Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль тарапына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат-бағытына жүйелі түрде ықпал ету.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:

1)    ізгілік сана қалыптастыру;

2)    инабаттылық сезімдерге тәрбиелеу;

3)     адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болу қажеттілігін сезіндіру, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру, адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру қажет.

  1. Адамға ең қымбат — өмір.
  2.  Балалал — өмір жалғасы.
  3. Тәртіптілікпен байланысқан еркіндік.
  4.  Отансүйгіштік (патриотизм).
  5.  Ұлтжандылық.
  6. Интернационализм.
  7. Борыш, ар-намыс, ұждан, тәртіп сақтау, кішіпейілділік және т.б.

Қазіргі тәрбие жүйесінде ең маңызды да көкейкесті проблемалар – бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі мен еңбекке қатынасы.

Тәрбие істерінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль – адам санасының формасы, адамзат мәдениетінің бөлігі.

Мораль принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдік номалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ адамгершілік нормаларды білу, түсіну  наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек олардың қалыптасуына қажетті алғы шарттар ғана болып есептеледі.

Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжіибесіне өтіп, ой толғанысына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.

Этикалық тәрбие істерінің ең басты мақсаты — адамның адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру, тәрбие істері күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін  соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғарғы адамгершілік іс-әрекет қажеттілігін қалыптастыру- этикалық тәрбие істерінің маңызды бөлігі.

Тұлғаның адамгершілік қажеттілігін қалыптастыру – оның түйсік жүйесіне моральдік нормалар мен принциптерді қабылдату қажеттілігі.

Адамгершілік қажеттіліктің көмегімен ізгілік мораль негізі –еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалық тәрбие істері функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік  қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым және күрделі болады..

Тәрбие істерін орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн.

  1. Адамгершілік тәрбие істері адам үшін «күреске» айналмауы тиіс. Тәрбие «күрес» емес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер ісі.
  2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
  3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдай жасау қажет.
  4.  Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, жасөспірімдер мен жастардың жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн, жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жағымсыз не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
  5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жай нәрселерге негізделеді. Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды.
  6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру.
  7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалардың сөзін бөлу және тыңдамау,

Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салбарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білуі керек.
Тағы рефераттар