Бізді қоршаған тіршіліктегі құбылыстар мен оқиғалардың өзгеруіөздігінен себеп-салдарсыз болмайды. Ол белгілі бір объективтік заңдылықтар негізінде жүзеге асып жатады. Сол сияқты адамзат та дами келе объективті түрде көптеген әлеуметтік қауымдарға бөлініп кетеді. Солардың бірі этнос болып табылады. Ол әлбетте, таптар мен әлеуметтік топтардан бөлек бір қатар айрықша ерекшеліктермен сипатталады. Өз заманында көне гректер басқа халықтарды атау үшін «этнос» сөзін қолданған екен. Оның латынша аналогы – «natio». Грек тілінде халықты бейнелейтін «лаос» – «тұрғындар», «демос» – «азаматтардың жиынтығы» сияқты басқа терминдер де болған, бірақ бұл терминдер әлеуметтік сипатқа ие еді. Орыс тілінде бұл терминнің баламасы ретінде ұзақ уақыт бойы «халық» ұғымы қолданылған. «Народ» сөзінің түбірі «род» екендігі сондай-ақ көрініп тұр емес пе? Этнос термині XIX ғасырдың соңынан бастап қана ғылыми айналымға енгізіле басталған. Бірақ бұл терминнің мазмұнын ашып беруде осы күнге шейін ғалымдардың пікірлерінде бірізділік жоқ.

Кеңес этнографтарының мектебі этнос терминін «Примор-диализм» аясында қарастырды. Ол бойынша, индивидтердің бір этносқа жататындығының белгілерін анық санамалап беруге болады. Бұл тұрғыдан келгенде этнос объективтік шындық болып табылады, өйткені адам этникалық тегінің негізін табиғаттан немесе қоғамнан табады. Сондықтан этностықты қолдан жасауға яки оны жарандарға таңуға болмайды. Этнос – нақты және регистрацияланатын нышан-белгілерге ие қауымдастық. Эволюциялық-тарихи бағытты ұстанушылар этностарды тарихи үдерістің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік қауымдастықтар ретінде қарастырады. Әлеуметтік-биологиялық бағыт этникалықтықты адамның биологиялық мәнімен байланыстырады. Ол бойынша, этникалық тек примордиалдық сипаттас болып келеді, яғни ол адамдарға әуел бастан-ақ тән нәрсе. Этногенездің пассионар-лық теориясы бойынша, этнос – тәртіп пен мінез-құлықтың соны таптаурынды-жаттандылығы негізінде табиғи түрде қалыптасатын ұжым. Мұнда ол өзін барша ұжымдарға қарсы қойып, өзінің өкілдеріне арнап ортақ этникалық дәстүрлерді қалыптастыратын құрылымдық тұтастық ретінде көрінеді[1].

Этностың дуалистік тұжырымдамасын Ю.В.Бромлей ұсынған. Оның пікірінше, тар мағынада этнос өзінің бірлігін және басқалардан айырмашылығын түсінетін, өздік санасы мен өзіндік атауы бар, тарихи территорияда қалыптасқан тұрақты және ортақ мәдениеті-психикасының ерекшеліктеріне ие адамдардың ұрпақтараралық қалыпты жиынтығы. Мұны «этникос» деп атаған. Ал, кең мағынада (этникостың бөлігі ретіндегі) этнос бір мемлекеттің шегінде өмір сүретін этно-әлеуметтік организм болып табылады.

Пьера ван ден Бергенің (Pierre L. van den Berghe) теориясы бойынша, өзінің гендерін келесі ұрпақтарына бере отырып, бауырлары мен туысқандарының аман қалуы үшін өзін құрбандыққа шалуға дейін бара алатындар өзінің генофондының өсуін қамтамасыз етеді. Мінез-құлықтың осындай типі топты эволюциялық жағынан тұрақтырақ етеді, сондықтан да «альтруизм гендері» табиғи сұрыпталу арқылы жалғастырылады[2]. Этникалықтықтың құрылымдық теориясы да бар. Мысалы, В.А.Тишков этникалық қауымдастық – бір атауға, мәдениеттің ортақ белгілеріне, шығу тегінің бір екендігі туралы аңыздарға, олай болса бірдей тарихи жадқа ие, өздерін белгілі бір айрықша географиялық территориямен байланыстыратын, сондай-ақ топтық ниеттестік сезімін білдіре алатын адамдар тобы деп түсінеді. Ал, инструментализм тұжырымдамасында этностың анықтамасы берілмеген, ол этникалықтықтан адамдар өз мақсатына жету үшін, әсіресе этникалық элитаның билік пен артықшылықтарға ие болу үшін құрал ретінде пайдаланатынын тілге тиек етуде[3].

Зерттеушілер этностың гомеостатикалық және динамика-лық түрлерін тілге алуда. Біріншісіне табиғатпен қатынасында тепе-теңдікті сақтап, оны аялайтын этнос жатады. Екіншісі – өзінің дамуына табиғатты бұзу мен бағындыру арқылы қол жеткізетін этнос[4]. Дм. Крылов гетерономдық және автономдық этностар жөнінде сөз қозғайды. Бұларға төменде арнайы тоқталып өтеміз.

Мұнда алғашқы зерттеушілердің бірі С.М.Широкогоровтың (1887-1939) анықтамасын тілге тиек етуге болады: «Этнос бір тілде сөйлесетін, өзіне тән (өзіндік) тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, рәсімдері мен дәстүрлер жүйесіне ие болған, өзінің тектік бірлігін мойындайтын кісілер тобынан құралады»[5]. Осы тәріздес анықтаманы белгілі этнограф П.И.Кушнер де берген. Автордың белгілі бір тарихи дәуірлерде бір халыққа тән болған ерекшеліктердің мүлдем жойылып кетуі немесе көмескі тартуы мүмкін деген пікірін терістеуге болмайды. Кейде, – дейді ол, – көптеген халықтар арасында таралған бір ұлттың белгілері мен ерекшеліктері сол халықтардың бірінің тұрмысына соншалықты орнығып алуының нәтижесінде сол халықтың маңызды этникалық белгісіне айналуы да мүмкін[6].

Бұған мысалды өзіміздің, қазақтың тұрмысынан көптеп кездестіруге болады: толып жатқан кеңестік мерекелерді айтпағанның өзінде, орыстардан келген жаңа жылды 1-ші қаңтарда мейрамдау үрдісі немесе қазақтың бірде-бір шілдеханасы мен қоныс тойының арақ-шарапсыз өтпейтіні, оның «атасының асына» айналғаны қашан. Сондай-ақ ресми қонақтарды нан-тұзбен қарсы алу қазақта мыңдаған жылдар желісінде өріс алған дәстүр ме еді? Осыларды ойласатын кез келді. Орыста мейрам көп, қазақта айран көп дейтін сөздің мағызын шағып жаңа жылды басқа айға, күнге көшіру керек те шығар. Себебі, мұның христиан дінімен байланысты жақтары да бар ғой. Опера туралы да осыны айтуға болады. Ол Италияда шіркеулік насихаттың бастапқы жоралғыларының бірі ретінде пайда болған. Енді келіп кейбіреулер оны бүкіл халыққа классикалық өнер ретінде таңып-таныту үшін өңешін созып даурығуда.

Белгілі этнограф С.А.Токарев этносты экономикалық және бірқатар әлеуметтік қатынастар түрлерінің нәтижесіне негізделетін кісілер қауымы[7] деп түсіндіреді. Бұл жерде авторлардың экономикалық қатынастар бірлігін этникалық қауымдастықтың белгісі ретінде көрсетуін орынсыз деп білеміз. Себебі, бұл бірлік этностың белгісіне жатпайды. Экономикалық қатынастар бірлігі бір территорияда қалыптасқан этностың кейінгі дәуірлердегі болмысына әсер етіп, топтастыратын факторлар мен алғышарттар болып табылады. Осынау идея көптеген этнологтар тарапынан 1990 жылдардан бастап мойындала бастағандығын атап өткен жөн. Ал шет елдерде мұндай түсінік баяғыда-ақ орныққан болатын. Этностың параметрлері ішінара формациялық факторлармен де аңықталады. Бірақ бұл жайт этникалық қауымдастықтың салыстырмалы түрдегі дербестігін терістей алмайды деген пікірлер тіпті 80 жылдарда анық, ашық айтыла басталған еді. Формациялардың ауысуы тұтастай бір этникалық қауымдастықтың түбегейлі өзгеруіне әкелмесе керек. Этностың кейбір элементтері оның дамуы барысында формациялық процестен «озып кетуі» мүмкін, ал басқалары өзгеріске ұшыраған факторларға ілесе алмай «артта қалуы» да ықтимал. Демек, экономикалық қатынастар этностың белгісі бола алмайды деген пікір қалыптасты деп айта аламыз, мұның өзі этнология ғылымының жетістігі болып табылады.

В.И.Козлов этникалық қауымдастықтарды типтендіру проблемасын формациялық тұрғыдан шешеді, этностардың негізгі тарихи бес типін саралайды. Мұндай тұрғыда әлеуметтік-экономикалық параметрлер негізгі өлшем ретінде қаралатыны түсінікті[8].

Рас, адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастықтары-ның пайда болуы мен алмасып отыруының негізінде материалдық игіліктерді өндіру әдісі жатады деген қағиданы толығымен терістеуге болмас. Бұл ретте Ю.В.Бромлей жаңа этностардың пайда болуы тиісті қоғамдық экономикалық формациялар алмасуының кезеңдеріне тұспа-тұс келеді деп жазады. Мәселен, қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан палеогенетикалық этностардың көбісі алғашқы таптық қоғамдар қалыптасқан кезеңдерде пайда болған (армяндар, поляктар, хорваттар, шотландықтар). Қазіргі неогенетикалық этностар негізінен өтпелі дәуірлерде – капитализм қалыптас-қан кезде (ағылшын-канадалықтар, италяндықтар, француздар, бразилиялықтар), ал хакастар мен алтайлықтар – социализм дәуірінде орныға бастаған[9]. Осы тұста этностық белгілер мен этносты құрастыратын факторларды ажырата білген жөн. Ғалымдарымыз тарапынан мойындалған жәйттер мыналар: экономикалық тұрмыс бірлігі шын мәнісінде өз алдына этникалық ерекшелік болып табылмайды. Бірақ белгілі бір территорияда тұрақты экономикалық байланыстардың орны-ғуы этникалық қатынастардың қалыптасуы үшін қажетті объективті алғышарттарды жүзеге келтіреді. Этникалық қа-уымдастықтың қалыптасуының шарттары ретінде материал-дық игіліктерді өндіру процесінде пайда болатын байланыс-тармен бірге адамдық популяцияны өсіріп-өндіретін қаты-настарды – некелік қатынастарды да көрсетуге болады. Осы негізде және сыртқы ортаның әсерімен негізінен мәдениет саласында көрініс беретін таза этникалық белгілер бірте-бірте қалыптаса бастайды. Олардың ішінен ең маңыздысын, қалып-тасып болған этникалық ерекшеліктерді бейнелейтін, солардың мәні мен қорытындысы болып табылатын этникалық өздік сананы (немесе этностылықты) айрықша ажыратып көрсетуге болады.

Этникалықтың пайда болуына жәрдемдесетін факторлар-мен бірқатар оған кері әсер ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды да ажыратуға болады: оған жалпы этникалық мәдениет сипаттарының қалыптасуын баяулататын этнос ішіндегі сословиялық, касталық және басқалай кедергілермен байланысты болып келетін әлеуметтік жылжымалықтың (мобильность) төмен деңгейде болуын жатқызуға болады[10].

Этникалық-мәдени параметрлер тұрақтылығымен сипат-талады. Ал әлеуметтік-экономикалық параметрлер тез-тез өзгеріске ұшырап тұрады. Сол себепті этникалық процестерде бой көрсеткен өзгерістер этностың әлеуметтік-экономикалық тарихындағы секірістерге ілесе алмай қалады. Этникалық процестер негізінен этникалық-әлеуметтік системаның дамуы барысымен сәйкес келеді.

Кей жағдайларда этникалық интеграциялық функцияларды экономикалық формалардан гөрі әлеуметтік-потестарлық (саяси) институттар жақсы атқарады. Белгілі бір халықтың этно-әлеуметтік тарихының бастапқы кезеңдерінде этно-әлеуметтік қауымдастықтың мүшелерін біріктіруде экономи-калық байланыстарға қарағанда потестарлық институттардың (саяси), басқаша айтқанда биліктің, жалпытайпалық, кейіні-ректе жалпымемлекеттік органдардың атқаратын рөлінің, әсіресе феодализм жағдайында экономикалық байланыстар-дың локальдық, «жерлестік» сипат алуына байланысты арта түскенін зерттеушілер жиі-жиі тілге тиек етеді.

Этностың қалыптасуы және тұтастығының одан әрі сақталуының басты шарты туралы сөз қозғағанда оның бір ғана аймақта тұруын және шекарасының мызғымас болуын көрсете аламыз. Ал адамдарда, оларды басқа ру-тайпалардан, этностардан ерекшелеп тұратын ортақ тіл мен мәдениет қалыптасуы үшін, сол адамдар ұзақ уақыт бедерінде (тіпті қалыптасу кезеңінде де) бір-бірімен араласып, етене жақын тұруы керек. Мұның өзі олардың баршасының ортақ бір өңір-өлкеде тұрғанында ғана жүзеге келетін құбылыс. Ал, бұлардың бәрін ыңғайластыратын факторлар – потестарлық тетіктер.

Демек, Ю.В.Бромлейдің атап көрсеткеніндей, этносты айқындайтын сипаттарға этнос мәдениеті (оның ішінде тіл де) мен психикасы, оның өздік санасы мен өздік атауы жатады. Осы комплекс турадан тура этникалық қасиеттердің ядросын құрайды[11]. Этникалық қауымдастықтар тек этникалық қасиеттер негізінде ғана ерекшеленеді[12].

Сондықтанда этносқа берілген ең көп тараған анықтама-ларды жүйелесек:этникалық (этностық) қауымдастық, әдетте ортақ мәдениетке ие болған, бір тілде сөйлесетін, өзінің қауымдастығын және оның басқа қауымдастықтарға жататын кісілерден айырмашылығын түйсініп-сезінетін адамдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Осы мағынада Н.Н.Чебокса-ров: «Этностылық – бұл нақты қоғамдық-экономикалық қатынастар жағдайларында өзара түсінікті тілде сөйлесетін, белгілі бір нақты территорияда өмір сүретін кісілер арасында қалыптасатын және өзінің мәдени ерекшеліктерін, дербес қоғамдық топ екендігін бүкіл өмір бойына ұғынатынкез келген қауымдардан құралады»[13] – деп, жазады.

С.И.Королев болса, этникалық қауымға адамзат коғамының ерекше бір түрі ретінде қарап, ол қоғам мүшелерінің сыртқы ортаменқарым-қатынастарының нормалары, биологиялық және қоғамдық жағдаяттар негізінде туындайтын некелік қатынастары, мәмле түрлерінің жиынтығынан тұрады деген пікірді алға тартады[14]. Менің өз басым осы пікірді қолдағым келеді.Бұл сияқты пікірді Л.Н.Гумилев «Этногонез және жер биосферасы», «Автонекролог», «Этностың географиясы» еңбектерінде жан-жақты дәлелдей жазған[15]. Оның пікірінше, этносты анықтайтын белгі – бұл жүріс-тұрыстық стереотип (поведенческий стереотип). Мұны қарапайым тұрмыстық деңгейде қабылдау қиын емес. Мысалы, ой, қойлы орыс деген сөз Солтүстік Қазақстан өңірінде жиі қолданылатын еді (бір істе қазақша ыңғайы жоқ деген мағынада). Бірақ стереотиптердің этносқа қарағанда тез өзгеріске ұшырап тұратынын байқамауға болмайды. 70 жыл ішінде Қазақстан қазақтары басқаша-бөгде жүріс-тұрыстық стереотиптер мен стандарттарды қабылдап үлгерді, әлбетте олардың көбісі сырттан алынған, таңылған құбылыстар екеніне дау жоқ. Жалпы алғанда, жүріс-тұрыстық, әдептік стереотипті, әлбетте этностың бірден-бірі деп болмаса да, маңызды белгісі ретінде қабылдауға әбден болады. Бұл дәстүрлермен байланысты, ал дәстүрлер мәдениеттің ең маңызды бөлігі болып табылады.

Кейінгі кезде ғылыми әдебиеттерде этнос – бұл биологиялық даралықтан басқа ешнәрсе емес деген пікірлер[16] пайда бола бастады. Осы тәріздес пікірлермен келіспейтіндігін білдірген көптеген зерттеушілер әрбір этнос биологиялық қауым түрінде белгілі бір адамдық популяциямен байланысты болса да, бірақ ол қоғамдық заңдылықтар негізінде дамиды, сол себепті жаңа этностар биологиялық мутация нәтижесінде пайда болады деген пікірлерді қабылдау мүмкін емес. Этнос қоғамдық процестердің жемісі деп тұжырымдайды.

Біздің және шетел ғалымдарының пікірінше, этнос – «бұл әлеуметтік топтардың өмір сүруінің тарихи қалыптасқан айрықша түрі. Мұндай қауым табиғи-тарихи жолдармен пайда болады және дамиды, ол қауымдық топқа жататын кісілердің ерік-жігері мен қалауына байланысты болмастан, өзін-өзі қайтадан жаңарту есебінен дәйім көп ғасырлар бойына өмір сүруге қабілетті»[17].

Латын тілі арқылы біздің тілімізге еніп, орныққан ұлт мағынасындағы «нация» сөзі көбінесе «халық» немесе «этнос» терминімен астарлас келеді. Бұл сөз халық жады мен жанынан өшкен жоқ, бірақ ол біздің тілімізде жаңа мағынаға ие болуда. Мұны дөп басып байқаған да – сарабдал саясаткер Н.Назарбаев. Өкінішке орай, бұл сөзді баспасөзде қалай болса солай қолдану белең алуда. Мысалы, Президент тарапынан алға тартылған осынау «Ұлт бірлігі Доктринасы» қазақ баспасөзінде «Қазақстанның Ел бірлігі» деп аударылған[18] және басқаша сөз тіркесімен берілген: «…Ұлттық келісім доктрина-сын қабылдау қажеттігін мәлімдеді …». – «Ассамблея ана тіліне бет бұрды» «Жас қазақ», 30 қазан 2009 жыл. – 2 бет, т.б.

«Ұлт» терминінің орнына «халық», «ел», «қоғам» және «этнос» сөздерін орынсыз қолдана беруге болмайды деп білемін. Сондықтан да түрлі қауымдастықтарды ұлттық қоғамдастыққа біріктірудің әлемдік тәжірибесін және тұтастай алғандағы Дүниедегі, әсіресе Қазақстандағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, «ұлт» ұғымының ғасырлар бедерінде қандай түсінілгендігін және оған бүгінгі таңда қандай мағына беріліп жатқандығын бағамдау қажет-ақ.

 

Газеттерді парақтағанда, радионы тыңдап, теледидар хабарларын тамашалағанда бірінші болып «халық» сөзі ойға оралады. Бірақ ол қазіргі қоғамға қаратыла қолданылғанның өзінде де көп мәнге ие. Оның бір мағынасы – қоғамның төменгі топтарын бейнелейді. Халықтың олигархтарға, ақсүйектерге, билік басындағыларға қарсы күресі демеуші ме еді. Бұдан тысқары, «халық» сөзі белгілі бір гео-әлеуметтік организмге (территориясы мен саяси-экономикалық жүйеге ие) жататын адамдардың жиынтығын белгілеу үшін де қолданылады. Мысалы, кезінде «совет халқы» деп айтқан едік қой. Қазіргі уақытта да Ресей немесе Қазақстан халқы деп айтылады. Алайда, бір кездері біртұтас болған, қазіргі уақытта ыдырап, жоқ болып кеткен Кеңес Одағы тұрғындарының арасынан қазақтар, армяндар, молдавандар және т.б. топтар бөлініп шықты. Адамдардың бұл қауымдастықтарының әрқайсысын бейнелеу үшін де халық сөзі қолданылуда.

 

Сол грузин, қазақ т.б. қаратыла айтылатын «халық» сөзі «совет халқы» дегендегіге қарағанда басқаша мағына беретіндігі түсінікті болса керек. Нақ осынау мағынаны (жекеленген халық пен оның өзіне ғана тән ерекшеліктерін) білдіру үшін этнологияда айрықша терминдер пайданылады. Олар – «этнос» деген сөз бен «этностық кауымдастық» деген сөз тіркесі.

Этнос дегеніміз не? Егер барша қазақтар, айталық француздардан нендей ерекшеліктерімен ерекшелікті тұрады деген сауалды қазіргі уақытта қойсақ, оның жауабы қандай болар еді? Әрине, олардың бір гео-әлеуметтік организмнің құрамында болуы дей алмаймыз, яғни территория мен экономика бірлігі емес. Қазіргі уақытта 5 млн-ға жуық қазақ басқа елдерде тұрып жатыр. Ал, өз елінен ақш-қа оралмастай болып кетіп қалған орыстар көп уақыт бойы, көбінесе өмірінің ақырына дейін орыстар болып қала береді. Белгілі бір қауымдастықтың мүшелерін туыстандыратын, сонымен бірге оларды мұндай басқа қауымдастықтардың өкілдерінен ажыра-тып тұратын бірінші белгі тіл сияқты. Дегенмен де бұл қағида-ның ағылшындар, француздар, испандарға қатысы жоқтай, өйткені олардың тілдерінде басқа қауымдар да сөйлейді.

Халықтар арасындағы айырмашылық ең алдымен мәдениет пен мінез-құлықта көрініс береді. Жоғарыда тілге алынған халықтардың тілі бір, бірақ олардың мәдениеттері басқа-басқа. Иә, тілдік бірлік мәдени қауымдастықтың пайда болуы мен дамуының ең маңызды шарты болып табылады. Сонымен бірге этностың ең маңызды компоненттерін оның өзіндік сана-сезімі мен атауы – этноним құрайды.

Этнос – бұл әлеуметтік қауымдастық. Бірақ оған кей-кейде биологиялық сипат беріліп, қарастырылады. Мұндай ұстаным-ды Ю.Семенов терістейді[19]. Ал, шынтуайтына келгенде балалар ата-аналарынан мәдениет пен этникалық сананы ғана емес, дене құрылымын да мұра етіп алып, алға қарай жалғастырады емес пе? Осыдан барып этникалық қауымдастық негізінен бұл шығу тегінің бірлігі, әрбір этнос – бұл адамдардың айрықша әулеті, тегі деген ұғым келіп шығады. Адамның бір этносқа жататындығы оның қаны бір шығу текпен байланыстыра анықталады. Адамдар өздерінің ата-аналарын басқалармен шатастырып алмайды, қанымыз да осындай, басқа емес деп есептейді. Мұның бәрі этностық текті адамдардың айрықша биологиялық түрі-әулеті ретінде түсінуге үндейді. Адам және оның ұрпақтары өздерінің шығу тегі мәселесін әрдайым есінде сақтайды емес пе? Олар биологиялық ата-аналарын таңдай алмайды. Ортақ ататек әрдайым адамдардың бір-біріне деген бейілділігін күшейте отырып, олардың жақындасуының негізін қалайды. Демек, этникалық тек адам өмірінің объективтік жағдайларының әсерімен қалыптасады екен. Туылғанынан бастап адам белгілі бір этностың бөлшегі болып табылады.

Әрине, егер этностың қалыптасуының алғашқы кезеңінде бірінші орынға адамдардың шығу тегі мен территория бірлігі шықса, кейініректе бұл рөлді ситуацияға қарай тіл, мәдениет, идеология (дін), әлеуметтік-саяси құрылым бірлігі, бір әміршінің құзырында болу сияқтылар алмаса отырып атқарады. Айта кету керек, әдебиетте этнос пен қоғам теңдестіріле қарастырылуда. Олар өзара байланысты болса да, басқа-басқа құрылымдар. Мысалы, немістер ГДР мен ФРГ сияқты түрлі типтес әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымдарда өмір сүрді емес пе? Демек, этнос қоғамның тілдік-мәдени және биологиялық ерекшеліктерге ие тұрғындарының топтарынан ғана құралады. Сондықтан ол кездегі немістердің қоғамдық құрылымы туралы әңгімелеуге болмас. Бірақ тұтастай алғандағы Германияның қоғамдық құрылымы туралы сөз қозғауға болады. В.Бабаков пен Ю.Семенов этнос пен ұлт ұғымдарын ажырата отырып, этнос территориялық-тілдік және мәдени-психологиялық компонент-терден тұрады, ал ұлт ұғымынан этникалықтық және әлеуметтік процестер орын алады дейді. Бұл тұжырыммен келіспеуге де болады. Археологиялық, этнографиялық және тарихи деректер этнос – бұл адамдардың белгілі бір ұжымы екендігін, ендеше онда, сөз жоқ, әлеуметтік қатынастардың бой көрсетіп жататындығын көрсетеді. Бұл ретте В.П.Торукалоның этнос және оның типтері биологиялық пен әлеуметтіктің бірлігі деген диалектикалық ұстанымын қолдауға болады. Ұлт, дейді ол, әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталады. Олардың ішіде ең бастысы – мемлекет[20]. Бұл мәселелерді зерделеуде жүйелік ұғымдарға жүгінген В.Б.Касевич, этникалық қауымдастық өзін «қандық» белгілер арқылы ғана емес, мәдени стереотиптердің сипаты арқылы да ажырата түйсініп-түсінеді. Ұлт өмірінде бірінші орында гео-саяси ерекшеліктер тұрады, ал мәдени белгілер екінші орынға ығыстырылады, деп тұжырады. Айта кету керек, мұндай жағдай бірнеше этникалық топтардың негізінде пайда болған ұлт өмірінен ғана орын алады. Ал, моноэтнос-ұлтқа мұндай ерекшелікті телуге болмайды.

Бұл ретте автор тарапынан тілдің рөлі ауызға алынбаған. Шын мәнінде, ол – күллі мәдени стереотиптердің іргетасы, яғни онда этнос пен ұлт өмірінің кристалданған бейнесі көрініс тапқан.

Жалпы алғанда, этнос теориясын ғылымижағынан негіздеуге үлкен үлес қосқан академик Ю.В.Бромлей этностың тарихи дамуы барысында өмір сүру жағдайына байланысты амалдың да өзгеріске ұшырайтындығын мойындайды. Сонымен бірге – деп, атап көрсетеді ол,– кейбір этностар бірнеше тарихи формациялар бедерінде өзінің тұрлаулығын сақтап қала алады.

Тармағынада этнос белгілі бір территорияда тұратын, өзіне тән салыстырмалы түрдегі тұрақты тілі мен мәдениетіне ие болған, сонымен бірге өздерінің бірлігін, басқа қауымдардан айырмашылын ұғынған, қауымдастығының атын айқындап айта алатын кісілердің тарихи қалыптасқан жиынтығы болып табылады[21]. Ол тар мағынада этнос ұғымы «Этникос атауына тура келеді» – дейді, (көне грек тілінен алынған сөз). Этносты кең мағынада «ұлт» сөзінің орнына қолдануға болады.

Этностың концепциясы туралы кеңінен сөз қозғаған академик Ю.Бромлей өзінің «Этнос және этнография» (М.: «Наука», 1973)атты монографиясында осынау мәселе жөніндегі пікірлерін тарата баяндады. Олар 1983 жылы жарық көрген «Очерки теории этнографии» деген еңбекте одан әрі жалғастырылды. Ю.Бромлейдің негізгі ойлары мынаған саяды: 1. Этнос-пан ойкумендік құбылыс (шекара білмейтін, жер-жерлердің бәрінде кездесетін). 2. Адамзат тек қана этнос түрінде өмір сүріп келген және бұдан былай да солай өмір сүре береді. Этнос адамзаттың ең басты әлеуметтік тобы болып табылады. 3. Егер де қазір адамзат баласын түгелімен этносқа бөліп қарайтын болсақ, ол қалдықсыз бөлінеді. 4. Алғашқы қауымдық қоғамда этнос-ру мен тайпа, феодализм дәуірінде ұлыс түрінде (народность терминін біз ұлыс деп алып отырмыз) көрінген. Ал, капитализм мен социализм заманында этностың көрінісі – ұлт. Бұл жаңалық емес, әрине, Сталин тарапынан тұжырымдалған ақиқаттар. 5. Этнос екі түрде өмір сүреді: этникос және кең мағынада алғандағы этнос. Этникос – этникалық қауымның қай жерде жатқанына қарамастан оның барлық өкілдерін бейнелейтін термин. Ал этнос этникалық-әлеуметтік қауым. Мысалы, этносқа Қазақстанда тұратын қазақтар жатады, әлемнің басқа жерлерінде, елдерінде тұрып жатқан қазақтар және барлық қазақтар этникосқа жатады. 6. Эндогамия этностыңбасты белгілерінің бірі (яғни өз тобынан тысқары тұрған бөгде қауымның өкілдерімен некелесуге тыйым салу). Эндогамияның маңызы өте зор. Н.Масанов мұны теріске шығаруға тырысады: Революцияға дейін қазақтарда этникалық эндогамия болмаған, тек діни эндогамия ғана болған. Қазір де басқа этностардың өкілдерімен некеге тұрып жатқан қазақтар қаншама!

Бұл пікірге біз қосыла алмаймыз. Себебі қазақтардың дені, көпшілігі өздерінің ішіндегілермен некелескен, қазір де некеде тұрып жатыр. Ал, басқа этникалық қауымның өкілдері мен тұрмыс құрып жатқандар өте азшылықты құрайды. Шынында да егер қазақтардың көпшілігі басқа этностардың өкілдерімен тұрмыс құрып кетіп жатса, қазақ этносы этнос болып қалар ма еді? Демек, эндогамия этностың басты элементерінің бірі болып табылады.

Мұны мойындамай, жекеленген мысалдар мен фактілерге иек арту, соларды ғана жинақтай келе қорытынды шығару – бұл спекулятивтік философия мен социология өкілдеріне тән қасиет екені ғылыми жұртшылыққа атам заманнан бері мәлім жәйт.

Этнос сөзін тар мағынада түсінудің тиімділігінің дәлелі ретінде бір ұлтқа жататын, бірақ түрлі елдерге тарқалып кеткен кісілер тобының қай жерде тұратындығына қарамастан олардағы жалпы ұлттық белгілердің сақталып қалғандығын көрсету жеткілікті. Мысалы, Қытайда тұратын қазақтар саны 1 млн-ға жуық, Моңғолстанда 96 мың қазақ бар[22]. Олардың бәрінің экономикалық-территориялық және мемлекеттік қатынастарында ортақтық болмаса да, бірақ мәдениеттерінің айрықша белгілерінің жалпылығы тегінің бірлігін ұғыну, ортақ атау және басқа көптеген ұқсас жақтарының бірдейлігі бірлестіріп тұрады. Осы мағынада этносты тар шеңберде түсіну этносты құрайтын кісілердің ішкі ортасының тығыз байланыстылығы арқылы олардың этностық қасиеттерінің өзара бір-біріне өтіп және бірі-бірінің өміршеңдігін қамтамасыз етіп тұрады дегенге саяды.

Этнос қоғамдық институттардан тыс өмір сүрмейді. Осы институттармен бірге этнос «Этникалық-әлеуметтік құрылым-дарды» құрайды. Ол «Әлеуметтік организмдерге» көп ретте сәйкес келеді.

Мұндай жалпылық қауымдастық территориялық-саяси ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық бірліктерге де ие болады. Осынау этникалық-әлеуметтік организмдерді типтерге бөлу арқылы, олардың белгілі бір қоғамдық-экономикалық сатыларға тиісті екендігі анықталады. Мысалы, алғашқы қауымдық дәуірде тайпа немесе қандас-туыстар тайпалар тобы; орта ғасырларда ұлыстар тобы; жаңа дәуір үшін, яғни капитализм мен социализм деп аталатын құрылымдар пайда болған кезде ұлт сияқты қауымдық типтерді тілге тиек етуге болады[23]. Сонымен кең мағынада алып қарағанда этнос бір жағынан, этникалық, екінші жағынан, қоғамдық-экономикалық факторлармен айқындалып анықталады[24]. Ғалымдар тарапынан айтылып жүрген этникалық қауымның ең жоғары түрі – ұлт деген пікірдің жаны бар деп білеміз. Этнос пен ұлт ұғымдарының ара жігін ашып көрсету өлшемдеріне байланысты мыналарды айта кеткен жөн: біріншіден, бір этностың құрамынан біртіндеп ондаған ұлттардың бөлініп шығуы табиғатта бар нәрсе. Мысалы, өз уақытында түрік тілінде сөйлейтін тайпалық қауымдардан бөлініп шыққан қазақ, қырғыз, түрікмен, өзбек ұлттары туралы сондай пікірді айтуға болады; екіншіден, этнос ұлттың бір бөлігін білдіруі мүмкін; а) Мысалы, құрамындағы этникалық-діни топтар ретінде шоғырланған татарлар-керәшендерді көрсетуге болады. Керәшендердің дәстүрлі мәдениеті бөлекше. Мұнда, бір жағынан, православие дінінің ықпалын айту керек. Екінші жағынан, ноғай-қыпшақ және фин-угорлық компоненттердің қатыстылығы және бар. Болгарлар арасындағы мұсылмандар мен христиандар да этникалық-діни топтарға жатады; ә) Этникалық-нәсілдік топтар (бұған Америка халқы мысал бола алады); б) Этникалық-территориялық топтар (белгілі бір ұлт өкілдерінің ол немесе бұл территорияда, елде бірыңғай орныға, топтаса өмір сүруі). Сібір мен Астрахань татарлары татар ұлтының сондай этнотерриториялық топтарын құрайды[25]. Сондай-ақ, этнос ұлттың қалыптасуының алдыңғы дәуірін білдіруі мүмкін[26]. Кейде этностың ұлт ұғымы орнына да қолданыла беретіндігін практикадан көріп жүрміз. Сонымен, «Этнос» ұғымы «Ұлт» ұғымына қарағанда кең мазмұнға ие екендігін көруге болады. Этностылық ұлттыққа қарағанда көнерек, өйткені ұлт кейінірек пайда болған. Жаңа дәуірде, адамзат дамудың капиталистік сатысына көтерілуіне байланысты этностардан ұлт өсіп шыға бастайды.

Этникалық қауымдардың алуан-алуандылығын анық бейнелеу үшін ғалымдар «Этникалық топ», «Этнографиялық топ» деген категорияларды қолданып жүр.

А.Х.Гаджиевтің пікірінше, «Этникалық топ» бұл – негізгі этникалық қабаттан тысқарыда өмір сүріп, тіл, традициялық тұрмыс салты бірлігін және өзі жататын ұлт немесе халықтың қоғамдық психологиясының ерекшелігін сақтап қалған этникалық қауымдастықтар болмысының бір түрі болып есептелінеді[27].

Ал, «Этнографиялық топ» – ол немесе бұл этникалық қауымдар мәдениеті мен тұрмысының базбір ерекшеліктері мен белгілерін сақтап қалған топтың түрі. Әрбір халықтың құрамында сөйлеу мәнері, диалектісі, өзіне тән әдет-ғұрыптары мен тұрмыс мәдениетіне қарай ерекшеленетін этнографиялық топтар болады[28]. Ондай топтар көбінесе бір этностың оқшауланған бөлігі болып табылады. Оның жарқын мысалы – казактар[29]. Сондай-ақ, орыс халқының бір бөлігі болып табылатын некрасовтықтардың тұрмыстық мәдениеті-нің өзгеріске ұшырауы кеңес өкіметі кезіне тура келеді. Себебі, олардың конфессионалдық ерекшеліктерінің шайыла басталуы құдды сол кезеңде белсенді әрі жедел түрде жүзеге асырылды. Дейтұрғанмен, олардың этномәдени ерекшелігі осы күнге дейін өзінің бояуын жоғалтқан емес.

Қазіргі таңда да олар орыс халқының айрықша этнографиялық тобын құрайды[30].

Бұл пікірді жалғастыра ой айтқан автор С.А.Виноградовтың жазуынша, этникалық топ ұғымы бір ұлттың басқа елдегі жергілікті халықпен араласпай өзінің тілі, әдеті, мәдениеті, традицияларын ұзақ уақыт бойы сақтап қалған топтарына қаратыла айтылады.

Қазақстанда тұрып жатқан орыстар, немістер, кәрістер солардың қатарына жатады[31]. 1989 жылы жүргізілген санақ бойынша анықталған Қазақстан мен Орталық Азияда тұрып жатқан жалпы саны 1 млн. 179,5 мыңдай татарлар жөнінде де осыны айтуға болады[32].

Кейінгі кезде әдебиетте және бұқаралық ақпаратқұралдарында «диаспора» деген ұғым көп қолданылуда.

Бұл сөздің ғылыми мағынасы қоғамдық-саяси тұрғыдан гөрі химиялық, биологиялық процестерді көбірек бейнелейді. Диаспора грек сөзі: I. Химиялық бөлшектерді, бытыраңқы, шашыраңқы бөлшектерді көрсету үшін қолданылады; II.Өсімдіктердің көбеюіне, тарауына ықпал жасайтын олардың кез келген бөлшегі (ұрық, жеміс, бадана, түйнек, т.т.). Мәскеуде 1993 жылы жарыққа шыққан 2 томдық философиялық сөздікте осылай жазылған. Ал, «Казақ Совет Энциклопедиясында (3-том, 367-бет) диаспора деген сөз тек химиялық ұғым ретінде түсіндіріледі.

Біз әңгіме етіп отырған мәселе тұрғысынан жанасатын болсақ, диаспора деп өз халқының мемлекеттік құрылымынан, этникалық немесе тарихи отанынан тысқары жерлерде, басқа елдерде тұрып жатқан ұлт өкілдерінің топтарын айтуға болады. Сондықтан да Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тұрғанда біздің басқа елдерде тұратын қандастарымыздың барлығы «қазақ диаспорасына» жатады. Бүгінде әр үш қазақтың бірі шет мемлекеттерде тұрады. Оның әр түрлі себептері бар. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысында екі империя – Ресей мен Қытайдың жасасқан Шәушек шарты бойынша, қазақтардан сұрамай-ақ, шекара сызығын жүргізіп, ағайын-бауырларды екі бөлді де тастады. Сонымен бүгінгі күні Қытайда I миллион 300 мыңға жуық қазақ диаспорасы өмір сүруде. Шекара сызығын жүргізуге байланысты көрші елдерде – Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан жерлерінде 2 миллионға жуық қандастарымыз диаспораға айналған. Ал, Кеңес өкіметін орнату, азамат соғысы, таптық күрес, отырықтандыру мен ұжымдастыру зобалаңы, қудалаулар мен қырып-жою кездерінде қаншама қазақ тым-тырақай елін тастай қашып, басқа жерлерді сауғалаған еді.

Ал, Ресей жеріндегі қазақтар диаспора болады да, Қазақстандағы орыстар диаспора болмайтыны қалай? Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі С.Терещенконың Ұлы Ресей мемлекеті тұрғанда Қазақстандағы орыстар диаспора саналмайды деуінің бірден бір себебі – оның империялық санадан арыла алмауында. Ю.Семеновтың «Этнос, нация, диаспора» атты мақаласы жөнінде де осыны айтуға болады. Ол: «Қазақстанның солтүстік облыстарында тұрып жатқан орыстар диаспораға жатпайды, олар Ресейдің шет аймақтарының тұрғындары есептелінеді», – дейді[33].

Ресей, Алмания, Польша, екі Корея, Татарстан, Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыравтономиялы ауданы тұрғанда, Қазақстанды мекендейтін орыстар, немістер, поляктар, кәрістер, татарлар, ұйғырлар – барлығы диаспора болып табылады. Алайда олардың барлығы тәуелсіз Қазақстан Республикасының біртұтас халқын, анығырағы тұрғындарын құрайтыны да дау туғызбайтын шындық. Сондықтан да болу керек, «Дөңгелек стол» басында[34]»Қазақстан-Америка бюросы» дейтінненкелген «құқыққорғаушы» Евгений Жовтистің «Этникалық отан», «Тарихи отан»деген ұғымдарды жою туралы ұсынысы қолдау таппай, тойтарысқаұшырады. Осыдан сәл бұрын біздің кейбір бизнесмендеріміздің төл құжаттан «ұлты» деген графаны алып тастау керек деген ұсыныстарының тағдыры осылай аяқталғаны белгілі. Ендеше, әр халық өзінің ұлттық нышанын, болмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, мәдениеті мен өнерін, тарихын сақтап, дамытуғаәрқашан мүдделі болуы қажетті-ліктен туындайды. Өз елінде тұрса да, диаспорада болса да.

Ал, әр мемлекеттің шет елдердегі өз диаспораларына, қандастарына деген көзқарастары қандай деген мәселеге де тоқтала кетейік. Бұның өзі, ең алдымен, сол ұлт мемлекетінің өркениеттілігіне, халқының бауырмалдылығына, ұлттық намысына байланысты демекпіз. Мысалы, Алмания мемлекеті біздің республикамыздағы неміс диаспорасына өткен жылы ғана 7,5 миллион марка көмек бергенін, Алматыда «Неміс үйін» ашып, оны жабдықтағанын, музыкалық аспаптар мен ұлттық киім-кешектермен қамтамасыз ете отырып, Қазақстан немістерінің республикалық күндерін, съездерін, тіпті конгрестерін өткізуге қаржылай көмек көрсетіп отырғанына қалай қуанбасқа! Былтыр Қытайда өткен неміс күндері кезінде Алманияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдени мәселелер бойынша атташесі Петер Зонненхоль мырза журналистерге өз елі жыл сайын Қазақстаннан 220 мың немісті қабылдап алуды жоспарлап отырғанын айтқан (1995 жылдың басындағы есеп бойынша республикамызда 507199 неміс бар). Бұл да Алманияның өз диаспорасына жасаған қамқорлығы емес пе?!

Германияның федералдық өкіметі бұрынғы КСРО территориясында тұрып жатқан немістерге қандай жәрдем көрсетуді арнайы жоспарлаған екен.

Бұлар, біріншіден, Германияға көшіп баруды қалаған немістерді қабылдауды; екіншіден, қазіргі уақытта тұрып жатқан жерлердегі уақытша қалып кеткен немесе түпкілікті тұрып қалғысы келген немістерге жәрдем көрсетуді қамтиды.

Қайсы саяси партиялардан құралмасын Германияның федералдық өкіметінің бұл мәселе жөніндегі позициясы дәйім бір жақты. Мұнда ең басты мәселе – жергілікті жерлердегі немістердің жағдайын орнықтыра түсу. Бұл процесс тілден басталатындықтан неміс тілін үйретуге, неміс тарихы мен мәдениетін танытуға көп көңіл бөлінген. Азшылықты құраған немістерге ең алдымен өзінің мәдени ортасы қажет. Өйткені, онсыз нағыз отандық сезімге ие болу қиын. Бұл ретте немістік мәдени орталықты құрудың рөлі арта түсуде. Сондай-ақ, фермерлік шаруашылықтарды құруға, ауыл шаруашылығын жекешелендіру ісіне қаржы жұмсалынады. Әсіресе, немістерді бір аудан төңірегіне шоғырландыра орналастыру, сөйтіп оларға демеуші болу сияқты бағдарлама жасалынған (үй-жай, инфраструктураны жетілдіру, кішігірім кәсіпорындарды қар-жыландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, гумани-тарлық көмек көрсету, кездесу орталықтарын құру, өйткені бұлардың тілді және мәдени өзіне тәндікті қалыптастырудағы рөлі зор. Сөйтіп, немістер ұлттық дәстүрлерін сақтап қалуға мүмкіндік алады. Осындай аудандардың орталықтарыжер-жерлерде, мысалы, Омбы облысында (Азово), Алтай өлкесінде (Гальбштадт) және т.б. құрылған. Бір ғана 1989 жылдың көле-мінде осындай мақсаттарға жұмсалған каржының көлемі 20 млн неміс маркасына жеткен[35]. Сондай-ақ, Польша Қазақ-стандағы поляктарға, Корея кәрістерге, Грекия гректерге тиісті көмектерін көрсетуде.

Алайда, кезінде КСРО-ның құрамында болған республикалар осындай қасиеттерден жұрдай болған. Біздің өзіміз шеттегі қазақтарға қалай көмектесіп жатырмыз? Рас, құрылтай шақырдық, той-думан етіп өткіздік, елге оралуға үндедік, келгендерін күтіп алғанымызбен жағдай жасамадық, жергілікті шенеуніктерге итере салдық,қос дипломды мамандарды қой бақтырып, қора күзеттірдік, тіркеуге алмай сандалттық, алды аттізгінін Моңғолға кері бұрды. Осы мәселе неге намысымызды қамшыламайды? Сонда да соңғы кездері, әсіресе, Ресейдегі жерлесіміз Тайр Мансуровтың Президенті-мізге қазақ диаспорасының жағдайы туралы жазған хатынан кейін біраз талпыныс байқалады. Шеттегі қазақтарға көмек көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде, қазақ диаспорасының әлеуметтік, құқықтық мәселелерін, мәдениеті мен өнерін, тілі мен тарихын зерттеп, нақтылы көмек көрсетутуралы ұсыныстар жасайтын ғылыми практикалық орталық құру мәселесі қолға алынды және үкімет тарапынан қаржыбөлу мәселесі де шешілуде. Бұл іс тезірек орындалып, ылайым, ұзағынан сүйіндірсін.

Ал, Қазақстанда тұрып жатқан белорустар, орыстар, армяндар, т.б. Белорусь, Украина, Армения, т.б. мемлекеттерден қандай көмек алып жатыр? Ресей мемлекетінің басшылары анда-санда орыстарға көмек беруді  тілге алғанымен, оларға шынайы көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Ол, ол ма, тәуелсіздік алған жас мемлекеттерге қоқан-лоққы көрсетуден бір тынбайды. «Орыстарды қорғау қажет болса, әскер кіргіземіз» дегенде бұрынғы қорғаныс министрі П.Грачев Америка менКанададағы, Франция мен Польшадағы орыстарды меңзеп отырмағаны белгілі. Осы іспетті сөздер бұрынғы Сыртқы істер министрі А.Козырев, бұрынғы вице-президент А.Руцкой, атышулы Солженицын қарт пен Жириновский тентектің ауыздарынан талай рет шықты емес пе? Бұл Қазақстандағы орыс диаспорасына көмектесу, қарайласу емес, керісінше арандату әрекеттеріне тым жақын. Шынайы қамқорлық басқалай болуы керек емес пе?

Мысалы, БҰҰ өкілдері Кубань жеріне келіп, жағдаймен танысқан кезде Ресейге көшіп келіп жатқан орыстарға «босқын» деген мәртебе берілетініне қатты таңданған екен. Сөйтсе, мемлекетінде босқындар туралы Заң бар екен де, репатрианттар (отанына оралғандар) туралы Заң жоқ екен («Комсомольская правда». –№235. 22.12.1993). Тіпті от қаулаған жерлерден ғана емес, Қазақстан сияқты орнықты елдерден барғандары да «босқын» екен. Тоқетері Ресейге қайтқан орыс, Алманияға барған неміс, Қазақстанға оралған қазақ ешқашан босқын деп аталмауы керек. Бұл – мемлекет басшыларының қатты ойланатын шаруасы. Бүгінгі саяси, экономикалық, әлеуметтік қиыншылықтар кезеңінде ұлт, ұлтаралық қатынастар, миграция (көшу-қону) сияқты күрделі мәселелерге байыппен қарау керек. Бұл Отанын сағынып, аңсап, нақты көмек пен қолдау күткен, күрделі тағдырлы барлық диаспоралар үшін де аса маңызды[36]. Қазақстанда оң өзгерістер өрбіп келеді. Міне, ол бұдан былай дүниежүзілік құқықтың субъектісі ретінде көзге көрінуде және бұл мойындалған жәйт. Қазақстан халқын негізгі жергілікті халық және диаспоралар деп бөлген жөн. Мұнда қазақтар осы елдің негізгі халқын құрайды, себебі олар аталмыш елдің тілі, мәдениеті және тарихының иегерлері, жасаушылары болып табылады. Қазақстан – қазақтардың бөлшектенбейтін негізгі Отаны. Қазіргі уақытта қазақтар 39 елде тұрып жатыр, оның 14-і бұрынғы Кеңес Одағының территориясында. Ең үлкен қазақ диаспоралары алыстағы 25 шет елдерде тұрып жатыр. Олардың көпшілігі өздерінің дәстүрлі мәдениетін, қазақы тұтастығын сақтай алған. 740 000 қазақ – Ресейде, I млн 550 мың қазақ – Өзбекстанда. Қазіргі таңда 12 млн-дай қазақтың 7 млн 777 мың 777-і Қазақстанда, ал 4 млн 244 мыңы шет елдерде, диаспораларда тұрып жатыр[37].Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда 10 млн-ға жуық қазақтар тұрып жатыр, ал басқа елдерде 5 млн-нан артық қазақ диаспорасы тұрып жатыр. Жоғарыда атап өтілгеніндей, диаспоралардағы қазақтар өздерінің этникалық тұтастығымен этникалық эндогамиясын біршама сақтап қалған. Олардың басқа, бөгде жерде, үлкен ұлттардың арасында жүріп ұлттық-этникалық ерекшеліктерін сақтауға тырысуының себептерін, сайыпкелгенде қазақтардыңдәстүрлі мәдениеті мен ұлттық менталитетінен іздеу керек сияқты. Шеттегі қазақтар диаспораға жатпайды, олар өз жерлерінде тұрып жатыр деп айтқан авторлар (проф. С.Тілеуқұлов, Халифа Алтай)[38] дажоқ емес. Олар диаспораға жатады, себебі халықтың негізгі бөлігінен тыс қалған,басқа елдердің, мемлекеттердің құрамында өмір сүріп, бөгде этникалық ортада тұрып жатыр. Олардың көбісініңтұрып жатқан бірсыпыра жерлері қазақтардың байырғы жерлері екені рас, бірақ олар басқа елдердің құрамында қалып, сол елдердің тәртібі-заңынабағынады, сол елдердің тілінде сөйлесуге мәжбүр, сол елдердің дәстүрлерін құрметтейді, стандарттарын қабылдауға мәжбүр.Сондықтан да олар диаспораға жатады.

Қазақ диаспорасының қалыптасуы әр түрлі жолдар мен себептерге байланысты жүзеге асқан. Сонау, жоңғар шапқыншылықтары кезіндеОрталық Азияда бір диаспора пайда болған болса, кейінірек Ресейдің отарлау саясатының нәтижесінде, әсіресе Қызыл империя тұсында қоныс аударушылар санының көбейгені белгілі. Эмиграцияға шығып кеткендері де бар: жұмысшы эмиграция (яғни кәсіп, жұмыс іздеп кеткендер аз болған) мен төңкерісшіл эмиграция бізде болған жоқ. Болған болса саяси эмиграция туралы айтуға болады (М.Шоқай және басқалары). Қазіргі кезде қазақ көші басталды, бұл – ұлттық реанимациялық процесс, өйткені ол ұлтымыздың сандық және сапалық потенциалын нығайтуға қызмет етеді. Оның үстіне олардың басқа елдер мен жерлердегі жағдайы да мәз емес. Сондықтан шет елдердегі қазақтар түптің түбіндеата мекеніне көшіп келуі керек. Олардың қазіргі тұрып жатқан жерлері мен елдері сол қазақтардыңқазіргі Отаны болып табылады деп есептеу керек. Ал Қазақстан – барлық қазақтар үшінатамекен болып табылады. Әрине, атамекен мекем болу үшін алдыменбіздер өзімізді-өзіміз жөндеп алуымыз керек болады. Исі қазақтардың бірігуі үшін олардың ұлттық сана-сезімін оятып, дамытукерек болады. Өз жерімізде отырып диаспоралық жағдай мен деңгейге түсіп қалғанымыз сыр емес. Біразымыздың «көзқаман»болып қалғаны жүректі сыздатады. Бірсыпырасы ауызекі түрдеқазақша сөйлей алғанымен қазақ тарихын, мәдениетін, әдебиетінбілмейді. Мінез-құлқы мүлдем басқаша. Бұл – қасірет.

Шет жердегі қазақтардыөз атымен атау керек. Олар іссапарға немесе қайын жұртына кеткен жоқ, олардың жерін Ресей мен Қытайбөліске салып басып алған, өздерін қудалап, ашаршылыққа ұшыратты.Нәтижесінде қаңғып,босып кеткен. Өзбекстанда қазақдиаспорасын Өзбекстан республикасының құрамында қалып кеткен қазақ жерлерінде тұрып жатқан диаспора деп, ал Ресей қазақтарын Ресей басып алған жердегі қазақ диаспорасы деп атау керек. Қазақ диаспоралары – тағдырдың тәлкегіне ұшырағандардың нәтижесі немесе шетке кеткен қазақтар елін өз жүрегінің қалауымен тастап кетпеген. 1995 жылдың қарашасында Түркістан қаласында өткен «Қазақ диаспорасының мәселесі мен болашағы» атты халықаралық симпозиумда жасалған баяндамалар мен әңгімелер осы мәселенің төңірегінде өрбіді.

Этнос ұлттан гөрі кеңірек ұғым болғандықтан оған ұлттан басқа «нәсілдер», рулар, тайпалар, ұлыстар сияқты этникалық түрлер де жатады. Дерлік әрбір ұлттың өкілдері әр түрлі жерлерде тұрып жатыр, сонымен бірге ол бірнеше этникалық, нәсілдік топтардан құралған. Мысалы, кубалықтар ақ тәнді-лерден, негрлерден, мулаттардан тұрады. Қазақтар арасында көккөз, сары немесе жирен шашты кісілерді немесе көздері, шаштары тым қара моңғолдарға және өзбектерге ұқсас кісілерді ұшыратуға болады. Әлбетте, ұлт тек әлеуметтік құбылыс қана емес. Ол табиғи, биологиялық құрылым да болып табылады.

Этнос тек табиғи ғана емес, сондай-ақ тарихи, әлеуметтік дамудың нәтижесінде пайда болады. Кез келген этнос- тарихтың жемісі. Әр халықтың, ұлттың қайталанбас, бай тарихы бар. Әрбір халықтың түп-тұқияны ұзақ ғасырлар қойнауына сіңіп кеткен. Бұл тұрғыда халықтарды «көне» және «жас» этностар деп бөлуге болмайды. Америкалықтарды жас халықтар санатына қосуға болады, бірақ оларды жаратқан, жасаған этностардың тамыр-тегі, түбірі алысқа, көптеген мың жылдықтарға барып тіреледі. Сондықтан да мексикалықтар немесе солтүстік америкалықтар көнелікте қытайлықтар яки римдіктерден қалыспайды.

Әрбір этностыңкөне тарихы бар деп білеміз. Кейде кейбір ұлттарды сипаттағанда олардың басып өткен жолдарын тек даңқты, ерлікке толы шежірелерден тұрады деп бағалаубарынша көрініс беріп жатады. Мұның нәтижесінде тек бір ғана ата-текті мойындау белең алады да, сол халыққа келіп қосылған,одан кейін барып тегін құраған,оның қалыптасуынаат салысқан «жаңа этникалық бабаларын» кемсітуге, оларды тіпті өздерінің тектік шежірелерінен шығарып, сызып тастауға әрекет жасалынады.

Қазіргі орыс халқының қалыптасуында түркі халықтары-ның, ішінара татарлар рөлінің болғандығы дау туғызбайтын тарихи ақиқатемес пе? Л.Н.Гумилевтіңдұрыс атап көрсеткеніндей, «орыстытырнасаң, татар шыға келеді» деген тіркес көп нәрсені аңғартады[39]. Сондай-ақ, қазақ және өзбектің, барша түркі халықтарының келіп шығуын, тегін қарастырсақ, олардың бір негізден тұратындығынкөреміз. Әлбетте, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының этногенезі күрделі.

Олардың ұзақ дәуір ішінде түрлі халықтардан құралған  ахеменилер, кушан, грек-бақтрия мемлекеттері, эфталит дер-жавасы, түрік қағанаты, араб бірлестігі,қарахан мемлекетінің қол астында болуы олардың этникалыққұрамында және тұрпатында терең із қалдырған… Қазақтардың өздерін алатын болсақ, олар түркі тайпаларынан басқа да этностардың өкілдерін: үнділер, ирандықтар, арабтар, қазақ ішіндегі қожалар және төлеңгіттерді, сондай-ақ басқалай моңғол тектестайпалардың өкілдерін өздеріне қосып алып, сіңіріп жіберген.Дей тұрғанмен, тарихи оқиғаларға әділ бағасын беретін болсақ, Түркістан өлкесін жайлаған халықтардың арғы тегі бір болып шығатынын, олардың бәріне ортақ рухани мұралар мен діни нанымдар тән екендігін көреміз.Әрине, олардың әрқайсысы кейініректе тарихи дамудың түрліжолдарымен кетті. Сол себепті әрбірінің мазмұны мен түрі жағынанөзіне ғана тән болған мәдениеті қалыптасты.

Этносты тар және кең мағынада алып қарағанда оның басқалардан ажыратып тұратын ең маңызды да тұрақты сипаттарынамәдениетінің өзіне ғана тән болған ерекшелігі, оның этникалық жағынан ерекшеленіп тұруы, халықтың тұрмыс салтының этникалық түрлері жатады[40].

Түрлі этникалық қауымдастықтар (ұлыс, ұлт, этникалық топтар және басқалары) ең алдымен материалдық және рухани мәдениеттердіңөзіне тән ерекшелігімен ажыратылып тұрады. Тар мағынада алып қарағанда этносты өзіне ғана тән болған мәдениет белгілерініңжүйесі десе болады. Белгілі бір халықтың қоғамдық-экономикалық, табиғи-географиялық жағ-даяттары негізіндепайда болған мәдениетінің ерекшеліктері сол жағдайлардың жойылып кетуіне қарамастан біраз уақыт бедерінде өзінің біршама тұрақтылығын сақтап қала алады. Ал, мәдениеттіңсубьектілері басқа қауымдастықтың арасында азшылықты құраса, 2-3 әрі барса 3-4 ұрпақтың ғұмырындай уақыт өтісімен оның этникалық дәстүрлерінің тоз-тозы шығып қалатыны хақ.

П.Н.Чебоксаровтың жазғанындай, халықтың этногенез тарихы мен мәдениетінің тарихы бір-бірінен ажырағысыз. «Егер халық өзіне тән болған мәдениетін жоғалтса, ол айрықша дербес этнос ретінде өмір сүруден қалады[41].

Этникалық дәстүрлер мәдениетте ап-анық бейнеленеді. Тіл, әдет-ғұрып, наным-сенім, «Этнос», «Халық» және «Ұлттың» өзіне тән келбетін көрсетеді, олай болса мәдениет түрлері этникалық-халықтық-ұлттық қасиеттерді өзінде жинақтап сақтайды деуге болады[42].

Этностың тұрақты түрде өмір сүре алуы үшін тілмен бірге оның материалдық және рухани мәдениетіндегі айрықша белгілерінің де маңызызор. Бұлар ең алдымен: әдет-ғұрып, рәсім, халық өнері, дін, жүріс-тұрыс, тіл және тұрақты сипатта көрінетін мәдениеттің басқа белгілері[43].Мәдениеттің бағзы бір белгілерінің, кейде тіл немесе діннің жоғалып, жойылып кетуі мүмкін болған жәйт, бірақ соған қарамастан этностың белгілі бір мәдениқауымдастық ретінде сақталып қала беретіндігін көрсететін тарихи материалдар мол. «Кең мағынада алып қарағанымызда құдды мәдениет қоғамдаэтникалық жағынан сабақтастықты қамтамасыз етеді»[44].

Зерттеулер этникалық өзіне тәндік барған сайын рухани мәдениет саласында көбірек көрініс табуда және жинақталуда деген пікірді қуаттап отыр. Рухани мәдениет екі түрлі деңгейде, біріншісі – этникалық қауымдар мен этникалық — әлеуметтік организмдердің қоғамдық психологиясында және екіншісі – қоғамдық сана түрлерінің идеялық-теориялық және жүйеленген деңгейіңде көрініс береді[45]. Ю.В.Бромлей бұл тұрғыда бөлекше пікір ұстанады: «Тап қазір этникалықжағынан өзіне тәндік біртіндеп этникалық психологияға терең бойлап еніп барады, нәтижесінде ол этникалық қауымдардың рухани ерекшеліктерінің басқа белгілерінде, тіпті әдет-ғұрыптары мен жөн-жоралғыларында да көмескі көрінуде»[46].

 

Тарихшы-ғалым Нұрболат Масанов: «Әмбебаптық этника-лық қауымдастық деген табиғатта жоқ нәрсе, қауымдастық туралы қозғағанда оның түрлі типтерін тілге тиек етуге болады», – дейді. Ол қауымдастықтың типтерін төмендегіше анықтауды ұсынады. 1. Адамзат қауымдастығының бірінші ти-пі – мемлекеттік-азаматтық қауымдастық. Кез келген мемле-кеттің азаматы мұндай қауымдастықтың мүшесі болып сана-лады. 2. Қауымдастықтың екінші типі – діни-конфессионалдық қауым. Мысалы, хорват-католиктер,серб-хорват тілінде сөй-лейтін православтық сербтер, босниялықмұсылмандар, сон-дай-ақ, ливандықтар және басқалары діни-конфессионалдық қауымдастықтың өкілдері мен көріністері. Еврейлер(жөйттер) кімдер? Еврейлер – иудаизм дінін ұстанатын жандар. Ливанда конфессионализм қазіргі таңда да өз күшінде тұр. Католик-ма-ронит қана президент, мұсылман-суннит – премьер-министр,маронит қана қорғаныс министрібола алады. 3. Қауым-дастықтың үшінші типі – тілдік қауым. 4. Төртінші типі – изо-ляттар. Бұлар аралда, тау аңғарларында көпшіліктен жырақта, ажырған жағдайда оқшау өмір сүріп жатқандар. 5. Бесінші – нәсілдік қауымдастықтар, Гаитиді бұрынғы кезде қара тәнді-лер басып алған кезде-ақ ақ тәнділерді қырғынғаұшыратқан. Содан соңелде адамдар нәсілдік белгілерге қарай бөлініп-бөлініп дараланып, оқшау тұра бастаған. Америкада да дәл сондай жағдай бүгіндері белеңалған. Америкада қазіргі таңда ақ тәнділер ақылды, парасатты, ал қара тәнділердің ақыл-есі кем, кемшін деп есептелінеді.Демек, қауым таза нәсілдік белгілер бойынша жіктелген. 6. Алтыншы тип – этникалық қауымдастық болып табылады.

Бұл тегінің бірлігі жағынан ынтымақтасатын қауымдастық. Ондай қауымдастықтар шаруашылығы, мәдениеті мешеуқалған елдерде көптеп кездеседі. Ал өркениетті елдерде ондайлардың болуы мүмкін емес. 7. Жетінші тип – шаруашылық-мәдени қауымдастық. Оның жарқын мысалы ретінде революцияға дейінгі Қазақстанды алуға болады. Онда көшпелі тұрмыс үстем болған. Көшпелілердің оңтүстігінде иран тілдес тайпалар мекендеген. Ал аралық жерлерді өзбектер, қарақалпақтар мен шағатайлардың көптеген топтары жайлаған. Бұл жерлердің бәрінде ашық түрдегі жүйе басым болатын. Кез келген адам одан шығып кете алатын, басқа жаққа барып қоныстанып қалып кете беретін немесе оған кіріп, кірігіп, сіңісіп кете алатын. Қалаға барып тұрып қалған қазақ сарт болып шыға келетін, қалың қырғыздың арасында араласып жүрген қазақ нәтижесінде қырғыз боп қалыпқа түсетін, ал қазақтардың ішінде қалып кеткен қазақ енді қазақ емес, казак боп шыға келетін. Мәліметтерге қарағанда XX ғасырдың басында казачествоның 6-7%-ы мұсылмандардан құралған.

Бұлардың бірде-біреуін этностың міндетті түрдегі басты белгісі деп алуға болмайды. Қазіргі қазақтар – этнос болып қалыптасқан қазақтар. Большевиктердің өкімет басына келуімен жағдай түбірімен өзгеріп кетті. Қауымдастықтар жабық түрге көшірілді, одан ешкім де шыға алмайтын, кете алмайтын болып қалды. Жұрт инвентаризацияландырылды. Бұрындары қазақтың қайсы ортада жүргеніне қарап қауымдастығы анықталған болса, революциядан кейін қазақтардың балалары ата-аналарының қайсы қауымға жататына қарап анықталынатын болды. Қазақтар революцияға дейін көшпелі түрдегі шаруашылық-мәдени қауым болып өмір сүрген еді. Ол кезде даланың қазақтары көшпелілер еді, оларды көшпенді қауымның өкілдері деп атау әбден орынды болар еді, ал қала тұрғыны боп есептелінетін қазақтарды сарттар деп атау әділетті болар еді.

 

 

 

Демек, әмбебаптық түрдегі этникалық қауым табиғаттакездеспейтін құбылыс. Ю.В.Бромлейдің негізгі қателігі де – этностың универсалдық белгілерін анықтауға әуес болуында еді.

Міне, біз Н.Масановтың (Кочевая цивилизация казахов, 1996) этнос турасындағы ой-пікірлерін ешбір жерін өзгертпестен толығымен келтіріп отырмыз. Қауымдастықтың этносқа да тән болған Н.Масанов санамалап көрсеткен типтері шынында да табиғатта бар нәрсе. Бірақ, олар адамдардың этникалық қауымдастық болып өмір сүруінің формасын жоққа шығара алмайды. Дәл сол сияқты қоғам таптар мен топтарға бөлінеді. Немесе қоғамда кәсіптік жағынан жіктелушілік те бар емес пе? Олардың бәрі де этникалық қауымдастықтан тыс қала алмайды, өйткені белгілі бір руға, тайпаға, ұлысқа, этносқа, ұлтқа, этнографиялық топтарға жатпайтын адам кездеспейтін шығар.

П.И.Кушнердің: «этникалық айырмашылықтар халықтар-дың өмір сүруі мен географиялық орталарының жағдаяттарына байланысты» деген сөздерін құптау керек-ақ. Автор тара-пыннан айтылған осы ойлар бұрыннан белгілі географиялық-табиғи детерминизм теориясымен ұштасып жататынын байқау қиын емес. Бұл теорияның пайда болуы ХVIII ғасырда ғұмыр кешкен француз ағартушысы Ш.Монтескьенің есімімен тығыз байланысты. Аталмыш мәселеге арнайы бағышталып жазыл-ған еңбек 1897 ж. жарыққа шықты. Бұл неміс антропологы Ф.Ратцельдің «Саяси географиясы» еді. Одан кейін табиғи ортаның этнос тұрмысындағы рөлі туралы С.Соловьев, В.Ключевский, С.Платоновтар көптеген пікірлер айтқан[47]. Қазіргі уақытта мәзікүр мәселемен шұғылданып жүрген ғалымдардың ішінен Л.Н.Гумилев, Р.Пайпс, Н.Н.Моисеев, Б.Земцовтардың аттарын тілге алуға болады[48]. Л.Н.Гумилевтің теориясы бойынша кез келген халықтың қоғам дамуының жоғары сатысына көтерілуі үшін немесе басқа халықтар арасында билеуші тайпаға айналуы үшін оған пассионарлық қасиет керек. Халықтың табан астында дүр сілкініп керемет асқақтап кетуінің себебі неде? Біз оның жауабын әрине, өткенімізден, жер биосферасынан, сол ел мекен еткен жердің табиғат құбылыстарынан іздеуіміз керек. Табиғат өзгереді, соған сәйкес, ауа райы мен адамдар да өзгереді. Оның бәрі пассионарлық дүмпуге байланысты. Бұл терминді Л.Н.Гумилев В.Н.Вернадскийден алған. Оның пікірінше, жер шарының әр түрлі аймақтарында (ландшафттар мен этностық субстраттардың түйіскен жерінде) белгілі бір кезеңдерде нұрлану әрекет етеді. Ал, осындай сілкініс, дүмпу кезінде (ол «Жақын Ғарыштан» келеді және ландшафттардың түйіскен жерінде болатын процесс)[49] сол жерде дүниеге келген адамдар, әлбетте жоғары энергиялы, ер жүрек, іскер, ақылды болып келеді. Бұл дегеніңіз жалпы ұлттың, тұтас халықтың сапалық құрамы бұрынғыдан жақсарып, өздері жасара түседі деген сөз[50]. Бұндай пассионарлық дүмпу тағы да қайдан пайда болады деген заңды сұрақ туындайды. Автор тапқан жауаптардың бірі – «мутация». Ал, мутацияның өзі қайдан келді? Бұл ретте Л.Н.Гумилевтің «XIIғасырдағы моңғолдар мен меркіттер» атты еңбегінде моңғолдардың арғы анасы — Алан Гое турасындағы әпсана келтірілген: ол күйеуінен екі бала, ал үшіншісін әлдеқандай нұрды бойына сіңірген ақ сары шашты жас жігіттен туады. Мұны былайша түсіндіреді: баланың ақ сары шашы еуропеоидтық субстраттың — негіздің барына меңзейді (ландшафттардың түйіскен жері сияқты екі және одан да көп субстрат этногенезде маңыздыфактор

 

саналады). Кейбір маңғыл руларының өкілдері, әсіресе Боржігіндердің шаштары мен көздері осыған байланысты. Темучын – Шыңғысханның шашының ақ сары және көзінің жасыл болғаны белгілі. Ал, ғажайып нұрдың қайталануы ана құрсағында пайда болған нәрестенің нұрлануын білдіреді[51].

Мұндай аңыздар басқалай көптеген халықтарда да бар ғой. Алтын жаңбыр кейпінде Данайға енген Зевс туралы әпсана да белгілі. Ол аңыз-әпсана бойынша, Данайдан Персей туады. Персейден көптеген қаһармандар,соның ішінде Геракл туады. Демек, эллиндердегі пассионарлық дүмпу де, сондай-ақ басқа халықтардың қаһармандары да нұрланудан ба? Ойланатын жәйт. Бұл орайда бөлек сөз ету, бөле-жара пікір алысу керек сияқты.

Августиннен басталып Гегельге шейін айтылып жүрген теологиялық дүниежүзілік тарихи концепцияларды Л.Н.Гуми-лев терістейтін сыңайлы. Ал Тойнби схемасы да (яғни жекеленген тұйық этномәдениқауымдардың, «талап-жауап» принципі бойынша сыртқы ортамен өзара әрекетте болуы) оны қанағаттандырмайтын сыңайлы. Ол «Этногенез және Жер биосферасы»[52] деген еңбегінде»Жақын Ғарыш» әр уақытта Жер биосферасына тазалаушыпассионарлық дүмпулер жіберіп тұрады дейді. Сонда «Жақын Ғарыш» дегенде нені түсінеміз? Сол кездер мен жағдайлардағы Құдай Еркінің эвфемистік (балама) бейнесі ме? Мұны қабылдайтын болсақ нағыз діндарлар үшінпроцестің заңдылықтарын зерттеу шектеншыққандық, ал дінге жайбарақат қарайтындар үшін мағынасыздық болып шығады емес пе?

Біріншітүрткі жөніндегі мәселенің жалпы алғанда шешімі қиын. Автор мынаны қабылдауды қалайды: этностар нақты бір мезгіл мен мекен жайда пайда болады. Ол ойкуменнің әр жерінде буырқанған этногенездік процестер жүріп жататын айрықша дәуірлерді ажыратып көрсетеді. Эрамыздың басында Рим империясышеңберінде христиандар этнос ретінде қалыптасты. Кейінірек ол византиялық суперэтностың негізін құраған. Ал Парфияда парсылардың ескі атын алған жаңа халық пайда болды. Олардың шығысында ғұндар пайда бола қалды. Кезекті этногенездік дүмпу раджпуттар, тибеттіктер, мұсылмандар (алдымен – этнос, кейін суперэтнос), ортағасырлық қытайлықтар (бұл да суперэтнос болса керек) қалыптаса барған VІ ғасырға тұспа-тұскеледі. Орталық Азияда буырқанған этногенездік жаңа кезең монғолдар, чжуржэндер, татарлар, меркіттер қалыптасқан кезде – Х-ХІ ғасырларда басталған. Дәп сол кезде Орталық Америкада ацтектер этносы құрала бастаған (ол да ақ сары бозбала Кетцалькоатль). Батыс Еуропада этностық жаңару мен этногенездік процестер IX ғасырда, ал Шығыс Еуропада орыс этносы пайда болған ХІV ғасырда аяқталды. «Этногенез, – деп жазадыЛ.Н.Гумилев, – ортаның қарсыласуы нәтижесінде куаттың алғашқы заряды жұмсалатын инерциялық процесс болып табылады… Материя қозғалысының қоғамдық және табиғи формалары пассионарлықтың жоғары деңгейдегі кернеуінің нәтижесінде өзара әсерлесуде болады»[53].

Сонымен, аталмыш процестің нәтижесінде этнос пайда болады жәнедамиды. Бірақ, бұл құбылыстың анықтаушы белгілері қандай? Л. Н. Гумилев бұл процестің негізгі белгілері – тіл, дін, мемлекеттілік, тарихи тағдырлар бірлігі деген көп тараған пікірмен келіспейді. Ол, әсіресе Ю.В.Бромлей тарапынан ұсынылған этностың анықтаушы, басты сипаты – өздік сана деген принципті қабылдауға қарсы. Өйткені, – дейді ол, – әрбір этнос антросфера мен биосферада әлдеқандай жұмыс атқарады, ал ол үшін этнос алдымен тіршілік етуі, содан кейін барып өзін өмір сүруші күйінде түйсініп-түсінуі керек болады. «Этникалық ұжым атқаратын жұмыс этностың пассионарлық кернеуінің деңгейіне тура пропорционал болады. Этностың пассионарлық кернеуі – бұл ұжымдағы этносты құрайтын жандардың санына сай бөлінген пассионарлықтың мөлшері»[54]. Тектік бірлік – әпсана. «Әр түрлі тектерден құралмаған этнос жоқ»[55].

Бірде бір халықтың әдет-ғұрыптарын, тұрмыс-салтын қабылдамай-ақ қоюға болады, саяси құрылымы мен идеологиялық рухани жетістіктері-жемістерін пайдаланбауға да болады, бірақ оның баға жетпес құңдылықтарының бар екеніне күмәндануға болмас. Чех жазушысы К.Чапектің жазғанындай, нәрселер мен адамдардағы әрбір айырмашылық өмірді байыта түседі. Тыңдаңыздаршы, бұл көптүрлі-түстілікті табиғат та, тарих та жүзеге келтіреді. Оның бәрін халықтың бойынан-болмысынан табуға болады[56].

Этнологияда осы уақытқа дейін адамзат (оның ішінде Қазақстанның да) тарихының парқы мен нарқын, түрлі халықтардың этникалық ерекшеліктерін бағалау ісі негізінен еуропалықтардың талғам-танымы бойынша жүзеге асырылып келеді. Біздер де сол талғам-танымнан тәрбие алып өскен ұрпақ едік. Қалай болғанда да, еуропалық мәдениетке қатысты категорияларды басқа моральдық заңдар бойынша өмір сүрген қоғамға қолдануға әсте болмайды деп білеміз.

Халықтардың жасын анықтау өте қиын іс. Олардың ең арғы тектері туралы анық әрі айшықты деректер де жоқ. Сондықтан да әрбір халықтың миллиондаған, мыңдаған жылдық қалың тарихы бар деп есептеу керек. Ол басқа этностардың бөліктерімен араласып жаңа сатыға көтерілуі, сөйтіп басқа сапаға ие болуы мүмкін. Бәрібір бұл жәйт оның көнелілігін терістей алмайды. Бағалау сияқты категорияны жоғарыда айтылған мағынада қолдануға абай болу керектігін басқалай да фактілер дәлелдейді. Ал киелі, текті, күшті этнос деген принципті тек бірер халыққа ғана қарата қолданудың өзі кейде ғылымилыққа жатпаса керек. Мысалы, өзінің мүмкіндігін іске асыра алмай, орташа қабілетті жандар қатарында қалып кете беретін вундеркиндтер қаншама десеңізші. Халықтар тағдыры туралы да осыны айтуға болады. Мәселен, жас әрі қуатты этносты құраған македондықтар күллі Элладаны өзіне бағындырды, оның Азияға жорығын басқарды, бірақ сондай ғажайып жағдайлардың жүзеге келуіне қарамастан, олар да сайып келгенде ыдырап кетті, сіңісіп кетті, дербес этнос, ел ретінде өмір сүруінтоқтатты (қазіргі македондықтардың көне македондықтарға атынан басқа ешқандай қатысы жоқ). Демек, белгілі бір халықтың тұрақты өмір сүруі үшін жеңіліс, тіпті жеңіс те, сондай-ақ жетістіктер де кей жағдайларда кепілдік бере алмайтындығын растайтын мәліметтер, әсіресе,этнология ғылымында молынан жинақталған.

Бұдан, әрине ешқандай этносқа баға беруге болмайды екен деген қорытынды келіп шықпаса керек. Әңгіме мұнда қандай өлшемдерді басшылыққа алу керек екендігінде. Л.Н.Гумилев сынды ғалымдар этностардың табиғатын бағалау үшін маңызды моральдық өлшем ретінде адам мен табиғат немесе оның терминологиясымен айтатын болсақ этнос пен ландшафттың өзарақатынасын алады. Яғни белгілі бір этностың табиғатқа тигізетінжағымды немесе жағымсыз әсері негізінде сөз қозғауға болады. «Халықтың өз этникалық Отаны болады»[57] деген қағида ақиқат. Автор тіпті ұлы да үлкен миграциялар кезінде этностар өздеріне етене болған жерлерді таңдайды деп өте қисынды тұжырым жасайды. Қоныс тепкен ортасына аса мұқият һәм ыждаһаттылықпен қарайды.

«Тарихи кезеңдегі этнос географиясы» атты еңбегінде автор жеңген-жеңімпаз тоғышарлардың табиғатқа тигізетін әсерін сипаттайкеліп, бұл тұрғыда олар пассионарийлерден де залалды әрекет жасап, оған жарақат жеткізеді дейді. Азып-тозып кеткен Қазақдаласын көргенде еріксіз есіңе осынау тұжырым оралады. Қазақ жерлерін отарлаған Ресейге пассионарлық қасиет тән деуге болмас. Олар ғылым мен техниканың дамуы жағынан сол кезеңдерде қазақтарға қарағанда көш ілгері болған, сайып келгенде білімнің күші өз дегенін істеп бақты емес пе! Бұған империялық-тоталитарлық, антигуманистік пиғылда болған кісілердің ұмтылыстарын қосыңыз. Нәтижесінде Қазақ даласы таз адамның басындайболып шыға келді емес пе?

Л.Н.Гумилев «Тысячелетие вокруг Каспия» (Баку, 1991 ж.) деген еңбегінде Хазарияның түбіне жеткен нәрсе әлеуметтік-саяси немесе әскери емес, табиғи катаклизмдер екенін баса айтады. Кітапта Каспий мен Арал теңіздері бассейндері және оларға жапсарлас жатқан жерлердегі табиғи жағдайлар өзгерістерінің үш нұсқасы қарастырылады. Хазарияның гүлденуі Каспийдің дүниежүзілік мұхит деңгейінен 36 м төмендеген кезіне тура келеді. Кейініректе су көтеріліп, Қағанат территориясының көп бөлігі оның астында қалған. Одан кейін Каспий суының тағы да көтерілгендігі байқалған, ал Арал суы, керісінше, төмендеп кеткен. Әлбетте, су деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі сияқты құбылыстар халықтың тағдыр-тарихын түбегейлі өзгертіп немесе оны жойып жібере алады деген пайымдауды бірден қабылдай қою қиын шығар. Бірақ Хазарияның өшіп кетуінің негізі себебі неде, Гумилев теориясын терістесек, оның орнына нендей дәлел-уәждерді ұсынамыз, ол жағы белгісіз. Рас, жекеленген этностардың, соның ішінде Хазарияның да тарих сахнасынан өшіп кетуіне зер салушылар жоқ емес[58]. Не десек те табиғат құбылыстарының халықтар тарихының дамуына аз әсер етпегенін жоққа шығаруға болмас. Автордың, әсіресе, этнос пен ландшафт арасындағы байланысты қазақтар сияқты көшпелі этностардың мысалында зерттеуін қанағаттанарлық-құптарлық сезіммен қабылдауымыз керек-ақ. Гумилевтің «Тарихи кезеңдегі этнос географиясы» атты кітабында этнос дамуының стадиялары егжей-тегжейлі сипатталған, тиісті терминдердің (пассионарлық түрткі, өрлеу, аклиматикалық фаза, қызып кету, инерция, обскурация, регенеграция, мемориалдық стадия, гомеостаз, надлом — күйзелістік жағдай) мәні ашылып, анықталған. Ол, мысалы, пассионарлық қасиет туралы былай деп жазады: «Пассионарлық жылытып қана коймастан, күйдіріп те жібереді және қоғам «басы артық» пассионарийлерді Сібірге немесе Мұхиттың арғы жағына жөнелтіп жіберсе оның өзіне жақсы болар еді». Осы арада дүниенің басқа бөлігінен келген «басы артық» пассионарийлердің ағымына тап болған жергілікті тұрғындар мен табиғат не күй кешер екен деген еріксіз ойға қаласың. Әрі қарай автор этникалық қатынастың жағымды нұсқасы ретінде симбиозды көрсетеді. Симбиоз деп этностардың бірі бірінің істеріне араласпастан, бейбіт қатар немесе оқшау өмір сүруі айтылады. Мұнымен келісетін болсақ комплементарлықтың ешқандай маңызы жоқ болып шығады. Әрине, дейді ол, симбиоздан басқа ксения да бар ғой, бірақ этникалық қатынастардың ішінен ең қауіпті нұсқасы – химераның да кезігіп қалатынын атап өту керек[59].

Л.Н.Гумилев өзінің «Этногенез және жер биосферасы» монографиясында және «Этнос географиясы» кітабында этнос дамуының фазаларын ежелгі Рим тарихының мысалында көрсетеді. Біздің заманымыздың IX ғасырынан бастап Батыс Еуропа қалған басқа әлемнен идеологиялық жағынан – католицизм, лингвистикалық жағынан – роман-герман тілдері, ал физикалық-географиялық жағынан – қаңтардың изотермасы секілді жағдаяттармен бөлектенеді. ХІV ғасырда Батыс Еуропада күйзеліс басталды, оның нәтижесі ретінде Реформацияны көрсетуге болады. Автордың «ұлт», «ұлттық» ұғымы тек Еуропаға ғана қолданылуы керек, ал қалған аймақтарда этникалық бірлестіктер басқаша түр мен сипатта болады деуінің қисыны бар сияқты. Түркістанда, келешекте, түрік халықтары рухани жағынан кірігіп біртұтас ұлтты құрауы мүмкін деп ойлаймыз. Қазақтарға әлі де болса рулық сананы артқа тастауға тура келеді. Одан кейін барып қана қайтадан түлеп, жеке-дара ұлт болып ұйысу процестерін бастан кешіру керек болады, мұның өзі тарихи кезеңнің белгілі бір өлшемінде жүзеге асатын дүние. Қазіргі таңда бізде ұлттылықтың негізі ғана бар деп есептейміз. Немесе келешекте қазақтар басқа түрік халықтарымен жақындасудың нәтижесінде жаңарып, Түрік немесе Түркістан деп аталатын жаңаша бір этникалық-мәдени қауымдастық іргетасының қалануына ат салысады, мұрындық бола алады деп санаймыз.

Л.Н.Гумилевтің пікірінше, этникалық жағынан араласулар оңды нәтиже береді. «Біз, – деп жазады ол, – араласып болғаннан кейін ғана барып басқаларды бағындыра алдық»[60]. Әрине, дәп осындай жағдайда дәйім сондай күш-қуат молая береді деп ой қорыту дұрысырақ болар ма екен? Ол әрбір этностың ақыры болады деп көрсетеді. Бұл жерде мәселені оның жабық, тұйық және финалдық өркениеттік теориялар мен келістер тұрғысынан қарастырып отырғандығы күмән туғызбайды. Орыс этносы XX ғасырдан бастау алатынын ескерсек, – дейді ол, – орыс ұлтының көрер күні әлі алда (себебі ол Батыс Еуропа халықтарымен салыстырып қарағанда 500 жылға жас екен). Қазіргі таңда орыстар терең дағдарыс стадиясын бастан кешіруде, мұнда олар өздерін қайта құра алса ғана дағдарыстан шығып кетуіне жол ашылып, онда да тек қана мүмкіндік алады. Орыстар – евразиялықтардың ұрпақтары, бірақ олар ең басты нәрсеге — пассионарлыққа әлі қол жеткізе алған жоқ[61].

Сонымен, Гумилев этностың дамуын түсіндіретін концепцияны жасады. «Пассионарность» терминін ұсынады[62]. Мұның өзі адам болмысындағы күшті сезімдерден бастау алатын құмарлық. Ал дүниедегінің бәрі өтпелі, бәрі-бәрі өліп-өшіп ынтыға, қанжоса болып дүниеге келеді, өсіп-өнеді, өркендейді, содан барып қазан болып жатады.

«Этнос – биосфера феномені, «антропосфера – барлық адамзат организмінің биомассасы», «этносфера – мозаикалық антросфера», «этногенез» – табиғи процесс, сондықтан мәдениеттің қалыптасу жағдайларына көп тәуелді емес, ал, этностың пайда болуына бірыңғай адамдардың бір-біріне түйсік деңгейінде тартылымпаздығы әсер етеді. Содан кейін пассионарлық, жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл – қоршаған ортаны өзгертуге ұмтылу мен соған қабілетінің жетуі. «Пассионарлылық – сананың қасиеті емес, ол сананың талқысына түспейтін деңгейдің («подсознание» – сана астындағы қатпар) қасиеті, бұл нерв жүйесінің конституциясында астары ашылатын белгі».

Пассионарлық дүмпулердің пайда болуы космос сәулесінің энергиясына байланысты[63].

Әрине, адамды, этносты және табиғатты біртұтас организм ретінде қарастыру да қажет шығар. Биология ғылымдарының докторы, проф. Б.Г.Рейтердің жазғанындай, адамның болмысының сонау генетикалық код деңгейіндегі бір жерінде оның тағдырын анықтайтын әлдеқандай бір күш бар. Бұл детонатор біраз уақыт тыныш жата беруі мүмкін, бірақ оның да кенеттен қозғалысқа келетінкезі болады»[64]. Біздіңше, бұл дұрыс пікір, бірақ адам, этнос тек биологиялық бастаулардың ғана тұтқыны деген тұжырыммен келісуге болмас. Мұнда ақыл-ойдың, мәдениеттің де қатыстылығы бар.

Л.Н.Гумилев кейінгі жылдарда шыққан кітаптарында теориялыққағидаларына біраз өзгерістер енгізген. Мәселен, пассионарлық қасиет процессті қамтамасыз етуші игілік емес, ол катализатор деп түйіндейді[65].Комплементарлық көрінісі мемлекеттік мақсатқа сай келе бермейді, неофиттердің көпшілігіне түсініксіз болып қала береді[66]. Сондай-ақ, автор химера ұғымына байланысты да анықтық енгізген. «Эрамыздың шебінде пайда болған2-3 оригинал этнос, химера кез келген традицияларды терістей отырып, оларды үздіксіз жаңалаптұратын жаңалықтармен ауыстыруға қабілетті[67].

Л.Н.Гумилевтің пассионарлық пен комплементарлық турасындағы пайымдауларының ғылыми негізі бар ма, әлде жоқ па – мәселе онда емес. Оның қызметі ескі схематизмді: Ресей мен Еуропада кең тараған европоцентристік методты талқандауында және ғылыми жамиғат оның көшпелілер туралы толғаныстарына да өзіндік әділ бағасын бере жатар. Ең маңыздысы: Гумилев бұрындары ғылыми жұртшылық көңіл бөлмеген тақырыптарға қалам тартқан.

Сонымен, этностар табиғи жағынан оқшауланудың әлеу-меттік түрлері, ал әлеуметтік жағынан бірігудің тарихи түрлері ретінде пайда болады. Этностар социогенез шеңберінде біре-гей емес, әмбебаптық сипаттас, сонымен қатар олардың әлеу-меттік-тарихи және этникалық құндылықтары түрліше болып келеді.

Территориялық біртұтастық ежелгі халықтардың арасын-дағы айырмашылықтарды ажырататын фактор болып қызмет еткен. Оның негізінде этноцентристік пиғылдар туындаған. Мысалы, Эллада күннің шығысы мен батысының арасындағы орта жолды алып жатыр, яғни ол – Жердің кіндігі іспеттес деген пікір ежелгі заманда-ақ айтылған. Гиппократ жер үш поясқа[68] бөлінген. Скифия – бұл малшылар мекендеген суық дала. Бұл жерді жирен шашты және өсіп-өнбейтін адамдар мекендейді. Ал Эллада орталық аймақта орналасқан және оның топырағы мен ландшафты түрлі-түсті болып келетін-діктен, эллиндер – сұңғақ бойлы, күшті, батыл және зерек жандар, деген. Аристотель де осы сыңайлы пікір білдірген. Еврипид «варвар» надандықты білдіретін сөз деген. Жалпы Эллада сөзі көне гректердың атауы ретінде алғаш Гесиод пен Архилохтың шығармаларында тілге алынған деген пікір бар. Ендеше, жалпы эллиндік өздік сананың қалыптасу процесі б.д.д. VII ғасырларға тура келеді деуге негіз бар[69]. Мұны судьялардың барлық грек Олимпиадалық ойындарында «элланодиктер» деп аталынғандығы білдіреді. Бұл жерде территориялық тұтастық пен этноним ұғымдары бір-бірімен кірігіп кетіп, тайпаның – халықтың этностық санасында көрінісін тапқан.

Қытай жазбаларында Хуанхэ өзенінің орта ағымындағы тайпалар араласып, нәтижесінде ол жерді тек «ся» — ның адамдары ғана мекендейді. Оларды жан-жағынан варварлар қоршай өмір сүрген, деп жазылған. Б.д.д. VI-V ғасырларда «ся» мекендеген жерлерді бейнелеу үшін «чжун-го» деген термин пайда болды. Ол «ортадағы патшалықтар» дегенді білдіретін-ді. Бұл атау кейініректе біртұтас Хань империясының құрамындағы осынау территорияларды атау үшін қолданыла бастаған, ендігі жерде «Орталық мемлекет» мағынасына ие болып, «Хань империясы» ұғымының синонимі болды. Адамға қажет болған нәрсенің бәрі табылатын жерде орналасқандықтан, Орталық патшалықтың тұрғындары варварларға үлгі болып, олардан бірдеңені қабылдай қоюы жараспайтын жәйт. Мэнцзи «ся» варварларды өзгеріске ұшыратты, бірақ варварлар «ся»-ға ықпал етіп үстемдігін жүргізді дегенді естіген емеспін деген екен[70].

Б.д.д. III ғасырда пайда болған Цин империясының орнын Хань мемлекеті басады. Оны бейнелеу үшін конфуцияшылдар «Чжун-го» терминін қолданған. Аспан астындағы орталық пен оның шет жерлеріндегі айырмашылық, дейді конфуция-шылдар, өткінші емес. Ол кәсіпкерлік, мәдениет, мінез-құлық және т.б. ерекшеліктерінде, сондай-ақ Аспан астындағы елдің билеушілерінің басқару әдістерінде көрінеді.

Бірақ этноцентризм о замандарда үстем болған бірден-бір ұғым емес еді. Эратосфен ақылды гректермен бір қатарда білімді варварлар да көп дейді. Геродот Эллада цивилиза-циясының көптеген жетістіктері шетелдіктердің ықпалының нәтижесі еді, деп есептеген: Геракл культі мен қалқан египеттіктерден келген, жазу финикиялықтардан алынған, ал Күн сағаты вавилондықтардікі еді[71]. Геродоттың пікірінше, өзінің тілін ұмытып, көршілердің тілдерін қабылдаған халық өздігінен айырылады.

Чжао патшалығының Улин-ван атты әскері солтүстіктегі көршілері – хундардың үлгісі бойынша ұйымдастырылған-дығы белгілі.

Ежелгі заманда ортақ өздік атаумен аталғандардың бір белгісі – тегінің бірлігі жөніндегі түсінік болды. Бұл түсініктің бейнеленуі эллиндіктер сөздерінің этимологиясында берілген. Ол мифологиялық дәстүрге орай, Девакалионның ұлы Эллиннің атынан туындайды. Қалған тайпалар – дорийліктер, ионийліктер және эолийлықтар сол Эллиннің үш ұлының ұрпақтары-мыс. Фукидидтің жазуынша, бұл атауды басқа тайпалар, мысалы, пеласгилер берген. Эллин және оның ұрпақтарының Феотидегі құдіреті асқан соң оларды басқа қалалар жәрдемге шақырған, содан соң бұлар бірінен соң бірі эллиндер деп атала бастаған. Бұл жөнінде Гомер куәлік береді. Автор Троян соғысынан кейін өмір сүрген, ол эллиндер деп тек Феотиден Ахилленмен бірге келгендерді атаған, бұлар алғашқы эллиндер болды. Басқа тайпаларды Гомер өзінің эпосында даналықтар, аргивянамдықтар және ахейліктер деп тілге алады[72]. Сөйтіп, ежелгі гректерде этностық өздік сананың және оның көрінісі ретіндегі ортақ өздік атаудың пайда болуы олардағы этникалық процестердің аяқталуының дәлелі болып табылады.

Көптеген авторлар бір ауыздан мәдениет ерекшеліктерінің жиынтығын аса маңызды этностық белгі ретінде көрсетеді. Ақырында, мұндай белгілер қатарына этностық өздік сананы жатқызуға болады. Алайда оның этникалық анықтаушы ретіндегі рөлін терістейтін авторлар да баршылық. Қазіргі уақытта барлық белгілердің ішінен этностық өздік сананың ең маңызды, жетекшілік рөл атқаратындығы күн өткен сайын мойындалуда. Н.П.Чебоксаров этностық өздік сана этностық қауымның қалыптасуының барлық негізгі факторлары әрекетінің нәтижесі болып табылады, дейді. Мысалы үшін этнос мүшелерінің тектік бірлігінің негізі болып, бұл жөніндегі түсінік – этностық өздік сананың ажыралмас компоненті[73]. Сонымен сыртқы жағдайдың, территориялық-географиялық факторлардың, шаруашылық типінің, сондай-ақ мәдениет, тіл, әдет-ғұрып және мінез-құлықтың, түрлі этникалық компоненттердің негізінде этностық қауымдастық қалыптаса бастайды. Мұның нәтижесінде бірте-бірте басқа этностардан ажырататын белгілер пайда болады. Кейбір авторлар тілді этностың пайда болуының шарты ретінде қарастырады. Сонымен бірге бұл пікірмен келіспейтін, оны екінші дәрежедегі белгі санайтын авторлар да бар. Ежелгі заманда тілді этностараралық айырмашылықтарды анықтай-тын негізгі өлшем деп білген.

Мұның айғағын ежелгі заман авторларының шығармаларынан табамыз. «Варварлар» атты грекше сөздің алғашқы мағынасы бөтен, түсініксіз тілде сөйлеушілер дегенді білдірген. Осы мағынадағы сөз Гомерде кездеседі. Оны Аристофан да қолданған: « …Ендігі жерде олар біраз уақыттан бері варварлар емес, оларға тілді үйреттім»[74].

«Цзочжуань» жылнамасында, Жун көсемі оның тайпасының «ся»-дан айырмашылығы неде дегенде, ол тілді еске алады делінген[75]. Ежелгі замандарда этностық айырмашылықтарды айқындауда мәдени ерекшеліктер, әсіресе әдет-ғұрыптардың рөлі әжептәуір болған. Конфуциандық трактат «Лицзиде» «и» деп аталған тайпалардың адамдары шаштарын тарамайды, тәндерін нақыштауды ұнатады, олардың кейбіреулері тамақтарын отта пісірместен-ақ жей береді. Оңтүстіктің тұрғындары «мань» деп, ал батыстық тұрғындар «жун» деп аталады, олар шаштарын өсіріп жүреді, киімдерін теріден тіктіреді, астық дақылын тамақ ретінде жаратпайды. Солтүстікте тұратын «ди»-лер де осылар сияқты өмір сүреді. Әлемнің бес елінің халықтары түрлі тілдерде сөйлейді, делінген[76].

Көне Қытайда халықтың не тамақ жеп, оны қалай дайындауына, шаш қоюына т.б. мән берген. Варварлардың бір белгісі ретінде киім түймесінің сол жақ өңірінде қадалуын көрсеткен. Конфуций егер Гуан болмағанда біздер де шаштарымызды тарамастан жүре беретін едік, деп оның Елді көшпелілердің шабуылынан қорғап қалғандығын айтады[77]. Көрініп тұрғанындай, көне қытайлықтардың түсінігінде мәдени өлшем бірінші орынға қойылған. Эллиндер мен варварлардың айырмашылығы мәдениетте көрінеді деген түсінік Геродотқа да тән. Оның пікірінше, гректердің әдет-ғұрпын қабылдаған варварлар эллиндіктер болып шыға келеді. Сондықтан, дейді осынау автор, Эллиндер күшейіп алды, өйткені оларға пеласгилер және басқа варварлар келіп қосылды[78]. Мұнымен Геродот ежелгі Грекияда мәдени ассимиляцияның орын алғандығын мойындап отыр.

Тектік бірлікпен байланыстырыла қарастырылған мәдениеттің этнос өмірінде жетекші орын алатындығы жөніндегі түсінік б.д.д. V ғасырда шығармашылықпен айналысқан басқа грек авторларының арасында кең тараған. Киім-кешек үлгісі ежелгі этностардың қомақты атрибуттарының бірі болғандығын мезгіл жағынан да, географиялық ареал тұрғысынан да фольклорлық және этнографиялық материалдар растайды. Варварлар, деп жазылған Ханьдық деректердің бірінде, «чжун-го»-дан бөлек жерлерде тұрған жандардың әдет-ғұрпы басқаша. Оларды моральдық жағынан жетілдіруге болмайды[79]. Олар шаштарын жалбыратып жүреді. Жүздері адамдардікіндей, ал жүрегі жабайы аңдардыкіндей. Салт-санасы басқаша, тамағы мен ішімдіктері біздікіне ұқсамайды. Түсініксіз тілде сөйлейді. Сондықтан дана билеуші варварларға жабайы аңдарға қарағандай қарауы керек, делінген[80].


[1] Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса // Послесл. Бромлей Н.Я. –Изд. 2-е доп. – М.: Изд-во ЛКИ, 2008.

[2] Коркмазов А.Ю. Проблема этноса и этничности в науке: в поисках парадигмы //Сборник научных трудов. Выпуск 1 (11). Серия «Гуманитарные науки» // Северо-Кавказский гос. технич. университет. – Ставрополь, 2004.

[3] Гулиев М.А., Коротец И.Д. Этноконфликтология. – М.: ИКЦ «МарТ»; Ростов-на-Дону: Издательский центр «МарТ», 2007. – С.224.

[4] Социология: Энциклопедия / Сост. Грицанов А.А., Абушенко В.Л., Евелькин Г.М. 2003 г.

[5] Широкогоров С.М. Место этнографии среди других наук и классификации этносов. – Владивосток, 1922.

[6] Кушнер Кнышев П.И. Этнические территории и этнические границы // Труды института этнографии. Новая серия, т. ХV, изд. АН СССР. – М., 1951. – С. 6-7

[7] Проблемы типов этнических общностей //Вопросы философии. – 1964. –№11 .– С. 44.

[8] Козлов В.И. О классовой этнической общности. – В кн.: Исследования по общей этнографии. – М.: Наука, 1979. – С. 15.

[9] Бромлей Ю.В. Еще раз о типологизации этносоциальных общностей //Сов. этнография. – 1986. –№5. – С. 66.

[10] Крюков М.В. Еще раз об исторических типах этнических общностей //Сов. этнография. – 1986. –№3. – С. 66.

[11] Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. – М., 1983. – С. 57.

[12] Бромлей Ю.В. Еще раз о типологизации этнических общностей. //Сов. этнография. – 1986. –№ 5. – С. 64.

[13] Чебоксаров Н.Н. Проблема типологии этнических общностей в трудах советских ученых //Сов. этнография. –1967. –№4. – С. 100; Осы тәріздес пікірлерді Г.В.Шелепов пен В.П.Козлов та айтқан: Шелепов Г.В. Общность происхождения – признак этнической общности //Сов. этнография. –1968. –№4. – С.73; Козлов В.Н. О понятии этнической общности //Сов. этнография. –1967. –№2. – С. 126.

[14] Психологические механизмы регуляции социального поведения. – М.: Наука, 1979. – С. 23.

[15] Гумилев Л.Н. Автонекролог //Знамя. –1988. – №4.

[16] Мұндай пікірлер Ю.В.Бромлей, Р.Подольнойлардың «Человечество – это народы» – М.: «Мысль», 1990 шыққан кітабында алға тартылады. Бұл көзқарасты танымал тарихшы Л.Н.Гумилев те қолдаған. / Қараңыз: Гумилев Л.Н. Этногенезис и биосфера земли. – Л., 1989; «Древная русь и Великая степь». – М., 1989.

[17] Этнические процессы в современном мире. – М., Наука. –1987. – С. 5.

[18] «Егемен Қазақстан», 6 қараша 2009 жыл: Сейталина Б. Ел бірлігі доктринасы – …// «Арқа ажары», 21 қараша 2009 жыл; Мамай Ж., Шаханов М. бастаған патриоттар…// «Жас Алаш», 26 қараша 2009 жыл; Жунусова Ж. Настольная книга и руководство к действию //«Казахстанская правда», 12 ноября 2009 г.; См.: Абзац, который начинается так – «Формирование в Казахстане единого народа …

[19] Семенов Ю. Производство и общество / Социальная философия…- Под редакцией Гобозова И.А. – М.: Издатель Савин С.А. – 2003. – С. 236-266.

[20] Бабаков В.Г., Семенов В.М. Национальное сознание и национальная культура. – М., 1996. –С. 71; Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. –Л., 1989; Торукало В.П. Нация и национальные отношения: истоки, теория, современность: Автореф. дисс … д-ра филос. наук. – М., 1997. – С. 40. Цит. по: Cущность этнического и национального// revolution allbest. ru/ moscow/ 00012430-0.html-56Kb

[21] Бромлей Ю.В., Козлов В.Н. Этносы и этнические процессы как предмет и исследования. В кн.: Этнические процессы в современном мире. – М.: Наука, 1987. – С. 7; Бромлей Ю.В. Этнос и этнография. – М.: Наука, 1973. – С. 37.

[22] Народы мира. Историко-этнографический справочник. – М.: Сов. Энциклопедия. –1988. – С. 194.

[23] Этнические процессы в современном мире. – М.: Наука, 1987. – С. 78.

[24] Бромлей Ю.В. Этнос и этнография. – М.: Наука. –1973. – С. 37-40.

[25] Исхаков Д.М. Татары. Популярный очерк этнической истории и демографии. – Набережные челны: Изд-во «Камаз». –1993. – С. 4.

[26] Джунусов М.С. Введение в марксистско-ленинскую теорию нации. – Ашхабад. –1988. – С. 69.

[27] Гаджиев А.Х. Проблемы марксистской этнической психологии. – Изд-во Рост. унив-та. – С. 100-101.

[28] Агеев А.Г. К вопросу о теории народности. – Махачкала. –1967. – С.19. Оның жазуынша, әдебиетте халықтың этникалық белгілері туралы әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Мәселе шешімін таппаған.

[29] Виноградов С.А. Человек и общество. – Алматы: «Ғылым». –1994. – С. 86.

[30] Вестник Московского университета. –Серия 8. –История. –1986. –№4. –С.54.

[31] Виноградов С.А. Человек и общество. – Алматы: «Ғылым». –1994. – С. 86.

[32] Исхаков Д.М. Татары. –Набережные челны: Изд-во «Камаз». – 1993. – С. 17.

[33] http://scepsis.rulibrari/id_160.html

[34] 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Қазақстан Республикасының конституциясы және республикадағы ұлтаралық қатынастар» тақырыбы бойынша «Дөңгелек стол» деген шара ұйымдастырылды. Оған «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының» (ОБСЕ) Бас комиссары Вандер Стул, сол ұйымның сарапшылары, Президент және Министрлер Кабинеті аппараттарының қызметкерлері, саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты //Түркістан, 28 маусым, 1995 жыл.

[35] Германияның федералдық Ішкі істер министрінің Парламенттік Статс-секретары Д-р Х. Ваффеншмидт. Активная политика мира. // Жизнь национальностей. – 1996. –№ 2. – С. 3-7.

[36] М.Татимов. Численность и расселение казахов. – Алматы, 1995.

[37] Түркістан қаласында 1995 жылдың 15-17 қарашасында өткен «Қазақ диаспорасының мәселелері мен болашағы» атты халықаралық симпозиумда жасаған баяндамалардан алынды.

[38] Мұхтар Әбілдабек «Диаспора» дегеніміз не? //Түркістан, 28 маусым. 1995 ж.

[39] Гумилев Л.Н. Этнос: мифы и реальность //Дружба народов. –1988. – С. 10, 219.

[40] Бромлей Ю.В., Подольный Р. Человечество – это народы. – М.: Мысль. –1990. – С. 21.

[41] Чебоксаров П.Н. Проблема типологии этнической общности в трудах советских учёных // Сов. этнография. –1967. –№4. – С. 100.

[42] Кушнер П.И. Этнические территориии этнические границы. – С. 7.

[43] Этнические процессы в современном мире. – М.: «Наука», 1987. – С.6.

[44] Бромлей Ю., Подольный Р. Человечество – это народы. – М.: «Мысль», 1990. – С. 29.

[45] Гаджиев А.X. Проблемы марксисткой этнической психологии. – Изд-во. Рост. унив-та. –1982. – С. 14.

[46] Бромлей Ю.В. Современные проблемы этнографии. – М., 1981. – С. 14.

[47] Платонов С.Ф. Лекции по русской истории. – М., 1893.

[48] Пайпс Р. Россия при старом режиме. – М., 1993; Моисеев Н.Н. Универсальные эволюции //Вопросы философии. –1991. –№3. –С. 27; Земцов Б. Откуда есть пошла Российская цивилизация. // Общественные науки и современность. Российская Академия наук. – 1994. –№4. – С. 55, 62.

[49] Гумилев Л. Н. Этногенез и биосфера Земли. – Л., 1989.

[50] Бұл да сонда.

[51] Гумилев Л.Н. Монголы и Меркиты в ХII в. //Ученые записки Тартуского государственного университета. – Тарту, 1977. – С. 81-83.

[52] Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. – Л., 1989.

[53] Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. – Л., 1989. – С. 334.

[54] Бұл да сонда. – С. 265.

[55] Бұл да сонда. – С.57.

[56] Чапек К. Собр. соч. –5 том. – М.: Худ. лит. –1976. – С. 213.

[57] Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. – Л., 1989. – С. 177.

[58] Хазар Қағанатының құлауын (1015 ж.) Араб шапқыншылығынан да бұрын, орыс кнәзі Святослав Игоревичтің қанқасап жорығынан да бұрын, ең алдымен қағанат қол астындағы халықтың әртектілігінен, мақсат-мұраттарының әртүрлілігінен іздеген дұрыс болар деп пікір айтқан авторлар да баршылық (Тарақты Ақселеу. Балғалы, Бағаналы ел аман бол. – Алматы: «Қазақ университеті». –1993. –19-бет).

[59] Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. –Л., 1990. –С. 175.

[60] Гумилев Л.Н. Меня называют евразийцем // Наш современник. –1991. –№1. – С. 134.

[61] Бұл да сонда.

[62] Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. – М., 1994.

[63] «Заман-Қазақстан», 15 наурыз, 1996 ж.

[64] «Жизнь национальностей», 1996. –№2. – С. 14.

[65] Гумилев Л.Н. Тысячелетие вокруг Каспия. – Баку, 1991. – С. 142.

[66] Бұл да сонда. – С. 291.

[67] Бұл да сонда. – С.41.

[68] Дж. Томсон. – М., 1953. – С. 161-162.

[69] Крюков М. Эволюция этнического самосознания и проблема этногенеза//http:scepsis.ru/library/id_908.html. 12.08.2010.

[70] «The chinese Classics» , vol. 2, p. 253. Цит по Крюкову.

[71] Геродот. История в девяти книгах, т. 1. – С. 139,59, 384.

[72] Фукидид. История. –Т. 1. – М., 1945. – С. 4-5.

[73] Чебоксаров Н.П. Проблемы типологии этнических общностей в трудах советских ученых // Советская этнография, 1967. –№4. – С. 99.

[74] Аристофан. Комедии, т. 2. – М., 1954. – С. 17.

[75] «The chinese Classics» , vol. 2, p. 253. Цит по Крюкову.

[76] «Лицзи». Комментарии Е Шао-цзюня. – Шанхай, 1926. – С. 14-15. Цит. по М. Крюкову.

[77] Крюков М. Эволюция этнического самосознания и проблема этногенеза // http:scepsis.ru/library/id_908.html. 12.08.2010.

[78] Геродот. История в девяти книгах. –Т. 1. – С. 27.

[79] Крюков М. Эволюция этнического самосознания и проблема этногенеза // http:scepsis.ru/library/id_908.html. 12.08.2010.

[80] Бұл да сонда.


Тағы рефераттар