Еңбек шарты туралы қазақша реферат
Еңбек шартының түсінігі, мазмұны мен мерзімі
Мемлекетіміздің Ата Заңының 24-бабында «әркімнің еңбек ету бостандығына. қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін кендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, соңдай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар» екендігі айқын бекітілген.
Жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек құқығын заң жүзінде реттеп отыру қажет. Мұнсыз олардың көкейкесті мүдделерін қорғау мүмкін емес. Олай болса, біз құқықтық ұйымдастыру шараларының негізгі түрі еңбек шарты арқылы осы міндеттерді іске асыра аламыз.
Еңбек шарты — қызметкер мен жұмысберушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, бұл келісім бойынша қызметкер жұмысберушінің актісін орындай отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмысберуші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де акшалай төлемдерді уақытында көлемінде төлеуге, еңбек туралы зандар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Еңбек шартымен қатар қазір нарықтық экономикаға көшуге байланысты занда «контракт» ұғымы пайда болды. «Контракт» ұғымы еңбек катынастарында арнайы мағынада қолданылады. Қолданылып жүрген еңбек зандарында контракт еңбек шартының ерекше бір түрі ретінде аталғанымен онын мазмұны мен құрамы еңбек шартымен сабактасып жатыр.
Контрактының еңбек шартынан айырмашылығы мынада:
контрактының талаптарын тараптардың өздері белгілейді және онда накты жеңілдіктер мен артықшылыктар белгіленуі мүмкін;
контрактыда еңбек зандарында белгіленбеген шаралар қолданылуы мүмкін, мысалы, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақытының режимі, демалыстың үзақтыгы және т.б.
Еңбекші бір кәсіпорынмен еңбек шартын (контрактісін) жасасқан күннен бастап ол сол кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше болады, әрі оның ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады. Осынысымен еңбек шарты басқа азаматтық құқығында қолданылатын шарттардан ажыратылады.
Еңбек шартының заңдық маңызы өте зор:
1) ол елімізде еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың, тұрактандырудың және тартудың ең негізгі құкыктык нысаны;
ол еңбекшілердің еңбек құқығын жүзеге асырудың негізгі нысаны;
енбек шарты еңбек қатынастарынын пайда болуына негіз болатын заңды маңызы бар факті;
4) еңбек шарты өзінің тараптары үшін қажетті еңбек құқыктары мен міндеттерін тудырушы негіз;
5) еңбек шарты арқылы еңбекші белгілі бір кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше бола алады;
6) еңбек шарты жеке еңбек келісімі болғандықтан ол еңбеккердің жеке басын зансыз еңбек жағдайларынан қорғайды.
Жеке еңбек шартының мерзімі
Жеке еңбек шарты колданылу мерзіміне қарай: белгісіз мерзімге; белгілі бір мерзімге; белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Шарттың накты мерзімі қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша белгіленеді.
Белгілі мерзімге жасалған шарт белгісіз мерзімге жасалған шарттан тараптар үшін шарт мерзімі біткен кезде қандай да болмасын себептерді көрсетпестен енбек қатынастарын тоқтату мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Белгілі бір жұмыстың орындалу мерзіміне жасалған шарттар белгілі бір мерзімдік шарттардың бір түріне жатады, бірақ, бұл жағдайда шарт жасасу кезінде оның мерзімі накты күнтізбелік кезеңмен шектелмей, белгілі бір жұмыстын аякталуына байланысты қойылады.
Шарт белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына немесе уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына, жұмыстың аякталу мерзімі шамамен ғана белгіленуі мүмкін болғанда жасалады (мысалы, қызметкердің ауруы, накты объекті құрылысының аяқталуы, т.б.).
Белгісіз мерзімге жасалған жеке еңбек шарты қызметкердің ешқандай мерзіммен шектелмей, тұракты жұмысқа қабылданғандығын білдіреді. Ал белгілі бір мерзімге жасасқан жеке шартының накты қолданылу мерзімінің шегі Қазақстан Республикасының зандарында белгіленбеген. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.
Шарт күшінің мерзімі біткенде тараптардың келісімі бойынша үзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.
Еңбек шартындағы (контрактісіндегі) тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын жағдайларды еңбек шартынын мазмұны дейді.
Еңбек заңы шартты жазбаша жасау міндетгі болып табылатынын белгілейді және ол еңбек қатынастарының жариялылығына, тиімді кадр саясатын жүргізуге, қызметкердің қабілеті мен кәсіби біліктілігін ескере отырып, оның бастамашылығы мен дербестілігі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге, тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетуге, кызметкердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуына бағытталады.
Тағы рефераттар
- Қазақстан-2030 стратегиясы
- Іс қағаздарын қалыптастыру
- 2007-2009 жылдардағы Қаржылық саясат
- Адам денсаулығына судың химиялық әсері
- Этностың өздік санасы