Фосфор қышқылының тұздары туралы қазақша реферат. Сулы ерітіндісінде фосфор қышқылы сатылап диссоциацияланады. Үшнегізді қышқыл болғандықтан ол үш түрлі тұздар түзеді:1) фосфаттар – фосфор қышқылыныңбарлық сутек атомдары алмасқан, мысалы, К РО калий фосфаты, (ИН ) РО аммоний фосфаты; 2) гидрофосфаттар – екі сутек атомдары алмасқан, мысалы, К НРО калий гидрофосфаты, (ИН ) НРО аммоний гидрофосфаты, 3) дигидрофосфаттар – бір сутек атомы алмасқан, мысалы, КН РО калий дигидрофосфаты, ИН Н РО аммоний дигидрофосфаты. Фосфор оттегімен әрекеттесіп бірнеше оксидтер тұзеді, оларға Р2О3, Р2О4, Р2О5 жатады. Бұлардың ішінде практикалық маңыздылары фосфор (III), оксиді Р2О3 және фосфор (V) оксиді Р2О5.
Фосфор ((III) оксиді Р2О3 балауыз тәріздес, өте улы, суда жақсы еріп фосфорлы қышқыл тұзеді.
Р2О3+ ЗН2О = 2Н3РО3
Тұзілген фосфорлы қышқылдың құрамындағы бір сутегі фосформен, тікелей ал екі сутегі оттегі арқылы байланысқандықтан, ол екі негізді қышқылға жатады және екі қатар тұздар тұзеді:
Н2РО3Н + NаОН = NаНРО3Н + Н2О
Н2РО3Н + 2NaOH = Na2PO3H + 2Н2О
Осы реакциялардың нәтижесінде тұзілген NaHPO3H натрий гидрофосфиты, ал Na2PO3H натрий фосфиты деп аталады.
Фосфор (V) оксиді ақ түсті, усыз, суда жақсы еріп және онымен әрекеттесіп қышқыл тұзеді. Фосфор (V) оксиді судың температурасына байланысты онымен әрекеттесіп үш түрлі қышқыл тұзеді:
Р2О5 + Н2О = 2НРО3
метафосфор қышқылы
Р2О5 + 2Н2О = Н4Р2О7
пирофосфоп кышқылы
Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4
ортофосфор кышқылы
Бұлардың ішінде ортофосфор қышқылының немесе фосфор қышқылының практикалық маңызы бар.
Техникалық мақсаттарға қолданылатын таза емес фосфор қышқылын кальций фосфаты мен күкірт қышқылының әрекеттесуінен алады.
Ca3(PO4)2 + 3H2SO4 = 3CaSO4 + 2H3PO4
Фосфор қышқылы үш негізді болғандықтан сұдағы ерітіндісінде сатылап иондарға ыдырайды.
Н3РО4↔Н+ + Н2РО3 –(К = 7,6- 10-3)
H2PO4↔H+ + HP04— (К2 = 6,2- 10-8) НРО*-**Н+ + РО*-(Кз = 4,4- 10-13)
Үш негізді болғандықтан фосфор қышқылы үш қатар тұздар тү-зеді, мысалы:
КОН + Н3РО4 = Н2О + ҚН2РО4 (калий дигидрофосфаты)
2КОН + Н3РО4 = 2Н2О + К2НРО4(калийгидрофосфаты)
3КОН + Н3РО4 = 3Н2О + К3РО4 (калий фосфать,)
Фосфор қышқылының орта тұздарын фосфаттар, ал қышқыл тұздарын дигидрофосфаттар (NaH2PO4) және гидрофосфаттар (Na2HPO4) деп атайды. Дигидрофосфаттардың барлығы дерлік, ал гидрофосфаттар мен фосфаттардан тек сілтілік металдар мен аммоний тұздары ғана суда жақсы ериді.
Фосфор ауыл шаруашылық дақылдарынын. дұрыс өсіп — дамуы үшін қажет элемент. Сондықтан фосфор кышқылының тұздары ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар ретінде қолданылады.
Табиғи фосфорит пен апатиттың ерімталдығы нашар болғандықтан олар «фосфорит ұны» деген атпен ұнтақ зат түрінде қышқылдығы жоғары топырақтарда пайдаланылады.
Табиғи фосфориттерді әр түрлі әдістермен өңдеу арқылы топы-рақтың барлығында жаксы еритін жасанды тыңайтқыштарды өнді-ру химия өнеркәсібінің негізгі міндеттерінің бірі.
Аса маңызды жасанды фосфор тыңайтқыштарына жай супер-фосфат, қоссулерфосфат, преципитат, аммофос жатады.
Жай суперфосфатты табиғи фосфатқа күкірт кышқылымен әсер ету арқылы алады.
Ca3(PO4)2 + 2H2SO4 = Ca(H2PO4)2 + 2CaSO4
Сонымен жай суперфосфат кальций Дигидрофосфаты мен кальций сульфатының коспасынан түрады. Кальций сульфаты өсімдіктерге қажет болмайтындықтан қоспада оның болуы суперфосфаттың құнын кемітеді.
Қос суперфосфатты табиғи фосфат пен фосфор қышқылын әре-кеттестіру жолымен алады.
Саз(РО4)2 + 4НзРО4 = ЗСа(Н2РО4)2
Қос суперфосфаттын, құрамында жай суперфосфаттағыдай кальций фосфаты болмайтындықтан ондағы фосфордың мәлшері де екі есеге жуық көп болады.
Байытылған суперфосфатты, жай суперфосфаттағы табиғи фосфатты күкірт қышқылымен азот қышқылыныц қоспасы арқылы өн деп, ондағы фосфордың мөлшерін көбейту жолымен алады.
Преципитатты фосфор қышқылын әк суымен немесе әк тасымен нейтралдау аркылы алады:
Н3РО4 + Са(ОН)2 = СаНРО4-2Н2О
Н3РО4 + СаСО3+Н2О = СаНРО4-2Н2О + СО2
Аммофостарды немесе аммоний фосфаттарын фосфор қышқылы мен аммиактың әр түрлі мөлшерлерін нейтралдау жолымен өнді-реді.
НзРО4 + H3 = Н2РО4 (аммофос)
H3PO4 + 2NH3=(NH4)2HPO4 (диаммсфос)
2H3PO4+3NH3=NH4H2 PO4+ (NH4)2HPO4 (аммофос және диаммофос).
Аммофостар құрамында әрі фосфоры, әрі азоты бар жоғары сапалы тыңайтқыштар.
Тағы рефераттар
- Мезолиттегі жер өндеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары
- «Туған күнге арналған тәтті тоқаштар» балабақшадағы ашық сабақ
- Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
- “Абай жолы” романдағы сан есімдерге байланысты антропонимдер
- Ұйымдық-құқықтық құжаттар