Қазақ тілінде сабақтастардың құрылуында және синтаксистік қатынастың түзілуіне есімшенің барлық түрі ат салыспайды. Бұл қызметті көбінесе әр түрлі көмекші сөздермен бірге келетін немесе қажетті  жалғаулар қосылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын құрайтын –ған/-ген, -қан/-кен   есімше формасы атқарады. Бұл  көмекші элементтерсіз есімшеден құралған баяндауыш пен грамматикалық бастауыш арасындағы қатынас атрибутталған байланыстың шегінен шықпайды. Түркологияда септік жалғаулы есімшелердің функционалды дәрежесі туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметін барлық септіктегі есімше атқара алады десе, ал басқа біреулерінің ойынша, мұндай рөлді есімшелердің кейбір септік формасы ғана атқара алады, ал үшінші бір топ СБҚС-ге есімшелі және көсемшелі оралымды сөйлемдерді жатқызбайды.

Есімшелер барыс, жатыс, шығыс, көмектес сияқты көлемдік септіктер тұлғасында келіп қана бағыныңқының баяндауышы қызметін атқара алады. Өйткені осы тұлғадағы есімшелер ғана етістік сөз табының қасиетін, шақтық қызметін, предикативтілігін, басқа мүшелерді меңгеру қабілетін сақтайды. Ал грамматикалық септіктерде ондай қасиет жоқ.

Біз К. К. Сартбаев пен М. Б. Балақаевтың баяндауыш қызметін тек кеңістіктік қатынасты білдіретін септіктегі есімшелермен байланыстыратын ойына қосыламыз. Бұл септік формаларындағы есімше-баяндауыштар басқа сөздермен қатынасқа түсіп, қимыл динамикасын жеткізеді, оның үстіне мұндай септік көрсеткішіндегі есімше өте жиі қолданылады.

Мысалдар: Ол келгенде, мен үйде жоқ едім. Жақсы жауап бергендіктен, мұғалім оған бес деген баға қойды. Қыстың басы тақау болғанмен, қар әлі түсе қойған жоқ (М. Әуезов).

Профессор Р. Әмір бір ғана -ғанда есімшелі формасының басыңқы сөйлеммен мезгілдік, қарсылықтық (Өзім ит болғанда, нәсілім адам ғой, ішіме симай барады (Ғ. Мұстафин)), шарттық (Кемпірім ашулы, оны жібергенімде, сендерді түгел түтіп жейтін еді (Қ. Мұхамеджанов))  қатынасқа түсетін бағыныңқы сөйлемді құру үшін және ауызекі тілде –ғанда құрылымды жобасы экспрессивті ой білдіру (Сен болмағанда, Төлеужан ағам бола ма болыс! (М. Әуезов)) үшін қызмет ететіндігін көрсетеді.

Есiмшелер мен көсемшелердiң жай сөйлемдi құрмаластыру жолы бiрдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша тәсiлсiз, формасыз жай сөйлемдi құрмалсатыру функциясын атқара алатын болса, есiмшелерде ондай қасиет жоқ.

Есiмшелер жай сөйлемдi құрмаластыру үшiн әр түрлi тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада айтылады. Мұндай тиянақсыз қасиет берiп, есiмше формалы сөздi басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын – оларға жалғанатын түрлi қосымшалар және шылаулар.

Жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластыру функциясында есiмшелердiң барлық түрлерi де қолданылады, бiрақ құрмалас сөйлем жасауда есiмше түрлерiнiң атқаратын қызметi, формалық құбылыстары бiркелкi емес. Мұндай қызметте ең жиi қолданылатыны -ған/-ген, -қан/-кен формалы есiмшелер. Аталған тұлғалы есiмшелер бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынадай формаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:

  1. Жатыс септiк  жалғаулы    а) мезгiл: Жанат iшкi үйге кiрiп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды (С.М.).

ә) шарт: Егер 10 минут кешiккенде, атқа да мiнiп үлгермейдi екенбiз (Х.Е.)

  1. Көмектес септiк /қарс./ Ұлберген кедей болғанмен, киiм-кешектерiн таза ұстайтын едi. (С.М.)
  2. –ша, ше, жұрнақты формада а) мезгiл: Жасақшылар жеткенше, үй иесi дайын отырды.

ә) Салыстыру мәнi: Көп iстеп шала бiтiргенше, аз iстеп бабына келтiр.

Сондай-ақ бағыныңқы баяндауышы түбiр тұлғалық не шығыс, барыс, жалғаулы есiмшеге соң, кейiн, дейiн, берi, гөрi, шылаулары тiркесу арқылы, сондай-ақ шақта, кезде, сәтте, күнi, сағатта т.б. мезгiлдiк мәндегi сөздердiң -дық, -тан, -дiк, -тен қосымшаларының тiркесуi арқылы да әр түрлi мағыналық қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасалады.

Есiмшенiң қалған формасының бағыныңқы баяндауышы қызметiнде жұмсалуы тiлде өте сирек кездеседi.

Есімше формасы арқылы құрмаласатын сабақтастардың негізгілері: мезгіл және себеп бағыныңқылар.

Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң мезгiлiн бiлдiретiн сабақтасты мезгiл бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Жасалу жолдары: жатыс септiктi есiмше формасы арқылы; есiмшеге кезде, шақта, соң, сайын сөздерiнiң тiркесуi арқылы; барыс септiктi есiмшеге дейiн, шейiн шылауларының тiркесуi арқылы; шығыс септiктi есiмшеге кейiн, берi, былай септеулiктерiнiң тiркесуi арқылы; –а,-е,(ма)+й тұлғалы көсемше; –ысымен, -iсiмен жұрнақты түрi; –п, ғалы, ғанша тұлғалы көсемше; шартты рай тұласы арқылы.

Мезгiлдiк мәннiң берiлуiне қарай олар бiр мезгiлдес және әр мезгiлдес сабақтастар болып бөлiнедi. Бiр мезгiлдес сабақтастардың компоненттерiнде айтылған ой бiр мезгiлде, бiрiнен соң бiрi орындалып жатады. Мысалы: Шай iшiлiп болған кезде, бала да оралып келiп қалды(С.Мұқанов). Әр мезгiлдес сабақтастарда компоненттерiндегi оқиғалардың орындалу мерзiмi әр түрлi дәрежеде болып (бағыныңқыда айтылған ой басыңқыдан бұрын не басыңқыда айтылған ой бағыныңқыдан бұрын ) орындалады.          Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң себебiн бiлдiретiн сабақтасты себеп бағыныңқылы сабақтас деймiз.    Жасалу жолдары: шығыс септiктi есiмше формасы арқылы; есiмше + соң,; –п, -й тұлғалы көсемше;   -ған дықтан; -қаны үшiн,  -ған соң; ашық рай +деп.
Тағы рефераттар