Өткен он жыл коммунистік кезеңнен кейінгі елдерді қамтыған «нарықгық романтизмнен» көпшілікті айықтырды, себептің де осында екендігін ағаруымызға болады. Қоғамдық сана енді, өзге жаққа қарай бет бұра бастады. Солай болса-дағы ырықтандырылған экономикаға, тіпті болмағанда, қазіргі уақытта, нақты балама жоқ деп санауымызға болады. Әлемдік еңбек бөлінісі обьективті түрде өмір сүруде. Өндіріс -шығын қай жерде аз болса, сол жерде дамиды. Осы заманғы өнеркәсіптік және басқа технологиялар адам өмірінің барлық саласына таралуда. Қандай да ғылыми әлеуетке ие екендігіне қарамастан бірде бір ел жалғыз өзі әлемдік техникалық прогреспен жарыса алмайды. Сондықтан біздің жағдайымызда экономикалық өзара кірігушілікке кедергі келтіру дегеніміз шығыны жоғары өндіріс пен тиімсіз басқаруды қызғыштай қорғау.болып шығады. Бұған қоса мұндағы басты мәселе басқада — экономиканы ырықтандыру процесінде мемлекеттің ролі қалай өзгеруі керек дегенде тұрғандай көрінеді Өйткені, әр елдің өз ерекшелігі, өз шектеулері бар. Сондықтан шығындаушылыққа ұрынбау өте маңызды. Осындай туындаған жағдайларға байланысты Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында интеграциялану бірден-бір тиімді жол екендігін айтуымызға болады. Бұған мүше Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан елдері бірін-бірі экономикаларымен толықтыратын КСРО-ның бұрынғы республикалары. 200 милионға жуық халық!.

Бұл дегеніміз айтарлықтай үлкен. рынок.

2000 жылы қазан айының 10 жұлдызында Қазақстан Республикасының Президеті Н.Назарбаев төрағалық етуімен өткен Кедендік одаққа қатысушы елдер — Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісі одақтас елдер халықтарының өмірің- жақсарту үшін бар мүмкіндікті қарастырып отырған, ізгі ниет біріктірген ортақ мақсаттағы адамдардың кездесуі ретінде бағаланды /1/. Бұл кездесу Кедендік одаққа қатысушы бес елдің тарихында жаңа парақ ашылған айтулы оқиға болды. Өйткені, Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құру туралы, құжат өмірге келген еді. Еуразиялық экономикалық қауымдастық — ; 10.11.2000 жылы төрт мемлекеттің кеден одағы негізінде дүниеге келген жас қауымдастық. Оның негізін қалыптастырған және құрынуына ұйытқы болған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл — бұрынғы кеңестік кеңістіктегі жүртшылықтың қорқатын одағы емес, бұл — бүгінде бес мемлекеттің экономикасының күре тамырын бақылып, әр байланыстырып отыратын эконөмикалық қауымдастық. Бұл — ашық экономикалық ұйым. Бүгінде Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан секілді бес мемлекеттің басын біріктіріп отырған Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа кірем деушілерге есік ашық /2/. Самитке төрағалық жасаған Н.Назарбаев Кедендік Одақта қалыптасқан жағдайды сараптай келе тығыз интеграцияның дамуы бестік елдерінің экономикалық ахуалына оң ықпал ететіндігін айтып өтті. 2000 жылдың мамыр айында өткен .самитте мемлекет басшылары арсында біраз жұмыстар атқарылғандығы айтылды. Олардың айтуына қарағанда, Кедендік Одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы келісімнен туындайтын мақсаттар мен міндеттерді іс жүзіне асыруға бағытталған бірқатар құжатар қаралып, мақұлданған. Шешімдердің қағаз жүзінде қалмай, шындыққа айналуының маңызы зор. Дегенмен, уақыт бір орнында тұрмайды, жаңа шешімдер қабылдауды қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде Еуразиялық экономикалық қауымдастық -интеграцияға ұмтылыстың жаңа көрінісі болып табылады.

Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру және аталған мәселеге орай мемлекет басшыларының Мәлімдемесі самитте ең басты құжат ретінде қаралып, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекет басшылары бұл жаңа экономикалық ұйымның интеграциялық үрдістері ілгері жылжуға тиімді әсер ететініне келіскендерін білдірпен болатын. Басқосуда Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы шешімді Қазақстанның Кедендік Одаққа қатысушы елдердің интеграциялық ісуш-жігерін сапалық жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін тетік ретінде қарастыратынын атап көрсеткен. Бұл Еуропалық одақ, басқа да халықаралық ұйымдарға жақын үлгідегі принципті жаңа құрылым болып табылады. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық қауымдастықты Қазақстанның 1994 жылғы Еуразиялық Одақ туралы бастамасын іс жүзіне асыруға бастайтын төте жол ретінде қарастырған жөн. Әрі бұл шешімде ұжымдық саяси ерік, көп қырлы ынтымақтастық, нақты интеграция мәселелері көріңіс тапқан. Ал, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың жоғары органы Мемлекетаралық кеңес болып табылады. Оған интеграцияны дамытуға бағытталған іс-өрекеттерге бастамаша болу өкілеттігі берілген. бның құрамына мемлекет басшыларынан басқа премьер-министірлер кіреді.

Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың қызметіне қатысты әңгіме қозғасақ — бұл жас құрылым әуелі өзінің құқықтық базасын, қатысушы мемлекеттердің атқаратын міндеті мен жауапкершілігі бар. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрамындағы әр ел бір- бірімен тығыз интеграциялық қарым-қатынасқа түсгіесе одан оң нәтиже күту қиын. Оның құрамында Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан кіреді. Қазақстан — экономикалық реформалардың көшбасшысы. Біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып АҚШ тарапынан нарықты экономика елі ретінде танылды. Қазақстанның ТМД елдері арасында бірінші болып мұндай жетістікке жетуі біздің» еліміздегі нарықтық өзгерістердің табысты жүріп отырғанын -дәлелдейді. Бұл мәртебе халықаралық ынтымақтастықта елімізді толық құқылы әріптес дәрежесіне көтереді. Ресейге қатысты дәл осындай. мәселе енді ғана талқыланбақ.

Бұл өткен жылдың желтоқсанында ресми сапары кезінде президенттеріміздің келіссөздерінің, сондай-ақ елімізде әлеуметтік экономикалық және саяси реформаларды ойдағыдай өткізудің арқасында іке асты. Бұл соңғы он жылдағы біздің бүкіл жұмысымыздың нәтижесі.

Мұндай шешімнің біз үшін үлкен мәні бар. Біріншіден, бұл дүниежүзінің Қазақстанда жүргізілген реформаларды тануы. және ең маңыздысы — дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанды тең құқылы әріптес ретінде танып отыр.

Жаңа ұйымның іс қимыл жасайтын органы тұрақты жұмыс істейтін интеграциялық комитет болады. Сонымен қатар қатысушы елдер мемлекет басшылары » тағайындайтын тұрақты өкілдер комиссиясы деп аталатын орган енгізіледі. Мемлекетаралық кеңес пен Интеграциялық комитетінің қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеті Интеграциялық комитетінң хатшылығына жүктеледі. Хатшылыққа бас хатшы қызмет жасайды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық — жаңа тұрпатты бірлестік. Ондағы дауыстан оған қатысушы мемлекеттердің ауқымына сәйкес белінеді. Бір мемлекеттің келіспеушілігі болған жағдайда өзгелері шешім қабылдай алмайды. Бұл қауымдастыққа қатысу барлығы үшін тиімді болатынынын кепілі. Барлық интеграциялық бірлесттктер бүкіл қатысушылар үшін олардың тиімді болуына негізделіп отыр. Егер соған қол жеткізілсе, онда Еуразиялық қауымдастық мықты болады. Егер қандайда бір мемлекет оның мүддесі ескерілмейді деп есептейтін болса, ол қауымдастықтан шығып кете алады. Осыны бәрінің түсінуі керек. Егер Ресей Еуразиялық қауымдастық идеясын белсенді түрде қолдайтын болса, бұл бірлестіктің табысқа жету мүмкіндігі бар. Басқаша жағдайда, бұрын талай рет орны алғандай, бәрі құрыдымға кетеді.

Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан «Шанхай бестігіне» көпір тастауға болады. Ал бұл шетсіз-шексіз рыногы, жедел дамып келе жатқан әулеті бар Қытай. «Шанхай бестігі» аясындағы интеграцияға Үндістан мемлекеті  үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Осыдан Ресей үшін ұлан-ғасыр — көкжиегі бар мүлдем жаңа геосаяси кескін айқындалуда. Ресей Қытаймен бірге ғаламдық интеграциялық одақтың локомотиві сынды бола-алар еді, сонда күш — жігерді біріктіру арқылы, осы елдердің экономикаларына өзіне жеткілікті дерлік болуға мүмкіндік беретін модельді құра біліп, Батыстан өзімізде жоқ технологияларды ғана алуымызға қол жете  алар еді.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан президенті Н.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Меніңше, адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие»/3 /.

1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы арасында «Шекара аудаңындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы» келісімге қол қойылды. Бұл рәсімде Н.Ә.Назарбаев бес мемлекет басшылары жаңа ғана қол қойған шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту жөніндегі келісімге қол қойылуы Азия-Тынық мұхит аймағындағы осындай әскери-саяси .деңгейдегі және географиялық ауқымдағы алғашқы құжат болып табылатынын мәлімдеді /4/. Осындай бірегей келісімнің әрекет ету аясына орасан зор әскери әулетті өзара бақылау, ал кейіннен оны қысқарту көзделіп отыр. Осындай келісім Азия- Тынық мұхит аймағында және жалпы алғанда Жер шарында бейбітшілік пен түрақтылықты қолдап, одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Шанхай бестігіне кіретін мемлекеттер басшыларының кездесуі аймақтық және жаһандық саясаттың айқын факторына айналды. Екі мүшесі (Ресей, Қытай) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын «Шанхай бестігінің» экономикалық және адами әулеті, қатысушылардың ұйым қызметіне жаңа өлшемдер түрғысынан қарауы оның өміршендігіне кепіл болып, келешекте ірі аймақтық ұйымға айналатынын көрсетті.

2001 жылғы 28 сәуірде Мәскеуде өткен Сыртқы Істер Министрлер Кеңесінде терроризммен, сепаратизммен, экстремизммен күрес туралы Шанхай Конвенциясының жобасы алдын-ала талқыланып, негізінен қолдау тапқан болатын. 2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда Қытай Халық Республикасы Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру-; туралы Декларация, терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Конвенция қабылдады /5/, ұйымның орталығы Бішкек қаласы болып бекітілді.

«Шанхай бестігіне» алтыншы ел болып Өзбекстанның қосылуына байланысты оны ендігі жерде «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» деген жаңа атаумен үйғарылды.

Шанхай саммитінде ұйымның ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі туралы ереже бекітілді, ол құжатқа сыртқы істер министрлері қол қойды. Осында өз шешімін тапқан күрделі мәселенің тағы бірі — Қазақстан, Қырғызстан, (Өзбекстан Республикалары арасындағы  мемлекеттік шекараларды түйісер нүктесі жөніндегі келісім. Мұнда үш   ел арасындағы делимитация ісін 2001 жылы аяқтау жоспарланды.

Қазақстан президенті  Н.Назарбаев саммитте сөйлеген сөзінде «Шанхай бестігінің» арқа сүйеп келген қағидаттары жаңа құрылып жатқан «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының» алдағы қызметіне де негіз етіп алынғаны жөн болатыны, елдер арасындағы ынтымақстастықтың негізгі мақсаты шекарадағы жағдайды қалыпқа түсіру екендігін ерекше атап қөрсетті /6/. Ел басы келесі саммитке дейін «Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясын» дайындау, онда  елдердің  бір-бірінің қауіпсіздігіне кепілдік беру қағидаларын көздеу жөнінде ойларын ортаға салды. Қазіргі әлемдегі қауіпсіздікті тек  әскери-саяси түрғыдан ғана қарастыруға болмайды, ғаламдасу дәурінде қауіпсіздіктің экологиялық, технологиялық жақтары бар.

2001 жылғы 15 маусымындағы саммитте Ресей Президенті В.Путин «Қауіпсіздікті ынтымақтастык, — арқылы» жүзеге асыру идеясын ұсына отырып, келесі жылғы Саңк-Петербургте өтетін ШЫҰ-ның саммитінде оның Жарғылық-‘құжаттарын айқындау қажеттігін атап көрсетті. Өзбекстан Президенті И.Каримов жаңа ұйымдағы Өзбекстанның рөліне аса жоғары баға бере келіп, ШЫҰ-ның міндеттері Өзбекстанның қатысуынсыз толық шешіле алмайды дегенді айтты. Қырғызстан Президенті А.Ақаев, «Шанхай форумы» уақыт сынына төтеп бергенін, ал жаңадан кол қойылған конвенция құқық қорғау мекемелерінің және арнаулы қызмет орындарының қажетті құқыкгық негізін құрайтындығын, Бішкекте құрылған терроризмге қарсы орталық идеясын жүзеге асыру қажеттігін, болашақта олұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің бірыңғай мекемесі бола алатынын баса көрсетті. Тәжікстан Президенті Э.Рахманов ШЫҰ — жаңа мемлекетаралық қатынастардың үлгісі болатынын атап көрсетті.

2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы.Үкімет басшыларының бірінші кездесуі болды . Онда олар жарияланған мәлімдемесінде былай деп атап көрсетті: «2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та жүзеге асырылып, ешқандай кінәсі жоқ мыңдаған адамдардың опат болуына соқтырғын бұрын-сонды болмаған террорлық акт біздің қатты ашу-ызамызды туғызуда. Біз осынау тағылық акцияны адамзат өркениятының іргелі негіздеріне, қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттердің қауіпсіздігіне, адамның өмір сүру құқығын қоса алғанда негізгі құқықтарына қарсылық ретінде қарастырамыз. Халықаралық терроризм бүкіл адамзат үшін ереуілі қатерге айналды. АҚШ-тағы қайғылы оқиғалар олар .үшін ұлттық. та, ізгілік те шептер болмайтынын көрсетіп берді. Бұл- зұлымдықты барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігері арқылы ғана жеңуге болады. Шанхай ынтымақгастқ ұйымына қатысушы мемлекеттер бұл бағытта белсенді жұмыс . жүргізуде. Терроризгмге, экстремизм мен сепаратизмге қарсы іс-әрекет — біздің ұйымның аса маңызды міндеттерінің бірі. Оның аясында терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы қабылданды. Аймақтық антитеррорлық құрылым жасақтауды жеделдету жөнінде қадамдар жасалуда. Біз терроризмнен туындайтын ғаламдық қатерді жою жөніндегі ымырасыз күрес жүргізу мақсатында барлық мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тығыз үйлесімді тиімді шаралар қабылдауға әзірміз» /7 /.

Сонымен қатар, Үкімет басшылары «Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы үкіметтерінің арасындағы аймақтық экономикалық ынтьдмақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдай жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандум» қабылдады. Онда 2001 жылғы 15 маусымда Шанхай мемлекет басшылары қол қойған «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құру тралы декларацияның қағидалары мен принциптерін . басшылыққа ала отырып, үкімет басшылары толық теңдік, өзара құмет және өзара құрмет және өзара тиімділік, кезең-кезеңдік, ащықтық принциптерінің негізінде сауда- экономикалық ықпалдастықты қалыптастырып, дамыту ниеттерін білдірді.

Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары мен ережелерін ескере отырып, үкімет басшылары,» ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің аймақтық-экономикалық ьштымақтастығын дамытудың негізгі мақсаттарын атап көрсетті. Олар —  қатысушы мемлекеттер экономикасын жаппай дамытуға жәрдемдесу; сауда мен инвестиция ауқымын ұлғайту; бірлескен өндірісті дамыту; тауарлардың, технологиялардың еркін қозғалысын жүзеге асыру; көлік және коммуникация саласындағы қазіргі бар инфрақұрылымды тиімді пайдалану; транзиттік әлуетті одан өрі дамыту; табиғаттың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету; бірлескен экологиялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру; энергетика, көлік, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, туризм, кредит-банк саласы, су шаруашылығы және табиғат қорғау саласы секілді бағыттарда күш-жігерді шоғырландыру; шағын және орташа бизнес арасындағы тікелей байланыстарға жәрдемдесу.

Президент Н.Назарбаев «Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі жөне сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» атты Қазақстан халқына жолдауында «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» көлемінде ынтымақтастықты қеңейтудің еліміздің қауіпсіздігін нығайтудағы маңызын атап көрсетті.

Сонымен, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» қазіргі кезде өзінің саяси, қауіпсіздік және экономикалық күш-куаты жағынан Азияда ғана емес, әлемдегі ең беделді ұйымдардың біріне айналып отыр.

Еуразиялық экономикалық қауымдастық өмірге келгелі бері қауымдастық ішіндегі елдер арасында тауар айналымының артуы 38% болды /8/. Қауымдастыққа қатысушы елдер экономикасындағы құрылымдық өзгерістер бөлігінде бір-бірінен қатты ерекшеленетінін ескеретін болсақ, бұл өте жоғары көрсеткіш деп айтуға болады. Бұл бағытта Қазақстан, Ресей мен Қырғызстан республикалары бәрінен ілгері жылжуда. Белоруссия реформалар жүргізуге әліде болса асығушылық танытып отырған жоқ. Тәжікстан экономикасы соғыстан кейінгі жағдайдағы: мемлекет. осындай күрделі жағдайлардың өзінде атқарылған. істер аз емес .2001 жылдың шілде айынан бастап қауымдастық елдерінде ҚҚС тауар арналатын орындар бойынша алына бастады. Тарифтердің- 80%-ы келісілген. Алайда әліде болса темір жол тарифтері келісілген- жоқ, бұл алдағы уақыттың өзекті мәселесі деп қарастырады қауымдастық мүшелері. Ресей Президенті В.Путин бұл мәселеде сындарлы позиция ұстанып отыр. Транзиттік ауқымы ұлан-асыр Ресей алғашқы кезде тарифтерден ұтылатын болды. Қазақстанда дәл солай. Егерде тарифтерді бірдейлестіру Қазақстан териториялары арқылы өткізілетін жүк көлемін шұғыл ұлғайтуға — мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің кездесуінде Путин интеграция процестерін шынайы жақтаушы екенін, ол мұны Ресей үшін тиімді деп санайтынын көрсетті. Бұл жалғыз Ресейдің мүддесіне ғана емес, Қазақстан мүддесі үшін де тиімді. Алайда Ресейде бұл түрғыда әрқилы пікірлер бар. Саяси элитаның бір бөлігі жақын шетел — Ресей қосымша жүк, интеграция қажет емес, Ресейдің өзі барлық дағдарыстан шығуға қабілетті деп санайды. Бұл таңқаларлық жағдай. Он жылда Достастық елдері бір-бірінен елеулі түрде алшақтады. Бұл Достастық елдері арасында әлдеқашаннан-ақ түрліше экономика, қаржы жүйелері, бюджет, ішкі және сыртқы саясат орныққан. Бүгінде кеңестік кеңістік мемлекеттері экономикалық интеграцияның қажеттігін сезініп, осыған ерік жігер білдіріп отыр.

2002 жылы 8 сәуірде Алматыда «Еуразиялық экономикалық саммит-2002» атты Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдердің екінші саммиті болып өтті /9/. Ол «Тұрақсыздық кезендерінде тұрақты өсуді қамтамасыз ету» тақырыбына арналды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев бұл форум .Орталық Азия аймағында назар аударарлықтай геосаяси өзгерістер жүріп жатқан кезде өтіп отқанын атап өтті. Қазір бір-бірімізді бұрынғыдан жақсырақ түсіне бастады, өркениетке төнген халықаралық терроризммен күресте күш-жігерді біріктіру кезек күттірмейтін қажеттілік екенін түсінетін көрсетуде. Сонымен бірге мемлекеттердің бір-біріне- -жақындай түсуі Орталық Азия халықтарының әл-ауқатын арттыру мақсатында ынтымақтастықтың бұрынғыдан да ауқымды салаларын қамтуы тиіс. Халықаралық терроризммен күрес деген әскери акциялармен тынып қалмайтын іс. Өкінішке орай, қыруар әлеуметтік проблемалардың қордалануы да терроризм үшін құнарлы топырақ болып отыр. Азияның кіндігі мүдделер қақтығысының майдаңына айналып кетпеуі үшін, біздің елдеріміздің халықтары геосаяси ойындардың аманатқа алынған адамдар кейпіне түсіп қалмауы үшін айрықша жауапкершілік жүктеледі.

Бұл, орайда саясаткерлердің алдында мынандай міндеттер қойылуы керек. Біріншіден Орталық Азияда, тұтастай Азия құрлығында қауіпсіздіктің тиімді. жүйесін жасау жөнінде күш-жігерді жұмсауды жалғастыра беру керек. Өткен жылы Қазақстанды, Қырғызстанды, Ресейді, Тәжікстан мен Өзбекстанды біріктіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымы қүрылғандығын жоғарады айтып өттік. ШЫҰ-ның аясында әскери саладағы сенім мен өзара іс қимыл тетіктері сыннан өткізіліп үлгерілді. Сауда-экономикалық, гуманитарлық салада, терроризм мен экстремизм қатеріне қарсы түру ісінде ынтымақтастықты дамыта түсу көзделген. Бұл бағытта алдағы кезде де тиімді жұмыс істей беру; керек. Бүгінгі танда Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары процесіне қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларының саммитін өткізу бұрынғыдан да көкейтесті сипат алып отыр. Қазіргі геосаяси жағдайда қауіпсіздік проблемаларына, ойың ішінде ең алдымен Орталық Азиядағы қауіпсіздікке қатысты пікірлер мен көзқарастарды баяндау үшін Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім жөніндегі кеңестің мінберін пайдалану өте-мөте маңызды болып отыр.

Екіншіден. Каспий аймағына төнуі мүмкін жойқын апаттардың алдын алу үшін қолдан келетін шаруаның барлығына ерекше назар аудару керек. Каспий — Еуразияның маңызды стартегиялық аймағы, көмірсутектерінің бай қоймасы. Оның мұнай қорын игеру ісіне әлемнің аса іргелі компаниялары қатысуда. Каспий теңізі бүкіләлемдік қауымдастықтың мүддесі үшін бейбіт ықпалдасу мен экономикалық ынтымақгастық аймағына айналуға тиіс.

Саяси лидерлердің алдында тұрған аса маңызды міндет жаһандық және аймақтық ядролық қауіпсіздікті нығайту мәселелерімен байланысты. Орталық Азия бүгінде қаруға ие және соның «табалдырығында тұрған елдер» деп аталатын мемлекеттің қоршауында жатқан ядролық қарусыз алаң болып отыр. Осынау мазасыз геосаяси нақтылық қаруды таратпау режимін одан әрі табанды түрде күшейту қажеттігін алға тартады.

Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін стратегиялық мәні бар тағы бір төтенше маңызды саяси міндет Ауғанстанды қазіргі ауыр жағдайынан шығару болып табылады. Ауған халқына көмектесе отырып, біз өзімізге өзіміз көмектесеміз, өйткені, Орталық Азия аймағындағы көп нәрсе Ауғанстанды қайта түлету процесінің қаншалықты ойдағыдай жүретініне байланысты болмақ.

Ұлан-байтақ Еуразия — континентінде бас бірікпеушілік пен томаға-тұйықтық интеграция мен ықпалдастыққа орын беруі керек. Орталық Азия мемлекеттері біздің ортақ су, инфрақүрылым, экологиялық проблемаларымызды шешуді қаржыландыру жөнінде әлемдік қаржы институттарының алдына бірлескен ұсыныстарымен шығуы қажет. Бұл ынтымақтастықтың және кедейшілікпен күрестің куатты ынталандырғышы болады. Алматыда өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі Достастық шеңберіндегі интеграцияның да болашағы жақсы екенін көрсетіп берді.

Табиғи газды өндіруші . мемлекеттердің де, сондай-ақ оны Еуропаға, Азияға, басқа аймақтардың рыноктарына тасмалдау үшін өз аумағы мен инфракұрылымын беретін мемлекеттердің де мүдделерін біріктіретін «Еуразиялық газ альянсын»құруға ниет білдіріп отыр. Энергетикалық және көлік одақтарының жақсы перспективасы бар. Бұл бірлестіктердің тарихи бастаулары ретінде Еуропалық Одақ бастау алған көмір мен болат жөніндегі альянсты айтуға болады.

Жақында ғана 13 мамырда. Ресей астанасы Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің кезекті мәжілісі болды /10/. Қазақстан — Республикасының президенті Н.Назарбаев әлемде жаһандасу үрдісі белең алған тұста жаңа жағдайға қарай негіздеп, елдер мен халықтар арсындағы байланыстың аса маңызды тетігі ретінде ұсынған еуразия идеясы барған сайын өміршеңдік танытып, үстемдік алып келеді. Қауымдастыққа алғаш ұйымдасқан 2000 жылғы қазанда бес мемлекет қауымдасса, енді олардың саны таяу уақытарда мүше мемлекеттер саны жетеуге жетуі мүмкін, Молдова Президенті Владимир Ворониннің және Украйна Президенті Леонид Кучма экономикалық қауымдастыққа бақылаушы ретінде қатысуға ниет білдіріп отыр /11/. Мұның өзі Еуразия экономикалық қауымдастығының шын мәнінде халықарлық деңгейде лайықты орын ала бастағаныны көрсетіп отыр. Қазіргі кезде экономикалық қауымдастыққа мүше елдердің ішкі тауар айналымы қарқынды өсіп келеді. Экономикалық қауымдастықтың аса маңызды құжаттары қабылданды. Ең бастысы, қауымдастық мүшелерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерге өзара ықпалдастығын жетілдіру және үйлесімді позицияны талдап жасау жөніндегі уағдаластыкқа қол жеткен. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық қауымдастық эмблемасы мен жалауын бекіту, оның Парламенттік ассамблеясы жөніндегі ереже жобасын талқылау, қауымдастыққа мүше болғысы келетін елдерді қабылдау тәртібі, сондай-ақ бақылаушы ретінде қатысу мәртебесін белгілеу сияқты маңызды мәселелер бар.:Мүше елдер ұйым жарғысына қатаң бағынуы керек. Соған сәйкес мүшелік жарнаны уақытында төлеп түру міндеттілік болып табылады. Еуразиялық экономикалық қауымдастығы қазіргі кезде. өзіндік құрылымы қалыптасқан беделді халықаралық ұйымға айнала бастағандай.

«Тек қауымдаса, күш-жігерді біріктіре отырып, біз өзара пайдалы әріптестіктің тиімді тетіктерін жасап, барлық тап болатын кедергілерді еңсере аламыз» /12/-дейді Н.Назарбаев.

ҚОРЬІТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінде, баспасөзде, жарияланған еңбектерінде осы мәселелерге айрықша тоқталып, алдымызда «Жас егеменді мемлекет», күшті президенттік республика нарықтық жаңа қатынастарды қалыптастыру, демократиялкқ құқықтық мемлекет құру мақсаты тұрғандығын, осының жолында қандай әрекеттерде жүзеге асыруымыз керектігін үнемі айшықтап айтып, түсіндіруде. Егер біздің дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрғанымыз, бел буып, сенімділікпен ұмтылғанымыз рас болса, экономикалық интеграцияға ұштаспай ешқандай да өркениетті мемлекет бола алмайтынымыз белгілі. Бұл жолмен дүние жүзінің жүздеген елдері өткен. Ал оның бергі жағында біздің ішкі ерекшеліктеріміз өзінше, әрі олар аз емес. Топтап жіктеп алғанның өзінде мемлекеттік меншіктілік монополиясынан құтылу, жекешелендіру саясатын ұлттың пайдасына жүргізу, ұлтаралық қатынастардың өзара келісім,. түсіністік пен достық ниет дәрежесін сақтау тарихи ұлттық тіл, дәстүр, мәдениет жалпы рухани дамуға байланысты құқын қалпына келтіру, басқа ұлттардың тең қүқықтығын сақтау сияқты кезек күттірмес міндеттер, өз мәселесімен алға шыға береді. Осының бәрін мұндай ұтымды жолмен шешу керек? Қандай саяси тиімді, әрі оны халық қалай түсініп, қалай қабылдайды? Аталмыш бағыттар өтпелі кезеңнің қилы-қилы ауыртпалықтарынан аман өте ме? деген мәселелер толғандырады. Аталмыш мәселелерді шешуде Елбасымыз Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру идеясы өз көмегін тигізе алады деп айта аламыз. «Еуразиялық Одақ құру жөніндегі менің ұсыныс, пікірлерім ежелден қанаттас жатқан халықтардың береке бірлігің алда да сақтау мақсатынан туындаған еді»-дейді Елбасымыз’

Біздің пікірімізше Президент Н.Назарбаевтың идеясын сөз жүзінде емес, іс жүзінде нақтылай іске асыру біздің халықтарымыздың бірлігінің интеграциясын жаңартуға, саяси, экономикалық, қорғаныс міндеттерін шешуге және біздің мемлекеттеріміздің лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрине, өткенге қайта оралу жоқ, болуы да мүмкін емес екені әбден түсінікті. Еуразиялық Одақ идеясының өзі осындай мақсаттарды көздеп отыр. Тәуелсіз мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құрудың негізгі қағидаттары -халықтардың өзін-өзі билеуге, мемлекеттік егемендікке, аумақтық және мәдени автономияға қол сұғылмайтынын құқығы бола алады. Еуразиялық Одақ туралы айта отырып, күш-жігерді Еуразиялық Одақтың басты негізі ретінде ТМД-ны сақтауға, қазір пайда болып келе жатқан салауатты үрдістерді қолдауға шоғырландыру өте пайдалы, өйткені оның күйреуі экономикалық байланыстарды одан әрі үзуге ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз мемлекеттердің өздері ыдырауының, түгелдей берекесіздіктің, тіпті азамат соғысының болу мүмкқіндігіне әкеп соғу мүмкін. Еуразиялық Одақтың негізінде экономикалық, қорғаныс, сыртқы саясатты реттеуді мақсат тұтқан халықаралық органдарды құру жатыр. Стратегиялық мәселелерді талқылау үшін  Евразиялық Одақ үкіметі мен мемлекет басшыларын құру жоспарланып отыр, сондай-ақ Евразиялық Одаққа кіретін елдердің заң шығару қызметін қадағалайтын жалпы парламентке тікелей сайлау өткізуде басты назарда. Осының негізінде Евразиялық Одаққа мүшелік қайсыбір екі жақты қарым-қатынастардың үшінші елдермен. орнатылуына еш кедергі келтірмейді. Ұсынылып Отырған Одақтың негізгі принципі — теңдік, мемлекттердің егемендігі мен тәуелсіздігін, әрбір мемлекеттің жекелігі мен тұлғалық қүқығын сыйлау.

Еуразиялық Одақ — қоғамдық келісімнің тірегі. Сондықтан біз халықтардың интеграцияға ұмтылысы кез-келген жағдайда өзіне жол ашатынына кәміл сенеміз. Біздің қозғалысымыз өзіне ізгі мақсатқа жету жолын оңайлатуды мақсат етіп қойып отыр. Бұл жобаның нақты іске асырудың біздің ойымызша, екі нұсқасы болуы мүмкін: бірінші егер достастық мемлекеттері неғүрлым тығыз өзара іс-қимыл тәртібіне көшуді қажет деп тапса, Еуразиялық Одақ — ТМД ішінде құрылатын болады, сөйтіп Еуразиялық Одақтың ТМД ішіндегі құрылымы неғүрлым жетілдірілген жүйе ретінде өмір сүруі мүмкін. Басқа бір нүсқасы — ТМД-ны біртіндеп Еуразиялық Одаққа айналдыру. атап айтқанда, Достастық елдердің интеграцияның тарихы болмай қоймайтын нәрсе, ал ТМД-ны Еуразия тәуелсіз мемлекеттері одағына немесе конфедерацияға жеткізер жолдағы кезең деп есептейді.

Еуразиялық Одақ идеясы күнделікті өмірімізге терең бойлап келеді. Ол бұдан бірнеше жыл бұрынғыдай «құр жалаң ұран»,болудан қалды. Бұл Еуразиялық Одақтың бүгінгі көрінісі ретінде 2000 жылы 10 қазанда құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастықты атай аламыз.

Диплом жүмысы өз алдына қойған мақсатты орындауға тырысты. Дегенмен біздің жұмыс аталған мәселе бойынша «соңғы сөз» айтушы немесе осы мәселеде айтылған тұжырымдарын бәріне бірдей таңудан аулақ. Біз диплом жұмысымызда Еуразиялық Одақ ұғымымен, оның мақсат міндетерімен, болашақтағы қызметтерімен және Одақтың біздің еліміз үшін маңыздылығымен ғылыми тұрғыда таныстыруды ғана көздеген болатынбыз. Жалпы Еуразиялық Одақ жөніндегі ойларымызды жинақтап, қорытындылай келе мынадай ойға келіп отырмыз.

Идея бүгінгі әлемдік-прагматикалық тұрғыдан сөзсіз қажет және оның обьективтік түрде перспективалық болашағы күмәнсіз;

Идея XXI ғасырда Еуразия кеңістігінде салтанат құрмақшы -«Жаңа тәртіптің» түп қазығы болып табылады;

Идеяның, басқа да баламалық мәні бар жобалармен қатар ұсынылуы (мәселен, Азиядағы өзара сенім — СВМД) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жас Қазақстан мемлекетінің өзіндік геосаяси концепциясының қалыптаса бастауының бір куәсі;

Идея белгілі бір мағыналарда «сувернитетті шектегенімен», сайып келгенде, неоимпериялық-шовинистік немесе радикалдық-ұлтшыл яки консервативтік-трайбалистік күштерге елеулі тосқауыл және т.б.

Идея экономикалық тұрғыдан алғанда болашақта тәуелсіз елдерді саяси-әлеуметтік; экономикалық жағынан дамыған мемлекеттер қатарында көріне алатынын Одаққа жетелейді;

Идея әлемдегі және Еуразия кеңістігіндегі, оған қоса оның Орталық Азиядай аймақтарындағы саяси-экономикалық,  әлеуметтік-демографиялық т.б. «күтпеген сценарийлер» бойынша өрбуі мүмкін кездейсоқтарға мейлінше тәуелді;

Қорыта айтқанда, ешкімге еш нәрсе зорлықпен таңылмайды. Бұл барша жұрттың пайдасы үшін, барша жұртқа қолайлы болуы үшін құрылатын Одақ. Таяу болашақта біз адамзат өркениетінің ең жоғарғы нысандарына сай келетін біртұтас достастыққа кіре аламыз ба, жоқ па, бұған қарамастан, біздің мемлекеттер арасындағы өзара серіктестік қатынастарды нығайтудың ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде біздің халықтарымыз арасындағы саяси партиялар мен қозғалыстар. арасындағы туысқандық ізгі қатынастарды қалпына келтіру мен дамытудың жаңа, кезеңінің кепілі болады. Мұның өзі сөз жоқ, біздің бәріміздің адамзаттың ең адамгершілік мақсатына — жер бетіндегі бейбіт әрі жемісті өмірге. жеткізеді деп айта аламыз.  

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Ольга Видова. Н.Назарбаев портрет человека и политика. Алма-Ата. «Білім», 1998. 238 б.
  2. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 238-239 б.

3.   Назарбаев Н.А. Евразийский. Союз: идей,практика, перспективы 1994-1997. Москва.:Фонд содействия развитию социальных и политическич наук, 1997.-480″ стр. 139 6.

  1. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Өнер 1996-272. 100 б.
  2. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 234 б.
  3. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғьісында. Өнер 1996-272. 99 б.

І-тарау.-Еуразия идеясы және оның даму тарихы.

1.1.   Еуразия түсінігі және оның дамуы.

  1. Саудабекова Э. Орыс евразиялығы социомәдени түлға  ретінде. Ақиқат.1997. №3 37 6.
  2. Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: идей,практика, перспективы 1994-1997. Москва.:Фонд содёйствия развитию социальных и политическич наук, 1997.-480 стр. 455 б.
  3. Саудабекова Э. Орыс  евразиялығы социомәдени тұлға  ретінде. Ақиқат. 1997. №3 37 б.
  4. Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс   жөне   интеграциялық тәсіл ретінде. Саясат/ақпан-наурыз 2000. 52-53 б.
  5. Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдар және Шығыс. Саясат/қыркүйек 1999.
    30-31 б.
  6. Бұлда сонда. 316.
  7. Шалабаева.Г.К. Евразийство как национальная идея и социальная
    стратегия. Саясат/қыркүйек. 42-46 б.
  8. Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдар және Шығыс. Саясат/қыркүйек 1999.
    31 б.
    1. Галиев А.  Евразия как қультурно-исторический  ареал.  АльПари
      2000 №2 37 б.

10.  Елбасы. Алматы. «Ана тілі». 1996. 437 б.

1.2.    Н.Ә.Назарбаев-Еуразия Одағы ұйымының көш басшысы.

1.  Назарбаев Н. На пороге XXI вёка. Алматы. Өнер. 1996. 100 б.

2.     Назарбаев Н. Пять лет независимости. Алматы. Қазақстан. 1996.
526.

  1. Казахстанская правда. 05.02 2000.
  2. Казахстанская правда. 13.01 1998.
  3. Бұлда сонда.
  4. Евразия 1995. №1 27-28 б. ..
  5. Содружество. 1994. №3 57 б.
  6. Назарбаев Н. Пять лет независимости. Алматы. Қазақстан.  1996.
    4306.     •                                     •       ;
  7. Назарбаев Н. На пороге XXI века. Алматы. Өнер. 1996. 107 б.

 

  1. Известия. 11.10.2000.
  2. Извёстия. 20.10.2000.

12.Евразийское                    сообщество                    заменило                    СНГ.

һир:ду\у\у.угетуа.га/2001/29/6/8714/4.

13. Известия. 20.10.2000.

1.3.  Еуразия одағы және Еуразиялық интеграция мәселесі.

  1. Борис Ельцигі. Бүгінгі күн Казақстан президенті Н.Назарбаевтың
    күні болдыТ// Егемен Қазақстаң. 29.04.1998. №83
  2. Самат  Мүса.   ИнтеграциЯ дамуға  бастайтын  төте жол.//  Егемен
    Қазақстан. 23.01.2002.
  3. Іңкөрбаев Е. Еуразияшылдық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени
    құбылыс  жөне   интеграциялық тәсіл   ретінде.   Саясат/ақпан-наурыз
    2000.54 6.
    1. Ергалдев И, Тихонова Т. Идея евразийства и будущее Казакстана.
      Евразийское сообщества. 916.
    2. Гунашев А. Евразийский союз-наша общая судьба. Мысль.  1994.
      №12 4 6.                                             ;
    3. Геннади Толмачев. Елбасыі Алматы. 2000. 238 б.
    4. Назарбаев Н. Қалың елім, қазағым. Алматы. Өнер, 1998. 10 б.
    5. Бұлда сонда. 10-11 б.             .:’.
    6. Уәлихан Қ. ТМД: тағылымдар мен түйткілдер. //Егемен Қазақстан.
      01.05.1998. №85

П-тарау. Еуразиялық Одақгьщ геосаяси орналасуы, даму болашағы. 2.1. Еуразия Одағы ішіндегі Орталық Азия рөлі.

1. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 2356.

2. Бұл да сонда. 235 6.

3. Уәлихан Қ. XXI ғасырға бағытталған сара жол.//Егемен Қазақстан. 07.06.1998. №131

4.  Бұлда сонда.

5.    Белокреницкий. Центральная Азия в евразийской перспективе. //Восток. 1996. №5

6.Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс және интеграциялық-тәсіл ретінде. //Саясат.ақпан-наурыз 2000. 56-57 б.

Бұл да сонда. 57 б.

8.   Кошанов А. Экономическая интеграция:Начало и перспективы.//Мысль. 1994. №12 45-51 6.

9.  Ольга Видова. Н.Назарбаев портрет человека и политика. Алма-Ата. «Білім»,1998. 236-237 6.

10. Единая валюта для АврАзЭс. Һир:\у\ү\у.рге83-ге1еазе.га

2.2. Еуразйялық Одақ дүниежұзілік өркениеттің бір саласы ретінде.

  1. Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдық-доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс және интеграциялық тәсіл ретінде. Саясат/ақпан-наурыз 2000. 52 б.
  2. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 234 б.

3.  Бұлда сонда. 234.

  1. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы. «Білім» баспасы, 1997. 19 б.
  2. Оразәлі Сәбден. XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Алматы. «Қазақстан» 1997.166 б.
  3. Шарафаддин Ә. Тірлік үшін. бірлік керек. //Егемен Қазақстан. 05.12.2000. №306
  4. Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс және интеграциялық тәсіл ретінде. Саясат/ақпан-наурыз 2000. 55 б.
  5. Еуразия Одағы Керек пе? //Жас Алаш. 16.12.2000. №151
  6. Елбасы. Алматы. «Ана тілі».’ 1-9.96. 443 б.
    1. Еуразия Одағы Кереқ пе? //Жас Алаш. 16.12.2000. №151
    2. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 238-239 б.
    3. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Өнер 1996-272. 97 б.
    4. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 237-238 б.
    5. Бұл да сонда. 240 б.
    6. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Өнер 1996-272. 101-102 б.

16.   Шарафаддин Ә. Тірлік үшің бірлік керек. //Егемен Қазақстан. 05.12.2000. №306

17.   Геннади Толмачев. Елбасы; Алматы. 2000. 238-239 б.

  1. Парамонов В. Геополитика и Центральная Азия. //чгну/.сопі.Ыт-
    агіісіеБ.
  2. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Өнер 1996-272. 99 б.
  3. Бұл да сонда. 99 б.
  4. Бұл да сонда. 99-100 б.
  5. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 243 б.
  6. Бұлда сонда. 245 б.

 

2.3. Еуразиялық Одақ XXI ғасырда.

1.   Самат Мұса. Еуразилық экономиклық қауымдастық Еуразиялық Одақ құрылымына бастайтын төте жол.//Егемен Қазақстан. 11.10.2000. №250

2.  Жас Алаш. 2002. №62

  1. Сапиулла Абдулпаттаев. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Ақиқат. 2002. №3 62 б.
  2. Бұл да сонда. 62 б.

5.3бигнев Бжезинский. Стратегическа география Евразии меняетсия .

  1. Сапиулла Абдулпаттаев. ВДанхай ынтымақтастық ұйымы. Ақиқат. 2002. №3 64.-65 б.
  2. Бұлда сонда. 65-66 б.

8.    Назарбаев Н. Біз ғаламдастыруға бірлесіп қарсы тұра аламыз.

Ақиқат. 2001. №3

  1. Алма Мүхамеджанова. ЬІқпалдастық уақыт талабы. // Егемен Қазақстан. 09.04.2002. №76
  2. Егемен Қазақстан. 13.05.2002.
  3. Бұл да сонда.

12.     Назарбаев Н. Ұстанар қағидамыз бұлжымайды. //Егемен Қазақстан. 09.04.2002. №76
Тағы рефераттар