Гендерлік даму туралы қазақша реферат
1.Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке жету мақсатында:
2006 жылдың маусым айында облыс әкімінің өкімімен Қарағанды облысы әкімінің жанындағы отбасы мен әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия Қарағанды облысы әкімінің жанындағы отбасы ісі мен гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссия болып қайта құрылған. Біржола комиссияның жаңа құрамы бекітілді;
Облыс әкімдігінің 26.12.2006 жылғы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын» Қарағанды облысында іске асыру бойынша2007-20008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» № 28/04 қаулысы әзірленген және бекітілген;
Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруға жауапты қызметкерлер анықталған;
«Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері» заңының жобасын жалпылай талқылау ұйымдастырылған, сонымен қатар оны аймақта қоғамдық және ҰСҰ қатысуымен талқылауға бірқатар дөңгелек үстелдер өткізілген;
сайлау лауазымдарына үміткерлерді жылжытуға гендерлік жүйені ендіру мәселесі бойынша «Нұр-Отан» саяси партиясының активтерімен кездесу өткізілген. Қазір «Нұр-Отан» партиясының қатарын облыстың 52 пайыз әйелдері құрайды.
қалалар мен аудандар әкімдеріне облыстың 30 аудандары мен қалаларында әкімдерді сайлауға хат жіберілді. Әкімдерге алдағы болатын сайлауға қатысқылары келетін әйелдерді қолдауға ұсыныс берілді;
облыстық әйелдер көшбасшысы жүйесі құрылды, оған 7 қолданыстағы орталық пен мектептердің жұмысын құрайтын 6 ҰСҰ кіреді, оның ішінде 3 Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларының халықаралық ұйымдарына ықпал етумен құрайды.
1. Экономикада гендерлік теңдікке жету мақсатында :
ЮНИФЕМ қолдауымен «Status» ОО бірлесіп «Гендерлік бюджетке қоғамдық кеңес» жобасы іске асырылды, оның төңірегінде 3 күндік бағдарлама әкімшілері – облыстық департаменттер, «әлеуметтік мекемелер, ҰСҰ басшылары, мәслихат депутаттары ҚР Президентінің жанындағы отбасы мен гендерлік саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия Хатшысы меңгерушісінің орынбасары Р.Наутбекованың қатысуымен (әрі қарай – Ұлттық комиссия) семинар-тренинг өткізілді. Астана қаласында республикалық семинардың қорытындысы бойынша кедейшілікпен күресу Аймақтық бағдарламасын іске асыру бойынша Қарағанды облысының есеп беруі тыңдалды;
«Селодағы өзін-өзі басқарудағы — әйелдер басшылығының әдеттері» тақырыбы бойынша Осакаров, Нұра, Ақтоғай, Шет аудандарында семинар-тренинг өткізілді. Семинардың қорытындысы бойынша 8 әйелдердің ынталы тобы құрылды, олардың қызметтері құқықтарын іске асыруға, жастар мен әйелдердің жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік қорғалу проблемаларын шешуге бағытталған. ҰСҰ селолық жерлерде құру үшін бұл ынталы топқа «Облыстық шағын кредиттік орталық» ШКҰ ОФ арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс төңірегінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі арқылы гранттар берілді;
«Әйелдер және адам құқығы» жобасының төңірегінде «Сарыарқа әйелдері» ОО арқылы Европа комиссиясының қаржылық қолдауымен облыстың 9 ауылдық жерлерінде цикл семинарлар өткізілді.
Облыстық «Ақниет» акциясының төңірегінде Қаражал қаласында «Кәсіпкерлік қызметтердің құқықтық-экономикалық мәселелері» тақырыбына көшпелі оқыту семинары ұйымдастырылды.
Қарағандыда «Селоны дамытуға әйелдер бастамасы» республикалық конференциясын өткізу қамтамасыз етілді.
Халықтың әлеуметтік- қиын санаттарынан шыққан әйелдерді қолдауға 459 (барлығы 772) шағын кредиттер 14,2 млн. теңге сомасына берілді.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 8 әйелге өз істерін ашуға 78,1 млн. теңгеге кредит берді.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мониторингі өткізіледі, онда бизнеспен айналысатын әйелдер туралы мәлімет базасын құруға, кәсіпкер-әйелдердің көбірек белсенділігін экономика саласында анықтауға, даму ерекшеліктері мәселелеріне ықпал етеді.
Бизнес саласындағы әйелдер саны 2000 жылдан бастап салыстырғанда 5 есе өсті. Қазіргі күні облыста 8650 шағын және орта бизнес кәсіпорындары қызмет етеді, бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде тіркелгендердің (37800) жалпы санынан 22 пайызды құрайды. Ауылдық жерлердегі кәсіпкер-әйелдер саны артуда (селолық кәсіпкерлердің жалпы санынан 22,7 пайыз);
Әйелдер үлесі облыс халқының жалпы санының 52,9 пайызын құрайды. Экономикалық ынталы әйелдер саны – халықтың экономикалық ынталы жалпы санынан 50,8 пайыз. Олардың экономикалық ынталы деңгейі 2006 жылы 74,8 пайыз ерлерге қарағанда 65,9 пайызды құрады.
Қазақстанның іскер әйелдері Ассоциациясының филиалымен бірлесіп облыстардың 31 өкілдері-әйелдер делегациясы Қазақстан іскер әйелдерінің Евразиялық Самитімен, облыс кәсіподағы Федерациясымен бірлесіп — Қазақстанның еңбеккер әйелдер Конгрессінде 25 әйел бар.
Гендерлік білімді, құқықты және гендерлік сауат ашуды іске асыру мақсатында:
Стратегияның барлық бағыттары бойынша облыста жағдайға талдау әзірленген. «Қарағанды облысында 2000-2005 жылдарға арналған гендерлік статистиканың кейбір көрсеткіштері» жинағы шығарылды және барлық қалалар мен аудандарға жіберілді, «Қарағанды облысының ерлері мен әйелдер -2006» жинағын шығару жоспарлануда.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ гендерлік саясаты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер мен педагог қызметкерлер үшін оқыту бағдарламасы әзірленді.
Ұлттықкомиссия Хатшылығының сарапшысы Н.Мойсееваны шақырып «Гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру қарсаңындағы тең құқылық мен бостандық» облыстық конференциясы өткізілді.
Халықтың гендерлік сауатын ашу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұған масс-медиа көп көмек көрсетуде. Облыстық теледидар каналдарында «Іскер әйел», «Әйел ақиқаты», «Мама, сенің атың» ақпараттық бағдарламалар, «Сіз бен біз», «Свободный микрофон» ток-шоулары, «Орталық Қазақстан» газеті беттеріндегі «Сұлушаш» деген, «Индустриальная Караганда» газетіндегі «Гендерлік саясат» деген айдарлармен үнемі басылатын мақалалар.
Жыл қорытындысы бойынша «Новый вестник» газетінің бас редакторы В.Краус облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
3. Ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулықтарын нығайту мақсатында:
«Ана қауіпсіздігі және неотаналды күтім» және «Бала жасындағы сырқаттарға шоғырлану кіріспе» ВОЗ халықаралық бағдарламасы тиісті облыстың барлық мекемелеріне енгізілді;
2006 жылы денсаулық сақтаудың 7 жаңа объектісі енгізілді, оның ішінде «Облыстық перзентхана үйі» КМКК жанындағы 20 кереуеттік перинаталды бөлімше.
Облыс бойынша жалпы сырқаттардың тұрақтылығы байқалады (100 мың халыққа 57 500,0, ҚР бойынша – 57 865,2 ). Сәбилер өлімі 1000 тірі туған балаға 12,0 құрады (ҚР бойынша – 15,1). Аналар өлімі 38,5 құрады (ҚР бойынша – 44,3) .
Балаларды емшек сүтімен емізуді насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.
Облыс бойынша барлығы 81 іс-шара өткізілді: жалпы 2390 адамды қамтыған ерлер мен әйелдер денсаулығын қорғау мәселелері бойынша тренинг-семинарлар, конференциялар өткізілді.
БАҚ репродуктивті денсаулық мәселелері, репродуктивті органдар сырқаттарының алдын-алу мәселелері жарияланды.
5.Жыныс белгісі бойынша қоғамдағы зорлықтың алдын алу мақсатында:
Тоқсан сайын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс әрекеттерді болдырмау, ондай адамдарды анықтау бойынша «Тұрмыс» оперативтік-пофилактикалық іс-шара өткізіледі.
БАҚ арқылы жұмыстар ұйымдастырылды. Осылайша, 2006 жылы әйелдерді зорлықтан қорғау мәселелері бойынша құықтық тақырыппен 934 баяндамалар ұйымдастырылды, оның ішінде 403 оқу орындарында, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында – 446, БАҚ – 18 радио бойынша, 51 баспасөзде, 16 теледидар бойынша.
Қарағанды қаласында «Гендерлік ақпараттық-талдау орталығы» ОО базасында қамқорлыққа алу Кризис орталығы, Жезқазған, Теміртау қалаларында Кризистік қызметтері жұмыс істейді, олардың әрекеттері әйелдерді зорлықтан қорғауға бағытталған.
Балалар мен әйелдерге қарсы зорлықтың алдын-алуды ұйымдастыру мақсатында Облыстың ІІД әйелдерді қорғау бойынша 19 инспектор жұмыс істейді;
Облыс бойынша ҰСҰ бірлесіп 2006 жылы жалпы 2587 адамды қамтыған семинар-тренинг өткізілді, оның ішінде шет ел әлеуметтік жұмыстары тәжірибесі бойынша полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
6.Отбасындағы гендерлік теңдікке жету, отбасын нығайту және отбасындағы тәрбие рөлін арттыруға жету мақсатында:
ҚР білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау жөніндегі Комитет өкілін шақырып балалар құқығын қорғау жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мәселелері бойынша облыстық конференция өтті.
Отбасы рөлін арттыру бойынша жұмыстар мақсатты жолға қойылған: Халықаралық отбасы күніне облыстық комиссияның (03.05.06 ж. №9-9/150) ұсынысына сәйкес «Әлеуметтік және мәдени артықшылықтарды қамтамасыз ететін отбасы институтын нығайту» тақырыбы бойынша облыстық комиссия мүшелерінің, әділет бөлімдері, денсаулық сақтау, білім беру басшыларының, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларының, Осакаров ауданының ата-ана қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен 4 «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды.
Қарағанды қаласының Осакаров ауданында «ХХІ ғасырдағы отбасы» Форумы өткізілді. Көп балалы үлгілі отбасылары, оның ішінде 17 алыс селолық округтардан да құрмет көрсетулері өткізілді.
Сәтпаев қаласының Жезқазған кентінде «Мерей» балалар үйі мен Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері үшін «Жалғас» жасөспірімдер үйі ашылды.
Облыстың барлық спорт ұйымдарында «Әкем, шешем және мен – спортшылар отбасымыз» деген жарысу, «Біздің отбасы» суреттерінің көрмесі өткізілді. Бұл шараларды өткізу облыстың электрондық және БАҚ басылымдарында кеңінен жарияланды.
Бірқатар дәстүрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне, Балаларды қорғау күніне, «Мектепке жол», «Ақ ниет», акциялары, зорлықтан қорғау Халықаралық күніне арналған іс-шаралар. Ослайша, Қаражал қаласында «Ақ ниет» қайырымдылық акциясының төңірегінде 30 аз қамтылған отбасына киім түрінде атаулы көмек көрсетілді, №1 ОМ сыйлық ретінде 10 компьютер тапсырылды, аз қамтылған отбасылар оқушыларына – оқу озаттарына қысқы каникул мерзімінде «Березка» санаторийіне; «Салют» туберкулезге қарсы балалар санаторийіне; тірек қимыл аппараттарында кемшіліктері бар балаларға, ақл-есі кем балаларға «Үміт» оңалту орталығына жолдама берілді. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ жеңілдік санатында оқитын Қаражал қаласының 4 студентіне оқуларына төлеуге көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп түлектері үшін «Лингва» тілдер мен аударма институтында 1 орын және институт колледжінде тегін оқуға 1 орын бөлінді.
7. Гендерді түсіну қоғамдық сананы дамыту мақсатында:
2006 жылға арналған НПО әлеуметтік-маңызы бар жобаларды орындау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алуға ашық конкурс өткізу кезінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, ауылдық жерлердегі әйелдердің азаматтық бастамасын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттен 1,8 млн. теңге қаражат бөлінді.
ҚР Президентінің жанындағы отбасы мен гендерлік саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестік ұйымдастырған, «Гендерлік – сезім басшысы» қоғамдық конкурсына аудандар мен қалалар әкімдері, департаменттер, басқармалар, ЖОО, ұйымдар мен мекемелер басшыларының белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Конкурстың қорытындысы бойынша облыстан 20 өкіл, оның ішінде: аудандар мен қалалардың 3 әкімі, облыстық департаменттердің, ЖОО, кәсіпорындардың 6 басшысы 2006 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласына «Гендерлік бал» қорытындысына шақырылды. ҚарМУ ректоры Е.К.Көбеев «ЖОО гендерді түсінетін басшысы» номинациясының жеңімпазы атанды.
Тағы рефераттар
- Астана — әсем қала
- Қоғам ұғымы
- Сақтандыру компаниялары
- Өсиеттің нысаны. Құпия өсиет
- Ойын техникасын топтау