Фернандо Магеллан туралы қазақша реферат

(1480-1521)

Жер шарын айналып шығу үшін Фернандо Магеллан басқарған бес желкенді кеме 1519 жылы 20 қыркүйекте Испания жағасынан батысқа аттанды. Бұлар ең алдымен Канар аралдарына келді. Одан әрі  Оңтүстік Американы жағалай жүзіп, тұңғыш рет  құрлықтың өңтустігін айнала Ұлы мұхит айдынына шықты. Атлант мұхиты мен Ұлы мұхит арасын байланыстырып тұрған осы бұғаз кейін «Магеллан бұғазы» аталып кетті. Өйткені Магелланға Тынық мұхитының толқыны Атлант мұхитына қарағанда бәсең болды. Бірақ оның тұнықтығы шамалы еді.

Магелан Тынық мұхит арқылы Оңтүстік Американың батысын жағалай жүзіп барып, тіке шығысқа қарай бұрылды да, содан әрі үздіксіз үш ай бойы жүзеді, жолында бірде бір арал кездеспейді.  Ақырында аштық қасіретіне ұшырайды, кемедегілер өмірден күдерін үзе бастағанда, 1521 жылы 9 наурызда алдынан аралдар көрінеді. Аралда адамдар тұрады екен, оның біреуінен азық, су алып сапарын жалғастырады. Кешікпей Магеллан кемелері Испанияға қарайтын Филипин аралына келіп тоқтайды, бірақ  өздерінің жер шарын  кемемен  айналып жүзіп келе жатқанын жасырады.  Сөйтіп, архипелаг  аралдарын зерттеп жүргенде, Мактан аралындағы тұрғын үнділерді христиан дініне лажсыз кіруді көндіреді. Мұның соңы арал тұрғындарымен қан төгіске ұласады. Арал жауынгерлері шетінен мерген, айлакер, атқан тасын дәл тигізе алатындықтан, Магеллан адамдары әлсіреп шегінуіне тура келеді. Сонымен, жер шарын айнала жүзген әйгілі теңізші Магеллан 41 жасында 1521 жылы 27 сәуірде қайтыс болады. Бұдан кейін кемелерді қалғандары басқарып, Борнео аралына келіп азық-түлік, алтын, күміс тиеп алып, тағы бір аралға келіп тоқтап онда кемелерін жөндейді. Испандар Үнді мұхиты арқылы  Африканың оңтүстігіндегі «Добрая надежда» мүйісінен өтіп, аман–есен Атлант мұхитына шығады.  Олар су кіре бастаған кемені тастап, жалғыз «Виктория» кемесімен 9 шілдеде «Жасыл мүйіс» аралына зорға жетеді. 1522 жылы  6 қыркйекте  «Виктория» кемесінің капитаны, Магелланның ізін жалғастырушы Даль Кано жер шарын айналып келіп, Испанияға жетеді. Барромеда портына , 265 адаммен кеткен 5 кеме , 17 адамы ғана  бар бір ғана  «Виктория» кемесімен келеді. Испания королі оны үлкен құрметпен қарсы алады. Жер шары тәрізді  герб береді, оның сыртында «Мені тұңғыш айналып шықтың» деп жазылады.

Магеллан Фернан(1480 — 1521) — Португалияның теңіз саяхатшысы. 1519 — 21 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрлықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрлық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхит арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.
Тағы рефераттар