Фонтанды арматура туралы қазақша реферат
Фонтанды арматура келесі функцияларды орындауға арналған скважина жабдығы: а) шегендеуші колоннамен көтерілетін құбырлар арсындағы сақиналы кеңістікті герметизациялау (саңылаусыздандыру) б) газ сұйықты қоспа қозғалысын бағыттау; в) тереңді жабдықты ілу; г) сағалы қарсы қысымды тудыру; д) зерттеу, игеру және басқа технологиялық операцияларды өткізу.
Арматура конструктивті элементтер қатарынан тұрады. Құбырлы головка фонтанды құбырларды ілу, сағаны саңылаусыздандыру, әр түрлі технологиялық операцияларды орындау үшін қызмет етеді.Оған колонналық фланец, құбырлы головка крестовигі,құбырлы головканың тройнигі,өткізгіш катушка кіреді. Фотанды елка скважина өнімін бағыттау және реттеу үшін қызмет етеді. Оның ішінен орталық задвижка, елка крестовигі (тройникті арматурада), буферлік задвижка, буферлік потрубок, штуцер кіреді.
Арматураның әр элементінің тағайындалуы:
— колонналық фланец арматураны шегендеуші колоннаға қосу және құбыр сырты кеңістікті саңылаусыздандыру үшін арналған;
— құбыр головканың крестовигі скважинаның құбыр сырты кеңістігімен байланысу үшін;
— құбыр головканың тройнигі құбырлардың бірінші қатарын ілу және оның байланысу үшін;
— өткізгіш катушка құбырлардың екінші қатарын ілу және онымен байланысу үшін;
— орталық задвижка скважинаны жабу үшін;
— елка крестовигі скважина өнімін құбырға бағыттау үшін;
— буферлік задвижка скважинаға тереңдік аспаптарды түсіру үшін;
— буферлік потрубок аспаптарды түсіру алдында скважинаға орналастыру және арматурада (онда газ жиналады) қысымның тербелісін азайту үшін;
— штуцер скважина дебитін реттеу үшін;
— жұмыс манифольді – екі лақтыруды бірге қосуға арналған штуцерлер мен жалпы шығарушы линия арасында арматура бөлігі;
— линияның көмекші манифольді құбыр сырты кеңістікті немесе СКҚ-ды қосады және технологиялық операциялар кезінде скважинаға ауа, газ және басқа агенттерді айдау үшін қызмет етеді.
Арматураның негізгі элементтерінің конструкциясы.
Арматураға қойылатын негізгі талаптар: бөлшектердің жоғарғы беріктіг кезіндегі абсолюттік герметикалылығы; оның тез жиналуы және аз ауысымдылығы.
Тиекті (запорные) құрылғылар. Тиекті құрылғылардың үш типі қолданылады: тік ағынды задвижкалар, крандар, винтельдер.
Штуцер немесе дроссель скважина жұмысының берілген режимін ұстап тұру үшін арналған.
Колонналық головкалар скважинаға түсірілген құбырлар арасындағы кеңістікті саңылаусыздандыру үшін арналған. Скважина конструкциясына байланысты колонналық головкаларды әр түрлі типтері қолданылады.
Тағы рефераттар
- Қимақ қағанаты
- Азаматтық хал актілері
- “Сарыарқа” газеті
- Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері
- 1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы