МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…..5
1 АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…. 8
1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…….8
1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ……16
1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері…..22
2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)….35
2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы……35
2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау…..39
2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау…..50
3 ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ… 55
3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары…..55
3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру…58
ҚОРЫТЫНДЫ……65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..68
ҚОСЫМШАЛАР…….69
КІРІСПЕ
Айналым активтері кез келген фирмада жалпы активтердің көп бөлігін құрайды. Оны дұрыс басқарудан шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметінің дұрыс жүруі анықталады. Фирмада, оның қызметін ұстап тұру үшін қажетті айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің бар болуы, бір жағынан, тиімді және қатаң, екінші жағынан, қадғалаушы және есепті жүйенің болуын талап етеді. Фирмада қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым қаражаттарының болуы, олардың құрамы, құрылымы, айналым капиталының қолдану тиімділігі және айналымдылық жылдамдығы, фирманың қаржылық тұрақтылығы мен нарықтағы орнын анықтайды.
Нарықтық қатынастардың дамуы фирманың қысқа мерзімді міндеттемелері мен айналым капиталының жаңа шарттарын және оны басқаруда жаңа әдістерді белгілейді. Жоғары инфляция, өндіріс көлемінің және тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, төлемсіздік, шаруашылық байланыстардың үзілуі, салықтық төлемдердің ауыртпалығы, банктік пайыздардың жоғарлануынан несиеге деген қол жеткізу мүмкінсіздігі және басқа дағдарыстық жағдайлар фирма үшін қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым активтерін басқару саясатын өзгертуге, жаңа қаржыландыру көздерін іздеуге, оларды қолдану тиімділігін қайтадан зерттеуге мәжбүрледі. Айналым қаражаттарына инвестицияланатын қаржылық ресурстар көлемінің жоғары болуы, олардың түрлерінің көпқырлылығы, тұрақты төлемділіктің және капиталдың айналымдылығын жоғарлатудағы рөлінің маңыздылығы, сонымен қатар, басқа да жағдайлар айналым активтерін талдауда мақсаттардың қиындығын көрсетеді. Бұл мақсаттардың тізімі және оларға жету жолдары фирма құрастыратын қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым активтерін басқару саясатында көрініс табады. Фирманың операциялық қызметін бастамас бұрын жасалған айналым қаражаттарына капитал салу туралы шешімдердің қабылдануы – «табысты бүгін алу» нәтижесіне жету қорытындысы болып табылады. Фирмадағы өндірістік айналым қорларын дұрыс қоланудан, фирманың табыс көлемінің өсуі анықталады, яғни, фирманың ары қарай дамуы немесе тұрып қалуы шешіледі. Қысқа мерзімді міндеттемелер және айналым қаражаттары өндірістік үдеріске қатысады және де фирмада оларды тиімді басқару туралы сұрақтар негізгі қызмет болып саналады.
Қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым активтерінің есебін және талдауын жасаудағы методологиялық қамтамасыз ету және практикалық шешімдер, материалды-өндірістік қорлар, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыздар және басқалары бухгалтерлік есептілік жүйесінде және экономикалық талдаулардағы мәліметтер әр түрлі қолданушылар үшін қажетті және көмектесе алатындай болуы керек. Бұндай мәліметтерді талдау және түсіну қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым қаражаттарының және оның әрбір элементінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілікте көрсеткіштер жүйесін құрастыруға көмектеседі.
Фирманың немесе шаруашылық субъектінің дұрыс қызметін жүргізу үшін айналым қаражаттары, біріншіден, ол фирманың айналым қорларын және тұтыну қорларын сатып алуға көмектесетін – ақша қаражаттары болып саналады. Айналым қорларын рационалды және үнемді қолдану, кез келген фирма үшін басты міндет болып саналады.
Осымен байланысты фирманың айналым активтерінің қолдану тиімділігін көтеру мәселесі жоғарыға қойылады. Себебі, меншік формасына, саласына және техникалық сипатына, өндіріс ауқымына байланыссыз, айналым қаражаттарының осы үдерістерін қадағалау негізінде ғана ресурстардың құнының қозғалысын және олардың айналымдылығына қол жеткізуге болады.
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі – қазіргі нарықтағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару тиімділігін анықтау.
Диплом жұмысының мақсаты – фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару туралы теориялық және әдістемелік негіздемелер жасау және Қазақстан Республикасындағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау.
Қойылған мақсаттарға орай жұмыста келесі мәселелерді шешу қарастырылды:
— жалпы айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерге анықтама беру;
— айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару ерекшеліктері мен теориялық аспектілерін зерттеу;
— айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруының қазіргі жағдайына баға беру және анализ жүргізу;
— айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқарудағы әр түрлі әдістер мен тәсілдердің маңыздылық рөлін көрсету;
— фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруындағы мәселелерін көрсету, олардың даму перспективаларын анықтау және қызметін оңтайландыру.
Зерттеу объектісі — «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару қызметі.
Ал зерттеу пәні болып айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді тиімді басқару әдістері, тәсілдері, ұйымдастырушылық-экономикалық, технологиялық факторлар жиынтығы және оларды дамыту жолдары мен перспективалары.
Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауында айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқаруының өзіндік ерекшеліктер, үлгілері қарастырылған.
Екінші тарауда қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
Үшінші тарауда ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған. Сонымен қатар ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелер туралы Қазақстан Республикасының заңдары туралы ақпараттар көзі ашылып жазылған. Дипломдық жұмыстың орындалуы еліміздегі қолданылып жүрген құқықтық нысандарды да қамтыған.
Дипломдық жұмыс / 70 бет
Тағы рефераттар
- Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру
- Қазақстан Республикасында Шағын және Орта бизнесті мемлекеттік қолдау және оның дамуы
- Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі
- “Мәдениет” ұғымының мазмұны қандай?
- Зорлықсыз жыныстық қылмыстар