Еңбек пен оның төлем есебі туралы қазақша реферат
Шаруашылық үрдістері жабдықтау, өндіру және сату екені белгілі, яғни осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
— Мерзімді және кесімді еңбекақы.
— Сыйлықтар мен сыйақылар.
— Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақы— еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген , жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады
Жұмыс беруші, еңбек және коллективті келсім шартқа және заңға сәйкес, жұмыстың көлемі мен сапасы, қиындығына ескере отырып, жұмыскерге еңбек ақы төлеуге міндетті. Жекелей еңбек пен коллективті жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу мүмкіндіктері де қарастырылады. Жеке еңбек келісім шарттында, міндетті түрде еңбек ақы төлеу шарттары қарастырылады. Еңбек ақы көлемін жұмыс беруші тағайындайды және оның мөлшері заңмен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Еңбек ақы есептеу, әр мекеменің өзі қабылдаған штатық кестесінің негізінде, еңбек ақы төлеу жүйесі мен формасына сай, жүмыс уақыттының табелін толтыру арқылы жүргізіледі. Кез келген мекемеде қызметкерді жұмысқа алу, босату үшін немесе іс- сапарға жіберу үшін мекеме басшысының бұйрығы керек. Еңбекақы есептеген кезде бекілілген ставка бойынша жеке табыс салығы, сонымен қатар, зейнетақының жинақтау қорына аудару үшін 10% көлемі ұсталып қалынады. Еңбек ақы қорына байланысты әлеуметтік салық пен қамсыздандыру жарнасы есептеліп, оны ұйым төлейді. Еңбек ақы ұсталуға тиісті міндетті төлемдер ұсталып болғасын, төлем ведомосы бойынша еңбеккерге төленеді.
Төлем ведомосын төлеу уақынын көрсете отырып, мекеме басшысы бекітеді. Ведомосты жабар кезде , кассир немесе бухгалтер, әртүрлі себептермен төленбей қалған соманы тексеріп және оларға « төленді » деген штамп басылады. Ведомость бойынша төленген еңбек ақыны сомасы, кассалық шығыс ордердегі және кассалық кітаптағы сомаға сәйкес келуі тиіс. Еңбек ақы бойынша есептесу есеп тесулер 3350 « Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді алашақтар қарызы » деп аталатын счеттар тобында жүргізеді. Еңбек ақы жүйесіндегі негізінен екі түрлі формада қолданылатыны белгілі – уақытына қарай және өнім көлеміне қарай төлеу жүйесі.
Колледжде еңбеккерге сыйақы ретінде ақшалай қаржы төлеу, жұмысты ықтиятты түрде орындап, оның сапалы, тез арада атқаруын ынталандыру үшін сыйақы беру қолданылады. Колледжде еңбек ақы төлеу жүйесінде қосымша , еңбеккерге жыл қортындысы бойынша материалды үстемелер төлеу шарттары қарастырылады. Колледжде жыл қорытындысы бойынша төленетін материалдық көтермелеулер, сыйақы төлеудің қосымша бір түрі болып табылады және еңбек ұжымы, ұжымдық келісім шартта көрсетедің және жүмыс берушінің актілерінде арнайы қарастырады. Еңбек ақы негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі еңбек ақы , еңбек ақының басты бөлігі есебінде, лауазымдық жалақылардан тұрады. Қосымша еңбек ақының элементтеріне , лауазымдық жалақыға қосымша берілетін сыйақылар мен материалдық ынталандырулар, басқа да түрдегі төлем ақылар жатады.
Еңбек туралы заңға сәйкес, ұжымдық келісім шарт бойынша, колледждің еңбеккерлеріне жалақы ай сайын кем дегенде бір рет төленуге тиісті. Еңбек ақы бойынша , оны есептеп, рәсімдеу үшін пайдаланылатын регистр, ол есептеу ведомосы болып табылады. Аналитикалық есептің бұл регистрі әрбір табель нөмері, жұмыскерлердің категориясына сай және еңбек ақы түрлері мен одан ұсталатын сомалар бойынша жеке жасалынады.
Колледжде еңбек ақы беруі былай іске асады еңбек ақы бойынша бухгалтер еңбек ақыны есептеп міндетті ұсталымдарды ұстап АТФбанкке, яғни жеке тұлғалардың есеп карточкасына аударады. Аударылған ақша 2 сағат көлемінде әр еңбеккердің карточкасына келіп түседі. Колледжде қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбекақы негізгі еңбекақы және мерзімді еңбекақы бойынша есептеледі. Өйткені бұл оқу орнында сағаттық мұғалімдер де бар. Олардың жалақысын есебіне мысал келтірсем:
№1. Мұғалім А –ның жалықысы шаттық кесте бойынша 65 000 тг деп белгіленген. Ақпан айында 20 жұмыс күні болды. Мұғалім А-ның жалақысын негізгі еңбекақы бойынша есептеймін.
МЗЖ= 65 000*10%=6500тг
ЖТС= ( жалақы –МЗЖ — ең төменгі жалақы)*10%
Осы формулаға сала отырып жеке табыс салығын табамыз.
ЖТС= (65 000тг- 6 500тг- 15 999)*10% = 4250,1тг
Алатын жалақысы:
65 000 тг- 6500тг – 4250,1=54 249,9тг
Әлеуметтік салық ( жалақы қоры- зейнетақы жарнасы)*11%
65000-6500*11%=6435 тенге. Соның ішінде әлеуметтік жарна 5% =321,75
Әлеуметтік салық 6435- 321,75= 6113,25
дт |
кт |
Сомасы (тг) |
8113 |
3350 |
65 000 |
3350 |
3120 3220 |
4250,1 6 500 |
3350 |
1010,1030 |
54 249,9 |
8113 |
3150 |
6113,25 |
8113 |
3210 |
321,75 |
№2. Мұғалім Б-ның 1 сағаттық жалақысы – 463тг. Ақпан айында ол 48 сағат жұмыс істеді. Мұғалім Б-ның жалақысын сағаттық ставка бойынша еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақы мөлшерін анықтаймын.
463тг* 48сағ=22 224тг
МЗЖ= 22 224*10%= 2 222,4тг
ЖТС= (22 224тг- 2 222,4тг- 15 999тг)*10% = 400,26тг
Алатын жалақысы:
22 224- 2 222,4- 400,26=19 601.34 тг
Әлеуметтік салық ( жалақы қоры- зейнетақы жарнасы)*11%
22 224-2 222,4*11%=2200,176 тенге. Соның ішінде әлеуметтік жарна 5% =110,0088
Әлеуметтік салық 2200,176- 110,0088= 2090.1672тг
дт |
кт |
Сомасы (тг) |
8113 |
3350 |
22 224 |
3350 |
3120 3220 |
400,26 2 222,4 |
3350 |
1030 |
19 601,34 |
8113 |
3150 |
2090.1672 |
8113 |
3210 |
110,0088 |
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Қызметкерге кассадан жалақысы берілді |
3350 |
1010 |
Жеке табыс салығын ұстау (10%) |
3350 |
3120 |
Жеке табыс салығы бюджетке аударылды |
3120 |
1030 |
Зейнеткерлік жинақтау қорына міндетті түрде аудару үшін ұсталған зейнеткерлік жарналар (10%) |
3350 |
3220 |
Еңбекақыдан несие сомасы ұсталды | 3350 | 1252 |
Мекеме кассасынан алынған несие |
1252 |
1010 |
Еңбек ақы есептеу |
7210,8113 |
3350 |
Еңбеккерлердің карт-счетына аударылған еңбек ақы сомасы |
1040 |
1030 |
( № 64-84 қосымшалар)
Тағы рефераттар
- Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау
- Кәсіпорын есеп саясатының тиімділігін бағалаудағы аудиттің ролі
- Прокуратураның құқықтық актiлерi
- Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері
- “Қазақ” газеті