Генри Гудзон туралы қазақша реферат
Ағылшындар Кабот, Девис экспедицияларының нәтижесін қарап, Солтүстік-Батыс кеме жолын іздеуді тоқтатпады. Бұл жолды ашып, онымен Испания, Португалия отарларына соқпай-ақ Қытайға, Үндістанға, Жапонияға баруды ойлайды. Енді Солтүстік-Батыс кеме жолын іздеп табуға теңізші Гудзон кірісті. Ол алдымен «Москва сауда компаниясымен» келісім жасасып, 1607 жылы 1 мамырда Англия жағалауынан шығады да, 13 маусымда Гренландияның Солтүстік жағалауында – 70 градус солтүстік ендікте болады, кейін 80 23 –қа дейін барып, Американың солтүстік жағалауын өте ауыр жағдайда зерттейді. Оның ашқан жері кейін Гудзон бұғазы, Гудзон шығанағы деп аталды.
Екінші рет жүзуіне ол Шпицберген аралына келіп, одан әрі Азияға өте алмай Англия жағалауына қайтып оралады. Енді Ағылшын көпестері Гудзонға қаражат бермеді, оның Солтүстік –Батыс, жолын ашам деген сөзіне сенбеді.
Бұдан кейін Гудзон Голландияның сауда кемесіне қызметке орналасты. Гудзонға солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жолымен Жапонмяғя, Үндістанға, Қытайға барып келуді жүктеді. 1609 жылы Голландиядан шыққан Гудзон кемесі Шпицберген, Жаңа Жер аралдарында болып, ол жерді зерттеді. Одан әрі солтүстік құрлықты жағалай жүзіп, Қытайға бармақ болды. Бірақ ол кезде, кейін Беринг ашқан, Азия мен Америка арасындағы бұғаз дүние жұзілік география ғылымына әлі белгісіз болатын. Оны суық Қар теңізі шығысқа өткізбеді. Гудзон Солтұстік Америка жағалауын 40 13 – қа дейін барып зерттеді. Ол Жаңа Амстердам қаласының іргесін қалады. Бұл қала кейін Нью-Йорк деп аталды. Гудзон кейінірек Греландия, Солтүстік Америка жағалауын мұқият зерттеп картаға түсірді. Сөйтіп жүргенде әуелден Гудзонға қарсы болған матростар оны баласымен, жақын жолдастарымен ашық теңізге тастап кетеді. Содан, 1612жылы ағылшын көпестері Солтүстік-батыс кеме жолын ашуға экспедиция ұйымдастырып, Гудзонды іздеді. Ағылшындар Солтүстік-батыс кеме жолын табуға тағы экспедиция жіберді. Бірақ экспедиция ол жолды таба алмады, тек солтүстік жағалауды зерттеп қайтты. Олар 70, 75 40′ солтүстік ендіке дейін зерттеді.
Тағы рефераттар
- Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі
- Депозиттік портфель – қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері дипломдық жұмыс
- Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері дипломдық жұмыс
- Қазақстан Республикасында қызмет ететін кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау
- Мұстафа Шоқай