Есеп тіркелімдері, жазбалары және оның нысандары туралы қазақша реферат
Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есепшоттарында тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есеп құжаттарындағы опреацияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері: карточкалар, кітаптар, тізімдемелер (ведомостар) мен журнал-ордерлер және тағы басқа түріндегі есептік тіркелімдер қолданылады.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге арналған карточкаларды қалың қағаздан немесе картоннан дайындайды. Олар негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сақталу орны бойынша талдамалық есептеуге арналған. Әрбір карточкаға реттік нөмір беріліп және оларда карточканың ашылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы картотекалық-жәшіктерде сақталған.
Кітаптар — өз алдына белгілі бір пішінде жазылған қағаз беттері болып табылады. Оларды маңызды, яғни көбірек бақылау қажет деп есептелетін бөлімдерде қолданады. Кітапты пайдалану әдетте бір бухгалтермен шектелген, себебі қажет болғанда, яғни бір кітаптағы мәліметпен екі немесе одан да көп адамдар жұмыс істейтін жағдайда оны бухгалтерия қызметкерлері арасында бөліп беруге болмайды. Бірақ кейбір жерлерде олардың баламасы жоқ (әрбір ұйымдарда міндетті түрде кассалық кітап жүргізілуі керек). Кітаптарды пайдаланудың артықшылығы – жеке беттерді жаңаға ауыстырудың мүмкін болмауығ яғни жауапты тұлғалар атынан қиянат жасау мүмкіндігі төмендейді.
Жеке беттер – үлкен пішіндегі есеп тіркелімдері болып табылады және карточкаларға, кітаптарға (журналдарға) қарағанда үлкен есеп ақпаратын қамтиды. Олар бііктірілген тіркелімдер көлін атқарады, яғни синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепті жүргізуге арналған. Сонымен қатар бұлар, яғни әр түрлі тізімдемелер мен журнал-ордерлер бухгалтерия қызметкерлері арасында міндеттерді ұтымды бөлуге мүмкіндік береді және пайдалануға ыңғайлы (қолайды) болып табылады.
Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша хронологиялық, жүйелік және біріктірілген болып бөлінеді.
Хронологиялық тіркелімдер шаруашылық операцияларын жұмыстардың орындалуы мен құжаттардың бухгалтерияға түсуіне қарай жазу үшін қаолданылады. Мұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтерлік жазбалардың жоғалып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге тіркеу журналын (регистрациялық), шаруашылық операцияларды есептеу кітабын және тағы да басқаладрыд жатқызуға болады.
Жұйелік тіркелімдер шаруашылық операцияларын мазмұны бойынша топтан және бәрыңғайлығын анықтау үшін қолданады. Бұларды бухгалтерлік шоттарды жүргізу тіркелімдері деп те атауға болады. Жүйелік тіркелімге бас кітапты жатқызуға болады. Пайдалануы барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның ішінен жеке бет ашылады.
Біріктірілген тіркелімдерде хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп қолданылады. Мысалы: бухгалтерлік есепте кеңінен қолданылатын журнал-ордерлердегі жазбалар синтетикалық шоттар бойынша хронологиялық ретпен жүргізіледі.
Мазмұны бойынша (ақпаратты бөлшектеу дәрежесі) тіркелімдер синтетикалық (топтамалық), аналитикалық (талдамалық) және біріктірілген болып бөлінеді.
Синтетикалық (топтамалық) тіркелімдерде жазба тек ақшалық нысанда құжат нөмірі мен толтырылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп жүргізіледі. Бірақ әдетте оларда түсініктемелік мәтін (пояснительный текст) болмайды. Бұл тіркелімдердің қатарына бас кітап пен журнал-ордерлердің барлығын дерлік жатқызуға болады.
Аналитикалық (талдамалық) тіркелімдерді аналитикалық шоттар бойынша жазбаларды жазу үшін қолданады. Оның ішінде құжаттың нөмірі, талтырылған уақыты (кұні, айы, жылы), шаруашылық операцияларының қысқаша мазмұны көрсетіледі. Тауарлық-материалдық қорларды есептеу үшін олардың ішінде ақшалай және натуралдық өлшем көрсеткіштері қолданады. Бузгалтерлік есепте қолданылатын талдамалық тіркелімдерге карточкалар, кітаптар және тізімдемелер жатқызылады.
Синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепте қатар қолданыла беретін тіркелімдер – біріктірілген тіркелімдер болып табылады.
Бастапқы құжаттардағы есепті ақпаратты, автоматты өңдеу кезінде тіркелімдер өз алдында карточкалар, тізімдемелер, журнал-ордерлер дәне тағы басқадай форма түрінде алына алатын машинограммалар болып табылады. Бухгалтерлік есепті қолмен жүргізу кезінде тіркелімдегі жазбалар жай немесе көшірмелі әдістер арқылы жүргізіледі. Жай жазбалар бір ғана дана етеліп жасалатын болса, ал көшірмелі жазбалар көшіріліп қағаздардың көмегімен бір уақытта бірнеше дана етіліп жасалады. Есеп тіркелімдерінде жазбалар өзгертусіз (түзетусіз) және таза жазылып толтырылуы керек. Тіркелімдерді толтыру барысында немесе басқа да жіберілген қателіктерді түзету үшін есеп тіркелімдерінде келесі әдістер: түзетпелі (корректурный), қосымша жазу (дополнительная проводка) және түзетпе (красное сторно) қолданылады.
Егер қате баланс құрылғанға дейін анықталса және шоттар корреспонденциясына өзгеріс енгізу қажет болмаса түзетпелі әдіс қолданылады. Осы жерде қате жазбаны (соманы немесе мәтінді) кейәннен оқылуға мүмкін болатындай етіп бір сызықпен сызады және қажет болған жағдайда сызылған жазба үстіне дұрыс жазба жазылады. Түзетілген жазбалар келісілген және бузгалтердің қолтаңбасымен бекітілген болу керек.
Егер шоттар корреспонденциясы дұрыс, бірақ шаруашылық операцияның сомасы дұрыс жазылмаса немесе бұл қате есеп тіркелімінде қорытынды жысалғаннан кейін анықталса, онда қатені тұзету (дополнителная проводка) әдісі арқылы жүргізіледі.
Егер қате бухгалтерлік балансты жасағаннан және оны тиісті органға тапсырғаннан кейін белгілі болса, ондай қате «қызыл түзетпе» (красное сторно) әдісі арқылы түзетіледі [2, 84-88 бет].
Бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қаржылық есеп беруді ұсынудың концептуалдық негізінде сәйкес жасайды. Балгілі бір мерзім ішінде шаруашылық операциялары туралы ақпаратты топтастырылған түрде, бухгалтерлік жазба тәртібін сақтай отырып, есеп тіркелімдерінен бухгалтерлік есептіліктерге көшіріһеді.
Хронологиялық жазба – бұл шаруашылық операцияларының орындалуына қарай тіркелетін тіркелімдер.
Жүйелі жезбе – бұл шаруашылық операцияларын экономикалық мазмұны бойынша тіркелімдер.
Тіркелімдердің әртүрлі болатындығына қарамастан, олардың бірқатар ортақ белгілері мен толтыру ережелері бар. Мәселен, тіркеу кітаптарының барлвқ беттерін нөмірлейді және түптейді; соңғы бетінде бас бухгалтердің қолымен бекітіп, нөмірленген беттердің санын көрсетеді. Ақша құралдарының есебіне арналған кітаптарда беттер баумен тігіліп, сүргіш мөрмен біріктіріледі. Бұл тіркелімдерді синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізу үшін қолданады. Карточкаларды бір-бірімен бекітпей, олардан картотека құрастырылады, ал ұзақ мерзім бойы қолданылатын объектілер номенклатурасында тиісті сұрыптауды талап етеді. Карточкалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін оларды арнайы құжаттарда тіркейді. Карточкалар мазмұнына қарай үш түрге бөлінеді:
- Контокорренттік (итал. Conto correente – ағымдағы шот) – жекелеген заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу есебіне арналған. Мұндай карточкаларда шаруашылық операцияларының мазмұны жазылады, ал сомасы «Дебет» немесе «Кредит» бағанында есеп айырысу жағдайында байланысты бейнеленеді;
- Көпбағанды нысан («бос бағандар») – бос, толтырылмаған бағанды есеп тіркелімдері. Жекелеген өндірістерде шығындар есебі үшін қолданылады;
- Сандық есеп карточкалары – қоймадағы тауарлық-материалдық құндылықтардың атауы, сұрыпталуы бойынша сандық көріністегі есебіне арналған.
Карточкаларға реттік нөмірлер беріледі және оларға біржақты жазулар тән. Бәр жағында дебеттік және кредиттік жазбалар орын алады. Олардың ортақ бағандары карточканың сол жағында орналасқан және оларға шаруашылық операциялардың күні, жазбаның нөмірі мен мазмұны тіркеледі. Бос парақтарды (тізімдемелерді) неғұрлым қысқа мерзімге (ай, тоқсанға) ашады. Бухгалтерлік тіркелімдерді бағандау кәсіпорында қолданылатын жазуларды жүргізу техникасының мүмкіндігіне байланысты. Демек, картоскада есеп аналитикалық тұрғыдан жүргізіледі және олардың нәтижесінде кейіннен айналым тізбесі құрылады. Карточкалар сақталуына бақылау жүргізу үшін, синтетикалық есеп шоттары бойынша жүргізілетін тізімдерде тіркеледі.
Тиісті тіркелімдерді қолдану есепке алынатын объектілердің көлемі ерекшелігіне, шаруашылық операцияларының көптігіне, экономикалық оқиғалардың тіркелу және өңделу әдістеріне байланысты болып бөлінеді. Республикамызда есептеу техникасын жаппай өолдану кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық және басқа да қызметінде құжаттардың жаңа түрлерін қолдану бойынша тиісті қызметкерлер мен басқару органдары арасында туындайтын қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті ережелерді белгіленген тәртіппен жасап шығару мен қабылдауды көздейді. Бұл есептің қатаң құжаттық негізінде дұрыс құрылуы мен ұйымдастырылуына мәнді өзгерістер енгізугк мүмкіндік береді. Осыған орай, есептеу техникасы құралдарының көмегімен өңделетін құжаттарды қолданудың құқықтық реттелу талабы уақытылы деп саналады. Бұл:
- Есептеуіш техника құралдарымен өңделетін құжаттар мен тіркелімдердің жаңа түрлерін заңды түрде бекіту, сондай-ақ жалпы бекітілген ұйымдастырушылық және технологиялық талаптарды орындау;
- Дәстүрлі (қағаздық) және ақпаратты техникалық тасымалдаушы құралдардағы құжаттар арасындаға қатынасты бекіту, оның ішінде, қажетті жағдайда дәстүрлі құжаттардың түпнұсқаларын ауыстыру тәртібін бекіту;
- Есептеу техникасы құралдарымен өңделетін құжаттамаға ұйымдар мен азаматтардың қол жеткізу ережелерін анықтау, оның ішінде, мұндай қол жеткізудің мерзімі мен осы мәселелер бойынша туындаған дау-дамайларды шешу ережелерін бекіту;
- Есептеу техникасы құралдарымен өңделетін құжаттаманы куәландыру тәсілдерін зерттеп шығару, бұл құжаттарды сәйкестендіретін деректемелерін қою, құжаттарда тіркелген ақпараттың заңды күшін және олардың сенімділігіне нақты тұлғалардың жауапкершілігін бекіту;
- Компьютерлік техникамен өңделетін құжеттарға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы шешім қабылдау және осы ақпаратты жинау, тіркеу, сақтау, өңдеу және тапсыру тәртібі мен шарттарын анықтау;
- Есептеу және басқа да техникалық құралдармен өңделетін құжаттамаларды қолдану тұрғысынан туындайтын құқықтық қатынастардың барлық тараптарының заңды мәртебелерін және де ең алдымен, басқару жүйесіндегі есептеу орталықтрының ережелерін бекіту;
- Есептеу техникалық құралдарымен, сондай-ақ қағаз тасымалдаушыларымен өңделетін құжаттамаларды қолдану ережелерін бұзғаны үшін заңды (әкімшылыі, қылмыстық) жауапкершілікке тарту тәртібін бекіту.
Жоғарыда айтылып кеткендерге байланысты, қазақстандақ есеп жүйесінде есептеу техникасын қолдану қажеттіліктерімен туындаған құжат айналымын бір тәртәпке келтіруде келесі мәселелер бөлініп шығады:
- Құжаттардың жаңа түрлері мен тіркелімдердің қолдану тәртібін бекіту және бірізді жүйе қалыптастыру;
- Бәрыңғай жалпы мемлекеттік сыныптаулар жүйесі мен кодтау жүйелерін (жүйелерді сипаттаудың бәрыңғай тілін) қабылдау.
Сонымен, бухгалтерлік есептің қағазсыз нысананың болашақтағы кең ауқымда қолданулы мүмкіндігі қазақстандық есеп әдістемесіне толықтырулар енгізуді талап етеді. Бухгалтерлік есеп жазбаларын тіркеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін қалыптастыру есепті жүргізудің технологиясын түбегейлі өзгеріске ұшыратады және қазіргі кезең жағдайларына сәйкес оның тиімділігін арттырады [3, 115-118 бет].
Бухгалтерлік есептің нысандары (формалары) деп – белгілі бір дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты принципті пайдалана отырып бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуге арналған есеп тіркелімін (регистрін) айтады.
Бухгалтерлік есеп нысандарын және есептелетін ақпаратты өңдеу технологиясын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында көрсетеді.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей түрлері қолданылады: мемориалдық-ордерлі, бас-журнал, журнал-ордерлі, жай және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану).
Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлі нысандары қазіргі кезде қолданылатын ескі нысандарының бірі болып табылады. Есептің бұл нысандарында кітаптық және карточкалық тіркелімдер қолданылады. Синтетикалық (топтамалық) есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық (талдамалық) есеп үшін көбінесе карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын алғашқы құжат немесе бірыңғай алғашқы құжаттар үшін бухгалтерлік есепте екі жақты жазылып және ол мемориалдық-ордерлі нысан түрінде ресімделеді.
Мысалы: оймадан материалдарды босату (жіберу) туралы әрбір жүкқұжаттың (накладной) есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай бірнеше жүк құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазады, одан кейін осы тізімдеменің қорытынды мәліметтері негізінде мемориалдық-ордерлі бір ғана бухгалтерлік жазба жасалады. Оның ішінде жазбаның қысқаша мазмұны беріледі немесе құжатқа сілтеме жасалады, шот корреспонденциясы жәнесомасы көрсетіледі. Мемориалдық-ордерге оның жасалған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетілген бас бухгалтер қол қояды. Сонымен қатар мемориялдық-ордерге солардың негізінде жазбалар жасалған басты құжаттар қоса беріледі. Барлық мемориалдық-ордерлер жасалғаннан кейін арнайы тіркеме журналында тіркеледі. Әрбір мемориалдық-ордерге реттік нөмір беріледі. Тіркемелі журналдағы жазбадан кейін мемориалдық-ордер мәліметтері ай сайын синтетикалық (топтамалық)есептің тіркемелі болып табылатын бас кітапқа көшіріледі. Бас кітапта жазбаларды топтастырады. әрбір синтетикалық (топтамалық) есептің дебит және кредит айналымдары корреспонденцияланшы шот бойынша сәйкес кестелерге (графиктерге) бөлек жазылады.
Айдың соңында бас кітаптың қорытындысы негізінде синтетикалық (топтамалық) есептің шоттары бойынша жай немесе шахматты нысандағы айналым тізімдемесі (ведомосы) құрылады. Бас кітаптың мәліметтері синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есептің айалым тізімдемелерін, бухгалтерлік балансты, сонымен қатар есеп берудің басқа нысандарын құру қолданылады.
Мемориалды-ордер формасы аналитикалық (талдамалық) есептік кітаптарда, карточкаларда немесе бос беттерде жүргізіледі. Аналитикалық (талдамалық) есеп тіркелемдеріндегі жазбаларды мемориалдық-ордерлерге өоса берілген құжаттардан алады. Ай соңында аналитикалық (талдамалық) есеп тіркелімдерінің жазбалары негізінде айналым және сальдолық тізімдемелер – сәйкес синтетикалық ( топтамалық) шотпен біріктірілген аналитикалық (талдамалық) шот тобына бір тізімдеме құрылады. Бұл тізімдемелердің мәліметтері синтетикалық (топтамалық) шоттармен біріктірілген аналитикалық (талдамалық) шоттардың сальдосы мен айналымдарының қортындыларын салыстыру үшін қажет.
Есептің мемориалдық-ордерлі нысаны есептік тіркелімдерінің жеңілдігімен және есеп жазбаларының тезникасымен ерекшеленеді. Алайда бұл нысанының кемшілігі ретінде – құжаттардағы бір ғана ақпараттық мәліметтердің тізімдемелерге, мемориалдық-ордерлерге, журналдарға, синтетикалық (топтмалық) және аналитикалық (талдамалық) есептің тіркелімдеріне бірнеше рет қайталанып жазылуын атап өткен дұрыс.
Басқа нысандарға қарағанда мемориалдық-ордер нысанын жүргізу көп еңбекті керек етеді. Оның бір түрі бас-журнал нысаны. Бұнда негізгі есеп тіркелімі карточкалар мен бос беттер емес, бас журнал деп аталады. Ол азғана шоттарды пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның өзгешелігі кітапта бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде ұштастырылып жазылады.
Бас журналдың бұлай құрылуы оған жазылған жазуды көзге көрнекті болып және шолуды жеңілдетеді. Журналда шығарылған қалдықтар (сальдо) синтетикалық (топтамалық) шоттар бойынша дайын айналым тізімдемесі (ведомосі) бола алады да, бөлек айналым тізімдемесін (ведомосын) жасауды қажет етпейді, бас журналда алғашқы және соңғы қалдық шығарылып отырады, сондықтан да кез келген уақытта бас журналдың негізінде баланс жасауға болады. Бас журналды жүргізгенде бөек немесе біртектес алғашқы құжаттар негізінде мемориалдықордерлер жасалады.
Журналда жазбалар мемориалдық жазбалар ордерлердің нөмірлері мен күнін, корреспонденцияланушы шоттардың кодтарын, жеке және жалпв сомаларда көрсетумен бірге дебит және кредит бойынша жүгізіледі. Содан кейін әрбір шот бойынша бір айдағы айналым есептеліп, соңғы сальдо анықталады. Бас кітаптың көрсеткіштері негізінде синтетикалық шоттар бойынша бухгалтерлік баланс құру үшін қолданылатын айналым тізімдемесі толтырылады.
Журнал-ордерлі нысанын пайдалану барысында бухгалтерлік есеп ақпараттарын тіркеудің негізгі принципі – жинақталымдық тіхімдемелерде (ведомостерде) алғашқы (бастапқы) құжаттардың мәліметтерін жинақтау. Бұл нысанның негізгі есеп тіркелімі (бастапқы) құжаттардан немесе жинақталымдық тізімдемелерден алынатын хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп көрсетіледі. Әрбір синтетикалық шотқа арнайы журнал-ордер ашылады, оның ішінде шоттың кредитінен сәйкес шоттардың дебитіне жазылатын шаруашылық операциялар көрсетіледі. Құралдардың (қаражаттардың) қозғалысын бақылауды күшейту үшін журнал-ордердің жинақталымдық тізімдемелері бірге қолданады. Кейбір журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есептердің де жүргізілуі мүмкін. Бірақ аналитикалық есептің карточкалары қолданылмайды және типті шот корреспонденциясы қойылуы мүмкін. Бұл тіркелімдерді түсініктірек етіп көрсетеді және санын азайтады.
Бастапқы құжат мәліметтерін жалпы бірыңғай шаруашылық операциялар бойынша журнал-ордерлерге немесе жинақталымдық тізімдемелерге жазады, ал қорытынды көрсеткіштер журнал-ордерлерге көшіріледі. Журналда талдамалық есебі жүргізілмейтін шаруашылық операциялар бойынша мәліметтер аналитикалық есептің карточкаларында көрсетіледі (негізгі құралдарды тағы басқаларды есептеу).
Ай соңында барлық карточкалар журнал-ордерлер және солардың тізімдемелері бойынша қорытынды сомалар есептеледі. Карточкалардың қорытындысы талдамалық шот бойынша айналым тізімдемелеріне көшіріледі, ал журнал-ордерлер мен тізімдемелердің қорытындысы басқа журнал-ордерлердің тізімдемелері мен корреспонденцияланушы шоттармен құжаттар (тауарлы және кассалық есеп берулер, банк көшірмесі және тағы басқалар) бойынша салыстырылады. Өзара салыстырудан кейін кредит айналымының ортақ сомасын әрбір журнал-ордерлерден бас кітаптың сәйкес шотына жазады. Бас кітаптың әрбір синтетикалық (топтамалық) шотының дебит бойынша айналымдар корреспонденциясымен бірге әр түрлі журнал-ордерлерден жинақтайды. Осыдан кейін бас кітаптағы әрбір шоттың дебиті бойынша ортақ қорытынды есептелінеде, ай соңындағы қалдық шығарылады және бухгалтерлік баланс пен есеп беру тағы басқа нысандары құрылады. Баланс құрудан бұрын айналым тізімдемелерінің қорытындысын бас кітаптың сійкес шоттарының қорытындысымен салыстыру қажет.
Бухгалтерлік есептің журнал-ордерлі нысаны есептің бас-журнал нысанымен кейбір ортақ қасиеттеріне ие, арнайы журналдардағы бастапқы құжаттардың мәліметтері бойынша жалпы бірыңғай операциялар тураы ақпарат жинақтау, бір тіркелімде синтетикалық және аналитикалық есепті біріктіру, бас кітапта синтетикалық шоттар мен сальдо және басқалар бойынша ағымдағы айналымдарды көрсету.
Шағын кәсіпорындар бухгалтерлік есеп нысанының жай немесе жеңілдетілген (кәсіпорын мүлігін есептеу тіркелімдерін пайдалану арқылы) түрін қолдана алады.
Есептің жай нысаны шаруашылық операцияларын есептеу кітабында қарастырылады. Ол кітап кәсіпорындарда қолданылатын барлық шоттарды қамтиды, сондай-аө синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепті біріктірілген тіркелім болып табылады. Бұл құжатқа жазылатын ақпараттар алғашқы (бастапқы) құжаттардан алынып, хронологиялық тізбекте бір уақытта шоттар бойынша топтау арқылы жүргізіледі.
Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі) мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп айырысу – төлем тізімдемесі жүргізіледі.
Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайды.
Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша жүрген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттардың жұмыс жоспарына сай).
Бастапқы құжаттар (актілер, жүқұжаттар, есеп-қисап және тағы басқа) негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде – шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіде – корреспонденцияланушы шоттың кредиті бойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің ұқсас жазбасы.
Жеке тізімдемелердегі қаражат құлдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы құжаттардың сәйкес мәлісеттерін салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалары).
Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мілңметтерін қорытындылауға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің айлық қорытынды жинақтау тізімдемелі арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да түрлері жасалады
Тағы рефераттар
- Жеткіншектік кезеңдегі агрессивтіліктің көріну спецификасы жəне себептері
- Ғаламдық экологиялық проблемалар
- Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар негізінде меншік құқығын қалай тіркеу керек?
- «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы
- Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі