Ежелгі Вавилон қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы қазақша реферат
Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің көзқарастарына қарсылық көрсеткені туралы күмән жоқ, бірақ оларды қырсық құлдардан сақтауға тырысты. Орташа жанұялар Ерте Вавилонда сирек кездесті. Құжаттарда көрсетілгендей құлдарды сатуға, алмастыруға, мұрагерлікпен беруге, сыйға тартуға, бір сөзбен айтқанда олардың тұрмыс жағдайына қарамастан оларды өмірлерін өз беттерінше қолданған құлдардың орташа бағасы 150-200 грамм күмісті құрады.
Егер үй бұзылған жағдайда да құл зиян шегетін болса, құрылысшы зиян шеккен құл үшін төлем төлеуге міндетті болған. Құлдың қаза тапқан жағдайында, сол құлдың иесіне басқа құлды беруге тиіс еді.
Заңда құлиеленушінің көзқарасын жақтады, құл иеленуші басқарушыларға қашып кеткен құлды қайтаруын және қашқаны үшін өлім жазасын беруге өз талаптарын қоюға құқы болды. Егер жалдаған құл қашып кететін болса, оның уақытша иегеріне материалдық жауапшылықта болады. Кінәлі құлды қашып кеткенін жасырған жағдайда өлім жазасына тартылды.
Адамның құл екендігін оның ерекше шаш қиысынан, құлақ тесігінен, кеудесіндегі таңбасынан білуге болатын.
Ежелгі Вавилонда құлдар қатарын көбейтудің бірнеше қайнар көздері қызмет еткен. Біріншіден ол көптеген тоқтаусыз жүріп жатқан соғыстар. Сонымен қатар ең маңызды қайнар көз болып ішкі көздер табылды. Басы бос еркін адам жасаған қылмысы үшін құлға айналған, мысалы: Ирригация жүйесінің ережелерін бұзғаны үшін және де құлдарды өз еркімен сатқаны үшін де көңіл бөлініп оларды құлға айналдыру үрдісі болған.
Айта кететін жәй, еркін адамдардың құлға айналуы мемлекеттің өзіне деген қарама-қайшылықтарға әкелетінін көрсетеді. Құл иеленушіге байланысты құлдар мемлекеттік, храмдық, жеке иеленушілер мен құлдар болып бөлінді. Олардың барлығының иелері мушкен болып табылды.
Бұл жағдайда құлдар өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгерту өте қиынға түсуі мүмкін. ІІІ Ура династиясы тұсында соттық тәртіп бойынша құл өзінің жағдайын көтеруге құқы бар болатын. Сондай-ақ мұндай мүмкіндік Хаммурапи кезінде де болды. Шынында, бұндай жолға аяқ басу үшін алдымен ойланған жөн: егер жақтаған құлдың ұтылу жағдайы болғанда оны үлкен қауіп-қатерлер күтіп тұратыны белгілі. Құлдарға басы бос еркін әйелдерге үйленіп, тұрмыс құруға, сонымен қатар баласы мен әйелдердің өзі некелесу жағдайында еркін болып қала берді. Құлдың баласы құл иеленуші ерік берсе, оның мұрагері болуға мүмкіндігі бар болатын. Бұл айтылған жайлар тұрғындардың белгілі бір құқықтарын емес, еркін адамдардың жағдайларының артықшылығын көрсетті.
Ежелгі Вавилон патшалығында тәуелсіз азаматтар біртекті класты құрамады. Олар тең құқылы, яғни отағасы мен отағасының ұлдары, және тең құқылы емес, яғни мушкендер. Мушкен – Эшнуин заңында қолданылған термин, оның мағынасы бас ию болып табылады. Олар көшпелі тайпалар, әр түрлі қоныс аударушылар еді, яғни Вавилон территориясында тұратындар болатын.
Кейбір тарихшылардың ойынша мушкендерді еркін адамдар емес деп ойлайды. Оларды ерекше әлеуметтік категорияны құрушылар деп санаған. Тарихи мәліметтерге қарағанда шынында да мушкендер тең құқылы азаматтарға қарағанда әлеуметтік баспалдақта өз орындары еркін азаматтардан әлдеқайда төмен еді. Мушкендер – әлеуметтік категория екендігі туралы мынадай көзқарас дәлірек келетін сияқты: мушкендердің өкілдері қоғамдастықпен байланысы үзілген, жер иесі болып табылмайтын, бірақ, патшалық қызметті орындап жүргені үшін марапаттау негізінде сол жерді пайдалануға алған адамдар. Патшалықтың қызметшілері бола тұрып, олардың мемлекетте алатын орны төмен еді.
Мушкендердің тәуелсіз атағынан айырмашылығы, және тең құқылы еместігін көрсететін мынадай дәлел бар: егер отағасына кінәлі адам зиян көтерсе ол талион принципі бойынша жауапқа тартылатын, ал сондай жағдайға түскен мушкеннен айып пұл төлейтін болған. Сонымен қатар зиян шеккен мушкенге отағасына қарағанда медициналық жәрдем екі есе кем көрсетілетін болатын.
Сондай-ақ басқа жағынан қарағанда мушкеннің мүлкі храмдар мен сарай және құлдардың мүлкі сияқты заңмен қорғалған жоқ. Егер мушкеннің мүлкін ұрлаған жағдайда, оған көңіл бөлінбейтін, ал храм, сарай және құлдардың мүлкін ұрласа ондай ұрылар өлім жазасына тартылатын.
Хаммурапидің заңдарында бай және кедейленіп кеткен қоғамдастыққа да көп көңіл бөлінген. Қоғамдастықты тарату процесі кезінде қоғамдастықтың мүшелері өз меншіктерін өздерінің еріктері бойынша қолданып, көптеген жерлер жанұялық иемденушіге көшкен. Олар өздерінің жер өнімдері сатуға, жалға беруге, және мұрагерлік бойынша беруге құқықтары бар болатын. Қоғамдастықтың күшеюіне олардың қызметін басқаратын патшалық шенеуніктер мүмкіндік бермеді. Бір жағынан жергіліктілер, яғни қоғамдастықтар өздерінің мүшелері қылмыс жасайтын болса жауапты болатын, сондықтан билік етушілер қылмыскерлерді ұстай алмайтын.
Ежелгі Вавилонның мемлекеттік билігінің мықтылығы әлеуметтік категорияны құраушы жауынгерлерге байланысты еді.
Жауынгерлердің өмірі оңай болмады, өйткені әскери сапарға шыққанда олар жазалануы, мерт болуы және тұтқынға түсіп қалуы мүмкін. Егер әскери қозғалыс кезінде оған қатыспайтын болса онда олар өлім жазасына тартылған және де өз орнына басқа адамды алмастырса да жазаға тартылған.
Жауынгерлердің патша кез келген бұйрығына әрқашан мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін дайын болуы және қолына қаруы болуы тиіс еді.
Хаммурапи заңдарында жауынгерлердің артықшылығы мен міндеттеріне 26-дан 41-шы бапқа дейін баптар арналған. Кодексте көрсетілгендей, жауынгер өзінің қызметі үшін патшадан жердің бір бөлігіне ие болған және егер жауынгер қайтыс болған жағдайда оның мүлкі мұрагерлік бойынша оның ұлына берілетін. Егер күйеусіз қалған әйелдің қолында кішкентай баласы болатын болса, ол сол баланы болашақ жауынгер етіп тәрбиелеуге үштен бір бөлік жерді талап етуге және оны иеленуге талап етуге құқылы болды.
Жауынгердің жері мен мүлкін, заңға сәйкес ол сату-сатып алудың және айырбастаудың объектісі бола алмады.
Жауынгердің жерін, малын сатып алғандар материалдық шығынға бостан босқа ұшыраған. Сондықтан иесіне қайтып берілетін болған.
Егістік жер, саябақ және үй үшін қарыз болса, жауынгерден тартып алынбайды, бірақ мынадай жағдайда ғана егер жауынгердің мүлкі онын жеке қаражаттарына иеленетін болса.
Басқа мемлекетте сатып алуды жүзеге асырған сауда агентінің шығындары храм немесе патша шаруашылығының өзі жауап отырған.
Барлық аталған шаруалармен мемлекет қажетті сандағы маманданған армиямен өзін қамтамасыз етуге тырысты.
Мушкендермен – патша адамдарының ең төменгі категориясымен – қатар патшаға байланысты орта және жоғарғы категориялардың бай адамдары: патша шаруашылығының жұмысшылары, әкімшілік мүшелері, абыздар және тағы басқалар тұрды. Бұл категориялар сонымен бірге кез келген уақытта патша басқа бір тұлғаға бере алатын жер бөлімдерінің меншік иелері болған жоқ.
Мұрагер үнемі әкесінің орнына қалып отыруына байланысты, жер учаскелері жанұяның және оның басшысының меншігіне беріле бастады. Жоғары категорияның өкілдеріне өз қызметімен бірге өзінің жерін сатуға рұқсат етілді. Сонымен қатар патша қызметшілері қоғамдық жерлерді сатып ала алды. Патша храмда өзінің билігіне бағындырған кезде, яғни б.э.д. 1768 жылы кейін патша құлдары категориясына енген абыздардың да шаруашылық қызметі туралы мәліметтер сақталған. Олар жер, бақша, үй сатып ала алған, оларды жалға берген егумен, сатумен араласқан. Басқа әйелдерге қарағанда, абыздар еркектер сияқты меншіктік құқыққа ие болған.
Ежелгі вавилондық қоғамның идеологтары патша өзінің билігін құдай қолынан алады деп есептеген. Патша билігі ештеңемен шектелмеді, қоғам өмірінің барлық сфераларын басқару тұтқасы билік етуші династия өкілі қолында болды. Басшылық жеке облыс пен қалаларды басқаратын патша адамдары басында бар күрделі бюрократиялық аппарат арқылы жүзеге асырылды.
Патша атынан кінәлінің күйеуі шөп салуды кешірген жағдайда ұсталған нақсүйерге кешірім жасалды. Құжаттарға байланысты патша кейде көбіне ирригационды жүйенің қызмет етуімен байланысты кейбір сұрақтарды бірден шешкен.
Патша қазынасы тек патша шаруалардан келетін табыстан ғана құралмады, патша қолында храмдар шаруашылықтары да болды. Бұл екеуі де табиғи өсу мен үзілмейтін соғыс тұтқындары ағымына байланысты үнемі толықтырылып отыратын көптеген құлдар арқылы жүзеге асырылды.
Барлық елдерден Вавилонға әртүрлі салықтар және арнайы алымдар ағылды. Патша әулеті игілікті жағдайлардың өсуіне, мемлекет бақылауында болған айырбас пен сауданың дамуына мүмкіндік етті. Месопотамиядағы ірі территорияның бір мемлекетке бірігуі сауда қатынастарының дамуына игілікті әсер етті.
І Вавилондық династия кезеңінен Вавилон тобын жалпы белгі де сипаттап, қоғамның маңызды бірлігінің – жанұяның өмірі, қызметі және ұйымы туралы сөз айта кету керек.
Ежелгі Вавилонда жанұя қатынастары әртүрлі сипатталды: ашық идеализациядан үй құлдығының болуын мойындауға дейінгі аралықты қамтыды. Бір жағынан күйеуге шыққан әйелдің жағдайын абсолютті құқықсыз деп есептеуге болмайды. Жеке жағдайларда әйел жасау ретінде алынған меншікті иеленуге құқы болды, күйеуімен сыйланған сыйлықтар мен жеке заттар жатады. Ол үйленгенге дейін күйеуімен алған қарыздарға қатысы жоқ. Күйеуі өлген кезде әйелі балалары жасы толғанға дейін меншікті иеленеді. Егер өлген күйеу сарай үйлі болса, әйеліне еркін, әйелге меншіктің тек жартысы беріледі, бірақ балалары құл болмаған.
Некелік шарты егер әйел күйеуінен бас тартса, өзін дұрыс ұстамаса, әйелдерін құлдыққа сату мүмкіндігін қарастырған. Егер әйелінің баласы болмаса, күйеуі баласы мұрагер болатын құлмен өмір сүре алады.
Хаммурапи заңдары жанұяның тағы басқа мүшелерінің құқығын қорғайды. Жынысынан тәуелсіз барлық балалар әке-шешенің меншігінің мұрагері бола алады, бірақ бірінші үлкен ұлының мүддесі қаралады. Жанұя меншігінің толық мұрагері болып балалар жанұя отағасы өлгеннен кейін бола алады, бірақ егер олар әлсіз әкелерін қамтамасыз етуге міндеттеме алса, онда олар оның тірі кезінде меншікті иелене алады. Егер әкесі қандайда бір заң алдында кінәсіз себептен баласын мұрадан айырса, онда баласы соттың қорғауын сұрайды.
Хаммурапи заңдары жанұяны басқа жағынан да қорғайды. Кішкене баланы ұрлаған қылмыскерге өлім жазасы қолданылды.
Тағы рефераттар
- Орта және ұлы жүздегі билік және оның нығайуы
- Міндеттеменің тоқтатылуы
- Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
- Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау
- Архиваторлар