Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы туралы қазақша реферат
Хаммурапи заманында Вавилонда ертедегі шығысқа тән қаталдық қалыптасты. Ел басқару ісі қатаң тәртіпте бір орталыққа бағынды және бүкіл жоғарғы билік заң шығарушы, орындаушы, сот және діни биліктің барлығы патшаның қолында жинақталды. Хаммурапидің өзінің шенеуніктерімен жазысқан қатынас қағаздарына қарағанда, басқару ісінің әртүрлі тарауларына, атап айтқанда, қолдан суландыру ісін ұйымдастыруға патшаның өзі басшылық еткен. Атына жазылған әртүрлі даулы істер мен шағым арыздарды патшаның өзі қарады. Бұл істер жөнінде патшаның өзі қарар шығарып, шенеуніктеріне тиісті жарлықтар беретін. Тіпті ерекше жарлықтар арқылы күнтізбеге қажетті түзетулер енгізді.
Ел билеу ісінде патша күрделі және бір орталыққа бағынған төрешілдік аппаратқа сүйенді. Бір шенеуніктер орталық басқарманы, екінші біреулері патшаның наместниктері ретінде, мысалы, Сиппар сияқты қалаларды меңгерді. Шакканум дейтін жоғары атағы бар шенеуніктер, ал кішігірім қалалар мен облыстарды рабианумдар басқарды.
Халық әртүрлі салықтар: егістіктен не мал төлеуінен, құрма бақтарынан, күнжүт егістігінен және балықшы қауымдардан алынатын салықтарды төлеуге міндетті болды. Осы салықтармен қатар күмістей алынатын ерекше алымдар және заттай алынатын арнаулы патша алымдары төленді. Осы кірістердің барлығы патша қазынасына түсіп, сарай мүлкін құрады, бұл мүлік шіркеу мүлкімен бірге ерекше заңның қорғауында болды.
Сот билігі айрықша шенеуніктердің қолына жататын. Сот істері шакканумға, рабианумға, аймақтық судьяларға және қаланың ақсақал және дәулетті адамдарынан шыққан айрықша соттарға жүктелді.
Дін судьялары бірте-бірте өзінің маңызын жоғалтып, тек храмдағы құдайлардың бейнелері алдында ант берген сөздерін қабылдаумен ғана қанағаттанатын болды. Бірте-бірте сот істерін жүргізуден заңның алғашқы нормалары шыға бастады, бұл нормалар бойынша судьялардың міндетіне ант берген куәлардың көрсетулерін тек жай ғана қабылдап қою емес, істі «өз көзімен көріп, зерттеп, тексеру» жүктелді. Заңның арнаулы баптары өтірік куә болған адамды айыпты етіп, жазалайды, ақырында, сот үкімін өзгерткендігі үшін судьяны жазалап, оған талап етілген соманың мөлшерін 12 есе артық етіп айып салады және бұдан былай сот міндеттерін орындауға рұқсат етпейді.
Тағы рефераттар
- Кактустар
- Гельминтоздар курстық жұмыс
- Оқиға болған жерді қарау түсінігі
- Жидебай батыр (М.Ж. Көпеев қолжазбаларының ішінде Жидебай батыр жөніндегі екінші нұсқасы)
- Әмір Темірдің жүргізген дипломатиялық қарым-қатынастары