Географиядан сарамандық жұмыстарды жүргізу әдістемесі туралы қазақша реферат
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі туындап отыр.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындауда мектептің рөлі зор. «Қазақстан — 2030» стратегиясы анықтап берген бағыт-бағдарға сәйкес республиканың білім жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – Қазақстан республикасының дамуына, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастар тәрбиелеу болып табылады.
Білім беруде оқушы өзі ізденіп, тақырыпты оқып, түсініп, тақырып аясын кеңітсе, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижелі болғаны. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс. Яғни мұғалімнің оқытуы, оқушының оқуы тұйық шеңбер түзу керек. Оқытудың негізгі мотиві – таным мотиві, өйикені таным арқылы оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі.
Академик Ю.Н.Бабанский өзінің «Оқу – тәрбие процесінін оптималдандыру» деген еңбегінде (1982 ж. Просвещение) танымдық әдістерді мынадай 2 топқа жинақтайды.
І. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
ІІ. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Әр топ бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады.
1. Ауызша баяндау (әңгіме, түсіндіру, дәріс). Ауызша баяндау құр жалаң сөз болмауы керек. Сабақты түсіндіргенде Шаталов әдісімен тірек-сызбаларды сызу, Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы сипаттама жазу әдістері, тақырыптағы негізгі ойды білдіретін сөздерді тауып, сараптама жасауға дағдыланады.
2. Көрнекілік әдісі. (табиғат құбылыстарын тікелей бақылау, көрнекі құралдар және иллюстрациялармен, картамен жұмыс). Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Көзбен көріп, қолмен ұста дегендей, әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді.
3. Сарамандық жұмыстар әдісі (тақырыптық карталарды салыстыру, статистикалық мәліметтерді өңдеу, географиялық әдебиеттермен, хретоматиямен жұмыс, географиялық дәптермен жұмыс).
Оқу материалын оқып үйрену кезінде оқушылардың таным белсенділігі жоғары болатын сабақ қана білімнің сапалы көрсеткішін береді. Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдердің ішінен таным қабілетін күшейтетін түрі таңдалып алынады.
Негізгі көңіл бөлетін жағдайлар: материалдардың мазмұны; қолдағы құрал жабдықтар; географиялық білімнің жүйелілігі.
Географиялық білім берудің басты құралы – сабақтың мазмұны еш уақытта төмендемек емес, керісінше, оқушының өздігінен білім алу мүмкіншілігін жүйелі әрі сапалы деңгейге көтерудегі рөлі күннен күнге жоғарлауда. Қазіргі кездегі сабақтың ең басты көрсеткіштері ретінде төмендегі педагогикалық шарттардың орындалуын атауға болады:
— мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың өзара түсінушілікке негізделуі;
— оқушылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш салуы;
— оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылығын, ойын элементтерін және т.б. енгізу арқылы арттыру.
Бір сарынды өткен сабақ түрлері, ең алдымен, оқушының ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Ойлау белсендігін, танымын тежейді. Ұстаздар қауымына шығармашылық жол ашылуына байланысты сабақ түрлендіріп өтеді.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерінен «Саяхат сабақ», «Сынақ сабақ», «Конференция сабақ», «Ойын сабақтар» оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жоғары ұйымдасқан деңгейге көтеруге ықпал етеді. Сыныптан тыс уақытта дәстүрлі емес сабақ түрлерінен «ХХІ ғасыр майталманы», «Эко лирикалық кеш», «Сөзжұмбақтар кеші», «Таңғажайып алаң», «Географиялық чемпионат» осыған дәлел.
8-10 сыныптағы экономикалық география сабақтарындағы сарамандық жұмыстарды жүргізу барысында оқушы танымын тереңдету үшін көп ізденіп ғылыми еңбектерге сүйеніп, Ресей баспасынан шыққан әдебиеттерді кеңінен пайдалануға болады. Оқушы – таным деңгейін дамытуда деңгейлік тапсырманың да маңызы зор.
Тағы рефераттар
- Мемлекетті Басқару нысаны
- Ата-анаға психологилық кеңес (балабақшадағы ереже)
- Кәсіпорынның басқару құрылымының әдістері мен қағидаттары
- Гельминтоздар туралы жалпы түсінік және олардың алдын алу
- Бейбітшілікке қарсы қылмыстар