Ежелгі шығыс елдерінің даму тарихы туралы қазақша реферат
Ежелгі Египетте мемлекеттің пайда болуы және қезеңдерге бөлінуі. Ежелгі Египет (Мысыр) Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ніл өзенінің тар алқабында, яғни Ніл өзенінің бастауынан Жерорта теңізіне құятын атырау сағаларының аралығында орналасқан. Египетте алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қашан пайда болғаны туралы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ та, б.з.д. ІІІ мың жылдықта Египет мемлекеті өмір сүрген.
Египет мемлекет және құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі. Жоғарғы және төменгі Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды.Фараон билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты,ном билеушілері өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады.
Осы кезеңнің соңында Фива қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-1700жж). Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж), бұл кезең елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен сипатталады.
Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді.Египет ірі империяға айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери гегемонияға ұмтылады.
Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны парсылар,кейін Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.
Вавилон мемлекетінің пайда болуы және дамуы. Месопатамияда қоныс тебу неолит дәуірінен басталды. Алғашқы тұрғындары балық шаруашылығымен, аң аулаумен айналысқан. Б.э.д. ІІІ мың жылдықта Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында бірнеше қала мемлекеттері пайда болған, соның бірі – Вавилон. Демек, Месопатамиядағы ежелгі өркениеттің негізін салушылардың бірі шумерлер.
Б.э.д. 2109 жылы кути тайпаларының жеңілуі нәтижесінде Месопатамидағы билік толығымен Ур патшасы Ур-Намурдың қолына көшеді. Ол ІІІ Ур әулетінің негізін қалап біріккен шумер-аккад патшалығына билігін жүргізген.
Вавилонның гүлденуі І Вавилон әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750 жж.) тұсында болды. Хаммурапи ірі мемлекет қайраткері, айлакер дипломат, ақылды заңгер және көріпкел ұйымдас тырушылық қасиетімен көзге және сөзге ілінген. Оның басқару кезінде мемлекет экономикасы суармалы жер шаруашылығына, бау-бақша және мал шаруашылығына, қолөнерге негізделген, сыртқы және ішкі сауданы дамытуға бағытталған еді. Маңызды сауда орталықтарына Вавилон, Ниппур, Сиппар, Ларса, Ур және т.б. қалалар жатқан.
Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі Қытай мемлекетінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарарстырады: 1).Шань (инь) дәуірі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғғ.). 2).Чжоу дәуірі (б.э.д. ХІ-ІІІ ғғ.) 3). Цинь дәуірі (б.э.д. 221-207 жж.). 4).Хань дәуірі (б.э.д. ІІІ-б.э. ІІІ ғғ.).
Бізге дейін жеткен аңыздарда ертедегі билеуші кемеңгер Яо болған. Ол қартайған кезде өзінің мұрагері етіп, Шуньді тағайындады. Оның тұсында топаң су басады. Одан құтылу жолын Юю тапқан. Ол билікті мұрагерлік жолмен өзінің ұлы Циге берген. Кейіннен Ююдің баласы Ци Ся әулетінің негізін салды. Осы кезден бастап, билік мұрагерлік жолмен берілетін болған. Оның озбырлығына қарсы шан тайпасының көсемі тан қарсы шығып Циді құлатып, Шан әулетінің негізін қалады. Кейіннен ол Инь дап атала бастайды.
Ежелгі Үнді мемлекетінің қалыптасуы. Үнді-адамзаттық мәдениеті ошағының бірі. Үнді тарихы өте көне ғасырдан бастау алады.
Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы мен Імыңжылдықтың басындағы Солтүстік Үндістан тарихының негізгі деректеріне ертедегі үнді діни-әдеби ескерткештері ведалар жатады. Олар ән ұрандар, құрбандық пен қарғыс және қасиетті дәстүрлердің жыр жинақтары болып саналады. Ведалар үндіевропалық тілде пайда болған(“веда” сөзі, мысалы, орыстың “ведать” сөзімен туыстас). Оларды құрастыру фактісін өзі Үндістанда үндіевропалық тайпалардың келуімен байланыстырылады. Тілі, діні және аңызы жағынан ведалар Иранның “Авестасына” ұқсас.Ертедегі ведаларды шығарған үнділіктер мен ирандықтардың арғы аталары ортақ бір территорияда тұрған туысқан тайпалар болуы мүмкін. Ғылымда бұлардың екеуінде ариилер деп атау қалыптасқан (арья-қайырымды ерте үнді, ерте иран тайпалық бірлестіктеріндегі жоғары ру басшылары деген аттан-ақ көрініп тұр.
Қоғамның теңсіздігінің күшеюне байланысты, бұрын тайпа жиналысымен сайланған әскери қолбасшысы (раджа), өзіне тайпалық басқару органын бағындырды.
Сол кезде үлкен, күшті мемлекет – Магадха болған. ІҮ-ІІІ ғғ. Маурийлер әулеті өз қол астына бүкіл Үндістан территориясын біріктірген, бұл кезең осы мемлекеттің ең шырқап дамыған кезеңі болған. Магадхо-Маурийлер дәуірі ежелгіүнді мемлекеттілік құрылымы дамуының ерекше кезеңі болып саналады. Маурийлер дәуірінде көптеген мемлекет институттарының негізі қаланды және көптеген саяси оқиғаларға куә болды.
Маурьи империясы әртүрлі даму сатысындағы тайпалардың және халықтардың конглораметі (бірлестігі). Бірақ күшті әскеріне және мықты басқару аппаратына қарамастан, Маурийлер мемлекеті бірлігін сақтай алмады. Б.э.д. ІІғ. Үнді көптеген мемлекеттерге ыдырады.
Тағы рефераттар
- Кремнийорганикалық лак, смола және желімдер
- Құжат айналымын ұйымдастыру: жалпы ережелер
- Сульфат целлюлозаны үздіксіз ағартудың технологиялық процесстерін автоматтандыру
- ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Айнымалы масса тығыздығы бар ғарыштық жілік жүйелері