Табыс – төтенше таралған, кең түре қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немес материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Фирма табыстарын қалыптастыру:

Фирманың табысы — өнімді сатудан түскен табысы, басқадай өткізуден алынған табыс, өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы).

Өнімді сатудан түскен табыс — өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім, қосылған құн салығы, акциздер, өнімнің өзіндік құны.

Басқадай өткізуден алынған табыс – негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс.

Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс – құнды қағаздар дивидендтері, жалға алғаны үшін төлем, өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.

Фирманың табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), фирмада (жалпы табыс, таза табыс) ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Фирманың жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендігі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын таза табыс ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саалады.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:

-Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

-Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)

ЖТ

ОТ  =    ————

К

-Шекті табыс (ШТ) – бұл өнімің өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

ЖТ

ШТ  =  ———-

К

Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, фирманы ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
Тағы рефераттар