Фонтанды скважина жұмысы кезіндегі қиыншылықтар туралы қазақша реферат
Парафиннің шөгінуі.
Фонтанды скважина жұмысы кезінде жиі кездесетін қиыншылықтар мұнайдан парафин, тұздың түсуі, құм шығуы, газдың жарылып шығуы болып табылады.
Мұнай парафиннің құрамы бойынша үш класқа бөлінеді: парафинсіз (массасы бойынша парафині 1%-дан аз); аз парафинді (массасы бойынша парафині 1-2%), парафинді (массасы бойынша парафині 2 %-дан көп).
Түймазы мұнай кен орынының сусыз девон мұнайының құрамында, мысалға, 3.7-5.5 % парафин бар, қабат D1 5%, қабат Dn6%, турмейлік- 1.9%, көміртасқыш -3.7%, Маңғышлақ кен орнының құрамында 15-20% парафин бар (Өзен, Жетібай):
Парфині бар мұнйды өндіру құбырларда, құбырсырты кеңістікте, шығарушы желілерде, резервуарларда парафинді шөгінділердің түсіп шығуымен қиындалады.
Парафинді шөгінділер парафиннен, мұнайдан, мұнайдың шайырлы кампоненттерінен, сонымен судан, қатты бөлшектерден, саз балшық пен құмнан тұрады.
Парафинді шөгінділер скважиналардың қалып жұмысына кедергі жасайды: оларды жөндеуге тоқтату қажет болады, бұл мұнай өндірудің шығынына әкеледі.
Башкирия жағдайларында кәсіпшілік жабдықтарының депарафинизациясына өндірілетін мұнайдың өз құнының 10%-дай шығындар кетеді.
Парафин шөгуінің басы 800-900м тереңдікте байқалады. Көптеген шөгінділер 100-200м шамасында тереңдікте байқалады.
Диаметрі 73мм фонтанды лифт 75т/тәу скважина дебиті кезінде бес тәулік ішінде түгелдей парафинделеді. Осы уақыт ішінде лифтте 1000кг астам парафин жиналады. Скважинаның орташа дебиті бұл кезде 50т/тәу дейін төмендейді.
Мұнайдың парафиннің бөлініп түсуіне әсер ететін кейбір факторларды қарастырайық.
Кейбір жағдайларда парафин көбінесе ерітілген күйде болады. Қысым мен температураның төмендеуі кезінде алғашқы физико-химиялық тепе-теңдік бұзылады. Нәтижесінде алдымен мұнайда асылып тұрған қалпында болатын, соңында жабдықтың қатты беткейлерінде жатып қалатын ұсақ кристалдар түрінде парафин ерітіндіден бөліне бастайды.
Парафиннің түсуіне лифтте температураның түсуі мұнайдан газдың бөлінуіне байланысты болады, бұл скважина түбінен сағасына дейін мұнайдағы газ бөлшектерінің орын ауыстыру шамасы бойынша қысымның төмендеуімен, сонымен қатар сағалық қысымның төмендеуімен ескеріледі.
Парафинмен күрес тәсілін суреттейік, оның негізіне тек кедірлі-бұдырлы беткейлерде жабысу қасиеті қойылған. Ғалымдар С:Ф:Люшин мен В:А:Рассказов тегіс беткейлерде парафиннің шөгінуі байқалмайтынын анықтады. «УралНИТИ» және «ОФВНИИККанефтегаз» институттарының «Башнефть» және «Түймазынефть» НГДУ бірлестіктерінің ғалымдары материалдар рецептураларын өңдеді және оларды СКҚ ішіне алып келуге арналған құрылғылар жасады. Шыныдан, эмальдан, эпоксидті смоладан орындалған беткейлер сыналды. Жабындылардың қасиеттері әр түрлі: шыны температураға төзімді және қышқылға берік, бірақ морт. Скважиналарда СКҚ-ларға әрекет ететін үлкен күштер және металл мен шыны деформациясының әр түрлі өлшемдер әсерінен шыны құбырлардан бөлінеді, шыны тығындарын құрап, шашылады.
Эмаль шыныға қарағанда беріктеу, агресивті сұйықтарға төзімді, бірақ сонымен қатар механикалық әсерде бұзылады.
Шыны мен эмаль жағу процесіне құбырдың 700С-қа дейін және жоғары температурада қызуы қажет, бұл металл құрамындағы өзгерістерге және беріктіктің төмендеуіне әкеледі.
Эпоксидті смола серпімді материал болып табылады, +100С температурада жағылады, жағу процесі кәсіптік шеберханалар жағдайларында орындалуы мүмкін. Беткейді дайындыудың жоғары сапасы мен материалдарды сәйкесті талдау кезінде жабынды ұзақ мерзімді және сенімді, парафиннің құрылуына қарсы әрекет етеді.
СКҚ беткейінен парафиннің периодты қырып тасталғанда қорытындыланатын парафинмен күрес жүргізу тәсілінде еске түсірген жөн. Осы мақсат үшін СКҚ-ға арнайы лебедкамен түсірілетін үзлісті тілулердің қырғыштығынан, уақытты бағдарламалы релесінен және соңдық сөндіргіштерден тұратын толық жүйе жасалды.
Қырғыштар төменге қарай қозғалғанда өзінің диаметрін кішірейтетіндей жасалған, бұл құбыр қабырғаларында парафиннің шөгінділері бар болсада оларға еркін өтуді қамтамасыз етті. Көтерілгенде олар диаметрін үлкейтіп, парафинді кесіп жүрді.
Қырғыштар кейбір мұнай аудандарда қазіргі уақытта да қолданылады.
Сағалық арматураны, сонымен қатар парафинмен құбырларды тазарту қыздырғыш орнатылған автомобильболып табылатын депарафинді қозғалмалы агрегатпен орындалады.
Қыздырғышта құбыр орнатылады, ол арқылы сұйық айдалады. Мұнда ол белгілі бір температураға дейін қызып, скважинаға бағытталады. Агрерат «циркуляцияға» қосылуы мүмкін, яғни скважинадан шығатын сұйық пешке бағытталады, 100С-қа дейін қызады және скважинаның құбыр сырты кеңістігіне қайта оралады. Циркуляция процесінде скважина оқпанымен СКҚ-дың тазалануы орындалады.
Тағы рефераттар
- Халыкты бейбит жане согыс уакытында инженерлик коргау
- Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі
- СТУДЕНТТІҢ МАМАНДАНДЫРУ ПӘНДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮШІН УОЛЛЕС МОДЕЛІН ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕЛЕРІ
- Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағанов
- Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар (1261-1438 жж.)