Сүт саласы өнеркәсіптің ірі салаларының бірі және оның үлесіне жалпы ұлттық табыстың 20% көбі келеді. Бұрынғы КСРО-ның барлық мемлекеттерінен Қазақстан сүт табынының мал басы саны бойынша алдыңғы орындардың бірін алады. Республика мал басынан да, сүт өңдеу көлемінен де Ресей, Белоруссия, Украинадан кейін тұрақты 4 орында [3].
Сүт және сүт өнімдер нарығының дамуында позитивті және негативті тенденциялар көрінеді. Сүт өндірісінің тұрақты өсуі байқалуда. Орташа жылдық өсімше темпі жоғары – 4,95%. Сонымен бірге, ұсыныстан гөрі сұраныс жоғары екені белгіленіп отыр. Сүттің төмен сапасы салдарынан отандық өндірісінің жеткіліксіз ұсынысымен байланысты терең өңделген сүт өнімінің импорты өсіп отыр. Бұл жағдайда сүт ұсынысының өсуі жоғары сапалы шикізат өндірісі мен потенциалды өсуі жоқ ұсақ шаруашылықтар негізінен асырылады.
Ұсақ шаруашылықтар сүтті біркелкісіз өндіріп, көбінесе оны сорттысыз етіп тапсырады. Бұның бәрі сапасы жоғары сүт өндірісі үшін қажетті жағдайлардың болмауынан: сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық жағдай, сүтті алғашқы өңдеу үшін арнайы бөлмелер мен оларды сүт құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, т.с.с.
Осылайша, сүт өндірушілердің көбісі және ондағы қайта өндіру жүйесі сапалы, бәсекеге қабілетті өнім мен өңдеу өнеркәсіп шикізатын өндіруге онша бағытталмаған7
Сүт сапасын жоғарылату механизмін өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге шейін ғылыми негізделген кепілдемелер және ауыл шаруашылығында қолданылатын әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар осындай маңызды мәселені комплексті шешу талабына сәйкес келмейді және нарықтық жағдайда қолдану қиынға соғады.
Республиканың ауыл шаруашылық кәсіпорындарда қолданылатын сүт өнім сапасын жоғарылату бойынша шаралар комплексі. (6 сурет)
- Орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды стандарттармен және басқа нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
- Өнім сапасын жақсарту саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;
- Өндірістің тиімді технологияларын құру; тайпалық жұмысты өткізу;
- Өндірісті өнеркәсіптік негізде ұйымдастыру;
- Сүт өнім сапасын және оның есебін болжау;
- Материалдық-техникалық базаны құру;
- Кадрларды оқытып, даярлау;
- Өнім және жұмыс сапасын бақылау;
- Жоғары сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру;
- Сүт өнімнің тауарлық өңдеу, сақтау және тасымалдау [10].
Одан басқа, сүттің өзіндік құны төмендеуі кезінде сиырлардың өнімділігінің өсу заңдылығы байқалады, бұл сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы сүт өндірісінің дамуы интенсивті факторлардың артықшылықтарын көрсетеді. Мысалы, Ресейдің Белгород облысының фермаларында сүт сиырлардың концентрациясы мен өндірісінің интенсивті жоғарылауы 44%-ға (450-ден 650 басқа), оның өнімділігі 63,5%-ға өсті (3150-ден 5150 кг-ға), ал 1ц сүттің өзіндік құны 5%-ға төмендеді. Сапалы сүт өндірісі есебінен өткізілетін баға да 15,9%-ға өсті. Сүт өндірісінің интенсивтілігінің өсуі сүттің бәсекеге қабілеттілігіне де оң әсерін тигізеді. Сүттің бәсеке қабілеттілігінің бағалық индексі жоғары болып сақталады (5150 кг өнімділігі кезінде Ақш тауарына қатысты 1,97 және 4255 кг сауылым кезінде Жаңа Зеландиялық тауарға қатысты бірге тең
Дамыған елдер, сонымен қатар Ресейдің тәжірибесінен жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіру негізі ретінде сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация жағдайында сүт малшаруашылығының интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу, азық өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет [13].
Сүт малшаруашылығының төмен сапалы өнім өндірісінің негізгі факторлары келесі: көптеген шаруашылықтарда қажетті материалды-техникалық базаның болмауы; өндірістің ескерген технологиясы; мамандардың біліктілік деңгейінің жеткіліксізідігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.
Сапасы төмен сүт өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады.
Қалыптасқан жағдайда ішкі нарықта сүт өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату кәсіпорынның инновациялық қызметіне тікелей байланысты. Ол өнімнің жаңа түрлерін игеріп өңдеу, сапаның жоғары деңгейін және бағалық артықшылықтарын қамтамасыз етеді, сыртқы нарықтарға белсенді өту үшін жағдайларды қалыптастырады. Сондықтан, инновациялық қызметтің даму мәселесі талданып жатқан «ФудМастер» ЖШС үшін өте маңызды болып келеді.
Кәсіпорындардың шетелдік тәжірибесі мен анализі көптеген мемлекеттердің сүт өнеркәсібінің дамуында инновациялар маңызды рольді атқарғанын көрсетеді. Сондықтан, «ФудМастер» ЖШС үшін инновациялық қызметтің приоритетті бағыттарын таңдау өзекті мақсат болып табылады.
Инновациялық қызметтің бағыттарының тиімділігін бағалау «ФудМастер» ЖШС үшін маңызды мәселелерді шешіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.[14]
Шикі сүттің сапасын жоғарылату механизмі мен қолдануға дайын сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктің маңызды элементі сүтті қолдануға байланысты фермерлік бағаның дифференциациясы болып табылады. Яғни, ішетін категория сүт үшін баға жоғары болады, өйткені оның өндірісі жоғары санитарлық нормалардың, сақтау мен өнімді тасымалдаудың қатаң шарттарының сақталуын талап етеді.
Шикі сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша ұсынылған шаралар дайын сүт өнімдерін өндіруге позитивті әсер етеді. Бірақ, қорытынды тауар бәсее қабілеттілігіне әсер ететін шикі сүт пен дайын өнім өндірісі кезінде белгілі бір арнайы шарттарды ескеру қажет [8].
Қорытындылай келсек, «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынуға болады:
- Дамыған елдер, сонымен қатар Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация жағдайында сүт малшаруашылығының интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу, азық өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет.
- «ФудМастер» ЖШС-де инновациялық қызметті дамыту өте маңызды болып келеді, ол үшін келесі негізгі мәселелердің шешімін табу керек: ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, т.б.
- Сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;
- Сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық жағдай әрдайым тексеріп отыру;
- Өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;
- Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін негізге алу;
- Өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;
- Тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
- Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.
Тағы рефераттар
- Атом электр станциялары
- Конституцияның негізін салушылар
- Әмір Темір
- ҚР азаматтық құқығы (жалпы және ереше бөлім)
- Әлеуметтік нормалар ұғымы, қызметтері, түрлері