Еңбекті қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті сақтау жағдайын талқылау туралы қазақша реферат
Қазіргі заман өндірістік шаруашылықтары үздіксіз жаңа және күрделі машина, техника, агрегаттар құралдармен жабдықталып тұрады. Олар қауіпсіздікті қорғау талабына сай ғимараттармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шаруашылықта электр энергиясынан пайдалану жұмыстарды, қызметшілерді электр қауіпсіздігі және техниа қауіпсіздігімен танысу міндетті болады.
Шаруашылықты химиялндыру ауылшаруашылығы қызметкерлерін улы заттар және тыңайтқыштар жұмыс атқару тәсілдерін терең үйренуді талап етеді. Себебі аталған заттармен білімсіз жұмыс атқару тек улануға емес тіпті жарылыс және өрткеде алып келеді[25].
Еңбекті қорғау ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбек жасау жағдайын жақсартуда қорғауда санитарлық-гигиеналық техникалық жұмыстарды жүргізуде заңмен қадағаланады.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмыс атқарудың күрделігі ауыл шаруашылығы өсімдіктері және жануарлардың үздіксіз өсіп өніп өркендеп баруы және олардың өнімін асыруда өз уақытында алдын-ала шараларды қолдану болып табылады.
Түрлі табиғи және кездейсоқ жағдайларға байланысты жоспарланған жұмыстар өз уақытында атқарылмай қалып кейде жұмыс уақытынан кейін түнде жұмыс атқаруға тура келеді. Солай етіп жұмыстың жүру реті бұзылады. Бұл жағдайда шешуші ролді шаруашылық басшыларының жұмысшылар еңбегін дұрыс ұйымдастыру қабілеті қажет.
Қауіпсіздік жеке қорғаныс бұйымдары жұмысшылардың күйуден, уланудан, өндірістік жарақаттан электр тогынан өрт шығуынан, ыстық, жарықтың тағы басқа заттардан тиетін зиянды әсерлерден сақталуға арналған болып табылады. Сондай-ақ түрлі жұқпалы мамандық ауруларынан сақтайды.
Жеке қорғаныс бұйымдарының жалпы ұжымдық қорғаныс бұйымдарынан ерекшелігі әр бір адамды бөлек түрлі жағдайдан қорғайды. Әр бір жұмыстың бағытына қарай олар тыныс алу жолдарын қорғау, көру, есіту мүшелері сондай-ақ тері және бүтін организм қорғау болып бөлінеді. Бұл бұйымдарды бөлек, құрғақ басқа заттардан оңшақталған үйлерде бөлмелерде сақталады[26].
Техникалық қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талабына сай барлық өзі жүретін техникалар конструкциясы бойынша таратылады. Ауыл шаруашылығы машиналар, тракторлар айдаушылар травма қауіпсіздігі үшін алынатын, ығыстырылатын, көшірілетін жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Жоғарыдағы аталған қауіпсіздік талаптарына жауап беретін (механизм болмауы, жабдықталмаған жұмыс орны, жөнделмеген тежегіштер, дыбысты белгілері болмаған, алғашқы жәрдем дәрі-дәрмек құтысы және температураны түсіретін дәрмек болмаған техникалар) жұмыс атқаруға жіберілмейді.
Тағы рефераттар
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ курстық жұмыс
- Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі мен бастауыш оқушыларында қалыптасуы
- Батыр жырау — Қожаберген
- Бас бухгалтерлік кітаптың рөлі мен маңызы
- Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы