Еуразия материгінің жер бедерінің ерекшеліктері және су объектілердің таралуына әсер етуі туралы қазақша реферат
Еуразия материгінің қалыптасу тарихы табиғат және оның компоненттерінде айқын көрінеді. Еуразияға жер шарында әйгілі тектоникалық құрлымдар және жер бедерінің барлық типтері тән. Ұлы құрлық Еуропа және Сібір платформаларынан тұрады. Басында тұтас Қытай платформасы 2 учаскіге бөлініп, Қытай – Корей және Оңтүстік Корей субплатформалар түзілді. Соңғысы көп қозғалыста болды және тау түзілу үрдісіне ұшырады. Аравия және Үндістан платформалары Еуразияның басқа бөліктерінен қарағанда, бүкіл геологиялық уақытта қалыптасып, кейін материкке қосылған болатын. Олардың рельеф қалыптасуына тектоникалық активизация үлкен рөл атқарды. Еуропа платформасы Балтық қалқаны, Скандинав түбегінің шығысын және Финляндияны түгел алып жатыр, ал плитаның батысын, яғни негізгі бөлігін Ресей Федерациясына тиеді. Рельефте цокольдік жазықтар және үстірттер: Швецияда және Финляндияда, қабатты Орта Еуропа жазығына: Ютландиядағы Дат аралдары, Польшаның солтүстік бөлігі, Германия және Нидерланды мемлекетінің бүкіл территориясын жатады. Бұл аудандар максималды, кейбір аудандар соңғы мұздану кезінде рельефтің қалыптасуына ықпал етті. Балтық кристалды қалқанының цоколдық жазығы мұздану орталығына жақын орналасуына және неоген – төрттік кезеңінде интенсивті жарылу үрдісіне ұшырауына байланысты, бүкіл ауданда мұздану экзарациялы формалар тән. Балтық қалқанының шеткі бөліктерінде және Орталық Еуропалық жазығында мұзды – аккумулятивті формалар — ақыры мореналық түзілістер, аздар және т.б. таралған. Балтық және Солтүстік теңіздер жағалауларында аккумулятивті жазықтар таралған, бұл әдетте мұздану транссгрессиялардан кейін пайда болатын құбылыс.
Қытай платформасының шеңберінде қатпарлы – дөңбекті және дөңбекті платформалар кембрийге дейінгі фундаментте таралған, ал кейбір бөліктер аккумулятивті ойпатты жазықтармен немесе үстірттермен ауысады. Мысал ретінде, орта биікті эпиплатформалы тау массивтері Шаньдунь түбегі немесе Солтүстік Корея таулары бола алады. Төменгі аккумулятивті жазықтар – Орталық Маньчжурия немесе Солтүстік Қытай , биік қыратты – Ордос, Қашқария бола алады.
Эпиплатформалы дөңбекті таулар активті Аравия және Үндістан платформаларына тән. Аравияда олар батыс және оңтүстік – батыс ассиметриялық ежелгі дөңбектерді құрайды.Үндістанда бұл рельеф типіне Гатыдің батысы және шығыстың кейбір бөліктері тән.
Үндістанның қалған бөлігін цоколдік жазықтты жүйесі құрайды. Солтүстік — батыста ежелгі фундаменттің үстінде базальт қабаты бор және палеоген кезіңде түзілді. Аравия платформасының шығысында және батысында шөгінді жыныстардың күшті қапы (чехол) алып жатыр және бұл аудандарға негізгі рельеф типтеріне горизонталды және еңкейген жазықтар және қыраттар тән. Бұл платформаларда орналасу жағдайына байланысты флювиальді және аридті морфомүсіндер алып жатыр, кейбір аудандарда (мысалы, Аравияда) ежелгі флювиальды формалар таралған.
ТМД елдерінде палеозой кезеңінің қабаттары Орал таулы жүйесінде және Батыс – Сібір плитасында таралған. Шетел Еуразияда ерте және кешкі палеозой құрылымдар Еуропаның орталық бөлігінде және солтүстігінде, Орталық және шығыс Азияда таралған. Осы территорияға таулы және жазықты рельеф тән. Жер бедерінің түзілуінде қалпына келетін теңгеру және аккумуляция үрдістері, тектоникалық неогендік — антропогендік уақыттың активизациясы үлкен рөл атқарды. Еуропада таулы көтерілулер Скандинавия таулы үстіртімен байланысты, бұл каледон қабаттардың үстінде қалыптасты. Галиссия массиві, Пириней түбегіндегі Иберия және Кантабар таулары күрделі рельеф тән. Мозайкалы рельеф Орталық Еуропа, Британ аралдардан Орталық Польшаға дейін сипатталады. Мұнда тектоникалық активизация өте баяу жүрді, сондықтан мұнда биік емес инверсиялық рельеф массивтері таралған (Бретон қыраты, Корнуэлл түбегінің массиві, Силез қыраты), ауданы бойынша үлкен емес дөңбекті таулар (Гарц, Рудалық Судеттер, Вагездер, Шварцвальд, Орталық массивінің көп бөлігі), биік көтерілген пенеплендар таулы қыраттарды түзілуіне әсер етті ( Рейн таулары, Орталық массивінің солтүстік бөлігі).
Таулы массивтер ойпаттармен бөлінген, әр кезде төмен түскен учаскелерді су басып және олар қайтадан құрғатылды; қазіргі рельеф және олардың геологиялық құрлымдары әр түрлі болып келеді. Париж – бассейіні, Оңтүстік-Шығыс Англия, Швабско Франскок баспалдақ облысы, Тюренген бассейіні көлбеу жазықтты куэстті рельефті қалыптастырады. Жалпақ қабатты – аккумулятивті жазықтардың рельефіне Аквитан бассейіні (Гарон ойпаты), Луар және Фландр ойпаты, Орта Иран жазығы жатады. Үлкен емес аккумулятивті жазықтар грабеннің түбін алады (жоғары Рейн жазығы, Вагеза және Шварцвальд аралығы). Азияда қабатты палеозой кезеңінің құрлымдары неоген – антропоген кезеңінде интенсивті активтке ұшырады. Соңында биік қабатты- дөңбекті және дөңбекті (эпиплатформалы) Орталық Азия таулары түзілді (Моңғол Алтайы, Тянь – Шань, Кунь – Лунь және солтүстік бұтақтары – Алтынтаг және Тянь – Шань). Орталық биіктіктегі 3 – тен 4,5 мың м – ге жететін, бірақ жеке алғанда биік нүктелер 6 және 7 мың м – ге дейін жетеді. Олардың рельефтерінде ежелгі тестеу учаскілер айқын көрінеді. Тектоникалық және эрозиялық үрдістерге байланысты таулар арасында шұңқырлар пайда болды. 4 мың метрге дейін жететін биіктіктерде ежелгі және қазіргі таулы – гляциалды және нивальдік рельеф формалары таралған. Азияның шығысында орташа және төмен қабатты – дөңбекті палеозой негізінде түзілген таулар тән. Бұл – Үлкен және Кіші Хинган, Оңтүстік Қытай таулары, Шығыс Азияда ең биік жота Циньлинь, Кунь – Луньнің орографиялық және тектоникалық жалғасы болып келеді.
Герцин қатпарлығындағы төмен орналасқан учаскілерде жазықты аккумулятивті рельефтер тән (Жоңғар, Үлкен Көлдер шұңқыры). Шетел Еуропада таралған палеозой қатпарлықтарда түрлі түсті және сирек металдар таралған (цинк, қорғасын, сынап, уран). Герцин қатпарлықтарында ірі таскөмір кен орындары (Силезея, Рур, Солтүстік – Шығыс Азия кен орындары) бар. Еуразияның оңтүстік – және оңтүстік – шығыс бөлігі мезокайнозой қатпарлығына жатады. Үндіқытайдың көп бөлігі (Малакка түбегін қоса), Тибет тау қыратының оңтүстігі және Каракорум — неогендік — антропогендік кезіңде тектоникалық активизацияға ұшыраған және мезозой қатпарлығына жатады. Әсіресе тектоникалық активизацияға Қарақорым және Тибеттің оңтүстігі ұшырады. Бұл таулар Жердегі ең биік көтерілулер жүйесіне кіреді, олар антропогеннің басында көтеріліп және қазіргі кезде даму үстінде.
Үнді – Қытай облысының мезозоид таралған шекарасы Альпі – Гималай белдеуін құрайды және бүкіл Еуразияға созылады (батысында Пириней түбегінен оңтүстік — шығыста Зонд аралдарына дейін). Бұл белдеудің батыс тармақтарын: Пириней, Андалуз таулары, Альпі, Карпаттар, Аппенин және Балкан түбегінің таулы құрылымдары, Азияалды таулары (Кіші Азия, Армян, Иран), Гиндукуш, Гималай тауларын қазіргі тектоникалық карталарда альпілік қатпарлықтарына жатқызады, ал Үндіқытайдың батысы, оңтүстік – шығыс және шығыс Азия аралдары кешкі кайнозойлық, яғни қалыптасып бітпеген қатпарлығына жатады.
Ежелгі кристалды күрделі құрылымды альпілік антиклинориялар және шөгінді қалдықтар кешендер биік және өте биік қабатты таулы жоталар оңтүстік Еуропа және оңтүстік — батыс Азия аймағында(Альпі, Пириней, Эльбрус, Загрос, Гиндукуш, Гималай) таралған.
Азияның оңтүстік – шығыс және шығыс аралдар жағалаулары Тыңық мұхиттық тектоникалық белдеуге жатады. Үндіқытайдың батысы орта биікті қабатты — дөңбекті таулы құрылымдар кешкі кайнозой қатпарлығына жатады (Суматра, Калимантан, Тайвань, Хокайдо Сахалин, Камчатка). Тыңық мұхиты жағынан қазіргі геосинклинальді белдеу қосылады, ал Азияны Тыңық мұхитының орталығынан бөледі. Оған геоантиклинальді аралдық доғалар белдеуі, геосинклинальді шұңғымалар, шеткі теңіздердің геосинклинальді шұңқырлар тән. Бұл белдеу жоғары сейсмикалық және интенсивті вулкандық әрекетімен сипатталады. Сөңген және сөнбеген вулкандар Жапон, Филипин, Ява және т.б. аралдарында жоғары бөліктерді құрайды. Тегі бойынша вулкандық аралдар көп таралған: Рюкю, кейбір Зонд аралдары және т.б.
Тағы рефераттар
- Шағын және орта кәсіпкерліктің облыста дами бастауы
- Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының даму деңгейін талдау
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) қалай тіркеуге болады?
- Әлеуметтік мобильдік туралы қазақша слайд, презентация тегін
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру