқару жүйесінде маңызды ресурстың бірі болып адам факторы табылады. Әсіресе мемлекетте еңбек ресурстарын басқару мәселесінің маңызы зор. Өндірістік демократия тікелей басқару технологияларына әсер етеді. Қазірде әлемнің көптеген елдерінде өндірісте, ұйымда демократияның әр формалары кездеседі. Оларға: өндірістік кеңестер, кәсіби ұйымдар, тарифтік келісімдер, кәсіподақтар және т.б. жатады. Осы өндірістік демократия ұйымдармен қарым-қатынасты түзеу басқару қызметінің маңызды бағыты болып саналады.
Өйткені, еңбек ресурстарын басқарусыз ешбір кәсіпорынның, ұйымның атқаратын қызметі іске аспайды.
Сондықтан да кәсіпорын қызметтерін тиімді атқару үшін еңбек ресурстарын басқару мәселесін бірінші орынға қою керек.
Персоналды басқару мәселесі, кәсіпорынның кадрлық бөлімшесінде шешіледі, яғни кадрлық бөлімшесінде жұмысшыларды жұмысқа қабылдаудан бастап жұмыстан шығаруға дейінгі міндеттері қойылған.
Жалпы кәсіпорында еңбек ресурстарын басқару дегеніміз еңбек функцияларын атқару кезінде жұмысшылардың қызметі мен жүріс-тұрысының потенциалын максималды пайдалану мақсаты мен басқарушылықтың әсер ету комплексі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның еңбек ресурстарын шаруашылық қызметті тиімді қамтамасыз ететін және еңбек потенциалы өндіріске сәйкес келетін жалға алынған, сондай-ақ өзінің меншікті жұмысшыларының барлық жиынтығы.
Бұл жұмыс тақырыбының маңыздылығының артуының кейбір мәселелері:
Біріншіден, жаңа техника, технология және өндірістік қызметінің әдістерінің дамуына байланысты еңбек ресурстарының рөлі артуда. Еңбек өзгеруі XX ғасырда өндірістің автоматизациялануынан басталады. Соның арқасында жұмысшы мен еңбек құралдары бөлініп қарастырыла бастады. Автоматизация, компьютеризация – персонлды басқарудың жаңа мәселелерінің бірі, ол басқаруды жаа технологияларын талап етуде. Өйткені автоматизация, компьютеризация арқылы тек физикалық жұмыстарды істеткізе қоймай және интелектуалдық жұмыстарды (мысалы, ақпараттар арқылы) істеуге болады. Сол кезде қызметкердің интелектуалдық қызметін басқару, қадағалау қиын. Осы салада басқарудың жаңа технологияларын, әдістерін құру қажет.
Екіншіден, қазіргі қоғамда еңбек ресурстарының рөлінің жоғарылауы қызметкерлерді бағалау, қадағалау мүмкіндіктері және өз-өзін бақылау, өз өзін тәрбиелеу мәндерінің жоғарылауына байланысты. Еңбек процендегі бұл өзгерістер қызметкерлерді ынталандыру әдістерінің қатынастарының өзгеруіне, бұрынғы «алғыс айту-сөгіс», «ынталандыру-реакция» әдістерден жаңа аса күрделі басқару технологияларына алып келді.
Үшіншіден, мемлекетте еңбек ресурстарын макроэкономикалық факторлардың әсерінен артуда. Оған әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің жоғарлауын, тұтынушылардың талғамы мен сұранысын, өнім сапасының маңыздылығын және т.б. факторларды жатқызуға болады.
Төртіншіден, өндірістегі еңбекті ұйымдастыру технологияларының өзгеруі. Мұндай өзгерістерінің біріне ұйымдағы еңбекті ұйымдастыру ұжымдық формада пайдалануды жатқызуға болады. Ол макродеңгейде – бүкіл ұйымда, ал микродеңгейде – тек құрылымдық бөлімшелерде.
Бесіншіден, қызметкерлердің білім, мәдениет деңгейінің жоғарылауы еңбек қызметінде және оның жеке қажеттіліктерінің өсуіне алып келуде. Қазіргі жай жұмысшыға қарағанда біліктілігі жоғары мамандарды басқару, бақылау күрделі болып келуде. 90 жылдардан қызметкерлердің жаңа типі қалыптаса бастады. Ол өмір мәнін еңбек қызметінде табуға тырысып, еңбек қызметіне белсенді қатысушысы және ұйымды басқарудың бір бөлігін өзіне қарастырғысы келеді.
Алтыншыдан, қоғамда, өндірісте демократияның дамуы персоналды басқаруға жаңа технологияларды қолдану мәнділігінің артуы. Демократияның макродеңгейде, яғни мемлекеттік деңгейде ресурстарды басқаруға әсер етуі екі бағыт бойынша әсер етеді:
— мәдениеттілік арқылы әсер ету, яғни жеке құқықтарды қастерлеу оның ішінде әлеуметтік және еңбек құқықтары, басқарудың демократиялық стилін күту, ұйым қызметіне қатысуға дайындық.
— заңдарды қолдану арқылы, қызметкерлердің құқығын қорғау және өндірісте еңбек қатынастарын реттеу.
Халықты жұмыспен қамту – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Еңбек нарығындағы орын алатын жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтуазиандық теория – жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория – бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы – жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.
2004-2006 жылдары экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалды. Осы жылдардағы жұмыссыздықтың азаю динамикасын салыстырып көрелік.
Тағы рефераттар
- Спарта мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты
- Шығындардың түрлері
- БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
- Қант қызылшасы селекциясының биотехнологиялық әдістері
- Африканың жануарлар дүниесі