Мемлекеттік саясат білім берудің халықаралық үлгілерін және еңбек нарығы дамуының серпінділігі мен келешегіне сәйкес келетін кәсіптік дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан саясатпен бірге әлеуметтік-экономикалық бағыттар дамуының табысты серпінділігіне ие болды. Біздің мемлекетіміздің экономикалық саясатты қайта құрудың әлеуметтік бағыты Президенттің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында келесі: демография; зейнетақы; кадр; тұрғын үй; білім бағыттарында айқындалады.

Қазақстан қазіргі заман әлемінде Қазақстан және қазақстандықтарға лайықты орынды, әл-ауқатының өсуін, барлық халықтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін сыртқы нарыққа шығуы және нық орналасуы керек. Қазақстандық және аймақтық нақтылықтарды есепке ала отырып және әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің жетістіктерін іс жүзіне асыра отырып:

  1. анықталған жетістіктері бар секторларды қайта жаңғырту қарқынын жеделдету;
  2. экономика саласы мен Қазақстанның әлеуметтік өмірін қоса алғандағы барлық жағдайларды қайта жаңғыртуды тарату.

Қазақстандық жоба – бәсекеге аса қабілетті әлемнің елу елдері қоғамдастығымен жеделдетілген ілгерілеуі және Қазақстанның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстан ұстанымын бекіту.

Қазақстан үшін қолайлы жағдайларда Бүкіләлемдік Еңбек Қоғамына (БЕҚ) ену – бұл Қазақстанның аймақтық экономикада міндетті түрде жаңа жетістіктерге жетуін және жаһанды экономикаға толық құқықты қатысуын қамтамасыз етудің мақсаты.

Экономиканың өсуі мен қаржылық мүмкіндіктерге сүйене отырып, біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсатру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Қазақстанның жер қойнауы байлығын игеруде жұмыс жасап жатқан шетелдік серіктестер, әлбетте, нарық негізінде біздің экономика мен Қазақстанның әлеуметтік дамуының әртараптылығында еліміздің қажеттіліктеріне нақты көзбен қарап, оң шешім қабылдады. Қазіргі заманғы білім және кәсіптік қайта дайындау, «ақылды экономика» негізін қалыптастыру, жаңа технологияларды, көзқарастар мен тәсілдерді пайдалану, экономика жаңалықтарын дамыту керек. Бағытталған қолдаулар: медициналық қызмет сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту; зейнетақыны жинақтау жүйесін жетілдіру; жұмысшы орындарын құру қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

Бұған мемлекет, бәрінен бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мен денсаулық сақтау Министрлігі жауапты.

Әлеуметтік саясатты зерделей отырып, келесі шешімдерге келгенімізді атап өткіміз келеді:

  1. Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру еліміздің және қоғамымыздың экономикалық өмірінде, сондай-ақ ҚР азаматтарының өмірінде ерекше рөл атқарады.
  2. Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру ролі біздің өмірімізде аса маңызды мәнге ие. Барлық жұмыс істейтін әйелдер сақтандыру негізінде аяғы ауырлық немесе бала бағу бойынша әлеуметтік төлем ала алады. Экономика саласы мен Қазақстанның әлеуметтік қоғамдық өмірін қоса алғандағы барлық жағдайларды қайта жаңғырту таратылуда. Бұл тақырыпты зерделеу бізді Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау жүйесі құрылым және даму сатысында, оның оңтайлы құрылымының белсенді ізденісі жүргізілуде деген ойға келтірді.

Жүргізілген зерттеулер көлемі еңбек жағдайын қайта ұйымдастыру жөніндегі бағдарлама қорытындылары туралы ақырғы шешімдер үшін әзірге әлі жеткіліксіз, дегенмен қолдағы бар мәліметтер мұндай бағдарламалар жұмысқа деген қанағаттылық сезімін дамытуға, жұмыстан қалу санының төмендеуіне, кадрлардың ауысуына және өндіріс сапасының артуына ықпал ететінін көрсетеді. Сонымен бірге көптеген жағдайларда еңбек өндірісінің артқаны белгіленбегені қарастырылды, мүмкін ол еңбек мамандығының шекті деңгейімен негізделген болуы керек. Десе де, бұл нәтижелер еңбекті ұйымдастыруды өзгерту бағдармалары мекеме қызметі тиімділігінің артуына ықпал ететінін көрсетеді, мұндай бағдарламаларды сынайтын мамандар да табылады. Кейбір сыншылар экономикалық тиімділіктікте жұмысқа қанағаттану сезімдеріне басым берілуге болмайды деп есептейді. «Еңбек жағдайын арттыру үшін технологияны және құрал-жабдықтарды өзгертуді, өзгерістер аса үлкен кіріс келтірген жағдайда ғана өзгертуге болады» дейді. Басқа сыншылар «көптеген жұмысшылар өзінің жұмысына иесіздену сезімін білмейді, сондықтан жұмысқа деген жауапкершілік пен тәуелділікті керек етпейді» дейді. Одан басқа авторлар еңбекті қалпына ұстауды байыту лауазымға келеген кезде лауазымдық нұсқаулық, талаптар, мамндықтар қатары бойынша нормативтік актілер түрінде белгіленген кәсіподақтың шектеуімен, сондай-ақ жалпы сенімсіздікпен бөлінеді дейді. Сондықтан, басшылар еңбек жағдайын қайта жаңартуды жұмысшылар оған бейімделіп, дайын екеніне сенімді болған жағдайда ғана жүргізгені абзал. Кейбір бағдарламаларды орындау барысында жұмысшыларға өздерінің қалауынан артық еркіндік берілді. Соңғы жылдары айтылған сындар еңбек жағдайын қайта жаңарту көзқарасын қолдайды. әйтсе де, еңбек жағдайын ұйымдастыруды жетілдіру бағдарламасын әзірлеуде жұмысшының қанағаттық сезімінің, еңбек сапасының артуына, жұмыстан қалу саны мен кадрлардың ауысымының дамуына ықпал етеді.

Сондықтан, еңбек ресурстарының әлеуметтік-экономикалық санат қатарына жататынын ескере отырып және жоғарыда айтылғандар негізінде экономикалық саласында секілді қызметтің әлеуметтік саласында да еңбек ресурстарын басқару өзгерістерге тән деген қорытындыға келуге болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Халықты жұмыспен қамту тек экономикалық емес әлеуметтік те проблема болып табылады. Ол халық өмірінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, әр адамның кәсіптік мүмкіншіліктерін дамытуды қалыптастыруда айқындаушы рөлді атқарады. Жұмыспен қамту проблемасын әлеуметтік бағдарламалар бойынша мемлекет басшының өкімі мен шешімдерін орындай бастаған мемлекет ғана шеше алады. Мысалыға, жұмыс істейтін әйелдер сақтандыру негізінде әлеуметтік төлем алып тұра алады. Еңбек белсенділігі және еңбек қарым-қатынастырының нысаны тиімді болады. Әйелдерді жұмысқа қабылдауда тең құқықтан айыру негіздері жойылады. Жалпы алғанда мемлекет өткен жылдармен салыстырғанда халықты жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізуде. Оны санақ деректері көрсетіп тұр. Қалалық маслихатпен бекітілген 2005-2009  жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасында Алматы қаласының бюджетінде 204,0 млн. тенгеден астам көзделген.

Басқарушы қызметіне негізгі элеметтерінің бірі кадрлар сасаты. Экономикасының дамуы қазіргі кезеңде еңбек ресурстарын нәтижелі дайындау және қолдану басты айқындаушы фактор болып табылады.

Басқару жүйесінде жаңа бейнелі басқарушыларды қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі заманғы қағидаларды әзірлеу қажет.

Еңбек ресурстарын басқару бөлінуі негізінен ортағасырда цехтардың жұмыс істеуімен сәйкес келді. Осы кездерде цехтың жұмысшыларының еңбек жағдайлары  , еңбекақы және жұмысшы өмірі, жұмысқа көңіл бөліне бастады.

Бүгінде еңбек күші стратегиялық ойлау, тапқырлық, мәдениеттілік тағы басқа сол сияқты қабілеттіліктерге иемденуі қажет. Ол үшін адам ресурстарын әрдайым дамытып отыруы қажет.

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік нарықта өзінің бәсекелестік позициясын орнықтыру үшін мемлекеттің ролін күшейтіп, экономиканың стратегиялық басқаруын дамытуы және кадрлық саясатты көтеруі тиіс.

Қазақстанда еңбек нарығының аяққа тұруы оның дамудағы алдыңғы кезеңінің тарихи-нақты талаптарын және келер жылдардағы халық шаруашылығын басқару жүйесінің диалектикасын көрсетеді. Қоғамдық жайғастырудың әлеуметтік үлгісі шеңберінде дамудың алдыңғы кезеңіндегі ерекшеліктері құрылып келе жатқан еңбек нарығының, дамыған аса маңызды құрылымдық элементтерінің, реттеуі жоқ бара-барлық тетігінің шарттылық сипатын айқындады. Толық мөлшерде экономикалық, мемлекетті-әкімгершілік (құқықтық, ұйымдық) еттеуіш дамымаған, оның міндеті жұмыс күшінің жергілікті немесе мемлекетаралық деңгейде жылдам қозғалу шарттарын қамтамасыз ету. Әзірге өндіріс қаражатына деген мемлекеттік меншік монополиясы жойылмаған, халықтың аумақтық ұтқұрлығы төмен. Халықты жұмыспен қамту жүйесінің материалдық-ақпараттық негізінің жағдайы еңбекке қабілетті халық қызметінің жеделдігі, жалға алушылардың әртүрлі іс-әрекеттерінің қажеттілігі, әлеуметтік-демографикалық түрлі топтары жаңа талаптарға әзірге сай келмейді. Қазақстан кез келген басқа елдер сияқты, өзінің ерекше үлгілік құрылым  жайты бар. Республика- көпұлтты, әр ұлттың өз құндылығы мен салт-дәстүрі, еңбекті ұйымдастыруда тарихи өмірлік тәжірибесі, тұрмысы, мәдениеті, философиясы т.с.с. қасиеттері бар. Еліміздің негізгі екі ұлтты: қазақтар мен орыстар шешуші рөл болып табылады. Қазақстан арзан жұмысшы күшін, бірақ қолайлы демографиялық жағдайды иемденеді. Республика халқы 16 млн. көлеміндегі халықты құрайтындықтан  ішкі нарық барынша тар. Сондықтан еңбек нарығының қазақстандық үлгісі өзінің тарихи, экономикалық, демографикалық, саяси т.с.с жағдайларының есебінен дами отырып: жапондық ұжымдылық: американдық жекешелік немесе еуропалық үлгісі болып құрылуы екіталай. Еуропалық үлгіні жүзеге асыру біздің республикамыз үшін мүмкін жағдай емес, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаржы жетіспеушілігінің салдарынан жұмыстан босатылған жұмысшыларды әлеуметтік жағынан қорғаудың сенімді жүйесін құруға үміт арту қиын. Жапониядағы сияқты жоғары өндірісті еңбекке де үміт арту қиын. Қазақстандықтыр жапондықтар сияқты: тәртіптілік, ұқыптылық, бекітілген ережелерді қатаң сақтау, жоғары еңбексүйгіштік т.с.с. өздерінің құнды қасиеттерін көрсете білмейді.

Қазақстан азаматтарының ұжымдылығы аса жоғары, әсіресе бұл қоғамдық және еңбек қатынастарында шешілетін жанұялық, туыстық байланысы тарихи жағынан мықты ежелгі ұлтқа қатысты. Бірақ Қазақстан бір ұлтты мемлекет емес… Өзінің өмір сүру, тұрмысы жағынан еуропа халықтарына жақын басқа да ұлттар  мен халықтар бар. Көптеген ұлттарға, әсірісе, орыстарға біздің республикамызға өмірлік жалданып өту ұғымы енбейтін бостандықты сүю, көші-қон ұтқырлығы секілді сапалары тән. Қазақстан әлде біреулердің еңбек қатынастары үлгісі қабылдайды алмайды немесе аралас үлгіні құра алмайды. Бұл қазақстандықтардың  табиғи жаратылысына қарама-қайшы, сондай-ақ өмір қабілетсіздігіне сәйкес  келер еді. Қазақстан Республикасы өзге елдердің тәжірибесін, жетістігінің және әрекетсіздігін зерделей отырып өзінің үлгісін құруы қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы – А, 2009 өзгертулермен және  толықтырулармен 8.10.1998 ж бастап №284
  2. Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.А Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан дүние жүзі елдерінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында» 2006ж 1 наурыз
  3. Кейнс Джон Мейнард Общая теория занятости, процента и денег М 1999 350 б
  4. Қазақстан Республикасы Президенті НазарбаевН.А Қазақстан халқына жолдауы: ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН 2009 ж наурыз
  5. Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.А Қазақстан халқына жолдауы: «Әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2010ж наурыз
  6. КазЭУ хабаршысы 2006ж №2 52  Дингазиева Б.Д Социально – экономические аспекты использования трудовых ресурсов в РК
  7. Горелов Н.А Экономика трудовых ресурсов М ВШ 1989,207б
  8. Транзитная экономика № 5 2004ж 116- 126 б Дузбаева М. Факторы миграции трудовых ресурсов в условиях развития рыночных отношений
  9. Рузанов Р Власть капитала над трудом: антогонизм и его последствия Труд №7 2004 17,15-22б

10. Экономика и социология труда Под ред. Адамчука В.В – М:

Экономическое образования, 1995г

11. ҚР статистикалық материалдар жинағы, 2009 жыл

12. Қ. Абдиев редакциясындағы стат. жинақ – Алматы, 2005ж 338б

13. Труд в Казахстане №7 2006ж 16-22б Рынок труда и безработица М. Асанова Оценка влияния прямых инвестиций на занятость населения РК

14. Шкуркин А.М Феномен труда: синеогетический взгляд —  Общественные науки и современность №1 1998 123,126-127,129б

15. Рузанов Р Власть капитала над трудом: антогинизм и его последствия Труд №7 2004 17,15 – 22б

16. Рузанов Р Власть капитала над трудом: антогинизм и его последствия Труд №7 2004 17,15 – 22б

17. Кондрашина О. Транзитная экономика 2005 №4 30-35б Системный подход к проблеме управления трудовыми ресурсами общества

18. Мельдаханова М. Становление новой парадигмы занятости и рынка труда в услоиях устойчивого развития страны. – Экономика и статистика, №3 2001ж

19. Маренков Н.Л, Алимарина Е.А Управление трудовыми ресурсами 2004,443с

20. Мухамбетов. Т.И Стратегия управление трудом А, Казахстан 1992,307с

21. Труд в Казахстане №7 2006ж 2-7б Современные проблемы труда Г.Шегирова Особенности труда и гендера в условиях глоболизации

22. ҚР қысқаша стат. жинақтары 2006ж

23. Казахская Академия Труда и Социальных Отношений, Вестник №1 2006
Тағы рефераттар