Географиядан білім беру жүйесі туралы қазақша реферат
Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырыстарын орындауда мектеп географиясының қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапарларды тәрбиелеу арқылы көрінеді.
Мектепте оқылатын физикалық және экономикалық географиясын кіріктіре оқыту, қоғамның жасөспірімдерді өмірге, нақтылы бір аумақта оның географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек етуге даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстар туралы білім, орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық және әдіснамалық маңызы зор. Оны географиялық тұрғыда қарайтын болсақ, ол оқушыларда әрбір объектіні себеп-салдарлы байланыс негізінде аумақпен байланыстыру және шаруашылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік-саяси тұрғыда баға бере алу біліктіліктерін қалыптастырады. Н.Н.Баранскийдің сөзімен айтатын болсақ, бір «элемент» немесе бір «сала» төңірегінде қалып қоймай бұл кешенді ойлау деген сөз. Кешенді тәсіл география ғылымының іргетасы іспеттес, ол адамда дүниенің әр алуандығына қарамастан өмірге деген біртұтас көзқарас қалыптастырады.
География курсын оқытудың жаңартылған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін мектепте географиядан білім беру география ғылымының бұрыннан кіріктірілген тұжырымдары мен идеяларына (географияның біртұтастығы, табиғатты тиімді пайдалану, табиғи-шаруашылық аудандастыру және т.б.) сүйенеді. Ол Н.Н.Баранский, К.К.Марков, Ю.Г.Саушкин, В.А.Анучин, И.П.Герасимова, В.М.Разумовскийлердің еңбектерінде көрініс тапқан.
Геогрфияны оқыту тәсілі оқушылардың табиғи-шаруашылық жүйесінің ерекшеліктерін жаңаша, неғұрлым жоғары деңгейде түсінуіне және қоршаған ортада дұрыс бағдар жасауына, оқушылардың географиялық объектілер мен құбылыстарға біртұтас көзқарастарының қалыптасуына жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстанның жалпы физика, экономика, географиялық сипаттамасы тарауындағы «Географиялық құрлысы, жер бедері және минералды ресурстары» тақырыбының 55%-ы кіріктірілген мазмұнды, ал 45%-ы физикалық географияныңмазмұнын құрайды. «Климат және агроклиматтық ресурстар» тақырыбының 50%-ы кіріктірілген мазмұнды, ал 50%-ы физикалық географияның мазмұнын құраса, «Қазақстанның топырақ және топырақ ресурстары» тақырыбының 65%-ы кіріктірілген мазмұнды, ал 35%-ыфизикалық географияның мазмұнын құрайды. «Халқы және еңбек ресурстары» тақырыбының 10%-ы кіріктірілген мазмұнды, ал 90%-ы экономикалық географияның мазмұнынқұраса, «Шаруашылыққа жалпы сипаттама» тақырыбының 40%-ы кіріктірілген мазмұнды, ал 60%-ы экономикалық географияның мазмұнын құрайды.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесі оқытудың кіріктірілген мақсаттарының пәндік мақсаттарға қарағанда басымдылығымен, оқытуда іс-әрекеттік, яғни сарамандық жұмыстардың, кешенді түрлері қолданатындықтарымен ерекшеленеді.
Ал дәстүрлі оқыту әдістемесінде еліміздің физикалық географиялық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерінің жеке курстар арқылы оқытылып келуі оқушылардың бойында «табиғат-адам-қоғам» үштігіндегі ұғымдар жүйесінің өзара байланысы туралы терең түсінік қалыптастыруды, аумақтық географиялық ерекшеліктерді біртұтас деңгейде қабылдауды белгілі дәрежеде шектейді.
Педагогика ғылымдарының мектеп оқушыларының білімін жақсарту мақсатында мұғалімдер алдына қоятын аса бір маңызды талаптарының бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап үйренуін қалыптастыруы. Мектеп оқулығында материалды Жан-жақты түсіндіріп, ұқтыру мен қатар, мұғалім оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, шешіп, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйренуге жаттықтырулары керек. Демек, жаңа білім беру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырғаны жөн.
Экономикалық географиядан сарамандық жұмыс кезінде оқушылар дайын материалға, үлгілерге, картаға қарап көшіріп жазып, сызатын болса, жұмысты орындау нәтижесінде оқушы азды-көпті жаңа нәтижеге жетеді. Кез келген сарамандық жұмыс жаңа нәтиже Берген жағдайда ғана оқушылардың өз бетімен жасаған жұмыстары болып табылады.
Мектептегі география бағдарламасында сарамандық жұмыстар 1954 жылы ғана енгізілсе, өздік жұмыстар 1960 жылдан бастап актуалды бола бастады.
Сарамандық жұмыстар мен өздік жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып, жалғастырып отырады. Оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білім негізін біліп алуға құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын, тағы да басқа қасиеттерін жетілдіру педагогиканың негізгі мақсаты болса, әр ұстаздың міндеті – оқушылардың білімін түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы жетілдіру болып табылады. Баланың танымдық құштарлығын арттыру, олардың ойлау қабілетін дамыту негізінде ұйымдастырылуы керек.
Оқушылардың өз бетімен орындауына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей түсінікті, көлемі жағынан бағдарламаға сай, мазмұны оларды қызықтырарлықтай әр түрлі болғаны жөн. Әрбір жұмыс орындалған соң тексеріліп тұрылуы қажет. Класта және үйде, географиялық алаңда оқушылардың өз бетімен орындалған жұмысын мұғалім көңіл бөліп тексермесе, онда оқушылар білімге деген жауапсыздық пен ұқыпсыздыққа үйренеді.
Өз бетімен жұмыс жасау оқушыларды тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті етіп аяқтауға тәрбиелесе, ол мұғалімдер үшін оқушылардың еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады.
География сабақтарында үнемі үй тапсырмасын сұрап, жаңа сабақты түсіндіру, үйге тапсырма беру сияқты дәстүрлі түрі оқушы қауымын жалықтырып, пәнге қызығушылығын оятпай, тек оқулық көлеміндегі материалдың өзін түсінбеуге әкеліп соғып жүрген жағдайлар бар.
Сондықтан да географиядан сабақ беруде соңғы кезде кейбір ұстаздармен бірге қолданылып жүрген сабақтың дәстүр ден тыс түрлерін – дәріс, семинар, марафон, баспасөз конференциясы сияқты тағы да басқа түрлерін қолданып және осы сабақтарда өзіндік жұмыстарды барынша ұйымдастырған жөн.
Тағы рефераттар
- Философиядағы болмыс мәселесі
- Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жіктелуіне сипаттама
- Ұлттық ойындар жинағы! (балабақшадағы ойын)
- Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
- Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері